Өте жақсы балалар, ‘’жақсы сөз жарым ырыс’демекші мен бүгінгі күндеріне сәтілік тілеймін.
Балалар,математика патшайымынан хат келді, математика қаласында қиын жағдай болыпты сол қаладағы кампьютерлік желіге вирус түсіпті.
Компьютерлердің бәрі тұрып қалыпты,керекті ақпараттарды көрсетпейтін көрнеді.
Патшайым соны емдеуімізді сұрайды.
Қалай көмектесеміз бе?
Балалар: иә көмектесеміз.
Олай болса патшайым жіберген тапсырмаларды дұрыс орындасақ вирусты жоюға болады.
1 –тапсырма
1 ден 10дейін санау
10 нан 6 дейін сана;
7 ден 4 ке дейін сана
6 дан 1 дейін сана.
2-тапсырма
Д/О «Көршілерін ата»
Жеке балалар орындайды.
Д/О «Сұрақ- жауап»
1.Кемпірқосақта неше түс бар?(7)
2.Бағдаршамда неше көз бар?(3)
3.Қолғапта қанша саусақ бар ?(5)
4.Бір жылда неше мезгіл бар?(4)
5.Бір аптада неше күн бар?(7)
6.Адамда қанша саусақ бар?(10)
2-тапсырма
1.Хайуанаттар бағында үш піл бар еді,оған тағы бір пілді әкелді.
-Хайуанаттар бағында қанша піл болды?
Балалар: төрт піл болды.
Тәрбиеші: көбейді ме әлде азайдыма?
Балалар : көбейді
Тәрбиеші: Қаншаға көбейді?
Балалар: Біреуге көбейді
3-тапсырма
2. Ыдыста үш алма бар еді, біреуін мен Қуанышқа бердім. Ыдыста қанша алма қалды?
Балалар: Ыдыста екі алма қалды.
Тәрбиеші: Ыдыста алма көбейді ме, немесе азайды ма?
Балалар: азайды
Тәрбиеші: қаншаға азайды?
Балалар: Біреуге азайды.
4-тапсырма
3. Бақшада 5 балапан жайылып жүр еді, оған тағы бір балапан жайылымға келді. Бақшада қанша балапан болды?
Балалар: 6-балапан болды.
Тәрбиеші: көбейдіме азайды ма ?
Балалар: Біреуге көбейді
5-тапсырма.
2-1=? 5-2=? 9+1=?
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып,бір тұрамыз,
Бір тынығып аламыз
5-тапсырма
2.Жан-жақа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар.
Қорапқа кірді біреуі,
Сонынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі?
Балалар:үшеуі тығылды.
Тәрбиеші: Балалар,жарайсындар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы математика патшайымына жіберемін. Егер ол біздін жауаптарымызға риза болса, телефон арқылы хабар жібереді.
(тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. Телефон шырылдайды.)
Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем.
(балаларға қарап) Математика Патшайымы бәріңізге
рахмет айтып жатыр.
Менде сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін.