kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Негізгі және туынды еліктеу сөздер " (Түп ва ясалма тәхлидий сөзләр)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Еліктеу сөздердің тұлғасына қарай бөлінуін, олардың жасалу жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін таныту.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне білуге, сауаттылыққа, сөйлеу мәдениетіне, эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Дамытушылық: Дүниетанымын, пәнге қызығушылығын арттыра отырып шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, әдебиет, өмірмен
Көрнекілігі: тех.құрал, слайд, үлестірмелі қағаздар.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Негізгі және туынды еліктеу сөздер " (Түп ва ясалма тәхлидий сөзләр)»

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Түп ва ясалма тәхлидий сөзләр

Білімділік: Еліктеу сөздердің тұлғасына қарай бөлінуін, олардың жасалу жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін таныту.
Тәрбиелік: Сөз мағынасын түсіне білуге, сауаттылыққа, сөйлеу мәдениетіне, эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Дамытушылық: Дүниетанымын, пәнге қызығушылығын арттыра отырып шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, әдебиет, өмірмен
Көрнекілігі: тех.құрал, слайд, үлестірмелі қағаздар.
І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу

Сыныпты түгендеу

Сынып тазалығына көңіл бөлу

Күн реті мен тақырыпты тақтаға жазу


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1.234-жаттығуды тексеремін

2.Ережені жатқа сұраймын
ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау кезеңі

Оқушыларға жаңа сабақтың мақсатын айтып түсіндіремін.
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Тапсырмамен жұмыс (Интерактивті тақтадан оқытып, мәтін қай әңгімеден үзінді? Авторы кім?)
Алғашқы рет амалсыздан көкке қарап аузын ашып ышқынғанда ішінен зор дауыс шықты. Күтпеген дауыс. Көксеректің ең әуелгі ұлығаны осы еді.
Қарлы елсіз адырды басына көтеріп дауыс салды. Тынбай ұзақ-ұзақ ұлыды. Мұның дауысы шыққан сайын, сайдағы ауыл жақтан көп төбеттің арс-ұрс, шәу-шәу етіп үргені естіледі.
Көксерек құйрығын артқы екі аяғының арасына тығып алып, аш белі бүгіліп, іші қайта-қайта солқ-солқ етіп ұлып тұр еді. Бір мезгілде дәл жанынан өзінің дауысындай дауыс естілді. Ол да дәл осы сияқты ұлиды...(еліктеу сөздерді таптыру, талдау).

1. Еліктеу сөздердің лексикалық және тұлғалық жағынан өзгеше сөз табы екендігі;
2. Еліктеу сөздердің түрленбейтіндігі;
3. Еліктеу сөздердің тұлғасына қарай негізгі және туынды болып келетіндігі;
4. Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі.
Ережемен таныстыру
Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабылдаған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін бір морфемадан тұратын түбір сөздер болып келеді.
Туынды еліктеу сөздерге негізгі еліктеу сөздерге сөз тудырушы жұрнақтардың қосылуынан жасалынған, морфемдік құрамы жағынан екі морфемадан (түбір морфема+қосымша морфема) тұратын туынды сөздер жатады (слайд арқылы көрсету).

Тәхлидий сөзләр түзүлүшигә қарап, аддий вә мурәккәп дәп иккигә бөлүниду. Аддий тәхлидий сөзләр асасий вә томур сөз шәклидә келиду. Асасий тәхлидий сөзләргә һәр түрлүк тавушлар билән һәрикәтләр кириду.

Мәсилән: тарс, турс, дүк, ялт-юлт, қарс,қурс

Ясалма тәхлидий сөзләргә һәр хил қошумчилар улиниши арқилиқ ясилиду. Бу уйғур тилида учрашмайду.


1.Еліктеуден жасалған туынды еліктеу сөздер:
-аң, -ең, -ың, -ің, -ң;
- алаң, -елең, -лаң, -лең;

Томпаң, елпең, көлбең, сымпың, жылтың, кіржің, бұралаң, шұбалаң;
2.Етістіктен жасалған туынды еліктеу сөздер:
-аң, -ең, -ң;
Ағараң, қызараң, едірең, домалаң (етті)
3.Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар:
-ыл, -іл, -л, -ыр, -ір
Тарсыл, ырыл, гүріл, даңғыр, дүңгір (естілді)
4. Туынды етістік жасайтын жұрнақтар:
-ыра, -іре, -да, -де;
Желбіре, үлбіре, күркіре, ербеңде, селтеңде, бұраңда, қоқаңда;
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар:
-ыр, -ақ, -ек, -іш, -ық;
Быртық қол, жалтақ бала, қалтақ бас, еңкіш адам,бүлкек жүріс;

