kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нөлдермен аяқталатын сандарды көбейткен кезде нөлді есепке алмай, алдымен сандарды көбейтеді, содан кейін екі көбейтіндіде қанша нөл болса, сонша нөлді тіркейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту»

Тақырып: Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту / Ұлы Жібек жолы – әлемдік мәдени мұраның бір бөлігі

Мектеп: «ЕОМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Чурчутпаева А.А

Сынып: 4 сынып

43-сабақ.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

4.1.2.12** нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін біледі.

Көптеген оқушылар:

-нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

-нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология: алгоритм, көбейту және бөлу компоненттерінің атауы.

Диалогке/жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы.

Талқылау:

Білетін алгоритмдермен салыстырыңыз.

Ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?


Жазу: жазбаша көбейтуді жазу.


Алдыңғы білім

Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындығын тексеру.

Назарларын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру. № 10-тапсырма.

12 ∙ 900 = 10 800

5 ∙ 7 000 = 35 000

15 ∙ 3 000 = 45 000

27 000 : 30 = 900

21 000 : 3 000 = 9

240 000 : 30 000 = 8

Оқулықпен жұмыс.

Ынталандыру

Ұлы Жібек жолы туралы әңгіме жүргізу. 1-тапсырманы (нөлмен аяқталатын көбейту және бөлу амалын ауызша) орындауды ұсыну. Есептеулерді нұсқамен (топпен) орындауға болады. Әр бағандағы өрнектердің мәндерінің қосындысын тауып, Ұлы Жібек жолының арқасында саудадан басқа тағы мәдениеттің және дипломатияның дамығанын біледі.

Өзектендіру

№2-тапсырманы талдау жүргізіп, жаңа тапсырмамен салыстырып шығарады.

«Миға шабуыл» тәсілін пайдалануға болады. Оқушыларға есептеуде қолайлы болатын әдісті қарастыру ұсынады.

  • Бізге қандай әдістер белгілі? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

Мақсат қою

Қандай жаңа әдістер кездесті? Сабақтың мақсатын қойыңдар: нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды көбейтуді үйрену.

Оқулық,


Мағынаны тану


Жаңаны ашу

№2 тапсырманы талдау жүргізу.

Оқушылармен бірге алгоритм ережесін құрастырады:

«Нөлмен аяқталатын сандарды көбейткен кезде нөлді есепке алмай, алдымен сандарды көбейтеді, содан кейін екі көбейтіндіде қанша нөл бар болса, сонша нөлді шыққан санның соңына тіркейді».

(М) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту №3.

450 · 300 = 135 000

147 · 2 000 = 294 000

180 · 700 = 126 000

6 800 · 60 = 408 000


460 ∙ 30 = 13 800

7 410 · 60 = 444 600

530 ∙ 90 = 47 700

230 ∙ 400 = 92 000


(Ө) Өзіндік жұмыс

а) Түйе керуені шөл далада 3 400 м/сағ орташа жылдамдықпен қозғалады. Егер осы жылдамдық сақталатын болса, керуен 10 сағат ішінде қандай

арақашықтықты жүріп өтеді:

3400 · 10 = 34 000 м = 34 км

ә) Түйе алып жүре алатын жүктің салмағы шамамен 200кг. Әрқайсысы 10 түйеден тұратын 3 керуен қанша мөлшерде жүк тасымалдай алады?

200 · 3 · 10 = 6 000 кг = 6 т

б) Түйе 200 кг жүк көтере алады. 2 т жүкті тасу үшін неше түйе қажет болды?

2 т = 2 000 кг

2 000 : 200 =10 (түйе) – қажет.

Жауабы: 10 түйе.

Өткен материалмен жұмыс.

№ 4

630 : (3 ∙ 3) = 70

300 : (3 ∙ 25) = 4

(360 ∙ 5) ∙40 = 72 000

4 ∙(6 000 ∙ 25) = 60 000


50 ∙(2 100 ∙ 8) = 840 000

450 000 : (15 ∙ 10 000) = 3

№ 6

(х – 80) : 40 = 640

х – 80 = 40 ∙ 640

х = 25 600 + 80

х = 25 680


(х – 80) ∙ 40 = 640

х – 80 = 640 : 40

х = 16 + 80

х = 96

7-тапсырманы орындамас бұрын өлшем бірліктерінің кестесін еске түсіру. Өйткені көптеген оқушылар ауданға байланысты өлшем бірліктерден қиналып жатады.

25 км 500 м = 25 500м = 255 000 дм

25 036 см = 250 м 0 дм 36 см

2 007 м = 2км 70дм 0 см

10 см2= 1 000 мм2

1 м2= 100 дм2= 10 000 см2

1 000 000 м2= 1 км2

№8. Сұрақтар қою:

  • Есептің қандай компоненттері бар? Мәтінде не жетіспейді? Есеп мәтініне қандай сұрақ қоюға болады?

10-тапсырманы логикалық түрде былай тұжырымдауға болады.

Екі керуенде 26 түйе болды. Бірінші керуенге тағы 6 түйе, ал екіншісіне 8 түйе қосқанда, керуендегі түйелер саны теңесті. Алғашында әр керуенде қанша түйеден болған?

Былай талдауға болады:

Түйелер қосылғаннан кейін, екі керуенде неше түйе болғанын анықтаймыз. Ол үшін есептің берілуі бойынша өрнек құрастырып, оның мәнін табамыз:

26 + 6 + 8 = 40 – тағы түйелер қосылғаннан кейінгі екі керуендегі түйе саны.

Керуенге түйелер қосылғаннан кейін, екі керуенде де түйелер саны бірдей болды. Сондықтан барлық түйені 2-ге бөлеміз:

40 : 2 = 20 – әр керуендегі түйелер саны.

1-керуенге 6 түйе қосылғанын білеміз, енді бастапқыда қанша түйе болғанын анықтаймыз. Ол үшін түйелердің соңғы санынан қосылған түйені алып тастаймыз.

20 – 6 = 14 – бірінші керуендегі түйелер саны.

Екінші керуенде де бастапқыда қанша түйе болғанын осылай анықтаймыз.

20 – 8 = 12 – екінші керуендегі түйелер саны.

Оқулық,

дәптер









Рефлексия


Ата. Нөлмен аяқталатын санға жазбаша көбейту алгоритмін атаңыз.

Неліктен.Нөлдерді оң жаққа жазған неге ыңғайлы?

Түсіндір.Көбейтіндінің мәніне қанша нөл қосу керек екендігін түсіндір.

Үйге тапсырма: 17 б №10

№ 10

710 · 3000 = 2 130 000

151 · 40 000 = 6 040 000

1800 · 20 = 36 000

42000 · 60 = 2 520 000


7800 ∙20 = 156 000

6510 · 600 = 3 906 000





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша көбейту

Автор: Чурчутпаева Айгерим Алканбековна

Дата: 23.12.2019

Номер свидетельства: 533346


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства