Менің елім-Қазақстан 3 сынып Мұғалім : Муратова М. Қ. Сабақтың эпиграфы: « Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» Ә.Н. Назарбаев Сабақтың тақырыбы: Менің елім-Қазақстан Сабақтың мақсаты:Өз елі жайлы қысқаша әңгіме құрай білу дағдыларын қалыптастыру Сабақтың міндеттері: Білімділік: Мәтінмен жұмыс жасай отырып,оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық:Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту, іздендіру,шығармашылыққа баулу. Тәрбиелік: Туған жерін, қаласын сүюге,ардақтауға баулу. Көрнекілік:Қазақстан картасы, тапсырмалар,домбыра,суреттер. Меңгерілетін сөздер:Ел,Отан,мақтан етемін,сүйемін. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Тапсырмалар, сұрақ-жауап, көрнекілік, сергіту,оқу,жазу,аудару Пәнаралық байланыс: музыка, орыс тілі Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу Қонақтармен амандастыру -Қазір қандай сабақ? -Сыныпта кім кезекші? Сабақты бастау «Ризамын»әнімен көңілдерін көтеру Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, тақтаға назар аударыңдаршы. -Сендер суреттен не көрдіңдер? -Иә, дұрыс біз тақтадан Қазақстан елінің суретін көрдік. -Как называется наша страна, в которой мы живём? (Казахстан, Республика Казахстан) -Бүгінгі тақырып қандай деп ойласыңдар? -Иә, дұрыс бүгінгі тақырып: Менің елім-Қазақстан .Бұл сабақ Ел тәуелсіздігінің 24 жылдық тойына арналады. Это урок посвящается к 24-и летию Независимости нашего государства. 24 жұлдызды күннің бірі 14 желтоқсан -Мемлекеттік тіл күні. Сабақта көңіл-күйіміз көтеріңкі болу үшін күннің көзі шуағын шашып тұрады. Бүгін сабақта біз сөз тіркестер, сөйлемдер құрастырамыз, мәтінмен жұмыс жасаймыз. Дәптерді ашайық, Қолға қалам алайық, Бүгінгі күнді жазайық Үй тапсырмасын тексеру: 1. Еліміз қалай аталады? 2.Президентіміз кім? 3 Мемлекеттік тіл? 4.Қазақстанның Рәміздері? 5.Қазақстан қандай?(үлкен,бай) Жаңа сабақ Сөздікпен жұмыс: -Сөздердің мағыналарын түсіндіру; -Мұғалімнен кейін қайталату; -Жекелей оқыту, сөздікке жазғызу; Жаңа сөздерден сөйлемдер құрату.Тақтамен жұмыс Мысалы:Мен туған елімді сүйемін.Менің Отаным –Қазақстан. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудар: Қазақстан –менің Отаным.Қазақстанның табиғаты әдемі.Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Астана-Қазақстанның бас қаласы.Петропавл- менің туған қалам. Оқулықпен жұмыс 88-бет, 3- жаттығу Диалог құрастыру -Майра,біздің республикамыз қалай аталады? -Біздің республикамыз-... -Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? -Қазақстанда ....,.....,.... тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. -Олар қалай тұрады? -Олар ....тұрады. Сергіту сәті: Мынау-менің тауым, Мынау-менің көлім. Мынау-менің елім, Туып өскен жерім. Жазылым.Дәптермен жұмыс. Елім, жерім сөздерін тәуелде: Менің жерім Менің елім Сенің жерің Сенің елің Сіздің жеріңіз Сіздің еліңіз Оның жері Оның елі «Әрі оқу, әрі ойын»Аудар: 1.Действие-әрекет, 2.Облако-бұлт, 3.Мальчик-бала Государство- .... Национальность-.... Город-.... Сабақты бекіту Фонетика әлемінде Мұнда мұғалім тақтаға әр қатарға мақал жазады. Мақалдарда дауысты, дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады 1-қатар Отанс..з ад...м - о..мансыз б...лбұл. 2-қатар Ту...ан ж..р- алт...н бес...гім. Сабақты қорыту Сонымен біз қандай тақырып өттік? Қазақстанда қандай мереке тойланады? Мерекеге қандай тілектерің бар? Кристина-Қазақстаным гүлдене берсін! Женя-Менің Қазақстаным әдемі болсын! Ербол- Қазақстанда адамдар тату болсын! Олжас-Қазақстанда байлық көп болсын! Рамиль –Қазақстанда ақылды оқушылар көп болсын! Кирилл-Елу елдің қатарына енсін! София- Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Ән «Біз –өмірдің гүліміз!» Бағалау : Жақсы қатысқан оқушыларды атау,бағаларын күнделіктеріне қою. Үй тапсырмасы:Сөздерді жаттау,Отан тақырыбына сөйлем құрастыру. |