kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Не?Нелер? с?ра?ына жауап беретін с?здер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Зат есімні? ма?ынасы туралы т?сінікті ке?ейту. Не? Нелер? с?ра?ыны? жануарлар мен заттар?а ?ойылатынын ??ындыру.

Дамытушылы?: Зат есімні? жекеше, к?пше т?рлерін ажырата алу?а да?дыландыру. Есте са?тау, ойлау ?абілеттерін дамыту

Т?рбиелік: ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Не?Нелер? с?ра?ына жауап беретін с?здер »

17 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: Зат есімнің мағынасы туралы түсінікті кеңейту. Не? Нелер? сұрағының жануарлар мен заттарға қойылатынын ұғындыру.

Дамытушылық: Зат есімнің жекеше, көпше түрлерін ажырата алуға дағдыландыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:  Өз ойын еркін жеткізу қабілетін арттыру.

Пәнаралық  байланысы: Дүниетану,  ана тілі,  бейнелеу  өнері

Сабақтың түрі: Саяхат  сабақ.

Сабақтың көрнекілік-құралдары: Кесте, сюжетті сурет, заттар мен жануарлар суреттері. Электрондық оқулық, бор, тақта, оқулық.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Психологиялық сәт: Үлкенге де сіз, Баршаңызды құрметтеп,

Кішіге де сіз. Бас иеміз біз.

ІІ. Өткенді пысықтау. Миға шабуыл.

  • Нұрсұлтан Назарбаев кім?

  • Елбасы жылда халыққа не жолдайды?

  • Елбасының қанша жолдауы бар?

  • Қандай жолдауы «Мәңгілік ел» деп аталады?

  • Өздерің маған берген жауаптардан зат есім іздеп көріңдер?

Ой шақыру. Тақтада жайлау көрінісі бейнеленген үлкен плакат ілінеді. Жұмбақтың жауабын шешсе, тақтағы көрініс толықтырылады.

    1. Иір – иір денесі, 2. Қояды екен әр шаруа,

Сахараның кемесі. Қазығына құт байлап.

Ащы шөптер тамағы, Қанша құйып алсаң да,

Шөлге шыдап бағады. (Түйе) Сарқылмайды сүт, қаймақ. (Сиыр)

3. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

4. Қияғындай құрақтың, 5. Басында таяғы бар,

Қиығы екі құлақтың. Төрт аяғы бар.

Үкідей кекілі желбіреп, Сегіз тұяғы бар,

Шаншылып күлте құйрығы. (Жылқы) Иегінде сақалы бар. (Ешкі)

5. Әкесі баласын көтеріп тұр, 6. Қазша қанатын жаяды,

Баласы бөркін көтеріп тұр. Үйрекше мойнын созады,

(Кереге, уық, шаңырақ) Құсша қонады. (Киіз үй)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

  • Енді осы малдарды бағатын адамдарға не керек? (Үй)

  • Қандай үй? (Киіз үй, қараша үй)

  • Ендеше, барлығымыз бірге киіз үйді тігейік. Ол үшін бүгінгі тапсырмаларды орындау арқылы киіз үй жабдықтарын рет-ретімен тақтаға жапсырамыз.

  • Киіз үй жабдықтарын кім атайды? Киіз үй қандай ретпен тігіледі?

Кереге тапсырмасы. 322-жаттығу. Топпен жұмыс ретінде сөзжұмбақты қыс айларының аттарын пайдаланып шешіп, «Қыста» тақырыбына шағын әңгіме құрау. Сөзжұмбақ «Қыс»:

Қ

Ы

Ж Е Л Т О Қ С А Н

А

Ң

Т

А Қ П А Н

Р

Шаңырақ тапсырмасы. Көркем жазу. Жж. Жайлау.

323-жаттығу. Электрондық оқулықтан тапсырманы оқып талдау. Мәтінді оқып, Не? Нелер? сұрағына жауап беретін зат есімдерді тап. Алғашқы және соңғы сөйлемдерді көшіріп жазу. Мәтінге ат қою. Құндыз

Құндыз – ғажап қызық аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.

Уық тапсырмасы. 324-жаттығу. Өлеңді оқып жатқа жазу. Зат есімдерді табу. Ережені оқып талдау. Суреттегі сөздерді қолданып, мысал келтірту.

Шағала көлін қорғайды, Егінші жерін қорғайды,

Шопан төлін қорғайды. Ер жігіт елін қорғайды.

Туырлық тапсырмасы. 325-жаттығу. Суреттегі заттардың атауын қатыстырып, сөйлем құрау. Айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Сергіту сәті. Бір, екі, үш, Қос қанатты жаямыз,

Біз кішкентай құс. Ұшып-ұшып аламыз.

ІҮ. Бекіту. Үзік тапсырмасы. 326-жаттығу. Оқы, әр жұптағы сөздерге сұрақ қой. Сұрақтың әр түрлі қойылу себебін дәлелде.

Ағаштар - ағаштар қыз – қыздар

перде – перделер мұғалім – мұғалімдер

бүркіт – бүркіттер сатушы - сатушылар

Түңдіктегі шығармашылық тапсырма. Көп нүкте орнына сұраққа жауап болатын тиісті сөзді қой.

Не? . . . (Жайлау) – қыстаудан алыс жатқан жазғы қоныс. Жазда онда салқын не? . . . (ауа), тұнық не? . . . (су), мол не? . . . (шөп) болады. Қыстан арықтап шыққан нелер? . . . (малдар) жайлауда тойынады. Кімдер? . . . (Адамдар) да сергіп қалады, не? . . . (қымыз) ішеді. Еліміздің әр жерінде атақты нелер? . . . (жайлаулар) көп.

Ү. Бағалау. («Өзін-өзі бағалау» парағы көмегімен).

ҮІ. Үйге тапсырма. 327 жаттығу. Ұста туралы әңгіме құрау.

ҮІІ. Қорытынды.  Балалар ойымен.

  • Бүгін біз не үйрендік?








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Не?Нелер? с?ра?ына жауап беретін с?здер

Автор: Жа?сылы?ова Райхан Молдахмет?ызы

Дата: 29.11.2014

Номер свидетельства: 136966


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства