Просмотр содержимого документа
«М??а?али Ма?атаев "?аза?стан" »
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Атамекен орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Жамилова Нұржамал
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Мұқағали Мақатаев.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; өлеңмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, ой – өрісін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелілігі: Отанына, еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, АКТ, слайд.
Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ тілі, дүниетану, өзін - өзі тану, музыка
Сабақта пайдаланған әдебиеттер:
1. Ана тілін оқыту әдістемесі
2. Ана тілі оқулығы 4 сынып
3. М. Мақатаевтың шығармалар жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
1. Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым, дара тілім.
2. Сыныпты 3 топқа бөлу
1 - топ Ту.
2 - топ Елтаңба.
3 – топ Шаңырақ
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен қысқаша таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін жатқа айту. Өлең бойынша ақын нені сүйеді екен?
1. Топтастыру:
Тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға байланысты сұрақ жауап жүргізу.
2. Сұрақ - жауап жүргізу
1. М. Мақатаевтың өмірге келген жері қалай аталады?
2. М. Мақатаев қай кезде туылған?
3. Ақынның қандай шығармаларымен таныссыңдар?
4. Жазған шығармалары арқылы оны қандай ақын дейді? (лирика дегеніміз не?)
5. Қандай әдеби шығармаларды білесің? (ертегі, аңыз, әңгіме, роман т. б)
6. Біздің ана тілімізде кімдердің шығармалары берілген?
7. Ақын М. Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында)
қандай ұқсастық бар? Не байқадың?
8. Отан деген сөзді тағы қалай айтуға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ:
М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі.
Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Шумақтар бойынша оқып, түсінгенін баяндау.
Мұқағали кім? Біз ол жайында не білеміз? Қандай шығармаларымен таныспыз? Бүгін сендермен осы ақынның тағы бір шығармасы Қазақстан деп аталатын өлеңімен танысамыз. Барлық ақын жазушылар өз елдеріне, отанына шығармаларын арнайды. Барлығы өз бетінше туған еліне деген махабатын көрсетеді. МінеМұқағали Мақатаев «Қазақстан» атты өлеңінде, ақын өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді.,
4. Өлеңді оқыту, талдату.
Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді теріп жаз. (табынатын тәңірім, ием, арқа сүйенерім, сүйегім, қаным, Шолпаным (жарық жұлдыз), махабатым, арманым).
Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі
Жақсы атанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием де сен.
Адам болып күн кешу қиын маған,
Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсіңде ерек ісіңде ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп.
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан,
пай - пай!!!
Пай - пай Ардағым - ай!
Сен менің шолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым - ай.
(ұйқастарын тапқызу)
Сүйемін, өскен Отаным. Қазақстан
Сергіту сәті:
Күндей жадырап.
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап.
Судай мөлдір көңілмен
Сабағымызды жалғастырайық.
6. Топпен жұмыс:
1. топ. «Ту»
Қазақстан қандай ел?
2 топ «Елтаңба»
Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер жазу
3 топ «Шаңырақ»
Қазақстан тақырыбына эссе жазу
7. Болмасаң да ұқсап бақ
Тапсырма: Өз ойларынан туған ел, Отан, Қазақстан туралы өлең шығару
Қорытынды:
Ой қорыту. Бүгін не үйрендік? Өлеңнің қай тұсы немесе қай шумағы саған ерекше әсер етті? «Шолпаным» деген сөзді қалай түсінесің?
Балалар біз бүгін сабақта не үйрендік? М.Мақатаев туралы балалар білгендерін жапыраққа жазып, ағашқа ілдіреді.