Просмотр содержимого документа
«Негізгі ж?не туынды зат есім..»
Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Туынды зат есім екендерін дәлелдеу. Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгізат есім дейміз: ана, жер, көз.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 32-жаттығу көп нүктенің орнына негізгі зат есімді табу, көшіріп жазу, түсіндіру: кезек-кезекші, сый-сыйлық, көл-көлшік, іс-іскер, сөз-сөздік, дос-достық.
33-жаттығуда берлген мақалды жаттау, мағынасын түсіндіру, жазу. Туынды зат еімдерді тап, олардың астын сыз. 34-жаттығу: сөздерді оқу, талдау.
Бірінші топтағы сөздер етістік, ал екінші жолдағы сөздер сын есімдер.
35-жаттығу мақалды жатқа жазу, зат есімдерді сұрақтар қою арқылы табу, олардың негізгі немесе туынды екенін дәлелдеу.
ҮІ. Бекіту:
36-жаттығу мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есімдер жаса.
Кітапхана, кітапханашы, малшы, құсшы, аңшы, мүсінші.
Неліктен бұл сөздерді туынды зат есімдер деп атаймыз?
ҮІІ. Қорытындылау
Тірек сызба арқылы туынды зат есімдерді түсіндіру.
1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік? 2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не? 4. Мысал келтірейікші енді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 37-жаттығу Қатардағы артық сөздерді табу, түсіндіру.