kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Монтессори технологиясы бойынша айналада?ы затты? орта туралы т?сініктерін ?алыптастыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Об авторе

Я родилась в 1977 году,16 февраль Восточном Казахстане городе Зайсан.Училась в среднем школе В.Ломоносов.Окончила школу 1995 году. 2007 году поступила в городе Семейски колледж профессиональной подготовки и переподготовки кадров.В 2010 году окончила полный курс по специальности " Преподавание в начальных классах с дополнительной специальностью школьный психолог". Данный времья работаю школе №12 учитель начальных классов.Общи педагогически стаж 5 лет.Я люблю сваю работу.А детей люблю всей душой.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Монтессори технологиясы бойынша айналада?ы затты? орта туралы т?сініктерін ?алыптастыру. »

«Қапшағай қаласы әкімдігінің «Балауса» балабақшасы»

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны










Қалалық педагогикалық оқу:

«Мектепке дейінгі ұйымдар мазмұнын жаңғыртудың

әдістемесі – білім сапасын арттырудың қажетті шарты»


Тақырыбы: Театралды ойын әрекеті арқылы мектепке дейінгі

балалардың тілін дамыту










Орындаушы:

Ильясова Багдагуль Табысовна,

«Қапшағай қаласы әкімдігінің

«Балауса» балабақшасы» МҚК,

тәрбиеші









Қапшағай 2014 жыл

КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі жаста балалардың қарым-қатынас шеңбері кеңи түседі. Балалар біраз есейе түскен соң отбасылық байланыстар шегінен шығып, адамдардың аумақты тобымен, әсіресе қатар құрбыларымен араласа бастайды. Сөйлесетін адамдардың көбеюі баладан ең бастысы тіл болып табылатын қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды.

Балабақшадағы оқыту–тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Жұмыс тәжірибесінде байқағанымыздай балабақшаға бүлдіршіндер әртүрлі эмоциялық ортадан келеді. Өз ойларын ашық айта алмай­ды, айтса да жағымсыз түрде жеткізеді. Осыдан өз достарымен, үлкендермен, қарым-қатынаста түсініспеушілік туындап, бала тұйықтана түседі.

Жұмыс тәжірибемдегі«Театралды ойын әрекеті арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыбындағы жобалық жұмыс бағыттары мектепке дейінгі жастағы баланың сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау, сөздік қорын дамыту және оны белсенді қолдану дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Театр - өнер түрі, ол заманауи педагогика мен психологияға балаларда
эстетикалық талғамды қалыптастыруға; өнегелілік тәрбиені жетілдіруге;жеке тұлғаның қатынас-байланыстық сапаларын дамытуға; баланың еркін, жадын, қиялын, тілін тәрбиелеуге мүмкіндік береді 1.

Театр баланың рухани және шығармашылық әлеуетін ашады және әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндігін береді.

Театрлық ойын - өнегелілік сипаттағы әдеби және фольклорлық туын дыларды түсінуге, достық, серіктестік және дұрыс өзара әрекеттестік сезімін дамытуға көмектесетін тиімді құрал.

Театрлық әрекет - бұл бәрінен бұрын суырып салу, заттар мен дыбыстарды жандандыру, ол әрекеттің басқа түрлерімен; ән салумен, қозғалыспен, музыкалық сүйемелдеумен және т. б. тығыз байланысты. Мұның бәрін педагогикалық үдерісте сөзсіз жүйелеу қажет3.

Мақсаты: театрлық әрекеттер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  • балаларды театр түрлерімен таныстыру;

  • балалардың шығармашылық түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай кезең-кезеңмен меңгеруі;

  • сөйлесу тілі мен дауыс екпінін дамыту жөніндегі жұмыс;

  • ұжымдық әрекеттер, өзара әрекет.

Театрлық әрекетті ұйымдастыру әдістері:

-қуыршақ театрының қойылымдарын көру және талқылау;

-балалардың әлеуметтік-эмоциялықдамуына арналған жаттығулар кешені;

-түзетімдеу-дамытушы ойындар;

- дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығулар (артикулярлық гимнас­тика);

- қолдар қозғалғыштығын дамытуға арналған тренингтер;

- ымдауды, мимиканы қалыптастыруға арналған жаттығулар;

- әртүрлі ертегілер қойылымы;

- ертегіні драмалау құралдарымен (ымдау, қозғалыстар, сахналық көрініс және т. 6.) жұмыс.

Күтілетін нәтиже:

- психофизикалық қасиеттердің (мимика, пантомимика), психикалық үдерістердің (қабылдау, қиял, ойлау, жад, зейін және т. б.), сөйлесу тілінің (монолог, диалог), шығармашылық қабілеттердің (еліктеу, бейне жасау, өзіне рөл таңдау) дамуын;

- балалардың театрлық ойындарға қатысуын: өлеңдер, қысқа қойылымдар; қуыршақтарды, ойыншықтарды және басқаларын пайдалана білуді (бибабо, көлеңкелер, саусақтар, фланелеграфтар);

- театрлықтәжірибені молайтуды: театр және оның тарихы, мамандары тура­лы; киім үлгілері мен сөздігі туралы білімді.

