kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М?тінмен танысу

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілін жетік ме?геру ?р азаматты? борышы.Себебі, ?аза? тілі Мемлекеттік тіл.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М?тінмен танысу»

қтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ селосы
Қарабұтақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі Ижанова Нұргүл
Алтын күз
Мақсаты:
Мектебімізде өткізіліп жатқан  «Алтын күз»  мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық,  күз-қуаныш  екенінін  оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Барысы:   Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар!   «                            » атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер.  Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілі туралы бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы.   Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын,
- дей келе  кешіміздің шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, топ атына cәйкес таныстыру, буклет етіп тапсыру.)
2. «Күзге сағыныш»  (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа айту және күзге арнау өлеңін айту)
3. «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбына ұстазбен ән шырқау.)
4. «Жапырақтай жайқалып» ( би өнері)
5. «Күз әшекейі»  (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
6. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан тағам ұсыну)
Осы шарттарға сәйкес топтарға әділ баға берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.

2

3

4

 Білім- теңіз,   мектепті -  кеме   дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз?

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім деп,  жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын,-

 деп кешіміздің алғашқы шарттарына кезек берейік.

1      Таныстыру. (топтың аты, топтың ұраны, топ атына cәйкес таныстыру, буклет етіп тапсыру.)

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді

-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз  күз тақырыбына белгілі ақындардың өлеңдерінен  көркем сөз оқиды және күзге арнау өлеңдерін оқиды.   Құрметті әділқазылар алқасы оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне баға бересіздер.«Күзге сағыныш»  (белгілі ақындардың өлеңін мәнерлеп жатқа айту және күзге арнау өлеңін айту)

Алтындай сылдырлайды күздің үні,

Жібектей майда шуақ алтын күні.

Биылғы мерекелі нұрлы күздің

Тамаша бірдей сұлу күн мен түні

Сондықтан биылғы күз мерекелі,

Байлығы өте-мөте берекелі

Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,

Міне осы, шын бақытты ел екені.

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше. Күз мезгілі адамның ішкі  жан дүниесін  оятып,   сағыныш әлемінде  тербейді. Ендеше,

3. «Қосылшы менің әніме» (күз тақырыбына ұстазбен ән шырқау.)

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

Сары алтын батсайыдай дала мидай,

Үйілген мая-мая қызыл мидай

Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,

Жайнайды жаратылысберген сыйдай,

-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер 4. «Жапырақтай жайқалып» би өнеріне   кезек берейік.

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,

-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.

5. «Күз әшекейі»  (күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)

Жомарт-күз – деудің себебі: піскен жеміс-жидек, көкөніс, астық табиғаттың күзгі сыйы. Күзде егінді жинап болған соң ата-бабаларымыз «Сабан той» деп күз берекесін тойлаған. «Алтын күз», «Күзгі бал» кештерін өткізу дәстүрге айналған.

6. «Күзгі дәм» (күз байлықтарынан тағам ұсыну)

Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл ойға кел дейді

Білім ой мен арымыз,

Рухани ол ніріміз

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз!

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе, шығармашылығымен танылса,  арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. Әділ- қазылар  әділ бағасын берегенше _______________________________________________________Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «                                            » атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
М?тінмен танысу

Автор: Шаханова Гульжан Сейсембек?ызы

Дата: 05.07.2016

Номер свидетельства: 336947


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства