kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

(Негізгі ж?не туынды зат есім)

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?мола облысы 

К?кшетау ?аласы

орында?ан: 

Напухан Айн?р

2015 о?у жылы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«(Негізгі ж?не туынды зат есім) »

Күні: 31.01.12

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Негізгі және туынды зат есім туралы білімдерін

толықтыру.

Айырмашылықтарын ашу,алған білімдерін қорыту,

жаттығуларды түсініп орындауға үйрету.

2.Дамытушылық: Ой-өрісін дамыту,сөздік қорын

молайту,дұрыс сөйлеуге

өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Қасында отырған оқушылардың ойын тыңдауға,

ұжымдылыққа үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,сызбалар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақты біз бастайық

Артта қалып қоймайық.

Қандай жаттығулар болса да,

Бәрін жақсылап орындайық,-демекші сабағымызды бастайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Кім кезекші?Үйге қандай тапсырма берілді?

-Кезекші: 5-жаттығу.Ертегіні аяқта.

Бір күні қоян орманда Қасқырға кез болыпты.

-Мен ашпын сені жеймін!-депті Қасқыр.

4-жаттығу.Жаңылпашты жатқа айт.

Кендірден кенеп шығар,

Кенептен елек шығар.

Електен кебек шығар

Кебек те керек шығар.

Сергіту сәті:

Балық судан шықты да,

Жан-жағына қарады.

Қабағым бір түйді де,

Шашын жөндеп тарады.




3. Жаңа сабақ.

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз,Негізгі және туынды зат есім.

Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.Мысалы: ыдыс,кілем,аяқ.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.Мысалы: жұмыскер,ойыншық,күйші.

-Жақсы,ал енді жаттығулар орындайық.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашамыз,бүгінгі күнді жазамыз.

1-жаттығу.Ребусты шеш.Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз.Оларға сұрақ қойып,мағынасын салыстыр.

2-жаттығу.Өлеңді оқы.

Іскерлер

Дәрігер бала емдейді,

Жолшы жолды жөндейді.

Ұстаз сабақ береді.

Бағбан жеміс егеді,

Ұста темір соғады.

Балташы ағаш жонады.

Диқан тыңды тіледі.

Ісмер кесте тігеді.

Кенші жерді қазады.

Ақын өлең жазады.

М.Әлімбаев.

Туынды зат есімдерді теріп жазып,сөз құрамына талда.

3-жаттығу.Негізгі зат есімдерді бір қатарға,туынды зат есімдерді екінші қатарға жаз.

Негізгі зат есім Туынды зат есім

Сый,ойпат,қалам,ағаш,өнер, Суретші,сыйлық,сызғыш,қапшық,

Су,мұз,сиыр,көл,коньки, сусын,балық,үйшік,құлыншақ,асхана

Суат

4-жаттығу.Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып,туынды есім жаса.

Кітап,дос,егін,орын, -шы,-ші,-лық,-лік,-дық,-тық,-хана.

Таза,адам,мал,шебер



Қорытынды: Зат есім нешеге бөлінеді екен?

-Оқушы: Екіге,Негізгі және туынды.

-Жақсы.

Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Түбір сөздердің қай сөз табы екенің айт.

Ұзын,көр,біл,ем,жол,өшір,тату,әдемі.

Берілген сөздерді зат есімге айналдырып жаз.

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыға тиісті бағасын қою.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
(Негізгі ж?не туынды зат есім)

Автор: Напуухаан Айнур

Дата: 07.03.2015

Номер свидетельства: 183174


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства