М??алім: Балалар, б?гінгі саба?ымыз ?те ерекше. Саба?ымыз?а ?она?тар келіп отыр. Осы ?она?тар?а ?зімізді? аттарымызды атап, бойы?дары?да ?андай жа?сы ?асиеттері?із бар екенін айты?дар. (О?ушылар ?з аттарын атап ?асиеттерін айтады. Мысалы: Миша – мейрімді, Аминат - а?ылды)
3) Саба?ты? ма?сатымен таныстыру.
ІІ. ?й ж?мысын тексеру (71 бет 5 тапсырма)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: 1. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымәрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тақырып көлеміндегілексикалық бірліктерді жүйелі меңгерту негізінде оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу.
2. Оқушылардың тақырып айналасында байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.
3. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Осы қонақтарға өзіміздің аттарымызды атап, бойыңдарыңда қандай жақсы қасиеттеріңіз бар екенін айтыңдар. (Оқушылар өз аттарын атап қасиеттерін айтады. Мысалы: Миша – мейрімді, Аминат - ақылды)
3) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру (71 бет 5 тапсырма)
ІV. Балалар, сабағымызға бір ғажайып ағаш пайда болыпты (ағашта нан тағамдарының суреттері ілулі тұрады)
Өтірік әңгімені оқып беру.
Баяғы заманда бір патшалықтағы балалар бір дән тауып алыпты. Сол дәнді терезенің алдына отырғызыпты. Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес, алмұртта емес, апельсинге де ұқсамайтын нан, тоқаш, бауырсақ, печенье өсіпті. Балалар болса түскі асқа да, кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.
Балалар, бұл дұрыс па? Нан ағашта өсеме? Нан тағамдарын неден жасайды? Нан дастарханға қалай келеді?
Оны білу үшін бүгінгі сабақта біз бірнеше тапсырмалар орындаймыз.Олай болса іске сәт балалар!
Нан дастарханға қалай келеді? Біріншіден, бидай егіледі.
Біз де жай отырмай бірінші тапсырманы орындайық
(Жаңа сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды. Әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау. А) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.
Б) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал ол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға шығып аудармасын жазады.)
(Балалар, осылай біз бидайды отырғыздық)
V. Бидай шайқалып жақсы өсу үшін біз келесі тапсырманы орындаймыз.
Соңғы өтілген тақырыптар бойынша қисынды ойлау қабілетіне берілген сызба бойынша жұмысты ұжымдық түрде орындау.
Жарайсыңдар, балалар! Біздің бидайымыз шайқалып өсті.
Енді, күз келісімен бидайымызды жинап алуымыз керек. Бидайды тез жиналу үшін келесі тапсырманы орындайық.
Оқулықпен жұмыс: 73 бет 3 тапсырма.
Диалогты оқу, аудару. (3 пар оқушы тақтаға шығып мәнерлеп оқиды)
Мұғалім қосымша сұрақтар қояды: 1) Дүкенге кімдер келді?
2) Сатушы оларға не берді?
3) Қыздар қандай нан алды?
Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай,
Басын иіп аққудай
Трактор мен комбайн
Жүргізуге дайын.....
Жақсы, бидайымызды жинап алдық. Келесі бидайымызды диірменге апарамыз. Онда бидайымызды тартып, ұн жасаймыз.
Жақсы, диірменнен ұнды алып наубайханаға апарамыз, әр түрлі нан тағамдарын дайындаймыз. Сөздерді берілген суреттермен салыстырыңдар.
Әр түрлі нан тағамдарын дайындадық . Сол нан тағамдарын үстелге әкелейік. Ол үшін «Қарлы кесек» ойыны бойынша 1нұсқа « наубайшы», 2 нұсқа «бидай» деген сөздермен сөйлем құрастырады.
Қорытынды: Балалар, бүгін біз нан ғана емес , нан тағамдары біздің дастарқанымызға қалай келеді екенін білдік. Бүгінгі ғажайып ағашқа қарайық бұл ағашта қандай нан тағамдарын көріп тұрсыңдар?
-Нан ағашта өсеме?
-Сендер нан туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Сабақтың соңы: Бағалау. Мақтау. Үй жұмысы: 74 бет 5 тапсырма «Нан» өлеңін жаттау. Сау болыңдар!