kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Наурыз та?ы. С?йлемдегі с?здерді? байланысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Наурыз та?ы. С?йлемдегі с?здерді? байланысы.

Саба?ты? ма?саты: С?йлемдегі с?здерді? байланысы туралы т?сініктерін бекітіп, жина?тау; о?ушыларды? байланыстарып с?йлеуін, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту; ?демі жазу?а, м?нерлі с?йлеуге т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: о?улы?, ма?ал-м?тел жазыл?ан плакат.

Саба?ты? барысы:

I. Ба?дарлау-мотивациялы? кезе? (о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын ояту).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Наурыз та?ы. С?йлемдегі с?здерді? байланысы. »

Сабақтың тақырыбы: Наурыз таңы. Сөйлемдегі сөздердің байланысы.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктерін бекітіп, жинақтау; оқушылардың байланыстарып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту; әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мақал-мәтел жазылған плакат.

Сабақтың барысы:

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең (оқушылардың қызығушылығын ояту).

Жылт-жылт еткен, Өнерде бар, Мейізде бар,

Жырадан өткен. Талапта жоқ. Өрікте жоқ.

(Cy) Өрмекте бар, Киізде бар,

Оюда жоқ. (Ө) Сырмақта жоқ. (З)

Ал, балалар, жұмбақта қандай cөз шықты? Сөзден не құралады?

1-тапсырма.

  • Қане, балалар, сыныптағы зат атауларын атаңдаршы (парта, тақта, терезе, есік т.б.). Енді, балалар, сыныбымызда парта нешеу?

  • Он бес парта.

  • Тақта нешеу?

  • Бір тақта.

  • Терезе нешеу?

  • Терезе үшеу.

  • Есік нешеу?

  • Есік біреу.

  • Енді, балалар, біз осы жерден не байқадық?

  • Сөздерді бір-бірімен байланыстырып, ойымызды жеткіздік.

  • Сөзден сөйлем құрап, бір-бірімізбен сөйлесеміз.

  • Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен дұрыс байланыспаса, біз ойымызды түсіне аламыз ба?

ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең.

167-жаттығу:

Мәтінді мәнерлеп оқу.

Оқушылардың мәтінді кезекпен оқуы.

Мәтін мазмұны бойынша сұратар қою:

Мәтінде жылдың қай мезгілі суреттелген.

Бозторғай қай айдың бірінші аптасынан кешікпей келеді?

Ал екінші келетін құс қандай құс?

Сөздік жұмысы.

168-жаттығу, 169-жаттығу.

ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Берілген сөзден сөйлем құрап жаз.

Жауды, ауылға, биыл, Capa, сіркіреп, барды, жаңбыр.

Екі сөзді сөйлемдерді үш сөзді сөйлемге айналдырып жаз. Күн ашық. Балалар шықты. Олар келді. Коньки тептіі.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

62-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Мал баласын сүйеді. Сөз.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға cөз және оның мағынасы туралы түсінік алуға мүмкіндік жасау, мәтінді түсініп оқуға және әдемі жазуға дағдыландыру; сөздік қорларын байыту, сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың төрт түлікке деген қамқорлық сезімін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау-мотивациялық кезеңі.

Мұғалім балаларға ойынның шартын түсіндіріп, "Төлдерін ата" ойынын ойнатады. Ойында төрт түліктің суреттерін пайдаланады.

ІІ. Операционалдық-орындаушылық кезең.

170-жаттығу.

Өлеңді мұғалімнің оқуы

Оқушылардң түсініп оқуы.

Өлеңге қатысты сұрақтар мен тапсырмалар:

Өлеңде не туралы айтылған?

Мал баласын қалай сүйеді екен?

Төрт түлік туралы тағы қандай өлең білесің?

(Әр мал баласын қалай сүйетінін мұғалім жеке-жеке сұрай отырып, оны өлеңнен тауып оқытады).

Қой, сиыр,түйе, ешкі, жылқы сөздерінде неше дыбыс, неше буын бар?

171,172-жаттығулар.

Балалар ақ қайыңның саясында әңгімелесіп отыр.

– Мен бүгін өте қуаныштымын, – деді Аленка. – Маған әжем керемет бантик сыйлады. Қараңдаршы, жалтырап тұрған жоқ па!?

– Мен де қуаныштымын, – деді Таня, – маған тәтем бояу қарындаш сатып алып берді.

– Сол да сөз болып па! – деді Петя Петухов. – Менің қармағым бар. Армансыз балық аулауға болады. Қайдағы бір қарындашты әлдеқандай қып... Тез таусылып қалады.

Осы сәтте Демушканың мақтанғысы келіп кетті:

– Ал менің қызғылт жейдем бар, мінекей, – деді де, барлығы көрсін дегендей жейдесін сипалай бастады.

Тек Ваня ғана үнсіз тыңдап отыра берді.

– Ваняның ешқандай қуанышы болмады ғой, үндемей отыр, – деді Аленка.

– Неге жоқ, – деді Ваня, – мен бүгін керемет гүл көрдім.

Балалар сұрақ жаудыра кетті:

– Қандай гүл?

– Қайда?

– Орманнан көрдім. Көк шалғында өсіп тұр. Көлеңкелі жерді жарқыратып тұр, өзі аппақ екен.

Балалар күлкіге батты.

– Орманда гүл аз ба еді!

– Тапқан екенсің қуанатын затты!

– Сосын... Қыстыгүні үйдің шатырын көрдім, – деді сәл мүдіріп Ваня.

Балалар тіпті мәз болды:

– Сен жазда шатырды көрмейсің бе?

– Әрине көрем. Тек қыста шатырды қар басып кеткен екен. Күн де сәулесін шашып, ерекше нұрға бөлеген. Шатыр бір жағынан қарағанда көгілдір, екінші жағынан қарағанда қызғылт түсті болып, ерекше жарқырап тұр екен.

– Жарайды! – деді Аленка. – Біз қар көрмегендей... Ал оның бірде қызғылт, бірде көгілдір болғанын сен ойдан шығарып тұрсың.

– Ол әшейін айтып тұр ғой, – деді Петя.

– Мүмкін басқа бір қуанышың бар шығар? – деп сұрады Таня.

– Бар, – деді Ваня. – Мен күміс балық көрдім.

Демушканың көзі жанып кетті.

– Қайда? Шын ба?

– Кәдімгідей күміс пе? – деп Петя орнынан ұшып тұрды. – Өзеннен бе? Көлден бе?

– Жылғадан, – деді Ваня.

Петя Петухов:

– Айттым ғой, әдейі істеп тұр.

– Жо-жоқ, әдейі емес, – деді Ваня. Жаңбырдан кейін алма ағашы түбіне су жиналған болатын. Ол сондай мөп-мөлдір. Күн сәулесімен шағылысып, жарқырап жатыр. Жел тұрған кезде, су беті тербеліп, ішінде ойнап жүрген күміс балықтарды көрдім...


III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Берілген сөздердің алдына әріп қосып, жаңа сөз жазу тапсырылады. Ол сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Наурыз та?ы. С?йлемдегі с?здерді? байланысы.

Автор: Тастенова Куралай Алтынбековна

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192746


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства