kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ою – ?рнек ?лт ма?танышы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уа?ыты: 09.10.2015 жыл Саба?ты? та?ырыбы: Ою – ?рнек ?лт ма?танышы. Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а ою – ?рнек туралы білім беру, ?аза? хал?ыны? ?ол?неріне ынтасын арттыру. Таби?атты ?ор?ау?а, Отанды с?юге, ??ыптылы??а т?рбиелеу. К?рнекілігі: Ою т?рлері, ?нер туралы ?неге с?здер, с?з ж?мба?, ма?алдар, АКТ Саба? барысы: «?рнек таусылмас аза?, ж?тамас байлы?» -дейді халы? даналы?ы. ?ол?нерді? сала – саласында ?олданып келген ?нерді? ?те к?не, ?рі к?рделі т?рі ою – ?рнек т?рі. Ою – ?рнек ата – бабамыздан келе жат?ан асыл м?ра, хал?ымызды? шежіресі. Хал?ымыз ?ай заманда болмасын с?лулы??а ?мтыл?ан, ?сем д?ниелер жасауда айнала ?орша?ан таби?аттан ?лгі ал?ан. Бізді? ?аза? хал?ымыз м?дени асыл ?азынасыны? бір саласын ж?не ?лтты? келбетін осы ою-?рнек ар?ылы бейнелеген. Ою – ?рнек ?те ерте кезден бастап – а? дамы?ан. Адамдар ал?аш рет а?аш?а, тас?а, с?йекке сала баста?ан. ?аза?та 200 – ден аса ою т?рі бар. Ою т?рлерін 4 – топ?а б?луге болады: 1.Жануарлар тектес ?рнектер 2.?сімдік тектес ?рнектер 3.К?к ?леміне байланысты ?рнектер 4.Геометриялы? фигуралар тектес ?рнектер. Енді балалар біз ?нер туралы не білеміз? Соны орта?а салайы?. М??алім: «?нер – таусылмас азы?, ж?тамас байлы?» дейді халы? даналы?ы.?аза?ты? ?ол?неріде хал?ымызды? даналы?ы. Бабаларымыздан ?ал?ан ?нерді? бірі – ою – ?рнек. Оларды жо?алтпай ?йреніп ары ?арай дамыту бізді? міндетіміз. Д?урен: Ою – дегеніміз – бір н?рсені? пішінін ойып алу. ?аза? хал?ы ?нері от, суы мол жайылым ?уып, ке? сахарада ж?ріп, жер суыны? ?адір – ?асиетін жа?сы білген. Жандарбек: «Ою – ой?анны? ойы ?ш?ыр» Ою адамны? ойлау ?абілетін дамытып, ж?йкесін бір ж?йеге келтіреді. ?семдікке, ?демілікке талпындырады. ?абит: «Ою ?рнек» деген с?зді? ма?ынасы бір н?рсені ойып,кесіп алып жапсыру немесе екі затты оя келіп ?июластыру.?аза?ты? «ою» ж?не «?рнек» деген ?ос с?зі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ??ымды білдіреді. «Орнамент» с?зіні? ма?ынасы«с?ндеу », «?серлеу», «?рлеу» Жанболат: Ою дегеніміз не? Біріншіден ол а?ашты ?ашау ??ралымен ойып, бедерсалуды білдірсе, екіншіден б?йым?а салынатын ?шекейді? бір б?лшегі.Халы? шеберлері бір затты немесе ?й жи?азын к?ркемдеп, ?семдеп жасаса, оны ?рнектепті деп, ал ж?ргізетін ж?мыс т?рін оюлап жасапты дейді. Жандос: Оюшы деген кім? Оюшы ?рнекті а?аш бетіне арнаулы ??ралдармен ойып шы?аратын кісі. Елімізді? белгілі суретшісі ?білхан ?астеевтен б?л ?нерді кімнен, ?айдан ?йренді? деген сауал?а:Тауды? б?ла?ынан, ?ойды? ??ла?ынан. Апамны? киізінен, ешкіні? м?йізіне – деп жауап берген екен. Сендер ою туралы не білесі?дер? ?лмекен: М?йіз ?рнегі – ?ойды?, ар?арды?, б??ыны?, сиырды? м?йіздерін негіздеуден шы??ан. М?йіз ?рнегі ертеден ?олданып келе жат?ан оюды? бір т?рі. Айдана: Сы?ар м?йіз – «?ос м?йіз», «?ош?арм?йіз» деп аталатын оюды? тек бір жа? сы?ырын бейнелейтін ?рнек т?рі. Б?л ою к?бінесе ?й жи?аздарын безендіру ?шін, киім – кешек, ?ару – жара? бетіне салынады. А?тоты: Ж?лдыз ?нері – аспанда?ы ж?лдыз к?рінісіне ??сайды.Ол к?бінесе кілемдерде жиі ?олданады. Л?ззат: Ирек – адам ?міріні? ирек – ирек жолын ме?зейді, к?біне б?йымдарды? шетіне салынады. Рамазан: Т?марша: оюы ?шб?рыш ?лгісі болып келеді. Осындай т?марлар тіл – к?зден са?тап ?алу ?шін ?й жануарларыны? бойт?мар ретінде балаларды? мойнына та?ыл?ан. Б?л ?рнек кілем текеметке ?олданады. Аружан: Г?л – халы?ты? ?ол?нер б?йымдарында, киімдерде ?сімдік ?лгілес ?рнектермен жиі ?шекейленген. Асхат: ?ош?ар м?йіз – б?л ?рнек ?аза? оюларыны? е? к?не элементтеріні? бірі. Ол к?шпелі тайпаларды? т?рмыс к?йінен ту?ан. ?ош?ар м?йізі оюын сырт киімдерге, киіз б?йымдар?а, зергерлік б?йымдар?а ?олдан?ан. Кезекті ж?мба??а берейік: 1. Ар?ала?ан тауы бар, Іші тол?ан ?оры бар. (Т?йе) Осы ж?мба??а байланысты ою т?рлерін ата?дар: «т?йетабан», «?ркеш», «ботак?з», «т?йемойын» 2. ?исы? а?аш?а ?ар ж??пас. (Сиыр м?йіз) Осы ж?мба??а байланысты ою т?рлерін ата?дар: «?осм?йіз», «сы?ар м?йіз», «тік м?йіз» 3. ?й ?стінде ?са? тас. (Ж?лдыз) Осы ж?мба??а байланысты ою т?рлерін ата?дар: «айшы?», «ше?бер», «ж?лдыз», «ш??ыла» К?неден келе жат?ан ?аза? хал?ыны? баспанасы болып келген киіз ?йде ою – ?рнектерді? т?р – т?рін кездестіруге болады. Киіз ?йді? керегелері мен еденіт?кті ж?не ты?ыр кілемдермен, алаша, т?скиіз, ши, сырма? ж?не текеметтермен безендірілген.Со?ан байланысты «Кілем» с?зж?мба?ын шешейік: 1. Киіз ?йді? ?абыр?асы 2. Т?сті жіптермен кестеленген кілем 3. Т?рлі жіптермен то?ыл?ан кілем 4. Пісірілген кілем 5. Оюларды аппликациялау ар?ылы сырлан?ан киіз – кілем Балалар енді ою – ?рнек туралы білетін ?ле?дерімізді айтайы?. Дулат: ?аза?ымны? оюын бізде іздеп ?арайы?. Ою менен ?рнекті? ?демісін табайы?. Н?рбол: А?ыз бол?ан жо?алмай сан ?асыр?а, Салт – д?ст?рі хал?ымны? жал?асуда. Б??ы м?иіз оюы с?ндікпенен, К?з тартып ?рпа?тар?а алмасуда. О?ушы: Т?йе мойын оюы ?рнегіміз, ?сем жихаз ?мірде к?ргеніміз. Ата – салтын, д?ст?рін жал?астырып. Ою – ?рнек кешіне келгеніміз. О?ушы: К?рші ?жей ?нерлі, Барып т?рам к?нде мен. ??рмет т?тып шеберді, Ою – ?рнек ?йренем. О?ушы: Оюлар?а с?йсініп, ?айран ?алып т?рарсы?. К?ре білсе? т?сініп, Одан к?п сыр ??арсы?. О?ушы: ?жей кесте тігеді, Ойып т?рлі оюды. Жібереді ?рнегі, Шары?татып ?рнегі. О?ушы: Он сауса? ою ?демі, ?йлессін о?ан к?лемі. Бояумен ?ндескен. Ою ?сем т?р т?спен. О?ушы: Б?йымдар мен заттарды?, С?ндеу ?шін к?рнекті. ?иында болса ?иналмай, Мен де ?йрендім ?рнекті. О?ушы: Тілді? майын тамызып, С?зді? балын а?ызып. Шебер болса? тіл байлап, Шешендіктер бір ?айып. Ма?ал – м?тел ?йреніп, Тілімізді шы?дайы? – деп кезекті ою – ?рнек туралы ма?алдар?а берейік. 1. ?нерді ?йрен де жирен 2. Шебер к?п жерде ?нер к?п 3. ?йренгені? ?зіне, істегені? ?зіне ??т 4. Шеберді? сауса?ы алтын 5. Оюды оя алма?ан ойланба?ан 6. Еріншекті? ерте?і бітпес 7. ?неріне ?арай ?рнегі 8. Жеті рет ?лшеп, бір рет кес 9. Шеберді шеге ?а?ысынан бай?а 10. ?ыз еркем кестесімен к?ркем 11. Ою ой?анны? ойы ?ш?ыр 12. Е?бексіз іс бітпейді, Еріншекті? ?олы жетпейді Бишілерді? орындауында «?збекше би» Жадыраны? орындауында ?н «?оша?ан» Бишілерді? орындауында «Вальс» би ?орытынды: Міне, балалар, оюды? адам баласына тигізер ?сері к?п екен. Ол адамны? ойын бір ж?йеге келтіреді,денсаулы??а пайдалы жа?ы да бар, аз емес. Ол ж?йке ?ызметін ретке келтіруге, ашуды, ?ай?ыны басу?а ы?пал етеді. М??алім: Балалар мен сендерге: ?мірлері? к??ілді болсын, Ата – ана?а мейірлі болы?дар. А?айын – туыс?а пейілді болы? ?нер – білімге зейінді болы?. Он сауса?ы майыс?ан, шебер болы?дар – деген тілектерді тілеймін. Осымен б?гінгі ашы? т?рбие саба?ымызды ая?таймыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ою – ?рнек ?лт ма?танышы.»

Уақыты: 09.10.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнек ұлт мақтанышы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ою – өрнек туралы білім беру, қазақ халқының қолөнеріне ынтасын арттыру. Табиғатты қорғауға, Отанды сүюге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ою түрлері, өнер туралы өнеге сөздер, сөз жұмбақ,

мақалдар, АКТ

Сабақ барысы:

«Өрнек таусылмас азақ, жұтамас байлық» -дейді халық даналығы.

Қолөнердің сала – саласында қолданып келген өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою – өрнек түрі. Ою – өрнек ата – бабамыздан келе жатқан асыл мұра, халқымыздың шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем дүниелер жасауда айнала қоршаған табиғаттан үлгі алған. Біздің қазақ халқымыз мәдени асыл қазынасының бір саласын және ұлттық келбетін осы ою-өрнек арқылы бейнелеген. Ою – өрнек өте ерте кезден бастап – ақ дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа, сүйекке сала бастаған. Қазақта 200 – ден аса ою түрі бар. Ою түрлерін 4 – топқа бөлуге болады:

1.Жануарлар тектес өрнектер

2.Өсімдік тектес өрнектер

3.Көк әлеміне байланысты өрнектер

4.Геометриялық фигуралар тектес өрнектер.

Енді балалар біз өнер туралы не білеміз? Соны ортаға салайық.

Мұғалім: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы.Қазақтың қолөнеріде халқымыздың даналығы. Бабаларымыздан қалған өнердің бірі – ою – өрнек . Оларды жоғалтпай үйреніп ары қарай дамыту біздің міндетіміз.

Дәурен: Ою – дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы өнері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада жүріп, жер суының қадір – қасиетін жақсы білген.

Жандарбек: «Ою – ойғанның ойы ұшқыр» Ою адамның ойлау қабілетін дамытып, жүйкесін бір жүйеге келтіреді. Әсемдікке, әдемілікке талпындырады.

Ғабит: «Ою өрнек» деген сөздің мағынасы бір нәрсені ойып,кесіп алып жапсыру немесе екі затты оя келіп қиюластыру.Қазақтың «ою» және «өрнек» деген қос сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. «Орнамент» сөзінің мағынасы«сәндеу », «әсерлеу», «әрлеу»

Жанболат: Ою дегеніміз не? Біріншіден ол ағашты қашау құралымен ойып, бедерсалуды білдірсе, екіншіден бұйымға салынатын әшекейдің бір бөлшегі.Халық шеберлері бір затты немесе үй жиһазын көркемдеп, әсемдеп жасаса, оны өрнектепті деп, ал жүргізетін жұмыс түрін оюлап жасапты дейді.

Жандос: Оюшы деген кім? Оюшы өрнекті ағаш бетіне арнаулы құралдармен ойып шығаратын кісі.

Еліміздің белгілі суретшісі Әбілхан Қастеевтен бұл өнерді кімнен, қайдан үйрендің деген сауалға:Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан. Апамның киізінен, ешкінің мүйізіне – деп жауап берген екен.

Сендер ою туралы не білесіңдер?

Ұлмекен: Мүйіз өрнегі – қойдың, арқардың, бұғының, сиырдың мүйіздерін негіздеуден шыққан. Мүйіз өрнегі ертеден қолданып келе жатқан оюдың бір түрі.

Айдана: Сыңар мүйіз – «қос мүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңырын бейнелейтін өрнек түрі. Бұл ою көбінесе үй жиһаздарын безендіру үшін, киім – кешек, қару – жарақ бетіне салынады.

Ақтоты: Жұлдыз өнері – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды.Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданады.

Ләззат: Ирек – адам өмірінің ирек – ирек жолын меңзейді, көбіне бұйымдардың шетіне салынады.

Рамазан: Тұмарша: оюы үшбұрыш үлгісі болып келеді. Осындай тұмарлар тіл – көзден сақтап қалу үшін үй жануарларының бойтұмар ретінде балалардың мойнына тағылған. Бұл өрнек кілем текеметке қолданады.

Аружан: Гүл – халықтың қолөнер бұйымдарында, киімдерде өсімдік үлгілес өрнектермен жиі әшекейленген.

Асхат: Қошқар мүйіз – бұл өрнек қазақ оюларының ең көне элементтерінің бірі. Ол көшпелі тайпалардың тұрмыс күйінен туған. Қошқар мүйізі оюын сырт киімдерге , киіз бұйымдарға, зергерлік бұйымдарға қолданған.

Кезекті жұмбаққа берейік:

  1. Арқалаған тауы бар,

Іші толған қоры бар. (Түйе)

Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін атаңдар:

«түйетабан», «өркеш», «ботакөз», «түйемойын»

  1. Қисық ағашқа қар жұқпас. (Сиыр мүйіз)

Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін атаңдар:

«қосмүйіз», «сыңар мүйіз», «тік мүйіз»

  1. Үй үстінде ұсақ тас. (Жұлдыз)

Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін атаңдар:

«айшық», «шеңбер», «жұлдыз», «шұғыла»

Көнеден келе жатқан қазақ халқының баспанасы болып келген киіз үйде ою – өрнектердің түр – түрін кездестіруге болады. Киіз үйдің керегелері мен еденітүкті және тықыр кілемдермен, алаша, тұскиіз, ши, сырмақ және текеметтермен безендірілген.Соған байланысты «Кілем» сөзжұмбағын шешейік:

  1. Киіз үйдің қабырғасы

  2. Түсті жіптермен кестеленген кілем

  3. Түрлі жіптермен тоқылған кілем

  4. Пісірілген кілем

  5. Оюларды аппликациялау арқылы сырланған киіз – кілем

Балалар енді ою – өрнек туралы білетін өлеңдерімізді айтайық.

Дулат: Қазағымның оюын бізде іздеп қарайық.

Ою менен өрнектің әдемісін табайық.

Нұрбол: Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға,

Салт – дәстүрі халқымның жалғасуда.

Бұғы мүиіз оюы сәндікпенен,

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.



Оқушы: Түйе мойын оюы өрнегіміз,

Әсем жихаз өмірде көргеніміз.

Ата – салтын, дәстүрін жалғастырып.

Ою – өрнек кешіне келгеніміз.

Оқушы: Көрші әжей өнерлі,

Барып тұрам күнде мен.

Құрмет тұтып шеберді,

Ою – өрнек үйренем.

Оқушы: Оюларға сүйсініп,

Қайран қалып тұрарсың.

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғарсың.

Оқушы: Әжей кесте тігеді,

Ойып түрлі оюды.

Жібереді өрнегі,

Шарықтатып өрнегі.

Оқушы: Он саусақ ою әдемі,

Үйлессін оған көлемі.

Бояумен үндескен.

Ою әсем түр түспен.

Оқушы: Бұйымдар мен заттардың,

Сәндеу үшін көрнекті.

Қиында болса қиналмай,

Мен де үйрендім өрнекті.

Оқушы: Тілдің майын тамызып,

Сөздің балын ағызып.

Шебер болсақ тіл байлап,

Шешендіктер бір ғайып.

Мақал – мәтел үйреніп,

Тілімізді шыңдайық – деп кезекті ою – өрнек туралы мақалдарға берейік.

  1. Өнерді үйрен де жирен

  2. Шебер көп жерде өнер көп

  3. Үйренгенің өзіне, істегенің өзіне құт

  4. Шебердің саусағы алтын

  5. Оюды оя алмаған ойланбаған

  6. Еріншектің ертеңі бітпес

  7. Өнеріне қарай өрнегі

  8. Жеті рет өлшеп, бір рет кес

  9. Шеберді шеге қағысынан байқа

  10. Қыз еркем кестесімен көркем

  11. Ою ойғанның ойы ұшқыр

  12. Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді

Бишілердің орындауында «өзбекше би»

Жадыраның орындауында ән «Қошақан»

Бишілердің орындауында «Вальс» би

Қорытынды: Міне, балалар, оюдың адам баласына тигізер әсері көп екен. Ол адамның ойын бір жүйеге келтіреді,денсаулыққа пайдалы жағы да бар, аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді.

Мұғалім: Балалар мен сендерге:

Өмірлерің көңілді болсын,

Ата – анаға мейірлі болыңдар.

Ағайын – туысқа пейілді болың

Өнер – білімге зейінді болың.

Он саусағы майысқан, шебер болыңдар – деген

тілектерді тілеймін. Осымен бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ою – ?рнек ?лт ма?танышы.

Автор: Орынбаева Аккенже Калыевна

Дата: 05.11.2015

Номер свидетельства: 248432


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства