kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мені? досым" н?тиже саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Мені? досым

Ма?саты: — О?ушыларды? ?орша?ан ортамен ?арым-?атынасын  жа?сарту;

-О?ушыны? ?з ойын еркін айту?а ?йрету;

-О?ушыны? достарына деген к?з?арасын аны?тау;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мені? досым" н?тиже саба?»

Күні: Сыныбы:1

Тақырыбы: Менің досым

Мақсаты: — Оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын  жақсарту;

-Оқушының өз ойын еркін айтуға үйрету;

-Оқушының достарына деген көзқарасын анықтау;

-Жеке тұлға аралық қарым-қатынастың мүмкіндігін және дағдыларын    қалыптастыру;

-Өз қылықтарын және  өзгенің де талдай білу мүмкіншілігін дамыту;

Сабақтың құрылымы:

1. Қуаныш шеңбері.

2.  Менің жағымды , жағымсыз қасиеттерім.

3.- «ДОС»  деген ұғымды қалай түсінесің?

-Достар  қандай  болу керек?

-Қалай ойлайсың, сенің досың  бар ма?

-Сен нағыз дос  бола аласың ба?

4. «100 тенгең болғанша,100 досың болсын» деген мақалды қалай түсінесің?

5. «Жақсы дос» ойыны

6. Дос туралы бейнефильм

7. Жүректен  жүрекке…

8.Қорытынды.

Көрнекілік:  қалам, А4 беті, ватман, түрлі-түсті маркер, сазды әуендер

Қатысушылар:  орта буын, жоғары буын

Өткізу әдісі:  дөңгелек үстел

Сәлеметсіндерме,  құрметті оқушылар! Сендерді «Қуаныш шеңберін» құруға шақырамын. Шеңбер бойымен  жұмсақ жүректі бір-бірімізге бере отырып,көршілеріңізбен амандасып, тілек  айтуларыңды сұраймын…

Тілектеріңе көп рахмет. Жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

Бүгінгі біздің тақырыбымыз  «Мен және менің достарым».

Ең алдымен  әр қатысушы өзіне сай, бір  жақсы әдемі сөз айтады, мыс: ( әдемі, суйікті, нәзік т.с.с) . Содан кейін,  « Менің  жағымды, жағымсыз  қасиеттерім»    жаттығуы бойынша, өзінің бойындағы жағымды , жағымсыз қасиеттерін айтып шығады. Әр оқушыға 3 мин. беріледі.

Бұл жаттығуда оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға болады.Өз ойын толық жеткізуге үйретеді.

Келесі жаттығуда, төмендегі қойылған сұрақтарға жауап береді.

-«ДОС»  деген ұғымды қалай түсінесің?

-Достар  қандай  болу керек?

-Қалай ойлайсың, сіздің досың  бар ма?

-«100 тенгең болғанша,100 досың болсын» деген мақалды қалай түсінесің?

-Сен нағыз дос  бола аласың ба?   Оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, бір-бірін тыңдауға  үйретеді.

«Жақсы дос»  Өзінің жақсы досың туралы ойла, бұл шын мәнінде дос болып жүрген адамың болу  мүмкін. Егер сенің шынайы досың болмаса, онда сен жай ғана елестетуіңе болады. Кіммен енді достасқың келетіні жайында ойлан. Сен ол адам туралы не айта аласың? Сендер бірігіп не істей аласыңдар? Сенің досың қандай? Саған оның қандай қасиеті қатты ұнайды? Сендердің достықтарының әрі қарай нығаюы үшін не істемексіңдер?

Осы  сұрақтар бойынша ойланып көр, сұраққа жауапты қағазға жаза аласың,   суретін  салсаң да болады (15 мин.).

Ал, енді төрт адамнан топқа  бөлініңдер, егер қаласыңдар өз суреттеріңді және шығармаларыңды бір-бірлеріне көрсетуге болады. Бұл жаттығуды орындап жатқанда не туралы ойлағандарыңды айта аласыңдар?  Сендердің  төрттіктеріңдегі балалардың не айтатынын мұқият тыңдаңдар (10мин.).

Жаттығуды талдау:

-Адам досты қалай табады?

— Неліктен өмірде  жақсы достар қажет?

-Біздің сыныпта сенің досың бар ма?

Дос туралы бейнефильм.

Бейнефильм  көрсетіледі, содан әр оқушының өз ойы, пікірі тыңдалады.

Қорытынды сөз.

Мұғалім:    Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін, кіршіксіз, таза, ізгілікті қарым-қатынас.  Бір-бірлерінің  көзқарастары мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Адам досына ғана өз сырын айта алады, шынын жасырмайды. Дос болу дегеніміз-керек кезде қол ұшын беру, сыйлау, қадірлеу. Өзінің жан досы бар адам бақытты.

М.Мақатаевтың «Дос» туралы өлеңінің бір  шумағын  сендерге оқып беруге рұқсат етіндер:

Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген — адамның көрігі екен
Достық деген — ақылдың серігі екен .

Құрметті оқушылар!  Осындай құрмет тұтар,адал, шын жанашыр достарың көп болсын, достарыңды құрметтеп, олармен әрқашан тату болыңдар!

«Жүректен  жүрекке»   Оқушыларды шеңберге тұрғызып,  қол ұстастырып, Жігіттер тобының орындауындағы «Жан досым»   әнін бірге орындап, сабақты аяқтаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"Мені? досым" н?тиже саба?

Автор: Казиева Индира Мейрамхановна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327020


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства