kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мы? бір ма?ал,ж?з бір ж?мба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен    Абаева     Гулнур     Кыдыралиевна     1987 жылы   А?т?бе   облысындаа    д?ниеге   келдім.         № 39 ?аза? орта мектебінде бастауыш                  класс                 м??алімі               болып                    ?ызмет              ат?арамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мы? бір ма?ал,ж?з бір ж?мба?»

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

 

Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет – ғұрып, салт - дәстүрлі сыйлауға баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата – бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып,ойынға қатысушыларды шақырады. Әділ қазылар алқасы сайланады.

1 кезең. «Сөздің көркі -мақал»
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)

10.Тұлпар-(ер қанаты)

11.Сиырдың сүті-(тілінде)

12. Жаман аттан аяғым артық,(Жаман жолдастан таяғым артық)

2 кезең. «Сен білесің бе?» Жұмбақтың шешуін табу.

1. Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдңм, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
2. Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
3. Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
4. Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
6. Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
7. Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
8. Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
9. Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)

3 кезең. «Ойлы болсаң,озып көр!» Суретке қарап мақал құрастыру.

1.Оқу –білім туралы

2. Туған жер,Отан туралы

3.Ата-ана,отбасы туралы

4.Еңбек туралы

4 кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»

1.Жеті ата

2.Жеті қазына

3.Үш арсыз

4.Үш байлық

Көрермендер көрімдігі.

1.Өзінше ноян, қорқақ ….(қоян)

2. Тұмсығымен шымшып,

құрт тереді ...(шымшық)

3. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. ……(қар)

4. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады ……(пияз)

5. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас……(тасбақа)

6. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (жұмыртқа)
7. Тал басынды түндіксіз отау ( ұя)

8.Атаның баласы болма,…….(адамның баласы бол)

9.Қыз өссе елдің көркі,……(гул өссе жердің көркі)

10.Бірі-ағаш кесу құралы,

Бірі-шырынды бал бұлағы (ара)

Қорытынды. Сайыскерлердің білімдерін, тапқырлықтарын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.
























































































2 - айналым.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт – төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
9. Ердің атын... (еңбек шығарады)

2 – тур. 1 - айналым.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
1. Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір — біріне жасырады.
2. Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең ас ұпай жинаған бір огқушы ойыннан шығады.
2 - айналым
Екі адам бір – біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
1. Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
2. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
3. Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
4. Алмастан тыным, шабады (құлын)
5. Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
6. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
7. Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
8. Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
9. Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)

3 - тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
1. Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)

Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.

2. Бір беткейде екі көл. (көз)

Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.

3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

4. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

5. Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)

Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.

6. Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)

Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғасытырсы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғасытырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
- Өмірде не жетім?
- Өмірде ата – анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса – хан жетім.
Хан ақылсыз болса – халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса – әкім жетім.
Суы жоқ – құдық жетім,
Ұлы жоқ – әке жетім.
Қызы жетесіз болса – ана жетім,
Досы жоқ – жігіт жетім,
Шәкіртсіз – ұстаз жетім,
- Үйде кім, елді кім қадірлі?
- Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.















































Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Жарияланды 18-11-2013, 16:02 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін табуға үйрету.
ә) Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.
б) Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, оқушыларды жарыстыру.
Көрнекілігі: төсбелгілер, кітаптар, қанатты сөздер, салт – дәстүрге байланысты заттар, суреттер.
Сабақтың түрі: ойын, жарыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.

Сайыстың жүрісі:
1. Өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі, аты.
2. Мақалдар сайысы.
3. Жұмбақтар сайысы.
4. Көрермендер сайысы.
5. Қорытынды бөлім.
1 – бөлім.
Сайыскерлер өздерін таныстырады.
Сайыстың шарты.
2 – бөлім.
а) сөзге мақал құрастыру;
ә) берілген мақалдардың жалғасын табу;
б) сөздің мағынасын ашу.
3 – бөлім.
а) жұмбақ шешу;
ә) жұмбақ дайындап келу.
4 – бөлім.
а) көрермендерге жұмбақ беру;
ә) мақалдар мағынасын ашу.
5 – бөлім.
Жұмбақшыға жұмбақ жасырады, соның тапқан шешуіне мақалшы мақал құрастыру керек.
Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқалары сайланады. Сайыс төрт жол өлең шумағымен басталады.
Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,
Келген жоқпыз кешке бекер еруге
Тиістіміз болашақтың алдында,
Тік түрегеп, тура жауап беруге.
Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар, - дегендей оқушылардың тапқырлығы мен ой – өрісін тексеру мақсатында 2 – бөлімін бастаймыз.

Бірінші кезек. Мақалды құрастыру.
а) еңбек;
ә) ана тілі;
б) достық.

Екінші кезек. Мақалды жалғастыру.
1. Баланың ұяты – әкеге... (қыздың ұяты – шешеге.)
2. Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол келер.)
3. Туған жердей жер болмас... (туған елдей ел болмас.)
4. Батыр туса – ел ырысы,... (жаңбыр жауса – жер ырысы.)
5. Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас.)
6. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,... (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
7. Әдепті елдің баласы,... (алыстан сәлем береді.)
8. Ұяда не көрсең... (ұшқанда соны ілерсің.)
9. Сөз жүйесін тапса... (мал иесін табар.)
10. Жақыныңды жаттай сыйла,... (жат жанынан түңілсін.)

Үшінші кезек. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.
1. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)
2. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)
3. Ит өлген жерде. (алыс, қашық)
4. Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам)
5. Төбе шашы тік тұру (қорқу, үрейлену)
6. Тайға таңба басқандай. (анық, нақ)
7. Үріп ауызға салғандай. (әдемі, сұлу)

3 – бөлім. Жұмбақтар шешу.
1. Тиіп кетсе жырлаған, дауысы көпке ұнаған. (Домбыра)
2. Бір кітаптың парағы, күнде азайып барады. (Күнтізбе)
3. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)
4. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді. (Апта күндері)
5. Өзім сөзден тұрамын, аяқтаған ойды құрамын. (Сөйлем)

4 – бөлім. А) Көрермендерге жұмбақ беру.
1. Шік түсті, бүк түсті,
Алшы тұрды, тәйке тұрды,
Шеше алады бұны кім.
(Асық)
2. Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Күз)
3. Аппақ дала, қара дән,
Дәнін сепкен – түсінуге жараған.
(Әріптер)
Б) Мақалдың мағынасын ашу.
4. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны іледі.
5. Күлме досыңа, келер басыңа.
6. Ата көрген – оқ жанар, шеше көрген – тон пішер.

5 – бөлім. Қорытынды.
Жұмбақшыға жұмбақ жасырылады, соның тапқан сөзіне мақалшы мақал құрастыру керек.
1. Жарық қылып қос тоғайдың етегін,
Айтшы ол не екенін? (Көз)
Көз қорқақ, қол батыр.
2. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.
3. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап.
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (Ағаш)
Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.
4. Өзі қысқа, өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңе ұста. (Мақал)
Мақал – сөздің мәйегі.
5. Оң жағында бес сарбаз,
Сол жағында бес сарбас. (Саусақ)
Саусақ бірікпей – ине ілікпейді.
Сабақты қорытындылау.
Сайыскерлердің білімдерін, тапқырлықтарын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.









































Мақсаты:

1) ата бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал- мәтелдерді үйретіп ұғындыру;

2) ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;

3) отбасы дәстүрін сақтауға, ата- аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоспар

-              Ойынды ашу

-              Ойыншыларды таныстыру

-              Ойын тәртібін түсіндіру

-              Мақалшылар сайысы

-              Көрермендермен ойын ( Мақал- мәтелден сайыс)

-              Жұмбақшылар сайысы

-              Көрермендермен ойын ( Жұмбақ шешу)

-              Мақалшы, жұмбақшы сайысы

-              Абайдың қарасөзі

-              Ән шашу

-              Қорытынды

 

Барысы

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысатын ата- аналар, ұландар, бүгін 3- сынып оқушыларының аралығында отбасылық бағытта өтетін « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

1- оқушы: Жанұямыз-сәніміз,

                    Отбасымыз- әніміз.

                    Біз бастадық сайысты,

                     Қош келіпсіз бәріңіз!

2- оқушы: Арым да, ардағым да анам екен,

                          Ана деген- мен үшін атамекен!

                            Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті

                            Жүрегімде жыр болып жатады екен.

3- оқушы: Өзің барда еш қатер де төнбейді

Өзің болсаң шырағым да сөнбейді.

Асыл- әке,мейіріміңді ойласам, Жыр оралып, шабыт мені тербейді

     Оқушылар: Бұтағы бабасының,

Ұрпағы атасының,

Шуағы әжесінің,

Тұяғы әкесінің,

Тілегі анасының.

Тірегі ағасының

               Түлегі даласының,

              Дарытқан бар асылын

              Мен- қазақ баласымын!

1- жүргізуші: Мақал айтып көрейік, бүгінгі сайыстың 1- айналымында мақал айту сайысы

 ( сайысқа қатысатын ата- аналар шақырылады.)

2- жүргізуші: Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.

                                              1- айналым

        ( Әр мақалшы өздері дайындап келген мақалдарын айтады.

           Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал ойыншы жалғастырады. Жалғастыра алмаса көрермен жалғастырады.)

      

         Ананың көңілі балада,

         Баланың көңілі далада.

 

        Ананың сүті- бал,

        Баланың тілі- бал.

 

        Ұлдың ұяты әкеге,

        Қыздың ұяты шешеге.

   

       Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да

       Қарызыңды өтей алмайсың

 

       Көп жасаған білмейді,

       Көпті көрген біледі.

 

       Әдепті бала- арлы бала,

       Әдепсіз бала- сорлы бала.

 

       Қарт кісіні қадірле,

       Өзің де қарт боларсың.

 

       Ата көрген оқ жонар,

       Ана көрген тон пішер

 

       Туған жердің қадірін

       Шетте жүрсең білерсің.

 

      Қына тасқа бітеді,

      Білім басқа бітеді.

 

      Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

      Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

 

      Сөздің көркі- мақал,

      Жүздің көркі- сақал.

 

1- жүргізуші: Екі ойыншы қалып, ұпайды аз жинаған мақалшы ойыннан шығады. Екі ойыншы өзара сайысады. Бірінші ойыншы мақал айтады, екінші ойыншы сол мақалда кездескен сөзі бар келесі мақал айтады.

( 1- айналым жеңімпазы анықталып, 2- айналымға қатысады.)

Көрермендермен ойын ( айтыс)

Ұлдар мен қыздар болып екі топ құрып мақал айтысады. Жүргізуші бір мақал айтып бастайды, қай топ жалғастырса сол топ айтысуды бастайды.

                    

    Білекті бірді жығар,

                  Білімді мыңды жығар.

 

Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кең.

 

Күш білімде, білім кітапта.

 

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

 

                                            2- айналым

2- жүргізуші: Жұмбақ шешу сайысы. Ендеше  ортаға бүгінгі сайыстың 2- айналымына қатысатын жұмбақшыларды шақырайық.

  ( Жұмбақшылармен таныстыру. Сайысқа қатысатын оқушылар шақырылады.)

1- жүргізуші: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады. 1- тапсырмада жүргізуші жұмбақ айтады, ойыншы жұмбақтың шешуін табады. 2- тапсырмада екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап келген жұмбақтарын бір- біріне айтып шешуін табады. Жеңімпаз 3- айналымға өтеді.

  

  Жаурағанды күлдірер,

    Өз еркіне жіберсең,

    Дүниені   бүлдірер.   ( От)

 

   Аласа ғана бойы бар,

   Айналдырып киген тоны бар.  (қой)

 

   Асқар тауда

                  Қалың орман,

   Оны кейде

   Шөптей орған.     ( Шаш)

 

                  Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.

   Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған.     ( Сыпыртқы)

 

                  Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,

   Бұл үйден көреген болып шығасың.    ( Мектеп)

 

Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады.      ( Кітап)

        

Қалпақты шымырды

Төбесінен ұрады,

Түзетуге қыңырды

Дәйім дайын тұрады.    ( Балға)

 

Көше бойлап аяңдайды,

 Адам тасып аялдайды.    ( Автобус)

 

Әжем уыстап сығып

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмі,

Кім бар жеп көрген?       ( Құрт)

 

1- жүргізуші: 2- тапсырмада екі ойыншы қалады. Өздерінің дайындап кеген жұмбақтарын бір- біріне айтып шешуін табады.

2 айналым жеңімпазы анықталып, 3 айналымға қатысады. ( Көрермендермен ойын)

 

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.      ( Бидай)

        

Күмбір- күмбір күйі бар

Құлағыңа түйіп ал.          ( Домбыра)

 

Маған да, саған да

Жақын туыс- бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың,

Айтады кәне кім атын?              ( Ата, ана, апа, аға, іні)

 

1- жүргізуші: 3- айналымға 2 айналымның жеңімпаздары шығады. Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады. Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.

 

Баласымын даланың,

Туғаннан дақсыз қарамын.

Қыс келсе жұртты жылытып,

Үйді- үйге барамын.     (Көмір)

 

Еңбексіз өмір- сөнген көмір.

 

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң- шешен,

Ақылы асқан көсем.          ( Кітап)

 

Кітап- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

 

Садақшы мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жүзгенде көлдің сәні өзі.

Жердегі құстың серкесі,

Көктегі құстың еркесі.                ( Аққу)

 

Аққуды атуға болмайды,

 Достықты сатуға болмайды.

 

Төңкерілмейтін күбі,

Көтерілмейтін күбі.

Шүпілдей- ақ тұрса да

Көрінеді түбі.                   ( Құдық)

 

Оқу- инемен құдық қазғандай.

 

1- жүргізуші: Соңғы айналымға жеңімпаз шығады. Абайдың қарасөзінен үзінді оқылады. Нешінші қара сөзінен үзінді оқылғанын айту керек.

 

Қорытынды.

               Оң қанатым- әкем,

   Сол қанатым- анашым.

               Қос қанатың болғанда

Табар өмір жарасым.

Қарап тұрып шекені

Шымшылады сан күдік.

Қанатымның екеуі

Сау болса екен мәңгілік.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Мы? бір ма?ал,ж?з бір ж?мба?

Автор: Абаева Гулнур Кыдыралиевна

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318650


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства