kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методическая разработка урока "Көктем келді"

Нажмите, чтобы узнать подробности

методическая разработка урока на тему "Көктем келді". Для 4 класса, по предмету родной язык. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Методическая разработка урока "Көктем келді"»

Сейтенова Гүлғаслайым Төлеуқызы



Сабақтың тақырыбы: Көктем келді

Сынып: 3 «А»

Сабақтың мақсаты:

  1. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, көктем сәнін, көктем белгілерін анықтау. Екі өлеңді салыстырып, ұқсастықтарын табу.

  2. Оқушының таным белсенділігін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғай білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: топтастыру стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, сәйкестендіру тесті, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Сабаққа әзірліктерін қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Үйге қандай тапсырма берілді?

  • Әнуарбек Дүйсенбаевтың «Атай» өлеңін жаттау.

  • Әр шумағын бір-бір оқушыға айтқызу (4 оқушы).

  • Өлең мазмұнын өз сөзімен әңгімелеу.

Көктем келген кез. Біздің аулада бір атай бар. Оның жасы бәріміздің жасын қоссақта жетпейді. Біз атаймен кездессек қасынан кете алмаймыз.

  • Олай болса, балалар, ақын М.Жаманбалиновтың өлеңін оқып көрейік:

А) М.Жаманбалинов – балалар ақыны.

Ә) Өлеңді мәнерлеп оқып беру. (оқушылар қоларын қойып, қадағалап отырады.)

Мазмұнын талдау.

  • Өлеңді кім жазған?

  • Күн қайтеді? (күн күркірейді)

  • Күн күркірегенде терезелер қайтеді? (шың-шың етеді)

  • Неге? (өйткені, күн күркірегенде қатты дыбыс шығатындықтан)

  • Жаңбыр кейде көп жауғанда (толастамай) шелек-шелек көп жауады екен.

  • Жауыннан қорғанып арқамызды тосамыз.

  • Жауын мол жауса не өседі? (күнбағыс, басқа да өсімдіктер тез-тез өседі)

  • Енді, балалар, осы өлеңді, қимыл-қозғалыс жасап айтып көрейікші.

  • Жарайсыңдар, енді осы өлеңге ат қояйық.

  • Көктем келді деп ат қоямыз.

  • Ал, балалар, осы көктем туралы тағы бір өлеңмен танысып көрейік.

Бұл өлеңнің авторы өзімізге таныс балалар ақыны Мұзафар Әлімбаев.

Бұған дейін М.Әлімбаевтың қандай өлеңін оқыдыңдар?

«Кім жомарт?» «Не жомарт?»

  • Кім жатқа айтып жібереді (1-2 оқушы).

Автор туралы таныстырып кету.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

  2. Мазмұнын талдау.

Атай қолынан шотын тастаса, тозған кітаптарды түптейді. Ал, әңгіме айтса онда кешке дейін бітпейді, өйткені әңгімесі өте қызықты. Атай ағаш отырғызады, бау-бақша жұмыс істейді. Айтай кейде ұстада болады.

Шот – ағаш шабатын құрал, басы - темірден, сабы – ағаштан жасалынады.

Ұста – темірден түйін түйетін адам.

  1. Қорытынды жасату:

  • Сонымен, Атай қандай адам екен?



Ақсақал Әңгімешіл

Атай



Ұста Бағбан



Еңбекқор Батыр



  • Атай үлгі аларлық адам ба? Иә, үлгі тұтамыз.



ІҮ. Жаңа сабаққа даярлық.

  • Балалар, атай – бағбан дедіңдер, бағбан немен айналысады?

  • Бағбан бау-бақша егеді.

  • Ал, бау-бақшада жұмыс қашан басталады?

  • Көктем келгенде.

Ү. Жаңа сабақ.

- Ендеше, балалар, бүгін біз көктем туралы әңгімелейміз.

Қане көктем туралы білетінімізді ортаға салайық.

Жылғалардан су ағады

Қар ериді



Көктем



Жаңбыр жауады

Күн ұзарады







Көктемде күн жылынады. Көлдің мұзы, қар ериді. Жаңбыр жауады. Жаңбыр жауған соң, көк шөп шығады.

Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек, қызғалдақ гүлдейді.

  1. Сөздік жұмысы (дәптерге жазады).

  • Күн тесті – күн қыздырады.

  • Аппақ тонын жер шешті – қар еріп, жер қарайды.

  • Көк кілем – көк шөп.

  1. Оқыту жұмысы.

А) Тізбектеп оқыту. (шумақтап)

Ә) Мәнерлеп оқыту.

Б) Тауып оқыту. (ұйқасқан сөз тіркестерін тауып оқыту).



Күн тесті күркіреп көк кілем күлімдеп

Жер шешті сіркіреп жоқ білем «гүлім» деп



ҮІ. Түсінігін тексеру.

  1. Сәкестендіру тесті бойынша сөздерді сызықпен қосайық:

Күркірейді

Жаңбыр







Күн

Келді







Көктем

Сіркірейді









  1. Өлең құрастырайық: ... ... ... .



ҮІІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

Деңгейлік тапсырмалар.

  1. Көктемде табиғатта болатын құбылыстарды ата.

  2. Көктем туралы сөйлем құра. (1 сөйлем)

  3. Мәтін құрап жазу.

ҮІІІ. Қорытындылау.

  1. Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтан біз не үйреніп, не білдік.



М.Жаманбалинов

«Көктем келді»

Ұқсастығы

М.Әлімбаев

«Көктем келді»

Ақын


Ақын



  1. Бағалау.

«5» - 7; «4» - 7; «3» - 3.

  1. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, «Көктем келді» тақырыбына шығарма жазып келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Методическая разработка урока "Көктем келді"

Автор: Сейтенова Гульгаслаим Тулеуовна

Дата: 14.02.2017

Номер свидетельства: 391808


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства