Просмотр содержимого документа
«Мені? Отаным – ?аза?стан ашы? т?рбие са?аты»
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан. Сабақтың мақсаты: Оқушыларда Қазақстан – тәуелсіз демократиялық мемлекет деген түсінік қалыптасады. Сабақтың міндеттері. 1.Мемлекеттің құрылымы, орны, шекарасы және басқа елдермен достастығы туралы түсінеді. 2. Оқушылардың танымдық белсенділігін артады, тарихи мәліметтерді саралай отырып, талдайды, қортынды жасай біледі, дағдыларын дамытады. 3. Отанымыздың, туған жеріміздің құдіретін ұғынады, отансүйгіштік және жауапкер- шілік сезімі қалыптасып,патриоттық тәрбие алады. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы. Әдістері: эвристикалық –ізденушілік, ақпарат құралдарымен жұмыс, талдау, жинақтау Оқыту формасы: жеке, ұжымдық. Көрнекілігі: физикалық карта, үлестірмелі материалдар, слайд. Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, музыка. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі II. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық. Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін тілек айтайық.
III .Ой қозғау Отан деген немене? (топтастыру) 1.Біздің Президентіміз кім? 2.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? 3.Қазақстанның астанасын ата. 4. Біз қай елдермен көршілеспіз? 5.Рәміздердің авторларын ата. IV. Мағынаны тану Картамен жұмыс.Қазақстан туралы мағлұмат беру. а)Демократиялық –азат, ерікті, тәуелсіз мемлекет. ә)Биліктің үш тармағы парламент,үкімет,сот б)табиғаты г)жануарлары мен өсімдіктері е)табиғат байлықтары
V. Ой толғаныс 1.Қазақстан қандай мемлекет? 2.Біздің міндетіміз қандай? 3.Қазақстан қандай елдермен ынтымақтастыққа қол жеткізді? 4. Қазақстан жер аумағы жөнінде не білеміз? 5.Біз қай облыста, ауданда, ауылда тұрамыз? 6. Облысымызда қандай шаруашылықтар бар? Сергіту сәті. Туған жер,Отан тақырыбында қандай ән білеміз,бірге айтайық. V. Қабырғаға қарап оқу,автор орындығы «Бәйтерек » суреті
VІ .Бес жолды өлең құрастыру. 1.Зат есім кім не? Қазақстан 2. Сын есім қандай? Тәуелсіз, демократиялық,бейбіт 3. Етістік не істеді? Тәуелсіздігін алды, әлемге танылды. 4. Төрт сөзден тұратын сөйлем: Бірлігі жарасқан –Тәуелсіз Қазақстан 5. Балама сөз: Отан, мемлекет
VII. Қорытынды. «Қазақстан» сөзжұмбағы Қазақ ханы Қасым 1640жылы іргесі қаланған қала. Атырау Қазақстан қандай ел? ТәуелсіЗ Рәміздің бірі. ӘнұрАн Ту, жалау. БайраҚ Біздің отанымыз. ҚазақСтан Елтаңбаның авторы. ШоТ Аман Асыл жан. Ана Қазақстанның гимнің сөзін жазған ЖұмекенН
VIII. Бағалау,мадақтау IX. Үйге тапсырма беру: «Алтын ұя-бесігім» тақырыбына эссе жазу, мазмұнын айту
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» Мақсаты: 1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау; 2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту; 3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, суреттер, Н. Назарбаевтың портреті, ҚР Конституциясы, баптар Барысы: Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін үлкен мереке - Білім күні. Осы мерекелеріңіз құтты болсын. Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! (Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырылады) Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек. Мақтансаң мақтан елім деп, Тани біл елдік таңбаңды. Елтаңба, Туын, Әнұран - Тәуелсіздікке тән белгі - Қасиетті осы рәміздер. Еліме рух, мән берді, Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырамыз. Айгерім: Көк жүзінде көгілдір Гүл жайнаған мөлдір нұр. Қазақстан жалауы - Азаттықтың алауы. Желбірейді аспанда, Отан орны асқарда. Берік: Ту Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің, Бейнелеген алтын шапақ күн көзін. Адалдық пен пәктік көңіл нышаны Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім. Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім, Ырымдады болса екен деп сәтті күн. Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын, Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін. Бақытжан: Елтаңба Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап, Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап. Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып. Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап. Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай. Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай. Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған, Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай. Рахмет: Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап, Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап. Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны, Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ. Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы, Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады. Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым, Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы. Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде, Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде. Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің, Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде. Мадина: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес. Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің жолдасындай Еліміздің әнұраны жүректерде жаңғырады. Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі халқымыздың. Әділ: Әнұраным Әйгілісің әуеніңмен әлемге, Әнұраным, пәктігіңді дәлелде. Қазағыма қайсар шабыт бергендей, Ұран болып айтыла бер әр елде. Жүрегінен орын алып елімнің, Шартараптан шарықтаумен көріндің. Әсем әнді әуеніңмен тербеткен, Белгісісің кең жазира жерімнің. Әрлі әуенің шартарапты шайқады, Күштілігін бүкіл халық байқады. Шабыт берген Әнұранды әрқашан Маңғаз елім мақтанумен айтады. Мұғалім: Мемлекеттік туымыздың авторы кім? Нұрсейіт: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі. Мұғалім: Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім? Жұлдыз: Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады. Болат: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері. Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім? : Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады. Хиуаз: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардың бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді. Рахмет: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді. Мұғалім:. Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар балалар 1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды? 2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады? 3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? 4. Еліміздің жер көлемі 5. Қазақстанда қанша облыс бар? 6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? 7. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі? 8. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? 9.. ҚР - ның жаңа Астанасын атаңыз 10. ҚР - ның рәміздерін атаңыз Қазақстанға саяхат Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары, таулары, жазықтарының аттары аталады. Картадан көрсету керек. Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), Қазақтың ұсақ шоқысы (Сарыарқа), Күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), Ең ірі өзен (Ертіс), Еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі тау (Тянь Шань) Қорытынды. Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.
Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы
Сабақтың тақырыбы: Менің жанұям
Мақсаты: 1. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
2.Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігін, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту.
3. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық , қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның зорлық-зомбылықсыз жан-жақты дамуы жайында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Ана-отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу –ананың тікелей міндеті. Әке мен ана –отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.
Әкең-қазақ, шешең –қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын,-дей отырып
кезекті «Тәрбие көзі-Отбасы» тақырыбындағы әдеби монтажға береміз.
1-бөлім «Тәрбие көзі-Отбасы»
1-оқушы3
Ақ жаулығың қымбат маған анашым,
Тірегімсің, сүйенішім, панамсың.
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол, мейірімді данасың.
Өзгелерден мен үшін сен дарасың,
Береке отын шаңыраққа жэағасың.
Ақ шашыңның әр талынан белгілі,
Асыл ана сан ойлаған баласын.
Мейіріміңнен алтын сәуле шашылған,
Жүрегіңнен жомарт тық та табылған.
Көкірегің аппақ қардай тап-таза,
Парасатты, сен данышпан, асыл жан.
Өрнек тапқан өмір сыры жүзіңнен,
Асыл ізет, өнеге боп төгілген.
Ақ сүтіңді аққтағаным болар ед,
Өз орнымды таба білсем өмірден.
2-оқушы:
Құрметтейік, о, адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
3-оқушы:Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Надандықтың белгісі-
Өзін-өзі мақтайды.
4-оқушы:
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күндердің күні болғанда
Бүкіл ғаламға күлкі етер.
5-оқушы.
Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың бәрі анадан жаралар.
Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма, аналар!
Балаға ең жақыны сіз ғой, ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана,
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе –Отан ғана.
6-оқушы:
Халқымыз «Жігіт сегіз қырлы,бір сырлы» болсын деген. Мұның түп-төркіні- жігіт барлық жерде де әр қырымен танылып, бірақ оның сыры біреу ғана болсын деген сөз.
Жақсы бол жігіт болсаң ел көргендей,
Досыңа қысылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке,
Тұйғынға қапастағы жем бергендей.
Жігіт бол жігіт болсаң бұлғақтамай,
Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай.
Еліңе жақсы істі жаса әуелі
Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай.
7-оқушы:
Адамның тоғыз жауы бар.
Басты жауың - жалқаулық сорлататын жаныңды,
Осалдығың-аңқаулық соқтыратын саныңды
Жасқаншақ болсаң ұры алар қорадағы малыңды,
Жалатқызбас жасықтығың аузыңдағы балыңды.
Өтірік айтсаң өңмеңдеп жоғалтасың арыңды,
Өсек терсең телмеңдеп суға кетірер салыңды
Көпірме босқа мақтан ғып түкке тұрмас барыңды,
Көрінгенге жалақтапбола алмайсың жағымды.
Біреуді арбап алдаумен аша алмайсың бағыңды.
11.Қортынды.
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз.
Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болып ұшу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған.
Тақырыбы: «Алғашқы ұстаз — ата-ана»
Күн тәртібі:
А) Кіріспе (сынып жетекшінің сөзі)
Ә) «Жанұядағы бала тәрбиесінің ерекшелігі» атты сауалнама
Б) Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі»
Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).
Тақырыбы: Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы
Мақсаты:Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, мультимедиалық проектор
Түрі: танымдық сайыс, пікір талас
Барысы:
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу
Ата-ана, оқушыларды екі топға орналастыру
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.
І бөлім Таныстыру. «Алтын ұя» тобы және «Берекелі отбасы » тобы.
- Алдымен топтың атын таныстырып мағлұмат береді.Кейін әрбір отбасы өздерін танысырады.
ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда топтың шапшандылығын, біліктілігін аңғарамыз.Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.
Ата- аналарға:
І топ
1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
3. Шоғанның әжесі? «Айғаным!»
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? «Құрмаш!
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? «қазы-қарта, жал-жая,бесбармақ,
қымыз, шұбат.»
6. Үстеудің неше түрі бар? (7)
7. «Қағаз хрестоматиясын жазған кім?» (Ы.Алтынсарин)
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
9. Қазақ тілі қай тілер қай тілдер. Тобына жатады? (түркі тілдес.)
ІІ топ
Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды. (1989ж)
Абайдың туған жылы? (1845ж)
Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан)
Ақылды сөзінің түбірі ( ақыл)
Қазақ алфавитін жасаған кім? ( А.Байтұрсынов)
Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)
Беташар қашан айтылады? ( келін түскенде)
Тұңғыш кемеңгер? ( Ыбырай)
Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.
Оқушыларға:
І топ
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
7. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
8. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)
9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)
ІІ топ
Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
18жасқа толмаған адам ( бала)
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)
Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)
Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)
Келесі ІІІ бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу байқауы.Екі топ суретін салғанша шағын көріністі тамашалық.
Көрініс (Бүлдірген, Күлдірген, Бастауыш)
Көріністен соң екі топ суреттерін қорғайды.
Келесі ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
Ата-анаға:
1. Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
2. Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
3. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.Сіз не істейсіз?
4. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
5. Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?
6. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?
Оқушыға:
Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
Келесі бөліміміз V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.
Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты » дегендей,
Келесі VІ бөліміміз Пікір талас
Тақырыбы: Қазіргі таңда жастарымыздың батысқа еліктеуі дұрыс па?
І топ: дұрыс емес
ІІ топ: дұрыс
Соңғы бөліміміз VІІ бөлім «Сөз тапқанға .....» деп аталады.
Берілген әріптерден басталатын создермен жауап бересіздер.
І топ
1.Тілді қадірлейсіз бе?
2. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
3. Мерекеге қандай киім киесіз?
4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
5. Лотореядан акша ұтсаңыз, не істейсіз?
6 Достарың кімдер, коп пе?
7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?
8 Түнде аспанда не болады?
9 Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?
10 16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?
ІІ топ
Тіл сүйектен өте ме?
Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
мектепке немен келесіз?
көршіңмен татусың ба?
ауа райы салқын ба?
Дүниедегі қымбат жан
Түлкі неге қу аң
Су тіршілік көзі ме?
Бақыт дегеніміз не?
Ит жеті қазынаның бірі ме?
Қорытындылау:Құрметті ата-аналар, оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, келіп қатысқан аналарға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін.Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін!Ал балалар, сабақты жақсы оқып,үлкендерді тыңдау керек.Қорытынды сөз тәрбие ісі меңгерушісіне беріледі.
Сабақтың мақсаты:Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани тәрбие беру. Сабақтың түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу, тақырыпқа байланысты әндер айту Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер. Мұғалім сөзі: Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай 4 «Ә» сыныбының оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек. Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі мағынасы:жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.Яғни ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға. Тәрбие сағатын «Жарқын жүзді ұстазым» әнімен бастаймыз.
1-жүргізші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз. 2-жүргізуші: Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз. 1-жүргізуші: Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! 1-2-жүргізуші бірге: Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық Аяулы ұстаздардың мерекесін Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
2-жүргізуші: Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған./1/ 1-ж: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің Еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз. 1-о Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды. 2-о: Үйретіп өмір ұстамын, Үлгілі іске нұсқадың Ақ көңіл іскер қашанда Ақылшым менің –ұстазым 3-о: Көзімдегі шырағым Ол – өзіңсің мұғалім Сенен жиған білім-нәр Нәрсені мол ұғамын. Зәулім де асқақ шынарым Жүрек жылы жыр-әнім. Ән: «Ұстазым» (Д.Қырықбаеваның орындауындағы ән)/2/ 4-о: Тек биіктер шығарым Ақылшы бек мұғалім Жаныма серік еткенмін Білімнің қайнар бұлағын. Кеңейтіп сана түлеткен, Өшер ме есімің жүректен? 5-о: Құйылады жыр ағын Көптен дара пырағым Құтты болсын мерекең Заңғар тұлға мұғалім! 1-ж:Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік! М - мейірімді Ұ- ұлағатты Ғ- ғазиз А- ақылды Л- лайықты І- іскер М- маман 1-о: Білімнің кәусәр бұлағын, Жүресің құйып санама, Біз үшін сенсің-мұғалім, Ұстаз да,ғалым дана да.
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
2-о: Шәкірттерін азамат қып саналы Ұстаз-ана , дана бола алады Ең бастысы ұстаз мына өмірде Ұлағат боп, ұлылық боп қалады
Ұлы өмірге жетелеп, Ашқан білім есігін. Құрметтеік мәпелеп, Ұстаздардың есімін.
3-о: Мұғалім,ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін. 1-ж: Көріністі тамашалаңыздар! Мұғалім: Ертеде бір ханның жалғыз қызы қатты ауырып қалыпты. Қызын емдеп жазған адамға ат басындай алтын беремін деген хан бұйрығын естігендер жер-жерден келіп қызды емдемекші болады. Бірақ ешбірінің емі қыздың дертіне дауа болмайды. - Биші де келеді - Күйші де келеді - Әнші де келеді - Дәрігер де келеді - Бұл хабар ұстаздар еліне де жетеді. Әліппесін құшақтап ұлағатты ұстаз келеді. Ол қызға іші ілім-білімге толы әліппе оқулығын ұстатып, 42 әріппенен таныстырып, «оқу» атты жарық дүниенің есігін ашады. Міне сол уақыттан бері мұғалім адамзат баласына саналы да сапалы білім беріп, жан-жақты дамытып,жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде. Екеуі қосылып «Үйретеді мектепте» /3/ әнін орындайды. 2-ж: Құлақтан кіріп бойды алар, Тәтті ән мен жақсы күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай,әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. «Ұстазым менің ұстазым» әні орындалады./2/ 1-о: Әр адамға құрметпенен қараған Өз бойынан мол ізгілік тараған. Талап пенен тәртіпті тек ту етіп, Осы өмірге мұғалім боп жаралған. 1-ж: Ұстазым екінші анам аялаған, Біздерден бар білімін аямаған, Оқысын,білім алсын,үйренсін деп, Таңертең күнде құшақ жаяды алдан. /4/ Ендеше ұстаз апайларға,яғни екінші аналарымызға келесі әнімізді арнаймыз. «Ана туралы жыр» сөзі: Ғ.Қайырбеков, әні:Ш.Қалдаяқов./5/
1-о: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман./6/ 2-о: Жанымды менің жайнатып, Баураған өзің- мұғалім. Өзіңмен бірге таң атып, Өзіңмен бірге шығар күн
3-о: Сабақтан еш қалмаймыз, Сонда гүлдей жайнаймыз. Ұстаздардан үйреніп, Биіктерге самғаймыз.
4-о: Білімін құйған санама, Ұқсайтын асыл анама. Мектептегі бар ұстаз, Лайық ең зор бағаға.
5-о: Ұстаз деген бір тұлға, Ең қадірлі мамандық. Мұғалімге, ұстазға Біз тілейміз амандық.
6-о: Ұстаздар - ұлттың тірегі, Ұстаздар - мектеп жүрегі Ұрпаққа жетер ұстазбен, Халықтың ұлы тілегі./7/
Оқушылар хормен: «Мұғалім ғазиз,мұғалім» әнін орындайды. Екеуі хормен: Қара сөздің дауылы, Құрмет еткен ауылы Сыйымызға риза бол, Мұғалімдер қауымы!
Мұғалім: Қорытынды: Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн щуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы. Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын./8/ Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік сабағымыз аяқталды.
Ел болашағы-білімді ұрпақ
“Ел болашағы-білімді ұрпақ”
Мақсаты: оқушылардың білімін ортаға салу. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту. Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс.
Көрнекілігі: слайдтар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз бүгінгі күнді үлкен мейрам етіп атап өтейік. Қонақтарға біз өткізгелі отырған сайысымызда білімімізді жақсылап көрсете білейік.
Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: «Ел болашағы – білімді ұрпақ». Сайыстың мақсаты: білімімізді ортаға салу, сөздік қорымызды молайту, өзімізді саналы, ізденімпаз, елімізді құрметтейтіноқушы болуға тірбиелеу.
Біздің бүгінгі негізгі тақырыбымыз Отан туралы болмақ. Сондықтан слайдтар арқылы аздап шолу жасап көрейік.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Қазақстан – біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдың шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жарасып жатыр.
«Отан отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай, Отан - кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі ортасы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.
«Тауды биік деме сен,
Талаптансаң – шығарсың.
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң - жығарсың» дегендей, бүгінгі «Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. Сынып оқушылары сандықшадан жұлдызшалар алып, олардың түсіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бұл білім сайысы 7 кезеңнен тұрады.
1-кезең: Күш білімде 2-кезең: Аудармашы 3-кезең: Поэзия минуты 4-кезең: Шапшаңдық 5-кезең: Әріп жұмбақ 6-кезең: Мақал-сөздің көркі 7-кезең: Капитандар сайысы
Сонымен 1-кезең: Күш білімде.
1-топқа:
Мемлекеттік рәміздерді ата.
Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туының авторлары?
Қазақстан Республикасының реңдік бейнесі?
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстанның астанасы қай қала?
Қазақстан қандай мемлекет?
Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?
2-топқа:
1.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жоғарғы және төменгі жағында не бейнеленген?
2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
3.Тұңғыш қазақ ғарышкері?
4.Қазақстанда қанша облыс бар?
5.Астананың символы?
6.Алатаудың етегінде орналасқан Қазақстанның ең сұлу қаласы?
7.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада?
8. Қазақстанның тұңғыш астанасы?
2-кезең: Аудармашы
1-топ
1.Золотой браслет-
2. Серебряные серьги-
3. Деревяный стол-
2-топ
4. Хорошее изделие-
5. Красивое украшение-
6. Дорогое колье-
3-кезең: Поэзия минуты Екі топ мүшелері кезекпен білетін өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды.
4-кезең: Шапшаңдық
Сөзден 2 минут ішінде бірнеше сөз құрап жазуларың керек.
“Қазақстандықтар”
5-кезең: Әріп жұмбақ
1.Өнерде бар,
Талапта жоқ.
Өрнекте бар,
Оюда жоқ.
2. Аяқта бар,
Баста жоқ.
Таяқта бар,
Таста жоқ.
3. Әріпте бар,
Әдепте жоқ.
Жерде бар,
Селде жоқ.
4. Ініде бар,
Бауырда жоқ.
Жеңілде бар,
Ауырда жоқ.
6-кезең: Мақал-сөздің көркі
Бұл кезеңде мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады, соңын топ сайыскерлері толықтырады
1. Туған жер - . . .
2. Өз елім - . . .
3. Отан - . . .
4. Туған жердей жер болмас,
. . .
5. Отанды сүю . . .
6. Отан үшін отқа түс - . . .
7-кезең: Капитандар сайысы
1-топқа:
Сенің атың кім?
Сен қайда оқисың?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
“Ұстаз” деген сөздің синонимі қандай?
Дәптерге немен жазасың?
Қазақстанның рәміздері?
Қазақстан Республикасының бас қаласы?
Р Президенті кім?
2-топқа:
Неше жыл мезгілі бар?
Бір жылда неше ай бар?
Қазақ тілінде неше әріп бар?
Бір аптада неше күн бар?
16 желтоқсан қандай мереке?
Алтын сақина неден жасалған?
Сен қай мемлекетте тұрасың?
Буынның түрлерін ата.
Тәуелсіздік тірегі - білімді ұрпақ
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ел тарихын, салт - дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке, ел тарихы мен мәдениетін, салт - дәстүрін ұмытпай, қадірлеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, сұрақтар, қима қағаздар, түрлі - түсті конверттер, шағын екі киіз үй, ұлттық нақыштағы оюлы себет. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап. Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын - сайыс Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы мен халықтық педогогика
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. - Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай сыныптағы оқушылар арасында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік жолында Талай – талай тер төккен. Билігім өз қолымда Еркіндігім Елтаңбам. Көк байрақтың бетінде Қырай құстың бейнесі Сол қырандай еркіндеп, Бала өседі талапты, - дегендей, сіздерді бүгінгі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Сайыстың талаптары: сайысқа әр қатардан 2 - 3 оқушыдан қатысады. Сайыстың кезеңдері: 1. «Сәлем – сөздің анасы» 2. «Жеті қазына» 3. «Мақал – сөздің мәйегі» 4. «Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын» Сайысымызда төрелік айтатын қазылар алқасымен таныстырып өтейін: Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі, Кім жүйрік ойға, сол алда,− дегендей, бүгінгі сайысымызға қатысушыларды таныстырып өтейін: Олай болса, «Сәлем − сөздің анасы» деп аталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр оқушы кезек−кезегімен өз - өзін таныстырады. Сайысымыздың ІІ кезеңі «Жеті қазына» деп аталады. Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар ел тарихы мен салт - дәстүрге және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сұрақтарды ұлттық нақыштағы оюлы себеттен таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент) 2. Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі) 3. Төрт маусым (қыс, жаз, күз, көктем) 4. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі) 5. Сын есімнің сұрақтары (қандай? Қай?)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда) 2. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 3. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы) 4. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (он екі) 5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)
1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков) 2. Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта) 3. Ұлттық музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, дауылпаз, адырна, керней, шертер) 4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен) 5. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? (төртке – қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер)
1. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков) 2. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, қорадағы бес саулық) 3. Төрт мұрат (дау мұраты – біту, саудагер мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету ) 4. Зат есімнің сұрақтары (кім? Не?) 5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
1. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев) 2. Ұлттық ойындар (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, дойбы, асық) 3. Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай) 4. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады? (сұрақ белгісі) 5. «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жеті жасар баласы (Жәдігер)
1. Шығыстың қос шынары (Әлия мен Мәншүк) 2. Жеті жоқ (Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ) 3. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық, ши, т. б.) 4. Сан есімнің мағыналық түрлері(алтау) 5. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?(жұрнақ)
1. Ұлыстың ұлы күні қашан тойланады? (22 наурыз) 2. Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі) 3. Төрт түлік (жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі) 4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау) 5. «Батыр» сөзіне қарсы мәндес сөзді ата (қорқақ, ез) Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Сайысымызға қатысушылар киіз үйлердің ішінде жасырылған мақалдардың жалғасын табуға тиісті.
1. Елу жылда ел жаңа,... (Жүз жылда қазан) 2. Тау тауға қосылмайды,... (Адам адамға қосылады) 3. Талапты ерге... (нұр жауар)
1. Ел іші... (алтын бесік) 2. Жаңылмас жақ болмас,... (Сүрінбес тұяқ болмас) 3. Ит тойған жерін іздейді,... (Ер туған жерін іздейді)
1. Елдестірмек – елшіден,... (Жауластырмақ - жаушыдан) 2. Айтулы достың малы бір,... (Кемедегінің жаны бір) 3. Жаңбырмен жер көгереді,... (Батамен ел көгереді)
1. Басқа елде сұлтан болғанша,... (Өз еліңде ұлтан бол) 2. Кісідегінің кілті... (аспанда) 3. Баста ақыл жоқ болса,... (екі аяққа күш түсер)
1. Сөз сүйектен өтеді,... (Таяқ еттен өтеді) 2. Бірлік болмай,... (тірлік болмас) 3. Тісі шыққан балаға... (шайнап берген ас болмас)
1. Жылайын деген баланың... (үш күн бұрын көзі қышиды) 2. Інісі бардың тынысы бар,... (Ағасы бардың жағасы бар) 3. «Көрдім» деген көп сөз, («көрмедім» деген бір сөз) – Бар байлығым – өлең‐жырым қолда бар, Өн бойымда құпия жоқ таңқалар. Көріп жүрген көп адамның бірімін, Көңілімде қиял да бар, ән де бар, – деп жерлес ақын Мәлік Аяпов жырлағандай, келесі кезекті ән‐шашуға береміз.
– Білсең дағы біле бер, тағы тіле: Мақсатыңа жетерсің біле‐біле! – деп дана, ойшыл Жүсіп Баласағұн айтып кеткендей, білімді, ізденімпаз оқырмандарымызбен әрі қарай сайысымызды жалғастырайық. Сайысымыздың төртінші кезеңінде сайысқа қатысушылар «Мен тәуелсіз ел ұрпағымын» тақырыбында эссе жазады.
Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым. Әрқашанда осы өнерді сөндірмей, Біліміңмен шарықтай бер әрдайым. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыларды анықтау үшін сөз кезегі әділ - қазылар алқасына беріледі.
Білім сүйсең, кел күн сайын осында, Кітап сенің айналады досыңа. Талаптансаң үйренуге құмартып, Келгін жан дос, ізденейік қосыла. Құрметті бүгінгі «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» байқауына қатысушылар! Сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше, аман‐сау болып тұрыңыздар.
Адал достық
4 сынып Тақырып: Адал достық Құндылық: «Ақиқат» Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік. Сабақ мақсаты: Оқушыларға шынайылық, шыншылдық, адалдық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқат құндылығын ояту. 1. Оқушыларға ақиқат құндылығының шыншылдық, адалдық, адамгершілік түсініктерін кеңейту 2. Оқушылардың өзара қарым – қатынастағы шыншылдық, шынайылық, «адал достықты» қадірлей білуге үйрету. 3. Ақиқаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, адами шынайы құндылықтарға тәрбиелеу
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Тыныштық сәті. «Су асты патшалығына ойша саяхат.» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмыңыздар.
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру. Төмендегі сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру. - Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? - Аңыз әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен? Дәйексөз. Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатыны – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. (Ш. Құдайбердіұлы)
1. Адам үшін адал еңбек не? 2. Ақылды адам қандай болады? 3. Жүрегі таза адамдар деген кімдер?
Мұғалімнің сыйы: «Өсиет әңгіме» Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: - Ақсақал мен қандай жігітпін? Сынаңызшы - депті. Қарт жігітке:- жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт: - Шырағым жаман жігіт емессің - депті. - Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой - депті жігіт. Қарт күліп: -«Жігітті жолдасыңа қарап бағала» дейді халық - депті.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 1топ: оқулықта берілген жағдаяттарды талдау. 2 топ: адал достыққа тән қасиеттерді жазу. 3 топ: адал достық тақырыбында 3 мақал жазу
Топпен ән айту. Дос болайық, бәріміз! Сөзін жазған: Х. Талғаров Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Әрқашан дос біргеміз Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер Ту ғып ұстап бірлікті! Еңбекті сүйіңдер! Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз, Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз! 3. Қайраттанып қарышта, Озып шыққан жарыста. Батыл бас, жас ұлан! Самға биік, алысқа, Жұлдыздарға, ғарышқа, Бойда күш тасыған.
Үй тапсырмасы. № 62 беттегі «Ашу дұшпан, ақыл дос» мәтінін оқу Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.
дептілік - тәрбие бастауы «Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі» Халық мақалы
Мақсаты: 1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; 2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; 3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар ( әдептілік туралы), құпия хаттар т.б. Шаттық шеңбері - Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей, қане, бәріміз бір - бірімізге иіліп амандасайық. ( Бәрі осылайша сәлемдеседі)
Әдеп. Сыйлап сәлем беремін, Көршілерді көргенде. Ізетті де білемін Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Апама айтып өкпесін. К. Байзақов - Бүгін біз әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелесеміз. Әңгімелесу • Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер? • Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келе ме? • Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады? • Әдептілікті бізге кім үйретеді? Түйіндеу
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Кішіпейілділік Үлгілі бала
Су құйдым да құманмен, Бақшаны суарып, келді ол су алып,
Қолына мен әкемнің. Самауыр қайнатып, үйде де, түзде де
Содан кейін оған мен Қылығы өнеге, ұстазы бізге де
Орамалды әпердім. Ұнайды ол неге?
Әдептілік әліппесі
Атам маған әманда Алдын орап кісінің,
Әдепті жан бол деген. Кесіп өтпей көлденең.
Ата сөзі санамда - Ізетімен кішінің -
Жсы үлкенге жол берем. Сәлемдесіп , қол берем.
Атам маған әманда Өзгелерден өзімді
Кішіпейіл бол деген. Санамаймын жоғары.
Ата сөзі санамда - Артық айтып сөзімді
Мақтанбауды жөн көрем. Желпінгенім жоқ әлі.
Атам маған әманда Қалдыратын ұятқа -
Әділетті бол деген. Жалған сөзге төзбеймін.
Ата сөзі санамда - Жеткізетін мұратқа -
Жүрем тура жолменен. Тек шындықты көздеймін.
А. Асылбек Мәтінмен жұмыс Әдептілік Ы. Алтынсарин Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды. Сонда ғалым тұрып: Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді? • Әңгімеден қандай ой қорытуға болады? Суретпен жұмыс Сурет бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу. Ойын «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек. - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды ...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) «Құпия хаттарға» жауап беру Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады. Хоттардың мазмұны: 1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек? Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері» Мұғалім балалармен түрлі суреттер арқылы «Әдептілік ережелерін» құрып, ватманға жапсырады. Әдептілік ережелері • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. •Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. Дәйексөз «Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру. Қорытындылау - Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік. Жүректен - жүрекке Балалар шеңбер бойына жиналып Арасанбай Естеновтың «Әдеп» өлеңін айтады.
Әдеп А. Естенов Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың, Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа. Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының, Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.
Тақырыбы: Әдептілік – тәрбие бастауы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділіігін арттыру. Әдіспікір алысу, ойын, ойталқы, айтыс. Көрнекілігі: Адамгершілікке байланысты түрлі суреттер: «Үлкенді құрметтеу», «Кішіге қамқорлық», «Автобус ішіндегі бала», «Аналарды сыйлау», «Құстарды атпау», «Еңбек түрлері», туралы суреттер, «Лунтик» мультфильм. Мақал – мәтелдер: «Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала», «Жаманға айтқан ақылың далаға айтқан оқпен тең», Патриоттық әндер: «Өз елім», «Көк тудың желбірегені», «Жаса Қазақстан», күй: «Балалық шақ», ермексаз, қол орамал, оқылатын өлеңдер: «Ақыл әліппесі» авторлары: Е. Ерботин, Қ. Байзақов, «Кішіпейілдік» авторы: Ж. Кәрбозин, «Үлгілі бала» авторы: Т. Елеусізұлы, «Әдептілік әлемі» авторлары: С. Мауленов, Е. Өтетілеуов. Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, сөйлеп үйренейік, мүсіндеу, шебер қолдар, дене шынықтыру, сурет салу. Кіріспе. I Ұйымдастыру бөлімі - Балалар қазір бізде «Әдептілік – тәрбие бастауы» атты тәрбие сағаты болады. Бәріміз келген қонақтарымен сәлемдесіп алайық. Балалар амандасады. – Сәлеметсіздер ме? Өтілу барысы: Әдептілік, адамгершілік туралы әңгімелей отырып, оқушыларға мынадай сұрақтар қою: - Әдептілік деген не? Әдепті бала болғың келе ме? Балалардың жауабы: - Әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала болғым келеді. Әдепті бала таза, еңбекқор, адал, тілалғыш, ұқыпты болады. - Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Балалардың жауабы: Әдепсіздік адам бойындағы ең жаман қасиет. - Әдепсіз бала қандай болады? Әдепсіз бала лас, жалқау, өтірікші, айтқан тілді алмайды, ұқыпсыз болады. - Әдептілікті бізге кім үйретеді? - Балалардың жауабы: - Әдептілікті бізге үлкендер үйретеді, ата - аналарымыз үйретеді, ұстаздарымыз үйретеді. Дұрыс айтасыңдар! - Балалар Ертегі атай бізге сиқырлы қорап беріп жіберген. Ал оны ашу үшін біз әдепті сөздер айтуымыз керек. Қане, бәріміз шеңбер құрып бір – бірімізге әдепті сөздер айтайық. Балалар шеңберге жиналып бір – біріне мынадай әдепті сөздер айтады: - рахмет, сау бол, сәлеметсіз бе? сені көргеніме қуаныштымын, төрлет, оқасы жоқ, өтінемін, асың дәмді болсын, қалың қалай? Қош келдіңіз, құтты болсын, көп - көп рахмет, қалайсың, амансың ба, есенсің бе?, бақытты бол т. б. - Керемет! Сиқырлы қораптың қақпағы ашылды. Балалардың сұрағы? - Қораптың ішінде не бар екен? - Балалар қораптың ішінде сиқырлы хат жатыр. Оқып берейін. Құрметті менің кішкентай достарым! Бүгін мен сендерді «Әдептілік әліппесі» мен «Ұқыптылық әлеміне» апарамын. Ол әлемге бару үшін сендер «сиқырлы іздерден» өтулерің керек. Іздерден өтсеңіз алдарыңнан екі жол кездеседі. Оңға қарай жүрсең « Әдептілік әліппесі», солға қарай жүрсең «ұқыптылық әлеміне тап боласың. Одан кейігі кедергі «Сиқырлы үңгір» үңгірден өтсеңіз алдарыңнан «Суреттер әлемі шығады» сәттілік тілеймін! - Балаларымыз «Әдептілік әліппесі» мен «Ұқыптылық әлеміне» жол тартты. (музыка ойналады) Бір күн өтті. Балаларымыз не үйренді екен? Ортаға Ләззат пен Ақерке шығады: Ләззат сәлеметсіздер ме! Біз «Әдептілік әліппесіне» саяхаттап кедлік. Ақерке ал біз «Ұқыптылық әлемінің» қызығын көріп келдік. - Ол жақтан не үйрендіңіздер? 1 оқушы: Әдептілік әліппесі. Ата ананың тілегі, адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі, адал болып өскенің. Әдептілік дегенің әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенін, әуре сарсаң әлегің. Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған, Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан. Тәртіпті бала сүйеніш, төбеңбір көкке жетеді, Тәртіпсіз бала күйініш, төмеңдеп басың кетеді. Ұрыншақ бала жаныңда, ұрыс пен еріс, айқай шу, Ұстамды бала маңынан, ұнамды қылық байқайсың. Шындықты сақтаймыз, шыншылды жақтаймыз, Шаршы топ алдында, шығарып мақтаймыз.(Е. Ерботин) Сыйлап сәлем беремін көршілерді көргенде, Ізетпен бас иемін, үйге қонақ келгенде, Әдепсіз деп сөкпесін, анама айтып өкпесін.(Қ. Байзақов) Кішіпейілділік. Су құйдым да құманмен, Қолына мен әкемнің, Содан кеін оған мен, Орамалын әпердім.(Ж. Кәрбозин) Үлгілі бала Бақшаны суарып, келеді су алып, Самаурын қайнатып, үйде де, түзде де, Қылығы өнегеұстазы, бізге де.(Т. Елеусізұлы) Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса, Сыйлы болмақ өзі де, Үлкен болған кезіңде.(С. Мәуленов) Ұқыптылық әлемі Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ - табақты. Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны ұста сол қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын, Салдыр - салақ болмағын. Салма ауызға инені, Үзбе жұлып түймені, Ашуланбай, долданып, Жауап бергін, ойланып. Құр бекерге қылқима, Болмашыға бұртима. Іштарлаққа жол берме, Бақталастық білдірме. Мақсат қоймай алдыңа, Қыдырып құр қаңғыма. Сыйла үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді.(Е. Өтетілеуов) - Керемет! - Балалар келесі кедергі «Сиқырлы үңгір». Бұдан өтсеңіз «Суреттер әлеміне» тап боласыңдар.(музыка ойналады) - Бір күн өтті. Балаларымыз не үйренген екен? II. Тақтаға сурет ілінеді.
1. Суреттер бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттері жайлы әңгімелейді. III. Адамгершілік, сыпайылық туралы сұрақтар қойып, жауабың тыңдау. Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек? Қонақ келгенде бала не істеуі керек? Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек? Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек? Көшеде қалай жүру керек? - Өте керемет! - Балалар сендер өз еңбектеріңмен Ерті атайдың кедергілерінен жақсы өтіп саяхатын тамашалдыңдар. Енді ертегі атайдың беріп жіберген «Лунтик», немесе «Айдан келген жат жерлік» мультфильмін қарайық. - Балалар бұл «Лунтик» мультфильмінен не түсіндіңдер? Балалардың жауабы: - Кузя тіл алмағандықтан кәмпитті көп жеп тісің ауыртып алды. Ал, Лунтик оған ескертті. Кузя қатесін түсініп істеген ісіне өте қатты өкінді. Енді тілалғыш болатынына уәде етті. - Жарайсыңдар! - Ендеше әдепті Лунтикті мүсіндейік. (ермексазбен жұмыстанады, күй ойналады). - Ертегі атай сендерге сыйлық беріп жіберген. Сыйлықта не берілген? - Балалардың жауабы: Күн. - Күнге қандай көңіл күй беруге болады? - Балалардың жауабы: Көңілді күй. - Ендеше қарындаштарыңды алып салайық. - Балалар осы сыйларыңмен бөліскілерің келе ме? - Балалардың жауабы: Әрине бөліскіміз келеді! - Ендеше келген қонақтарға сыйлықтарды «Мынау сізге» деп ұсынайық. (балалар келген қонақтарға сыйын ұсынады). Есік қағылады. Ішке бір қыз бала кіреді қолында хаты бар. - Сәлеметсіңдер ме балалар мен мына хатты оқып түсінбедім кім маған хатты оқып жауабын бере алады? - Қане балалар көмектесеміз бе? Балалардың жауабы: Әрине көмектесеміз. Құпия хаттарға жауап беру. Ләззат қыздың қолындағы хатты оқиды: 1 - хат. «Құрметті достар!» Менің көршімнің бір баласы бар. Өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Менімен күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба, әлде? Хаттың жауабын берген соң 2 - хатты Дильназ оқиды: Құрметті достар Партада менімен бірге бір бала отырады. Үйінде ойнап - ойнап, тапсырмасын орындамайды, жазбай келеді. Мұғалім сабақ сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, сен сараңсың дейді. Мен не істеуім керек?» Хаттың жауабын береді. - Жарайсыңдар! - Балалар кім тыйым сөздер біледі? Ортаға бір ұл, бір қыз шығып тыйым сөздер айтады. Тыйым сөздер: Ақты төкпе. Нанның қиқымын шашпа. Түнде терезеден қарама. т. б. - Жарайсыңдар! - Сендер бүгін әдептілі жайында көп теген нәрселерді білдіңдер. Әрқашанда әдепті болып жүре беріңдер. Тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
,
Дін - тәрбие бастауы
Тақырыбы: «Дін - тәрбие бастауы» Мақсаты: Білімділік – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, Ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі Нақыл сөздер, интерактивті тақта. Сабақтың жүрісі I. Кіріспе сөз - Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Құран - Шариғат» бағыты бойынша өтетін «Дін - тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! II. Мұсылман діні туралы Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған, Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған – Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді Мүтәліб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Ислам дініне үгіттеген. Діни ұғым бойынша Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атаймыз. Ол мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші қасиетті кітап Құранда 144 сүре бар. Оның ең қысқа сүресі 3 аяттан тұратын «Кәусар», ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі. Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі. Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек. 1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау. 2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу. 3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау 4. Қажылыққа Меккеге бару. 5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру) Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді. Қасиетті Құран кітабын дәрет алып қолға ұстағанда «Биссмиллаһир - рахманир - рахим» деу керек. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды. Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орыны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті. III. Хадистер. Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Өз жолына иланғандарға Мұхаммед пайғамбар үйреткен ережелер: 1) 1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір. 2. Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің мазақтама. 3. Өзара аңдыспа. Басқаның сенімін алдама. 4. Досыңды сыртынан жамандама 5. Ұрлық жасама. 6. Заңсыз іске араласпа. 7. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма. 8. Біреудің осалдығын дабырлатпа. 9. Хайуанаттарға қатігездік жасама т. б. 2) Мұхаммед пайғамбар шындықтың адамдарды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтірік күнәға батыратынын ескертеді. «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» деп үндеді. Адамның ең ұлы қасиеті – адалдық. Өмірді адалдық қана нұрландырады, жан тазалығына жеткізеді. 3) «Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей де қалсын» дейді екен пайғамбар. Бірақ қайырымдылық қайыр – садақамен ғана шектелмеген. Айталық: біреулердің басқаларға жылы шырайы, жолдан адасқанға жөн сілтеу, жол үстінде аяққа оралға шөп - шалаң, тас - кірпіштерді алыптастау, соқырды кедергіден өткізіп жіберу, тіл қатқан адамға сыпайы сөйлесу, әлде біреуді сабырға шақырып, сабасына түсіру. 4) Әке - шешені пайғамбар қатты құрметтеді. «Жұмақ ананың табанында» деді ол. «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші». Бір күні пайғамбарға әлдекім келіп: Айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек? - деп сұрапты. «Өз анаңа» деді пайғамбар. «Тағы кімге?» деді әлгі адам. «Анаңа» деп жауап берді пайғамбар. «Сонан соң кімге?» деді сұраушы. «Өз әкеңе» деді пайғамбар. Кім ата - анасына қандай жақсылық көрсеткен болса, соны өзінің бала - шағасынан көреді. Күнәлардың ең үлкені – ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, кейіп, сөз қайтармауымыз керек, яғни ата - анамызды ренжітуден аулақ болуымыз керек. 5) «Білім игеріңдер» деді пайғамбар өзіне ілескендерге. Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ. 6) Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киініп жүруге міндетті. Ислам қағидалары бойынша киім - кешектің екі түрлі қызметі бар: адам денесін ыстық - суықтан қорғайды, сондай - ақ адамға көрік, сән береді. Мұсылман баласы ерекше қымбат киімге әуес болмағаны дұрыс. 7) Жәрдем немесе қайыр садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа, тағы бірдеңең артылып қалса ағайын - туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер. 8) Адамдармен үнемі ұрыс - керіс жағдайында болу күнәһар атану үшін жеткілікті. Ашу қыса бастаса сабыр сақтау керек. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын. Оттың ағашты жалмағаны сияқты, ашу - ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды. 9) Тістерің мен саусақтарыңды күтіп ұстаңдар! Өйткені олар – тазалық, ал тазалық имандылыққа шақырады, ал имандылық өз серігімен бірге жұмақта болады. 10) Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Құтқарушы адал сияқты көрінсе де өтіріктен аулақ болыңыз, аяғы қасіретке соғады. IV. Көрініс: «Ата мен бала» V. Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары. Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтанын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады. Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып, артынша амандық сұрасып, бір - бірін қонаққа шақырады, өзара жақсы тілектер айтып, ерекше қуанышпен атап өтеді. Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады. Мәуліт мерекесі. Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады. Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді. Құрбандық шалу – Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады. VI. Имандылық туралы өлеңдер. Ш. Құдайбердиев «Адамдық борышың» Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл, Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен. Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін, Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін. Өміріңді сарп қыл өлгеніңше, Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт – осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!
Кісіге адамшылық неге керек? Кісіге адамшылық неге керек? Адамдық өзге айуаннан артық демек. Ит талаған төбеттен қалай дейсің Аямай әл келгенді жұлып жемек?
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар, Артылған жерің қайсы онан бөлек? Үнемі сен жеріңді қайдан білдің Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.
М. Тазабеков «Руханият» Көрініс: «Уәзір мен кедей» Имандылық туралы мақал - мәтелдер 1. Ата жолы - адамдық, ана жолы – адалдық. 2. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі. 3. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік 4. Алғыс алған алтынға жолығады. Қарғыс алғанның аты жоғалады. 5. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді. 6. Мал – бір жерге, иман бір жерге. 7. Ұяты жоқтың иманы жоқ. 8. Қадірлесең, әр тін қадір. 9. Сеннен - әрекет, Алладан – берекет. 10. Молда болғаннан, адам болған қиын. 11. Сұрай - сұрай Қағбаға да жетерсің. 12. Хақтың жолы – бір, жалғанның жолы – мың. 13. Жалғыздың жары – құдай. 14. Жаманмен жүздесу жаһаннам. 15. Әкбар бермейді – Алла береді. 16. Семсер, құран серті – бір.
Ақиқат жолы (Ғ. Төлегенқызы) Өміріме нұр құяр Құран шырақ. Ойыма салмас ешбір тұман - сызат. Айнымастан әрқашан сеніп өтем Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ
Ең бірінші сенемін – Жаратқанға Екіншіден сенемін Хақ сөзіне Үшіншіден сенемін Пайғамбарға Бас иемін Алланың жарлығына.
Қанатын қырандардың қайырмағай Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай Жаратқаным жар болып бәрімізге Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.
- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық. Хор «Атамекен»
Мамандық таңдау (өзін - өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақ жоспары)
Жарияланды 14-02-2014, 16:01 Категориясы: Бастауыш сынып
Өзін - өзі тану пәнімен ықпалдастырылған сабақ жоспары «Мамандық таңдау» Әдебиеттік оқу пәні 3 - сынып
Сабақ тақырыбы: Мамандық таңдау Білімдік мақсат: Мамандық типтері туралы ұғым беріп, құндылықтар жайлы дүниетанымын кеңейту. Мәнерлеп оқу, теріп оқу, дұрыс оқу машықтарын жетілдіру. Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Тәрбиелік: Оқушыларға мәртебелі мамандықтарды ардақтауға; мамандық иесін қадір тұтуға тәрбиелеу; әрбір мамандық иесінің қоғам игілігі үшін тер төгетінін оқушы санасына сіңіру. Дамытушылық: Шығармашылық қиялын, танымдық процестерін дамыту; ой тұжырымдау және өз пікірін дәлелдеуге, пікірін еркін айта білуге машықтандыру. Әдістер: Ізденушілік, зерттеушілік, семиотикалық, сұрақ - жауап, сөздік, көрнекілік. Көрнекіліктер: Мамандық суреттері, теледидар, магнитофон үлестірмелі карточкалар, Т.Молдағалиев портреті. Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг. Мен қандаймын? Шарды бір - біріне бере отырып, әр оқушы өзін - өзі сипаттайды. Шарты: Өзінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен келетін қасиетті қосып айту керек. Мысалы: Жаны жайдары Жүсіпбекпін.
II. Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Әңгімелесу. - Балалар, сендердің өздерің атаған қасиеттер сендердің болашақ өмірлерінің жарқын болуына қызмет етеді деп сенемін. Ал адам өміріне не қажет? Осы қажеттіліктерді екі топқа бөлуге болады: рухани және материалдық. Рухани қажеттіліктер: білім, өнер, музыка, ғылым. Материалдық қажеттіліктер: киім, үй, машина, асыл тастар, т. б. Ал осы қажеттіліктерге қалай қол жеткізуге болады? - Тек еңбек арқылы ғана. - Ал еңбек түрлері қандай? (ой және дене еңбегі) - Ал өздерің атаған қажеттіліктерді игеру үшін бізге нені игеру қажет? - Мамандық түрін, кәсіпті игеру қажет. - Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар? - жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет? - Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен? - Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар? - Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар? - Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады? - Ендеше, біз бүгін мамандық туралы пікір алмасамыз, ой бөлісеміз, сызба дайындаймыз, білімімізді кеңейтеміз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Ине, біз, жіп қою. - Кімнің құралдары? - Материалдық қажеттіліктің ішіндегі ең маңыздысы – жылы киім. Ал тігінші мамандығы туралы не білеміз? Ол үшін үйге берген тапсырмаларды қалай орындап келгенімізді ортаға салайық. 1 – топ. Мәтінді мәнерлеп оқу. 2 – топ. Мәтінді тізбектей әңгімелеу. « Эстафета». 3 - жаққа айналдырып әңгімелеу. 3 – топ. « Киім қалай пайда болады?» тақырыбында мәнжазба дайындау. 4 – топ. Мәтіндегі кейіпкердің іс - әрекетін бағалау және негізгі ойды анықтау. Мақал арқылы қорытындылау. 5 – топ. Қазақтың ұлттық киімдерінің суреттерін жинақта. Қолөнер шеберлері туындыларын ата. 6 – топ. Кестені толтыр. 7 – топ. Кроссворд дайында.
Бейнелеу өнері-3сынып. «Сәндік қолданбалы өнер. Сырмақ.» Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектеп. Жоғары санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:Кажымуратова Венера Санкибаевна
Сабақтың тақырыбы: Білімділік мақсаты: Қазақ халқының қолөнері жайлы мағлұмат беру, сәндік сурет салуға оқушыларды баулу, шығармашылық елестету қабілетін, көркемдік талғамын дамыту. Киіз, сырмақ, текемет, тұскиіз туралы қысқаша мағлұмат беру; Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сәндік нақыштарды бейнелеуде өрнектердің ретімен орналастырып үйрету, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту; Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу; Сабаққа қажет материалдар: Мұғалім үшін: интерактивті тақта, көрнекілік иллюстрациялар, қолөнер бұйымдарының үлгілері, «салқын», «жылы» түстер таблицасы, «спектр» шеңбері, шаблондар, Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі. Оқушылар үшін: альбом, акварель краскасы, қылқалам түрлері, карандаш, өшіргіш, фломастер түрлері. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау.
Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа сабақ: ІV. Сарамандық жұмыс V. Үйге тапсырма VI. Сабақты қорытындылау.
Болжау стратегиясы: – Балалар мына бейнеден не көріп тұрсыңдар? (киіз үй есігі) – Бұл есіктің артында не болуы мүмкін? ( оқушылар жауаптары) – Бұл бұйымдарды кім жасауы мүмкін?(оқушы-дың болжамдары) – Дұрыс. Бұл қолөнер туындылары.
Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының қолөнер бұйымдарының тарихымен танысамыз. Қазақ халқының қолөнері өте ерте заманнан бастап дамыған. Халық іскерлік қолөнер негізінен үй кәсібі негізінен дамыған деп айта аламыз. Барлық уақытта халық шеберлері бұйымдардың тек қана пайдалы ғана емес, сонымен бірге сыртқы бейнесі сәнді болуына да көп мән берген. Тұрмыс заттарын жасап сәндеуде халық суретшілері сәндік өрнектің түрлі үлгісін ойлап тауып пайдаланды. Сабақ барысында оқушыларға ою-өрнекпен безендірілген тұрмыстық заттардың суреттерін көрсете отырып сәндік-қолданбалы өнер – халықтың өнері екенін түсіндіремін. Халық тұрмыстық заттарын жасап қана қоймай, оған қажет пішіні мен сипат берді, сол заттардағы әсемдікті аша көрсетіп, оны ұрпақтарға жеткізуге тырысқан. Сәндік қолданбалы өнер ою-өрнекті, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруде пайдаланған. Қазақ қолөнерін төрт топтқа бөлген. Олар: ұсталар, зергерлер, ісмерлер мен шеберлер.
Ұсталар – найза, қылыш, қанжар, қалқан, семсер, т.б. қару жарақ түрлерін жасаған. Зергерлер – білезік, сырға, сақина, шашбау, қапсырма, сәукелеге тағылатын қымбат металдардан (алтын, күміс ) соғылған әшекей бұйымдар жасаған. Ағаш шеберлері – киіз үй сүйегінен бастап, сандық, асадал, ожау, тостаған, қобыз, домбыра, бесік, шана, арба т.б. бұйымдар жасаған. Ісмерлер – камзол, шапан, құрақ көрпе тігумен, тұс киіз, алаша тоқумен, сырмақ, текемет басумен айналысқан. Ою-өрнек – өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Байқап отырсаңыз киіз, ағаш бұйымдарында көбінесе мүйіз өрнектерін қолданатынын көреміз. Сонымен бірге өрнек ою-өрнек элементтерінің ретімен қайталануына негізделген.
Оюларға сүйсініп, қайран қалып тұрасың. Көре білсең түсініп, одан көп сыр ұғасың демекші қазақтың тарихын, өмірін өрнектер бойынша оқып білуге болады.
Балалар бүгінгі сабақта: киіз, сырмақ, текемет, тұскиіздермен танысып, бейнелеп үйренеміз. (Интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі) Киізді – ақ және сұр түсті қой жүнінен үлкен көлемде басып, киіз үйлердің сыртын қаптауға, төсеніштердің астына тастауға пайдаланған. Сырмақ – деп ақ және қара түсті қой жүнінен басылған киізді пайдалана отырып өрнектерін бірдей қылып ойып, безендіріп, жүн жіппен сырып тігілген төсенішті айтамыз.
Текемет – қой жүнін түрлі – түсті бояуларға бояп, илеп, басылған төсенішті айтамыз. Тұскиіз – жарға ілуге арналған, бархыт матасынан ою – өрнектерді қиып, киізге көмкеру арқылы тігіп жасаған. Берілген схема арқылы өрнек элементтерін орналастыру бағытын интерактивті тақтаға сызып көрсетемін. Сырмақ түрлерін бейнелеуде оқушылар мынаны естен щығармау керек: – Өрнек элементтерін симметрия осьтерін ескере отырып салу; – Өрнек элементтерін бояй отырып, суреттің түстік үйлесімін табу; – Өрнектердегі контраст түстерді сауатты пайдалану; – Көмекші сызықтарды қатты баспау;
ІV. Сарамандық жұмыс:
Бүгінгі сабақта әр топқа берілетін тапсырма түрлері: Сырмақ суретін салуға – «қарылғаш» өрнегінің шаблондары беріледі; Текемет суретін салуға – «қызғалдақ» өрнегінің шаблондары берілед; Тұскиіз суретін салуға – «қошқар мүйіз» өрнегінің шаблондары берілед; Оқушылар шаблондарды алып өрнек композицияларын құруға кіріседі. Балалардың ой-өрісінің дамуына, қиялына, өзін еркін ұстауына, ойлауға саз әуені психалогиялық тұрғыдан жақсы әсер етеді. Сондықтан оқушылар жұмысқа кірісерде Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйі қойылады. Сабақ соңында жақсы орындалған жұмыстарға тоқталып, қате жұмыстарға ескертулер айтылады.
VІ.Үйге тапсырма:
түс үйлесімдіктеріне байланысты «салқын», «жылы» түстерін араластыра отырып өрнек түрлеріне композиция құрып келу.
VІІ.Сабақты қорытындылау:
«Қолөнер» сөзіне топтастыру стратегиясы бойынша, оқушылар үйден орындаған шығармашылық композициялары арқылы сабақ қорытындыланады.
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан (1 - сынып) Біздің Отанымыз – Қазақстан (3 - сынып) Мақсаты: Еліміздің жері, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарың қалыптастыру. Отаны туралы білімдерін кеңейту; Отан сүйгіштікке баулу; Жан – жақты дамыту; Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, топтау, дәлелдеу, сипаттау, жинақтау Сабақтың көрнекілігі: Сөз жұмбақ, кесте, суреттер, интерактивті тақта Сабақтың түрі: Дамыта оқыту Сабақ барысы I. КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ. Бағдарлау - мотивациялық кезең «Қызықты ұйқастар» шешу арқылы білімімізді қорытындылаймыз. «Қызықты ұйқастар» 1. Өрмекші құрды тұзақ Менің ұлтым... /қазақ/ 2. Аман болсын қарттар Суықты болар.../қаңтар/ 3. Құт - береке жауғыз, Келе жатқан.../наурыз/ 4. Ашытылған қамыр Мерекелі... /мамыр/ 5. Суда жүзер сазан Айдың бірі... /қазан/ 6. Биіктеуде жас қала, Бас қаламыз... /Астана/ 7. Менің досым салмақты Бұрынғы астанамыз.../Алматы/ 8. Партаның бетін жырма Күзде басталады.../қырман/ 9. Тынықтырар түн Қуаныш сыйлар.../күн/ - Шешілген қазақ, қаңтар, наурыз, мамыр, қазан, Астана, Алматы, қырман, күн сөзінің әрқайсысына сәйкес үй тапсырмасы бойынша білімдері бекітіледі. Мысалы: Қаңтар айында қандай мереке бар? Наурыз айында ше? Т. б. - Ұйқастарды шешу барысында қандай сөзді шығарып алдық? -«Қазақстан» - Ендеше «Біздің Отанымыз - Қазақстан» атты жаңа сабағымызды бастаймыз. 1. Өткен күн. Баяғыда көп жылдар бұрын 15 республика бірігіп, Кеңес Одағында өмір сүрді. Олар тату, бірлік қарым – қатынаста болды. Уақыт өте әр республика өздері тәуелсіз ел болғысы келді. Сөйтіп біздің Отанымыз – Қазақстан да 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. Кеңес одағының құрамына кірген елдер (картадан көрсетіледі) 2.«Елдер достығы» /картамен жұмыс/ Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым - қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік. Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар. ІІ. Сараланған бөлім. Операциялық - орындаушылық кезең. 1. Суретпен жұмыс. 2. Оқулықтан тыс жұмыс. Ақтөбе қаласы бойынша төмендегідей негізгі өнеркәсіп өнімдері өндіріледі: Мұнай Ілеспе газ Хром рудасы Ферро қорытпа Ақтөбе облысы бойынша мынадай кен байлықтары бар: Никель Мыс Мұнай Конденсат Хромит рудасы Алтын Асбест Фосфорит 3. Оқулықпен жұмыс. «Менің Отаным - Қазақстан» мәтінін оқушылар оқиды және түсінгенін айтады. Мұғалім мәтінді оқу барысында қосымша мағлұматтар беріп отырады. 4. Дәптермен жұмыс. Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер: Ресей Түрікменстан Өзбекстан Қырғызстан Қытай ІІІ. Кіріктірілген бөлім. Рефлексиялық - бағалау кезеңі. Сын тұрғысынан сұрақтарға жауап беру (иә, жоқ) 1. Қазақстан жері кең байтақ 2. Қазақстан 5 мемлекетпен шектескен 3. Астанасы – Алматы 4. Ұлты қазақ 5. Пайдалы қазбаларға өте бай 6. Өсімдіктер әлемі алуан түрлі 7. Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық - өзендер 8. Ту, Елтаңба, Әнұран еліміздің рәміздері 9. Мемлекеттік тіл – орыс тілі 10. Менің Отаным – Қазақстан Отанға деген құрмет сезіммен еліміздің Әнұранын орындайық. (Әнұран орындалады.) Бағалау. Үйге тапсырма: «Менің Отаным - Қазақстан», «Біздің Отанымыз - Қазақстан». Мазмұнын айту
Кешірімшілдік көңіл кеңдігі
Сабақтың тақырыбы: Кешірімшілдік көңіл кеңдігі Құндылығы: сүйіспеншілік Сабақтың мақсаты: Айналада қоршаған адамдарға кешіріммен сүйіспеншілікпен, түсіністікпен, ізгілікпен қарау адам бойындағы жақсы қасиеттер екенін түсіндіру. Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, ақ қағаз, дәптер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі
І. Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен. Баяу әуен қойылады.(Ескерту: егер бұл сабақты ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан үй тапсырмасын тексеру мақсатында, алдын ала оқып келуге берілген. М.Мақатаевтың «Күндестік құрысын»өлеңіне сұрақтар қою. ● Адамдар арасында реніштің тууына не себеп болады? ● Күндестік, бақталастық деген сөзді қалай түсінеміз? ● Адамдарға тек қуаныш сыйлау керек деген пікірмен келісесің бе? Неліктен? ● Ақын бізге не айтты?
ІІІ. Дәйек сөз Сабақтағы берілген тақырыпқа байланысты, оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтып үйрену мақсатында А. Йгүнекидің «Кешіре білген адам - күшті адам» деген қанатты сөзіне көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талдауға ұсынылады.
Қорытынды сөз: Кемшіліксіз адам болмайды. Білместіктен тәжірибесіздіктен қателесулер болады. Қателесу - кінәлі болу, Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап, қатесін түзете білу ақылдылықтың, қайраткерліктің белгісі.
ІV. Әңгімелесу Оқушылардың берілген тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу, тәлім - тәрбие алу, адамдық құндылықтарды үйрену мақсатында. Төле бидің тоғыз жасар Жетеске берген батасын айту. Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады, оданда өлмейтін, өшпейтін, көкейден еш кетпейтін батаңызды беріңіз - дейді. Сонда Төле бидің батасы: (Оқушылар қолын жаяды) Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атаса болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол! Ақты ақ деп бағала, Қараны қара деп қарала Өзегің талса, өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала! Өзіңе өзің кәміл бол, Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол, Досыңа адал бол!
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі баста ұстанымы, қағидасы болған? Қазақ данышпандарының осы бағытта айтқан қандай ұлағатты сөздерін мысалға келтірер едіңіздер? Осы батадан қандай ой түйдіңіздер?
V. Шығармашылық жұмыс Оқушыларға тек қана ақпараты беріп қана қоймай, өз бетімен іздену мақсатында өлең жолдарын өз ойларымен құрастыруға беру. Тұрғанда сан алуан ғасыр күдік, Тәрбиеге береді.......................... Адамдық, азаматтық, ақ көңілділік, Әркімге ең қажет............................. Бәрімізден табылса құп жарасар. ....................................., рақымдылық. Бәрінің бастауы -............................. Тереңірек ой....................................
VI. Топпен ән айту Оқушыларды бір сәт сергіту мақсатында, Жарылқасын Дәулеттің әні «Қазақ елі» әнін айту.
VII. Дәптермен жұмыс Дәптерде төмендегі дей тапсырма берілген: Бірінші бағанға өзіңе жақын адамдарда жазыңдар. Екінші бағанға жақын адамдарыңнан не күтесің, соны тізбектеп жазыңдар. Жақын адамдар Олардан не күтесің?
VII. Үй тапсырмасы 12 - сабақтағы «екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу. VIII. сабақты қорытындылау, Тыныштық сәті. «тыныштық әні»
Класы: 8 «б» Тақырыбы: Кешірімділік - көңіл кеңдігі Мақсаты: 1.Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың пайдасы туралы түсіндіру. 2.Өз ойларын еркін айта білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. 3.Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу,тренингтер. Көрнекілігі: слайд, гүлдер, үнтаспа. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: -Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындау. Үй тапсырмасын тексеру: -Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды шаттық шеңберіне шығарып «Адам» әнін орындау. -Балалар сендер кешірімділік, кешірімді болу деген сөздерді қалай түсінесіңдер? -Өкпелеп , ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер? -Сені қандай жағдайлар өкпелетіп,ренжітеді? -Басқаларға деген өкпе-назыңа үңіліп көрдің бе? т.б. Дәйексөзбен жұмыс: «Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды». -Балалар осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Балалар жауабы) - Енді балалар дәптерлерімізге адам бойындағы қандай кемшіліктерге жол бермеуі керек деп ойлайсыңдар соны тізбектеп жазыңдар. Жаңа ақпарат. Адам адам болған соң қателеспей тұрмайды, қателескен жағдайда біз көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып өкпе-реніш танытамыз.Қателеспейтін адам болмайды сондықтан кешіре де білу керке. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өкпе,реніш адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа нұқсан келтіріп,өзара түсінбеушілік туғызады.Сол себепті өкпе,ренішке бой алдырмай,адамдарға түсіністікпен,ізгілікпен,құрметпен қарауға ұмтылу керек. Өкпе,реніш-адамның көңіл күйіне,денсаулығына кері әсер етеді.Айналаңа ылғи өкпелеп,ренішпен қарау,риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады. Жағдаятты шешу. Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді.Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды.Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманды кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп, кішірейетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды.Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алу керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды. Тапсырма: Берілген өлең жолдарын оқыңдар. Ондағы ой тұжырымдарды Көзқарас
Себеп
Мысал
қорытындылау әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар. - Балалар адам өмірде кешіре білуі ғана емес кешірім сұрай білуіде керек, яғни адам өз кінәсін мойындай білуі керек. - Қалай ойлайсыңдар кешірім сұраған оңай ма әлде кешірген оңай ма? Ойын: Кешірім гүлін сыйлау. - Балалар сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір-бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап кешірім гүлін сыйлайды.) Сабақты қорыту: Топтастыру әдісімен жаңа сабақты бекіту. Балалар берілген сөздерді барлығы хормен айтады.
Мейірімділік Ақылдылық Ізгілік Кешірімділік Рақымшылдық Адамгершілік Азаматтық Ақкөңілділік
Үйге тапсырма: Дәптерде 21-22 беттердегі тапсырмаларды орындап келу және «Достарым » әнін жаттап келу. Жүректен жүрекке шеңберіне тұрып, оқушылар «Мен ризамын....» атты тренингте бір-біріне ризашылықтарын білдіреді. Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысы«Кешірімділік көңіл кеңдігі» - ашық сабақ тегін жүтеп көре аласыз.Тәлімгер.орг сайтындағы «Кешірімділік көңіл кеңдігі» атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгер сайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ, презентацияреферат мақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. «Кешірімділік көңіл кеңдігі» Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады