?й мысы?ы — ар?ы тегі жабайы мысы? т??ымдас жануар болып табылатын ?й жануары. Оны солт?стік африкалы? дала мысы?ы деп немесе жай Дала мысы?ы деп те атайды. Дала мысы?ы Таяу Шы?ыс жерінде осыдан 130 мы? жылдай б?рын пайда бол?ан.Дала мысы?ын, я?ни, жабайы мысы?тарды ?ол?а ?йретіп, ?й жануарларына айналдыру осыдан 9 500 жылдай б?рын (кейбір деректерде 10-12 мы? жыл) сол кезді? адамзат ?ркениетіні? дамы?ан оша?ы бол?ан Таяу Шы?ыс айма?ынан бастау алады. Б?л отыры?шылы??а ?йреніп, жер ??деу (егіншілік) шаруашылы?ыны? бастал?ан кезе?імен т?спа-т?с келген болатын. ?й мысы?тарыны? ар?ы тегі Либия мысы?ы болып саналады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мысы?ты? емдік ?асиеті »
Есмағамбетова Нұрғайша Болатқызы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Жангелдин көшесі, № 22үй,индекс 031200
Тақырыбы: Мысықтың емдік қасиеті.
Авторы: Ербол Ержан
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№6 орта мектебі
1 «б» сынып оқушысы
Жетекшісі: Есмағамбетова Нұрғайша Болатқызы
Жоспар
І. КіріспеМысықтар туралы: Үй мысығы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Фелинотерапия
2.Мысықтың тілегі – денсаулық
3. Мысықтар туралы ғалымдар не дейді.....
4. Мысықтардың тұқымына (порода)қарай емдеу тәсілдері
ІІІ. Қорытынды
Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!
І. Кіріспе
Мысықтар туралы: Үй мысығы.
Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай Дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130 мың жылдай бұрын пайда болған.Дала мысығын, яғни, жабайы мысықтарды қолға үйретіп, үй жануарларына айналдыру осыдан 9 500 жылдай бұрын (кейбір деректерде 10-12 мың жыл) сол кездің адамзат өркениетінің дамыған ошағы болған Таяу Шығыс аймағынан бастау алады. Бұл отырықшылыққа үйреніп, жер өңдеу (егіншілік) шаруашылығының басталған кезеңімен тұспа-тұс келген болатын. Үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады.
Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.
Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түр түсіне, мінез қылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып, атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істеп әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн. Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше ене-сінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына 2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болғандықтан, оның табиғи қажеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салынған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді. Мысықты тамақтандыру: ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық (буға пісіріп, не жеңіл қуырып), сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай болады. Мысықтың балалары енесінің сүтімен қоректеніп жүргенінде 20 күннен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Көкөністерді берерде еттурағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды. Мысық балалары жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда, көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтыра-ды. Мысықтан адамға жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады. Мысықтарды қалай атаған дұрыс?
1.ФЕЛИНОТЕРАПИЯ Күнделікті жұмыстағы стресс пен көп ой еңбегі біздің жүйкемізді тоздырып, «ескі» ауруларымызды қоздырып, көптеген «жаңа» аурулар туғызады. Мықты денсаулық пен дұрыс өмір сүру үшін осының бәрінен қалай құтылуға болады? Жауап өте оңай: сізге фелинотерапия көмектеседі (мысықтерапиясы). Жануарлардың көмегімен емделу (аниматерапия) 20 ғасырдың 50 – жылдары жақсы жолға қойылды. Жануарлардың емдік қасиетін, соның ішінде мысықтың емдік қасиетін пайдалану тек қана жүйке жүйесі ауруларына ғана емес басқа да көптеген күрделі ауруларға да пайдалана бастады. Бұл емнің ешқандай кері әсері жоқ. Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» (Латынның felis – мысық) деп аталады.Ал мысықтың жүніне деген аллергия ше? – деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда қысқа жүнді, мамық жүнді, тықыр жүнді мысық түрлері бар. Мысық терапиясының жүйкені тынышталдырып, энергияны реттеп, денсаулығыңа жақсы әсер беретіндігі соншалық мысалы, АҚШ – та дәрігерлердің 48% - ы өз ауруларына фелинотерапияны пайдаланып көруді ұсынады. Англияда «шипагер» мысықтар дәріханада дәрігердің рецептінсіз сатылады. Мысық адамның биоөрісіне жақсы әсер етеді. Адамға жақындау арқылы мысық өзінің емдік қасиетін береді. Бұл «мамық шипагер» иесінің алдына отырып немесе кеудесіне жатып аяқтарымен «мысық массажын» жасағанын тек рефлексотерапевтің1 инесімен салыстыруға болады. Ғалымдар әсіресе қара түсті мысықтың емдік қасиетінің жоғары екенін айтады, себебі қара түс жаман энергияны өзіне жақсы сіңіреді. Қара мысық адам бойындағы жаман энергияны өзіне жұтып, иесінің биоөрісіне жақсы әсер етеді.
Сонымен мысық қалай емдейді? Мысық бізді жақсы емдеу үшін оған жақсы қарым қатынас жасаса жеткілікті. Мысалы сипалап жақсы көру, тамағын дұрыстау, жақсы сөздер айту т.б. сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады. Мысық адамның ішкі суық тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған жерлерін жақсы сезеді сол жерге жатып «грелка» қызметін атқарады. Мысықты сипалап отырған адам жүрек инфарктіне ұрынбайды және қан қысымын реттеуге септігі тиеді. Мысық арқасын қолмен сипағанда одан дельта толқын бөлінеді, бұл сол күнгі көңіл күйге жақсы әсер ететіндігі ғылыми дәлелденіп отыр. Мысық асыраған адам 10 -15 жыл ұзақ өмір сүретіндігін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Иесінің ұйқысыздығына және салмақ қоспай салауатты өмір сүруіне «мамық шипагердің» әсері көп. Мысық өз денесін тілімен жалап массаж жасайды, осы кезде ол жағымды пырыл шығарады. Міне осы пырыл 4 – 16 Гц. жиілікпен шығады – осы пырыл мысықтың ең бірінші адамға қолданатын құралы. Егер мысықтар өз денесін жарақаттап алса,ең бірінші пырылдауды бастайды. Мысықтың пырылы адамды әлдилеп отырғандай әсер етеді де, оның ағзасы тынышталады, рахат әсерге бөленеді. Мысықтың өз иесінің ауыратын жерлерін табу қабілеті бар екендігі ұлттық медицинаға бұрыннан белгілі. Олар сол жерлерге жатып пырылдағаннан кейін ауырсыну қайтады. Басқа жануарларға қарағанда мысықтар стрессті жағдайлардан, әлсіздіктен, бас және бұлшықет ауырсынуларынан құтылуға көмектеседі, сонымен қатар артериялық қысымды төмендете алады, тамыр соғуын қалыптастырады, ревматикалық немесе жара ауру ұстамаларының күшін азайтады. Мамық жүнді мысықтар невралгиямен, ұйқысыздықпен немесе остеохондрозбен күресуге көмектеседі. Тегіс жүнді мысықтар бүйрек және бауыр мәселелерінде пайдалы болады.
Мысық пырылының адам ағзасына қалай әсер ететінін ғалымдар әлі зерттеп аша алмай отыр, бірақ ол адам иммунитетінің көтерілуіне, жараның тез жазылуына және сүйектің құрамын жақсартуға көмектесетіні дәлелденген.
2. Мысықтың тілегі – денсаулық
Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер өз қатарластарынан он жылдай ұзақ өмір сүреді екен. Ғалымдар мысықтың көптеген ауруды жеңілдетуге сеп болатынын, тіпті жазылып кетуіне әсері барын айтады. Мысалы, ағылшын ғалымдары үйде мысық ұстау арқылы миокард инфарктінің қайталап соғуын алты пайызға дейін төмендетуге болатынын айтқан. Науқас қожайынының жанынан тәулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып, тіпті оның ауруын өзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.
Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы бойыңыздың біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5 минутқа мойын орағыш ретінде ұстай тұрыңыз.
Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды түйістіріп жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз. Мысықтың тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі.
Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда, буын сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі.
Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық остеохондроз, радикулит және артроздың «маманы». Парсы, ангор, бирмандық, рэгдол, сібірлік атауға ие мысықтар – жүйке ауруының «білгірлері». Сиам, ориенталь, сфинкс - бауыр, бүйрек, асқазанды «емдейді». Жүрегінде кілтипаны барларға британдық, экзотикалық қысқа талшықты мысықтарды серік еткен жақсы. Мысық жалғыздығыңды білдірмейді, шаршағаныңды басады, қан қысымын қалыпқа түсіреді. Оның биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, тамыр және бас ауруларын жазады, жараның жазылуын тездетеді. ----------Мысық – қожайынының ауырып тұрған жерін дөп басып білетін тамаша энергиялық-ақпараттық құрал. Адам ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық қатты сезеді.Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді.
3.Мысықтар туралы ғалымдар не дейді....
Ғалымдардың пайымдауынша, кейбір жерлердің адамға жағымды және жағымсыз әсер ететін қасиеттері болады екен. Мұндай жерлерді ажырату үшін ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлеріне үңілген жөн. Қариялардың айтуынша, ондай орынды мысық жақсы көреді екен, ал ит ешқашан жаман жерге жатпайтын көрінеді. Өйткені мысықтың бойында жаман энергияны сезетін «антенна» бар. Ол мұндай жағымсыз энергияларды әдейі іздеп, бойына жинайды. Мысық көмірқышқыл газын жұтып, оттегі шығаратын кәдімгі ағаш тәрізді. Ал егер өсіп тұрған қисық ағаш көрсеңіз, ондай жердің де жақсы орын болмағаны. Соны білетін диқаншылар шығынға ұшырамас үшін ондай жерге егін екпеген. Қорегін аулағанда дыбысын , сездірмей, саусақтарының ұшындағы тырнақтарын майлы табанына жасырып алып, білдіртпей жүреді. Ол алдымен жер бауырлап, лезде арқасын бүгеді де аяқтарымен қатты серпіле олжалайтын қорегіне қарай атылады.
Міне осы тұста саусақ ұшындағы жасырылған өткір тырнақтар тарбия ашылып, құйрығы кері-леді, сөйтіп құйрық мысықтың бағытын реттейтін бұлқын қызметін атқарады. Қорегін осылай аулау — мысық тұқымдас аңдарға тән. Сүтқоректілердің денесі берік созылғыш терімен қапталады. Теріде түтік тәрізді тер бездері мен көпіршік тәрізді май бездері орналасады . Тер безінен тер бөлініп шығады да, денені қызып кетуден сақтап, салқындата-ды, ал май безінен бөлінген май теріде орналасқан түкті майлап, оған су жұқпауға мүмкіндік жасайды.
Америкалық ғалымдар күйзеліс арқылы инсульт1 алудың алдын алу жөнінде мынандай ақыл-кеңес береді: «Кофе ішуді азайтыңыз, көбірек күліңіз. Мысық асыраңыз».
Халық болжамшылары мысыққа байланысты ауа – райын болжаған.
Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе ? онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады.
4. Мысықтардың тұқымына (порода)қарайемдеу тәсілдері. Ғалымдардың көп жылдық зерттеу нәтижесінде, мысықтар тұқымына қарай әр түрлі ауруды емдеу шипагерлігі әр алуан екендігін байқаған.
Ұзын жүнді мысықтар (персид түрі, ангор түрі, сібірлік мысық, рэгдолл, бирмандық т.б,) – невропатологияда, ұйқысыздықта, шаршау мен әлсіздікте.
Жүні ұзын емес, бірақ өте қалық мысықтар – бел омыртқа және буын ауруларына емші.
Тықыр жүнді мысықтар(экзотикалық, британдық, шотландық, орыс көк көзді мысықтарт.б.) – жүрек қан тамыры ауруларына емші.
Түгі өте тықыр немесе түксіз мысықтар (сиамдық, ориентальдық, т.б.) - бүйрек пен бауыр,асқазан ауруларына,іш қатуда т.б.)
Тұқымы қымбат тұқымдастарға жатпайтын жәй аула мысықтары да өз иесінің көңіл күйіне, алған дене жарақатын емдеуге көмектеседі.
Жалпы мысықтардың емдей алатын ауру түрлері:
аритмия, артрит, атеросклероз, ұйқысыздық, бүйрек аурулары, бронхит, гипертония мен гипотония, бас айналу мен түрлі бас ауруларында, депрессия, тіс ауруында, инсульт, іш қатуда, жүйке ауруларында, нефрит пен пиелонефрит, шаршау мен әлсіздікте, радикулит. Онкологиялық ауруларды ең соңғы сатысы болмаса емдеуге көмектеседі. Өте күшті ауруды емдеп, соңында өзі өліп қалған мысық туралы ағылшын дәрігерлері баспа беттеріне шуылдай жазған.
Мысықтардың өз иесін емдеу сеансы 15 – 20 минуттан 3 сағатқа дейін (мысықтың темпераментіне байланысты) созылады. Өз иесінің ауруын емдеп болған мысық, емнен кейін өзін өте жақсы сезінеді. Мысықтардың тырнағы дәрігер инесіне қарағанда жақсы емдейді, өйткені мысық тырнаған жер тез және тыртықсыз жазылады.Тек оған сену керек. Мысықпен көп ойнап өскен баланың иммунитеті өте жоғары болатыны дәлелденген.
ІІІ. Қорытынды
Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!
Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. ---- ---Латын тілінен аударғанда (animal – жануар), яғни, хайуанаттар, ал «анимал терапиясы» – хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі.Бұл терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде, әрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи кейпінде де қолданылады. Жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гөрі күштірек болады. ------Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.
Анималды терапия немесе зоотерапия – дәстүрлі емес әдіс. Анималды терапияны 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар емдеу процесінің бір бөлігі деп саналады. Бұл әдістің «пионері»1, америкалық балалар психиатры Борис Левинсон, ол 1962 жылы өз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданады екен. Ал Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдалананып сеанс жүргізеді.
1 – алғашқы дәрігерлердің бірі
Хайуанаттар терапиясы мақсатты және мақсатсыз болып екіге бөлінеді. Мәселен, ертеден қазіргі кезге дейін кейбір адамдар үйлерінде мысық немесе ит асырайды. Мұнда адамдар үй хайуанаттарының адам психологиясы мен псхикасына әсері барын білсе де, оны арнайы үйретіп, белгілі бір мақсатқа пайдаланбайды.Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады. Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті сәуле шаша алады. Бал арасын баптаушы мен қысы-жазы төрт түліктің бабын күйттеген қарапайым шопанның өмірін бақылаған ғалымдар олардың өзгелерден әлдеқайда тың әрі ауруға бой бермейтінін байқаған.Бүгінгі таңда көптеген елде төртаяқтылар мен құстардың көмегімен ем жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар. Көктемнің алғашқы күні 1 наурыз дәстүрге айналған халықаралық мысықтар күні. Бір қызығы, көптеген халықтар осы адамға жақын үй жануарының бірі мысықтар күнін мерекелеуді ұлттық мерекеге айналдырған.
Осы күнмен адамзатқа берік та сенімді достығы мен қызметін білдіретін үй жануарларына тағы да бір рет құрмет білдіруді ескертеді. (Felis catus) - үй мысығы 2 тұқымдастан тұратын мысықтар тұқымына жатады, оның 4 тұқымы және 36 түрі бар. Біздің мәліметімізше Қазақстанда осы тұқымдас мысқтардың 3 тұқымы, оның ішінде 12 түрі өмір сүруде. Өзінің мамық та ұлпа жүнді терісі бар бұл мысықтар кәсіптік мағынансымен айрықша белгілі, ол үйдегі кеміргіш жәндіктермен күрес жүргізудің шебер маманы. Фелинологтардың айтуынша мысықтар өте ақылды жануарлар. Сондықтан да ол жануар өзіне құрметтпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, оның орнына сыйпалап мақтағанды жақсы көреді. Әрине мысықтар туралы көп айтуға болады. Ал мен осы мереке күні барлық мысықтарға өз мекен - жайлары мен қожайындары табуына, оларға айнымас адал серік болуыларына тілектеспін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. 7kun.kz – интернет газеті
2. http://tomiris.wordpress.com – сайты
3. http://www.bostandyk.almaty.kz – сайты
4. «Замана»-апталық газеті 15.02.2011ж
5. Р.Қ. Дүйсембiнова Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына
ендiру, А:2000, 355 бет
6. Кенжеахметұлы С. Жетi қазына, А:Ана тiлi,1997,124 бет
7.«Үш Қиян» газеті, №4 4-мамыр, 2009 жыл, 5-бет
8. Көбеева Н.
Бала және табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б 9. http://akcat.narod.ru
10. «Магия и кошки» - кітабы 2004ж. Москва
11. «Что значит фелинотерапия или Полечи меня Мурка».
Юлия Герцвольф. Москва 2007г.
12. Фелинотерапия "Реабилитация звуками природы"- Алматы 1997г.