Просмотр содержимого документа
«Оюлар. Фариза О??арсынова »
Сабактын тақырыбы: Оюлар. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
Ф. Оңғарсынова шығармашылығы туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре түсу. Қазақ халқының және басқа ұлттардың ұлттық ою-өрнек түрлерінің мән-мағынасын ашуға, тануға үйрету.
Болжау жасау, талдау, салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту.
3. Оқушылардың ұлттық салт-дәстүрді жалғастыруына, құрметтеуіне деген қызығушылықтарын ояту. Ұлттық құндылықтарды бағалауға, құрмет- теуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, ою түрлері берілген буклеттер, сурет, ақ қағаздар.
Сабактын барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау. Тізбектеп айту тәсілімен айтқызу. Әр топқа сұрақ қою. Сұраққа жауап беру кезінде окушының өз ойын қоса тыңдау.
Қызығушылықты ояту.
Қазақтың қандай ақын-жазушыларын білесіңдер? Оқушылар өздері білетін ақындарды атайды.
Осы аталған ақын-жазушылардың ішінде әйел азаматтар көп пе екен?
Неліктен олай деп ойлайсың?
- Өзің ақын болуға қалай қарайсың? Ақын болу үшін нені жете меңгеру қажет деп ойлайсың?
- Ф. Оңғарсынова жайлы не білесіңдер? Қандай өлеңдерін оқып едік? Суреттермен жұмыс. Ф. Оңғарсынова туралы қысқаша мәлімет беру.
Оның кітаптары, өлеңдері туралы айту.
- Қазақ дегенде көз алдымызға не елестейді? Топтастыру бойынша.
Қазақ өнерлі халық дедіңдер, несімен өнерлі? Өнер туындыларына көбірек тоқталу:
музыка өнері;
зергерлік бү_йымдар жасау өнері;
би өнері;
мал бағу өнері;
текемет, сырмақ, тұскиіз, т.б. бүйымдар жасау өнері, т.с.с.
Осы аталған өнердің бэрінде кездесетін ортақ нәрсе не?
Ою-өрнек сөзінің мағынасын білесіңдер ме?
Ою-өрнек - бір нәрсені ойып, кесіп алып жапсыру немесе екі затты ойып алып қиюластыру, не бірдеңенің бетіне оюлап бедер түсіру.
Ою түрлерін сүрай отырып, оюдың аттарын атау, суреттерін көрсету, берілген оюлар қандай заттарда пайдаланылатынына тоқталу.
Ф. Оңғарсынованың өлеңін іштей мәнерлеп оқу, дүрыс дауыс ырғағын таңдау.
Мұғалімнің оқуы және оқушының оқуы.
Өлеңдегі текемет, желбау, басқұр сөздерінің мағынасын, қандай зат екенін айтқызып, түсіндіру.
Сөздік жұмысын жүргізіп, дәптерге сөйлем құрап жазу.
Өлеңнен қандай әсер алдың?
Көз алдыңа не елестеді?
Сабақты бекіту.(Жазылған шығармадағы ойды тиянақтай отырып, соның жалғасы ретінде орындау.)
«Кубизм» тәсілі арқылы топтарға тапсырма:
1-топ. Зерттеу. Ою-өрнектердің шығу тарихы қай кезден басталады деп ойлайсыңдар?
2-топ. Суреттеу. Өлеңдегі басты кейіпкер әжесінің қандай ою-өрнек түрін аңсап, іздеп жүр деп ойлайсыңдар? (Суретін салып, себебін дәлелде.)
3-топ. Сслыстыру. Қазақ халқының ою-өрнек гүрлері өзге ұлттардан несімен ерекшеленеді?
Қолдану: пікірге қарсы шығу яки қолдау.
Қазақ болып туғанымызға өкінбейміз бе? (Өтілген тақырыппен байла- ныстыру.)
Ою сөзін естігенде немесе көргенде, көз алдымына не елестейді?
Қандай бір ән немесе күй, я болмаса мақал-мәтел таңдап алар едің? Топтар жеке, жұпта, топта жұмыс жасайды. Артынан жұмыстарының
қорытындысын тыңдау.
Мәтін соңындағы сұраұ тапсырмаларды орындау.
Сабақты қорыту мақсатында «Бес жолды өлең» стратегиясын пайдалану арқылы өлең жазу.
Сабақты қорыту кезінде окушылардың сабақка деген ынтасы, білімділігі, сабаққа қатынасуы туралы шолу жасау. Оқушы білімін бағалау.