Ата-аналармен жұмысерекшеорыналады. Олар балаға рөлдерді
жаттауға, костюмдер жасауға, көмектеседі, ұжымдық жұмыстың маңызына
баса назар аудартуға тырысады.

Театрландырылған ойындардың сипатты ерекшеліктері мазмұндарының әдеби немесе фольклорлық негізде және көрермендерінің болуы болып табылады (Л.В.Артемова, Л.В.Ворошнина, Л.С.Фурмина және басқалар).

Жүзеге асыру кезеңдері:

1-кезең.Ұйымдастыру: мақсаты мен міндеттерін анықтау, әдебиеттерді іріктеу, жоспар дайындау, мониторинг.

2-кезең.Практикалық: дамытушы ортаны құру, театралды оқу іс-әрекеттерін, мерекелерді ұйымдастыру.

3-кезең. Талдау: мониторинг, жоба жұмысын талдау және нәтижелерін ағалау.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 6 бөлімнен тұрады.

1. Театрландырылған ойын — кез келген жағдайда өз кұрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, жұмысқа шығармашылықпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқыныңқалыптасуына ықпал етеді. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді: дамьтушылық, әсемдік, театрлық.

2. Ырғақты иілгішті (ритмопластика) — бұған кіретін кешенді ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар балалардың эстетикалық, психологиялыққабілетін дамытады.

3. Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айты латын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлеу мәдениетін, шығармашылық фантазиясын дамытып, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар түрлері: тыныс алу және артикуляциялық, дикциялық және интонациялық сөздер мен шығармашылық ойындар.

4. Театр мәдениеті — балаларға театр өнерініңкыр-сырын меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы жә­не ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі3.

5. Қойылыммен жұмыс — жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген:

  • қойылыммен таныстыру;

  • қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру;

  • қойылымға қажеттіқұралдар дайындап, көріністі безендіру;

  • дайындық;

  • қойылымды сахналау.

6. Трафареттік театр жұмысы екі кезеңге бөлінеді: қолдан жасалған ертегілер бейнесінен диалогтік ертегі жасау; сөйлеу кезеңі — бұл өзара диалогтік қарым-қатынас. Диалог арқылы балалар бір-бірінің ішкі жан дүниесін түсініп, қимыл әрекеттерде болады (мимика, қозғалыс, атрибуттар, мәнерлеу, т.б.) Осылар үшін ең керек тәсіл - трафареттік театр.

Балалар трафареттік кейіпкерлерді қолдана отырып, диалогтік ертегі құрастырады.

1.Трафаретті қоршап сызу. Балалар ұнаған кейіпкерлерін таңдап, ішкі жағынан айналдыра сызады.

2.Кейіпкерлерді бояу. Бұл әрекет балалардың шығармашылыққабілетін арттырады.

3.Пішіндерді қырқу. Бұл кезеңде бірнеше мақсат орындалады: бала қайшымен жұмыс жасауды үйренеді; саусақтарыныңқимыл қозғалысын дамытады.

4.Тәрбиешімен балалардың біріккен іс-әрекеті. Дайын пішіндерді негізгі жеріне қадап қояды (қаламға немесе таяқшаға).

Әрі қарай жұмысты келесі тәсілмен дамытуға болады:

—Үлкен көлемдегі картоннан немесе пластикадан трафарет жасау.

—Бір кейіпкерге бірнеше қозғалыс беруге болады (мысықтың отырғанын, жүгіргенін, ұйықтағанын т.б.)2.


ҚОРЫТЫНДЫ

Ойын барысында, ойын жағдайына бейімделу, алғашқыда жекелеген элементтерді, кейіннен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін көз алдына елестетіп қана қоймай, оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таңқалдырып, өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы беруге үйретеді.

Бүлдіршіндер сахнада шығып рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

Театрландырылған ойындар балаларды әңгімеге арала суға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді5.

Осылайша ұйымдастырылған жұмыс театрландырылған ойынның шығармашылықтың әралуан түрлерінде баланың өзін-өзі білдіру мен өз мүмкіндіктерін іске асыруына, құрдастарының тобында өзін-өзі бекітуге жағдай жасайтын болады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Айтжанова К.Б., Нұрбаева М.Ж. Балалар бақшасындағы театрлық қызмет//Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы.-2013.-№11-23-25-б.

  2. Галиакбарова С.Б. Трафарет театры арқылы баланың сөйлеу технологиясын дамыту//Отбасы және балабақша.-2013.-№5.-9-10-б.

  3. Кикимова А.А.Театрландырыдған ойынның бала тәрбиесіндегі маңызы//Отбасы және балабақша.-2014.-№1.-9-10-б.

  4. Маханева М.Д. Театрализованные занятия в детском саду: Пособие для работников до-школьных учреждений. - М.: ТЦ Сфера, 2004

  5. Шестакова Т. А. Мектепкедейінгі театр – балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы//Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы.-2014.-№8.-43-44-б.



















ҚОСЫМША


Жұмыс жоспары

Іс-шаралар

Мерзімі

Нәтижесі

Дайындық кезеңі



1) Ата-аналармен сауалнама жүргізу: «Үйде баламен театр ойынын ойнайсыз ба?»

Ақпан


«Бәріне арналған театр» көрнекі ақпаратты буклет

2) «Балалардың өздігінен театралды ойындарды ойнауы» зерттеу

Ақпан

Мақсаты мен міндеттерін анықтау.

3) Жоба жұмысын даярлау

Ақпан

«Театралды ойын әрекеті арқылы мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту» жобасы

4) Ата-аналармен театр бұрышын қолөнер бұйымдармен толықтыру туралы жеке әңгімелер, кеңестер өткізу.

Ақпан

«Қолы алтын аналар» байқауы

НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ

1) Ата-аналарға тапсырмалар беру (костюм тігу, бетперде дайындау, үстел үсті, саусақ, қуыршақ театрларын толықтыру).


Ақпан


Суреттер, эскиздер. Шеберлік сыныбы.


2) «Кейіпкерді өзгерту» ойыны.



Ақпан

Ертегі кейіпкерлерінің қимылын салу. Көңіл-күй әрекеттерін, сезімдерін ояту.

3) «Мақта қыз бен мысық» үстел үсті ойыны.




Ақпан

Сөйлеу мәнерін, тыныс алу және дұрыс артикуляциясын дамыту. Диалог құруға үйрету.

3) Бейнепроектордан ертегі қойылымын көру.

Наурыз

Театр әрекетіне қызығушылығын ояту.

4) Театрлық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру: «Ғажайып қоржын», «Үйшік»

Наурыз

Көркем әдебиетке қызығушылықты ояту, бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту.

5) «Қолғап» ертегісіне сурет салу





Наурыз

Шығармашылық көрме.

Ертегі оқиғасына сурет салуға жаттықтыру.

6) «Құстар ұшып барады». Трафарет театры

Наурыз

Әңгіме кейіпкерлерінің бейнесін бере білуге үйрету.

7) «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін сахналауға дайындық


Наурыз

Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ

1)«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісінің қойылымы


Наурыз


«Артист» болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену,(мимикасы, қозғалысы, дауыс ырғағын, сөз ырғағы арқылы кейіпкерге ену.

«Біздің театр» фотоальбомын дайындау.




Сәуір

Өнерді үйреніп, бағалау, өзара достықтарын арттыру.
























ЖАҢЫЛТПАШТАР

  • Арқада алты арқар бар,

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.

Алтыарқардамарқаарқар бар.


  • Әбдіредеәбігерәтешотыр.

Әбігерәтешотырған

Әбдіреніәжемашыпжатыр.


  • Гүлімгүлгеқарапкүлімдеді,

Көгілдіргүлгеқонғанараларгуілдеді.


  • Ғарышкерұштығарышқа.

Ғарышқаұштығарышкер.

Айтшы, ғарышалыс па?


  • Ықылас пен Ыбырай

Ыдыстарынтасымай,

Ырыскүлденүлгіалмай,

Ынтасызжүртілдіалмай.


  • Ескермес те,

Естемес те,

Есіл сөздерді ескермес пе?


  • Елеусіздік елеуіші елегіш емес,

Елеместің елеуіші елегіш.


  • Есет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар.


  • Шалабай шыли Шалағай,

Шақша басы шарадай

Шаладай шала Шалабай.


  • Оларалда да марал,

Бұларалда да марал.

От екенмаралғаарал,

Отбасынаралда марал.




«Үйшік»орысхалықертегісі

Мақсаты: Балаларды «Үйшік» ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үйшік үйі, аңдар.

Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.

Тышқан тоқтап: Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Жүргізуші: деп сұрайды. Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп, осындатұрыпжатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Бақа: Сүп- сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?

Бақа: Мен бақылдауық бақамын.Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші: Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып ,бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян келеді.

Қоян: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?

Жүргізуші: -деп сұрайды.

Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?

Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!

Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші: -Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезені қағады.

Түлкі: -Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар ?

Жүргізуші: - деп сұрайды.

Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: - Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?

Түлкі: - Мен қу түлкімін.

Үшеуі: -Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші: - Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен:

Бұл үйшікте кім бар?

Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!

Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі: - Мен қу түлкімін!Ал сен кімсің?

Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!

Бәрі: -Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші: -Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп–кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату–тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар даусымен:

Сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?!

Жүргізуші: -деп ақырады.

Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!

Бақа : - Мен бақылдауық бақамын!

Қоян : - Мен қорқақ қоянмын!

Түлкі : - Мен қу түлкімін!

Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?

Аю: - Мен қорбаңбай аюмын!

Бәрі: -Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші: - Аю ары-бері тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:

-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.

Жүргізуші: - дейді.

Бәрі: - Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасыңғой.

Жүргізуші: -деп шырылдайды іштегілер.

Аю: -Қорықпаңдар түкте болмайды.

Жүргізуші: - деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман–есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта, барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп–әдемі, жаңа үйшік тұрғызып алады.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Автор: Махтарова Айг?л Мамырбек?ызы

Дата: 01.02.2015

Номер свидетельства: 165262


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства