kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің ұстаздарым өзін-өзі танудан ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ааааааааааааааааааааааааааааааааааа ммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммм ччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччччч иииииииииииииииииииииииииииииииии пппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппп

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің ұстаздарым өзін-өзі танудан ашық сабақ»

Мектебі: Благодар орта мектебі

Мерзімі: 26.10.2016ж сабақ №8

Тақырыбы: Менің ұстаздарым

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттері: білім, еңбекқорлық, сыйластық.

Мұғалімі: Қасымхан Лаура Сыныбы: 2 «а»

Оқушылар саны: 25

Мақсаты: «Ұстаз » ұғымы туралы түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушылар бойында білімділік қасиетін ұғындыру.

-еңбекқорлық қасиетін дамыту.

-білімге,еңбекқорлыққа,сыйластыққа тәрбиелеу



Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2. Үй тапсырмасын сұрау: «Бақша ағаштары » мәтінінің мазмұнын сұрау.

Бақша ағаштары.Ы.Алтынсарин.

1.Бақша ағашының тік немесе қисық өсуінің себебі неде?

2.Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

3.Әңгіме қалай аяқталады

1.Мәтін не туралы?

2.Еңбекқорлықты қайдан үйренеміз?

3. Білімділікке қалай қол жеткізуге болады?


3. Дәйексөз .

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.»

Халық мақалы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.

Ұстаздың еңбегін қалай бағалаймыз?


4. Әңгімелеу: «Өнерлі жігіт» (аңыз )

* Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?

* Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсыңдар?

* Білім адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

1.Еңбекқорлық адамға қажет пе?

2.Адам қандай іс –әрекетпен сыйластықты көрсете алады?

3. Білімге құштарлық сенің бойыңда бар ма ?


  1. Шығармашылық жұмыс.Тапсырма.

«Менің ұстазым» тақырыбына өлең құрастыру.

  1. Дәптермен жұмыс.

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындап, жария етеді.

  1. Топпен ән айту:

Жарқын жүзді ұстазым

Сөзін жазған: Ш. Смаханұлы

Әнін жазған: И. Нүсіпбаев.

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып.

Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

Мейір толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды,

Шалыс басқан кезімде,

Кешіресің кінәмді.



7. Үй тапсырмасы. 9- сабақтан Үш дос мәтінін оқу.

8.Сергіту сәті: (3 мин)

-Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы ойларыңды жүрегімізге сақтап,көкейімізге түйіп алайық.

5-т

Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.


Бейне ролик




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің ұстаздарым өзін-өзі танудан ашық сабақ

Автор: Қасымхан Лаура

Дата: 17.11.2016

Номер свидетельства: 359940

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "Жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәнін психологиялық - педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету"
    ["seo_title"] => string(80) "zhalpy_bilim_bierietin_miektieptie_ozin_ozi_tanu_p_nin_psikhologhiialyk_piedagho"
    ["file_id"] => string(6) "353579"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1477850881"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства