kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ны?мет ?абдуллин "Дос с?зі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Дос с?зі» Н. ?абдуллин Саба?ты? ма?саты: Білімділігі: м?тінні? мазм?нын ашу, о?ушыларды? с?йлеу да?дысын ?алыптастыру; Дамытушылы?ы: о?ушыларды т?й-т?й ба?дарламасымен ж?мыс жасай отырып, ?з беттерімен ойлана білуге, ?орытынды жасай білуге машы?тандыру; Т?рбиелігі: о?ушыларды мейірімді, адал болу?а, адамгершілікке т?рбиелеу, ?атігездіктен аула? болу. Саба?ты? к?рнекілігі: орталы? тапсырмалары, дос с?зі, б?лт, к?н суреттері, балалар аттары, ма?алдар. Саба? барысы: 1. ?йымдастыру. Бір-бірімізге с?ттілік тілеу. С?ттілік біздер тілейік, Мен са?ан, сен ма?ан. К?ндей к?ліп ж?рейік, К?нні? н?рын т?гейік, Мен са?ан, сен ма?ан. Мен де сендерге с?ттілік тілеймін!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ны?мет ?абдуллин "Дос с?зі" »

Сабақтың тақырыбы: «Дос сөзі» Н. Ғабдуллин

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: мәтіннің мазмұнын ашу, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

Дамытушылығы: оқушыларды тәй-тәй бағдарламасымен жұмыс жасай отырып, өз беттерімен ойлана білуге, қорытынды жасай білуге машықтандыру;

Тәрбиелігі: оқушыларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, қатігездіктен аулақ болу.

Сабақтың көрнекілігі: орталық тапсырмалары, дос сөзі, бұлт, күн суреттері, балалар аттары, мақалдар.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру.

Бір-бірімізге сәттілік тілеу.

Сәттілік біздер тілейік,

Мен саған, сен маған.

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік,

Мен саған, сен маған.

Мен де сендерге сәттілік тілеймін!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Машқар Гумеров «Күмән» мазмұндау.

2. Қадыр Мырза Әли «Мұғалима» өлеңін жатқа айту.

3. Жаңа сабақ.

Балалар бүгін біз «Дос сөзі» деп аталатын Нығмет Ғабидуллиннің мәтінін оқимыз. Нығмет Ғабидуллин 1927 жылы 26 желтоқсанда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Шұқыркөл деген ауылда туған. Алматы педагогикалық университетінің профессоры.. Олай болса, алдымен сендер дос сөзіне топтастыру стратегиясын жасап көріңдер. Кім қалай түсінеді екен.

Күні үшін Шыншыл көмек беру

Жанашыр Адал дос

Тұрақсыз Сатқын

Түсіне білетін Нағыз дос

Амал Сөз көтеретін

Қиналғанда көмектесетін

Ал енді біздің жазушы атамыз дос туралы мәтінінде не айтты екен, қане ішімізден оқып шығайық.

Енді түсінгендеріңді білу үшін, сұрақтарға жауап берейік.






Тақтада бұлттар тұр, сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, бұлттың артындағы мақалды оқи аламыз.(Әр сұраққа жауап бергенде бұлттардың артын ауыстыру).

1. Сынып жиналысында әңгімені кім бастады?

2. Нұрлан мен Әсет қандай дос еді?

3. Нұрлан кім туралы сөйледі?

4. Ол Әсет туралы не айтты?

5. Балалар Нұрланның досын сынағанына қалай қарады?

6. Нұрланның досы туралы айтқаны дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

Оқушылар пікірі.

- Ал, жақсы олай болса, мында сендер жауап берген сұрақтар артында мақал шықты, қане оқып шығайық:

Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

- Осы мақалдың әңгімеге қатысы бар ма?

Оқушылар ой-пікірі.

- Жарайды дұрыс. Сонымен шын дос болсаң, досыңның дұрыс болғанын қалайды екенсің. Жұрттың алдында оны ұялтып, келеке етуге емес, тек жақсы оқушымын деп қоймай, жұмысқа, еңбекке де теріс қарамауын алдағы уақытта жалқау болмау керектігін айтып, жаны ашитындығын айтты. Ал досына жаны ашымаса, олай етпес еді. Түсінікті ме енді сендерге, түсініксіз сөздер бар ма?

1. Қыл өтпейтін – өте тату, жақын деген сөз.

2. Оқыс – ешкім күтпеген жағдай.

3. Олақ – ұқыпсыз, қолынан түк келмейтін деген сөз.

4. Қырсыздығы – икемі жоқ, ебі жоқ деген сөз.

4. Жақсы мәтін бізге түсінікті болды. Олай болса орталықтарға бөлініп жұмыстар жасайық.

1.Оқу орталығы:

1.Мәтіннен Нұрланның сынаған сөзін теріп оқы.

2. Әсеттің Нұрланның не айтпағын алдын ала ойлаған жерін оқы.

3. Әсеттің өз қателігін мойындамаған жерін тауып оқы.

4. Жиналыстан кейін не болды? Әсет не істеді? Сол жерін тауып оқы.

5. Нұрланның сөзінен кейін не болды?

6. Әсет пен Нұрлан туралы, достығы туралы айтылған жерлерді тауып оқы.

1. Мәтіннен тапсырылған жерлерді мәнерлеп тауып оқу.

2. Шығарманы талдау.

2.Жазу орталығы:

1.Менің досым. Сыналған дос деген тақырыптарда шығарма жаз.

2.Достық туралы мақалдардан біреуін алып мағынасын түсіндір.

Мақалдар:

1. Жүз саның болғанша,

Жүз досың болсын.

2. Қимас досың сұраса,

Қимасыңды бересің.

3. Достың мыңын алма, бірін ал.

4 .Ақылсыз достан сақтан.

5. Пайдасыз мың жолдас, жоқпен тең,

Жанын қиған бір жолдас көппен тең.

6. Доссыз өмір, тұссыз ас.

Д) Орталықтар жұмысын бағалау.

Е) Қорытындылау.

- Сонымен балалар бүгін біз Дос сөзі деп аталатын мәтінді оқыдық. Оқыған мәтін бәрімізге ұнады. Солай ма? Сонымен бізге мәтіннің мағынасын ашып, кеңірек түсіндік деп ойлаймын.

Олай болса, көңіл-күйімізді енді мен күнге теңегім келіп тұр. Мынау жап-жарық күніміз. Енді күнді одан әрі күлдіріп, шуақтарын орналастырайық. Қане сонымен нағыз дос қандай болу керек екен, сендер қанша сөз айтсаңдар, сонша арай күн көзінен шықпақ:

Жанашыр

Өз бауырындай шыншыл


адал қамқор

қол ұшын беретін мінін айтып, түзейтін

сатқын емес

- Өте жақсы. Енді сабағымыз күндей нұрлы өтті деп ойлаймын. Кәне орнымыздан тұрайық:

Досым-ау, досым-ау,

Күніміз көңілді-ау.

Қашанда бірге боп,

Күліп біз жүрсек-ау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ны?мет ?абдуллин "Дос с?зі"

Автор: Джанасова Сания Жанболатовна

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167643


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства