Монтессори технологиясы бойынша айналада?ы затты? орта туралы т?сініктерін ?алыптастыру
Монтессори технологиясы бойынша айналада?ы затты? орта туралы т?сініктерін ?алыптастыру
Об авторе
Я родилась в 1977 году,16 февраль Восточном Казахстане городе Зайсан.Училась в среднем школе В.Ломоносов.Окончила школу 1995 году. 2007 году поступила в городе Семейски колледж профессиональной подготовки и переподготовки кадров.В 2010 году окончила полный курс по специальности " Преподавание в начальных классах с дополнительной специальностью школьный психолог". Данный времья работаю школе №12 учитель начальных классов.Общи педагогически стаж 5 лет.Я люблю сваю работу.А детей люблю всей душой.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Монтессори технологиясы бойынша айналада?ы затты? орта туралы т?сініктерін ?алыптастыру »
Заречный ауылының №12 орта м мектептиң бастауыш сынып мұғалімі
Махтарова Айгуль Мамырбекқызы
Мария Монтессори 1870 жылы 31 тамызда Италияда дүниеге келген.М.Монтессори дәрігер,педогог,философ,ғалым.
М.Монтессори өзінің жұмысын ақыл-есі кем балалардан бастады,кейіннен ол барлық балалармен арнайы педогогикалық жұмыс істеуіне көшті.Ол әлемдік атағын өзінің педогогикалық жүйесінің арқасында алды.1907 жылы 6 қаңтарда Римде алғашқы «Монтессори мектебі» ашылды. Әлемнің әр түкпірінде Монтессори технологиясы балалардың шығармашылық ойларын дамыту үшін өте қолайлы.
Монтессори білім ортасында балалар өмірге қажетті келесі төмендегі дағдыларды бойларына сіңіреді:
1.Өз бетімен жұмыс жасау қабілеті
2.Шыдамдылық
3.Өз бетінше шешім қабылдап оған жауапкершілікпен қарау
4.Талапкерлік
5.Қоршаған ортаны сыйлау
Сонымен қатар:
*Өзінің таным белсенділігін дамыту
*Табиғи қабілеттерін дамыту
*Өзіне деген оң көзқарасын,сенімділігін,өзіне-өзі бағалауын арттыру
*Әлеуметтік белсенділігінің артуы
*Оқып білуге деген сүйіспеншілігін арттыру сияқты, тұлға қасиеттері қалыптаса
Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.
Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумасынан –ақ өсуге,жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педогогтардың ұлттық қалып,ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тыңбай ізденіп жиі жаңартып отыруы заңдылық.
М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге өздігінен шешім қабылдауына , топта да , жеке жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына , өз уақытын ұйымдастыра білуіне , өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
Бұл әдістің мақсаты-балалардың табиғи мінезін,қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мүндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл өдісте мүлдем жоқ.Ұйымдастырушы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді.Балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі. 3 пен 6 жас бірге өз калауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі,асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен т.б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесінде өзі жөндеуі – ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай құрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды
Монтессори методикасы
Ең басты Монтессори технологиясының басқа технологиялардан айырмашылығы, ұйымдастырылған іс-әрекет жүйесінің жоқтығы.Бала өзінің қызығушылық саласын өзі тандайды. Ата-аналар мен педоготар бұл үрдісте қараушы рөл ойнайды, сезгіш және ықыласты болады, неге десек олар жас зертеушіні түсіну үшін лайықты шарттар жасау керек.
Монтессори формасымен оқи отыра, балалар оз ойын білдіру саласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімді жеңіл өтеді. Ең бастысы, олар өздік түрде білім алады және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсын! Әрине, мұнда ең маңызды рөлді мұғалімдер мен ата- аналар ойнайды, олар баланың ерекшелігін қабылдау үшін тілектестік атмосфера жасаулар қажет. Баланың ерекшелік қасиеттерін бастапқылыққа қойып нақты адамды тәрбиелеуге болады.
Монтессори технологиясы бойынша айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыру.
Баланы жан-жақты тәрбиелеу оның дүние танымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой- өрісін дамытып,еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты рөл атқарады. Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тәрбиеші әр заттың аты, сапасы қажетті жайында түсіндіреді. Баланы заттын атын сөзбен айтуға ұйретеді
Баланың ойнайтын алғашқы ойындары бұл заттық ойын. Басқаша түсіндірсек бұл затты игеру.Біз балаға беретін ойыншықтардың арасында қуыршақ та , аю да, тағы басқа ұсақ ойыншықтар да бар.
Балалардың тілін жетілдіру мен байыта түсу үшін олардың айналасындағы әсерлі ұйымдастырылған іс-әрекет өткізу және нақты тілдік білігін қалыптастыруда жүзеге асыру қажет болады.
Әр ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалармен заттық орта туралы әңгімелесу, екі-үш сөз меңгеру көзделеді.
Жылдың аяғында 3-4 жас аралығында балалар заттық ортадағы қойылатын негізгі талаптар мынадай:
Балалар бес түсті (ақ,қара,қызыл,сары көк) білуі тиіс, жылдың соңына қарай жасыл түсті үйретуге болады.
Түстеріне сәйкес топтау заттық құрамына қарай түстерге белгілей.
Үш пішінді (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекті)білуі тиіс.
Монтессори материалдары арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессори материалдары қандай бір іс-әрекетке итермелейді.
Монтессори технологиясы төрт түрлі жолмен іске асады:
Тәрбиелік жолмен іске асатын жаттығулар- ең алғашқы жылында бала қозғалыс жасау үстінде жүреді.Ол даму жолында болады. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлық жүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі.Моторлық даму жеке-дара қоғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді.Оған қозғалыс жасау үшін түрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс- өрекетке итермелейді. Бір сызықтын бойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді.Басқа да топтық жаттығулар балалар арасында қарым –қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысалы:рөлдік ойындар бір-бірін сыйлауға үйретеді. Жаттығуға арналған материалдар тәжірибе жасау барысында жас ерекшелігіне сай болуы керек. Жаттығудың шарты түсінікті болуы керек. Оның негізгі мақсаты: баланың жауапкершілік қасиетін қалыптастыру болып табылады,Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері;
1.Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю
2.Кесілген гүлдерді күту жолдары
3.Бір сызықтың бойымен жүру
4.Тыныштандыру жаттығутары
Мақсаты :Қозғалыс жүйесін дамыту.
Сезім мүшесін дамытатын материалдар- әр сезім мүшесін дамытуды ұсынады. Бұл материал арқылы, заттардың көлемін, түсін, өлшемін ,дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады.Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалдар қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау, дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады,Бірақ үымдастырылған іс-әрекет кезіңде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын толығымен таныс болуы керек.
Математикалық материалдар- ойлау қабілетінің дамуның көп септігін тигізеді. Бала ең алдымен көптеген заттармен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді.Монтессори материалдары сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді.бала мұнда математика ұғымын тез игереді. Математикалық материалдарды пайдалану жолдарын білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды.
Сөздік қорын дамыту материалдары- карым –қатынас жасау үшін адмның ең басты рөл атқарады. Бала туғаннан өсе келе қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге тура келеді.Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер ата-аналар болып келеді.Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200 – ден астам сөздерді меңгереді.Ал 5 жастағы бала 3000 –нан астам сөздерді игереді.Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей жатқан қажеттілігін қанағаттандырады.Сөйлеу қабілеттігін дамыту үшін ойындар мен түрлі жаттығулар қолданылады.
Ал ең бастысы,Монтессори педогогтары әрбір баланың ерекше дарынды тұлға екендеріне кәміл сенімде!