Сабақтың тақырыбы: «Менің достарым.Қосамын және азайтамын» (Қосу+),азайту(-) | Мектеп/МҰ: Благодар ом |
Күні: | Педагогтің аты-жөні: |
Сынып/топ | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың оқытылуы мақсаттыры | 0.4.1.1. «+»таңбасын заттар тобының бірігуі және «-«таңбасының заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсініп,қолдану. |
Күтілетін нәтижелер | Барлық тәрбиеленушілер: |
«+»таңбасын заттар тобының бірігуі және «-«таңбасының заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсініп,қолданады. |
Көптеген тәрбиеленушілер: |
«+»таңбасын заттар тобының бірігуі және «-«таңбасының заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсініп,қолдану. |
Кейбір тәрбиеленушілер:. |
|
Тілдік мақсаттар | Тәрбиеленушілер: «+» таңбасын заттар тобының бірігуі және «-» таңбасын азайту ұғымы мағынасын түсіндіре алады. 3+2=5 5-2=3 түріндегі жазуларды педагогтің көмегімен оқиды. Пәндік лексика және терминология Қосу,азайту (алу), «+» «-» таңбалары. Диалог/жазуға қажетті сөздер топтамасы. Талқылау: Заттар тобынан азайту немесе заттарды біріктіру жағдаятты қалай жазылатыны айта аласың ба? Заттар тобынан азайту немесе заттарды біріктіруді жазу үшін қандай таңба қолданылады? 3+2=5 5-2=3 жазуын оқи аласың ба? |
Алдыңғы білім | 1- 5 сандары, артық, кем, тең ұғымдары |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
0-3 минут | Мотивациялық кезең: Педагог балаларға достарымен қандай ойындар ойнайтындарын сұрап диалогты бастайды. -Әдетте достарыңмен қандай ойындар ойнайсыңдар?Ал достарыңмен бірге үй жануарларына күтім жасағанды ұнатасыңдар ма? Сырымның достарын қараңдар.Олар нешеу? 1-тапсырмада олар не істеп жатыр? | Әліппе-дәптер. |
4-6 | Өзектілігі. Педагог жиынтық тақтада (немесе топтағы балалар мысалымен)балалар суретін қояды( мысалы 2 қыз және 3ұл).Содан соң әр балаға бір ойыншықтан немесе қуыршақ мысықтан беріп шығады. -Балалар нешеу?(5) -Ойыншықтар нешеу?(5) -Бұны қалай жазамыз?(5=5) | Әліппе-дәптер. |
7-11 ортасы | Мақсат қойылуы.(проблемдік жағдаят) -Суреттің сол жағында неше мысық,ол жерде не болып жатыр? -Суреттің оң жағында неше мысық,ол жерде не болып жатыр? -Бұл жазуға келе ме?Бізге қандай таңбалар қажет болады?Біз әлі мұндай таңбалалрмен таныс емеспіз.Ал бүгін осы таңбалармен танысамыз. | Әліппе-дәптер. |
12-24 | Жаңаны ашу. Педагог балаларға.егер математикада заттарды біріктірсе ол қосу болатынын ал заттар тобынан азайтылса,ол азайту болатынын айтып түсіндіреді. Екі таңбаны балаларға көрсете отырып,олардың кімнің осыған дейін осы таңбалалрмен таныс екені жөнінде сұрайды. Бұл таңбалардың заттарды қосу және азайту үшін қажет екенін түсіндіреді.Жиынтық тақтасындағы суретке мысалдар жазылады. Педагог 2қыз 3ұл шығарғанды былай жазуға болады:2+3=5 Педагог балаларға ойыншық таратқан кездері 5-1=4 былай деп жазуға болады. Сергіту сәті Қолдарыңды көтеріңдер-бір дейік Көп отырып,қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық,басты бұрдық-екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға,артқа қарадық та-үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. /Б.Бөрібаев/ | Әліппе-дәптер. презентация |
25-30 | Жаңаны қолдану. Педагог әліппе-дәптердегі 1-тапсырмадағы қайта оралып,тапсырмадағы сурет бойынша жазуға қажетті цифрларды жапсыруды тапсырады.Содан соң ауызша жазуды әртүрлі айтып шығуды сұрайды: -3 қосу 1 тең 4,ушке 1-ді қосқанда 4 шығады,үшпен бірдің қосындысы 4-ке тең және т.б. -төрттен 1-ді азайтқанда 3-ке тең,төрт азайту 1 тең үш, және т.б. Өз бетімен орындауға тапсырма беріледі. Әрбір бала тапсырмаларды жеке орындап болған соң педагогтің ұсынысымен үлгі бойынша тексеру жұмысы орындалады. Себет ішінде өлшемі және түсі әртүрлі тоқыма жіп орамы бар.Тапсырмадағы шартты белгілер бойынша оларды қажетті түстермен бояу керек. Тақырыпты бекіту үшін тақпақ мысалдарды беруге болады. Бір ұйде біз нешеуміз? Кел санайық,екеуміз Бас бармағым-әкем Балаң үйрек-шешем Ортан терек-ағам Шылдыр шүмек-мен Титтей бөбек-сен. Бір үйде біз нешеуміз Бір үйде біз (бесеуміз). Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме. Бір алма апама Бір алма әкеме. Нешеуін алады? Нешеуі қалады? Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма Жатып қапты біреуі Нешеуі енді жайылып, Айт,жүргенін айырып. | Әліппе-дәптер. Жиынтық тақта |
25-30 | Рефлексия. -Біз қосу және азайту таңбаларымен таныстық.Сендер қандай жаңа тңбаларды үйрендіңдер?Оларды карточкамен көрсетіңдер.Олар нені білдіреді? Педагог алдыңғы сабақтарындағылардай балаларға өз жұмыстарын сәттілік баспалдағының қағидаларына сәйкес бағалауды ұсынады.Егер сендер (=,, | Сәттілік баспалдағы. |
«Менің мектептегі достарым.Қосамын және азайтамын.(Қосу+),азайту(-) | Мектеп/МҰ № 24 ЛМГ |
Күні: 16.11.2016ж | Педагогтің аты-жөні: Буркитова У, И |
Сынып/топ | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны |
Сабақтың оқытылуы мақсаттыры | 0.4.1.1. «+»таңбасын заттар тобының бірігуі және «-«таңбасының заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсініп,қолдану. |
Күтілетін нәтижелер | Барлық тәрбиенленушілер: |
«+»таңбасын заттар тобының бірігуі және «-«таңбасының заттар тобынан азайту ұғымы арқылы түсініп,қолданады. |
Көптеген тәрбиеленушілер: |
«+»таңбасын заттар тобының бірігуі және «-«таңбасының заттар тобынан азайту ұғымдарын пайдаланып қосу мен азайту әректтерінің жазылуын оқи алады. |
Кейбір тәрбиеленушілер:. |
|
Тілдік мақсаттар | Тәрбиеленушілер: |
«+» таңбасын заттар тобының бірігуі және «-» таңбасын заттар тобынан азайту ұғымдарын пайдаланып қосу мен азайту әрекетерінің жазылуын оқиды Пәндік лексика және терминология Қосу,азайту тең. Диалог/жазуға қажетті сөздер топтамасы. Талқылау: Сурет бойынша заттар тобынан азайту (кету,ұшып кету) және заттарды біріктіру (келк,ұшып келу)әрекетін жазу қалай жүзеге асырылатынын түсіндір? Қосу мен азайтуды жағдаяттарын цифр және таңбалардың көмегімен қалай жазамыз? Суретті қарастырып, (5 3 2 2 3 5) жазуында қай белгі қалып қойғанын анықтай аласың ба? |
Алдыңғы білім | Заттардың саны және санау,1-ден 5-ке дейінгі сандардың тура және кері тізбегі,қосу,азайту. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
0-3 минут | Мотивациялық кезең: Педагог мектептегі достар туралы айтып әңгімені бастайды.Мектептегі достар қандай болуы керек? (Ұйымшыл,достыққа берік) -Ал сендердің,достарың қандай? Сендерді не байланыстырады? Ұйымшылсыңдар ма? | Сынып бөлмесінің суреті. Үлестірмелі материал немесе жиынтық тақта. |
4-6 | Өзектілігі. Педагог жиынтық тақтада немесе үлестірмелі материалдан сынып бөлмесінің суретін қояды да балаларды шығарады.Қосу мен азайту жағдаяттарын түрлендіріп,олардын жазу құрастыруды тапсырады. 2+2=4 3+1=4 5-1=4 5-3=2 | Әліппе-дәптер. Жиынтық тақта |
7-11 ортасы | Мақсат қойылуы.(проблемдік жағдаят) Ал енді 1-тапсырмамен жұмыс істейміз:Суретте баллар сыныпқа кіріп келе жатыр.Ал келесісінде балалар бөлмеден шығып бара жатыр.Біз енді осы жағдаяттарды цифрлар мен таңбалардың карточкалар немес дапсырма көмегімен жазу құрамыз. | Әліппе-дәптер. |
12-20 | Жаңа материалмен жұмыс Балалар әрбір суреттегі жағдаятты түсіндіреді. «+», «-» таңбаларын пайдаланып балалардан артқанын түсіндіреді. Енді біз демаламыз, Айналаны шоламыз, Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйініп,Бәйшешектей иіліп, Біз тынығып аламыз. Жиі-жиі жаттығып Үлкен кісі боламыз. /Б.Бөрібаев/ | Әліппе-дәптер. презентация |
21-28 | Жаңаны қолдану. 2-тапсырма.Қажетті цифрды жапсырып,текшелерден көрсет. Балалар өз беттерімен жұмыс істейді.Содан соң үлгі бойынша өз жұмыстарын тексереді.Бұл тапсырмадан бұрын осыған ұқсас бір тапсырманы жиынтық тақтада орындап көрсету керек.Өтілген материалды бекіту үшін тақпақ есептерді шығаруға болады: Тал басында.Тізіліп, Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да.Үзіліп. Ұшып кетті біреуі, Ізінше оның Жұлынып, Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеу? Қанша қоян аулада Сонша тауық аулада Аяктары он екі, Санап көрші қанекей? Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс 3-тапсырма.Тапсрманы тыңдап,төмендегіше болатындай жапсыр: | Әліппе-дәптер. Жиынтық тақта |
29-30 | Рефлексия. Педагог қандай жаңа санмен танысқандарын сұрап,карточкадан сол санның цифрын көрсетуді сұрайды.Көңіл-күй смайликтерінің көмегімен баллардың жұмысын бағалаңыз. | Смайліктер. |