Қазақ тілінде еліктеу сөздерге –дақ, -дек жұрнағы арқылы зат есімдер де жасалады. Олар жер-су аттарында көп кездеседі. Мысалы: Ысылдақ (сайдың аты), Лоқылдақ (бұлақ аты), Бақырақсай (өзен аты), Сарқырама (өзен аты) т.б. Кейбір еліктеуіш сөздер сықырлауық, сылдырлауық сияқты туынды етістіктен жасалған туынды зат есімдердің жасалуына да негіз болған. Кейде –у жұрнағының еліктеу сөзге бірден жалғануынан жасалған зат есім сөздер сирек болса да кездеседі. Мысалы: шаншу, қыңқу, қаңқу. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман. Ел арасында қыңқу, сыңқу көбейді.

Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі
1. Даладан тарсыл шықты.
2. Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды.
3. Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті.
4. Сәби томп-томп жүгіріп келеді.
5. Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан көзің құлақ тұнады. 

235-жаттығу
Төмендегі сөздерді мағыналарына қарай анықтап, оларға –лаң,-лең, -алаң, -елең жұрнақтарын жалғап, туынды еліктеуіш жасаңдар. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Шұба. Бұра. Қира. Соз. Ора. Ире. Арс. Аңқ.
236-жаттығу
Төмендегі еліктеу сөздерді пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Борт-борт, ажыраң, маймаң-маймаң, кіржің, қайқаң, сопаң, сидаң-сидаң.
1. Аттар борт-борт желіді.
2. Қара кемпірге ажыраң ете қарады.
3.Маймаң-маймаң басқан қаздың жүрісіне салды.
4. Ол мені мысқылдағандай кіржің ете қалды.т.б. 
237-жаттығу Берілген сөздерді мағыналарына қарай анықтап, оларға

ыл, -іл жұрнақтарын жалғап, туынды сөз жасаңдар.

Ыз. Шу. Тарс. Тарп. Дүр. Гүр. Тарс. Гу. Күңк. Күрс.
«Ауылда», «Қалада» тақырыбында шағын әңгіме құрау.


Қосымша үлестірмелі қағаздар беру.
1. Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды.
2. Азиат! – деп шарт еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді.
3. «Қара Көже» дегендерге «әу» деп жалт қарайтын болдым.
4. Бермесеңіз, қойыңыз, - дедім де жалт бұрылып, есікті бар күшіммен тарс жауып, жөнеле бердім.
5. Балалар ананы-мынаны сұрап, азан-қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым.
6. Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үметей ашық үнмен сыңқ-сыңқ етіп, үй ішіне естірте күлді.
Ү. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

(Төмендегі мәтіннен еліктеу сөздерді тауып, морфологиялық талдау).
...Қазірде соның түбінде қысқы жүні әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Бауырында көк күшіктері қыбырлайды. Жарқыраған қызулы күн бойын ерітеді. Көзі бір сығырайып ашылып, бір жұмылып қалғуға кетеді. Иіген емшектері жыбыр-жыбыр тартылады. Төбесінде сасыр шайқалып ырғалады. Маңайдағы қараған мен итмұрын бастары қозғалақтайды.
Бір мезгілде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт ши, тобылғы, қу шөмшектер дыбысы келді де, есін жиғанша бірдеме қасына тасырлатып келіп қалды. Тұрғанда «арс» етіп, азу тістері ақсиып ырсылдай түрегелді.
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере алдына жас қызыл қозы топ ете түсті. Соның артынан секіріп шыққан – көк шолақ. Ентіккен көбік атқан тұмсығымен ақ қасқырды айнала иіскеп, әр жерін жалап алды. Содан соң жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны көре сала – «ырр» етіп барып, бас салды...
Қорыта келгенде, еліктеу сөздер дыбыстық құрамы белгілі бір заңдылыққа бағынған жалаң түбір күйінде де, екі, үш, төрт, бес, алты дыбыстардан тұратын сөздер. Қосарланып келген еліктеу сөздердің сыңарларының дыбыстық құрамы жуан, жіңішке және ашық, қысаң болуы сол сөздердің мағынасына әсер етеді. Заттанғанда болмаса, еліктеу сөздерге көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары жалғанбайды. Еліктеу сөздерден есім мен етістіктер жасалады. Еліктеу сөздер ерекше логикалық екпінге ие.
ҮІ. Бағалау кезеңі 
ҮІІ. Үйге тапсырма  беру кезеңі

238-жаттығу Бейнелеуіш сөздерге назар аударып, жұмбақтың шешуін табыңдар 210-бет






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Негізгі және туынды еліктеу сөздер " (Түп ва ясалма тәхлидий сөзләр)

Автор: Нургазиева Анеля Тотиевна

Дата: 19.05.2017

Номер свидетельства: 417001


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства