kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? елім-ма?танышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                     Мені? елім-ма?танышым

Ма?саты: 1. Білімділік: О?ушыларды Отанды с?юге, ?аза? еліні? р?міздерін ?астерлеуге, ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру, ?йрету.
2. Дамытушылы?: О?ушыларды? ой - ?рісін, сана - сезімін дамыту. Ту?ан ел, Отан туралы о?ушыларды? с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру, с?здік ?орын молайту, есте са?тау ?абілеттерін арттыру.
3. Т?рбиелік: О?ушыларды? бойында Отанс?йгіштік ?асиеттерін, ?з елімізді? т?уелсіздігін ?адірлей білуге, оны ?з бетінше ?ор?ай білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: Ойын саба?
Саба?ты? ?діс - т?сілдері: с?ра? - жауап, топпен ж?мыс
Саба?ты? к?рнекілігі:  На?ыл с?здер,?Р - ны? президенті Н. ?. Назарбаевты? портреті, ма?алдар, ?лестірме ?а?аздар,

                                      Б?гінгі т?рбие са?атымызды? та?ырыбы   

                                          «Мені? елім-ма?танышым»  

Барысы:
І.?ызы?ушылы?ты ояту.
      1.?йымдастыру.
     2.Тілек айту.

3. С?зж?мба?

4.  С?ра? –жауап

5. Ой-шолу.

6. ?орытындылау

М??алім:Балалар,сендер б?гінгі  т?рбие са?атында бір-бірлері?е ?андай тілек айтар еді?дер?
О?ушыларды шатты? ше?берінде т?р?ызып  тілектер айт?ызу. «Батаменен жер к?герер» демекші бата тілер бала болар ма екен ?     

                                                                             Кіріспе :

Еліміз 1991 жылы 16 желто?санда ?зіні? т?уелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Б?гінде ?аза?стан елі д?ние ж?зіндегі к?птеген елдермен досты? ?арым-?атынас орнат?ан ?лемге танымал елге айналды. ?аза?станны? т???ыш рет ?з Ата за?ы ?абылданып Т?уелсіздік туы, к?к байра?ы желбіреп, ас?а?та?ан ?н?раны шыр?алуда. Конституцияны? 20  жылды? мерейлі мерекесі тойланды. Отанымызды? ж?регі,елордамыз   Астана  к?ннен к?нге жа?арып г?лденуде. Егеменді т?уелсіз ?аза?станды б?кіл ?лем таныды.

?аза?стан – ?аза? елі, ?ашаннан ата-бабамыз ?оныс еткен жер. ?аза? жері – ?лан – байта?. Жер к?лемі д?ние ж?зінде 9 орында т?р. Жеріні? ке? – байта? болуына байланысты. ?аза?стан жері м?лдір к?лдерге сай, ?айы? мен к?ктеректі ормандар?а, ке? ал?апты жазы? далалы жерлерге бай ?аза?станны? жер ?ойнауынан барлы? ?азба байлы?тар кездеседі.   
А?ын – жазушыларымыз   
?андай с?лу, ?андай к?ркем,   
                                                      С?зж?мба? «отан »

  1. ?лттарды? бірлігі, татулы?ы                                 Досты?  
    2. Елордамыз ?ай ?ала                                         Астана  
    3. Біз ?ай ?лтпыз?                                                  ?аза?   
    4.Мемлекетті? р?міздерімізді? бірі                      ?н?ран 

.     ?аза?стан! ?аза? хал?ыны? атамекені, ?лы ордасы, киелі оша?ы . 

 

                                                     С?зж?мба?     «?аза?»

1.?лтты? бас киім                                                         та?ия

2.?лы  дана а?ын                                                          Абай

3.Ер адам, жігіт,бозбала..                                        азамат

4. Аспан ?лемі                                                              ?арыш

5.?лтты? сусын                                                             ?ымыз

 

                                        Желдей еркін, т?здей ке?, та?дай азат  
«Мен ?аза?пын» деген де ?андай ?ажап! дегендей біз ?з ?лтымызды ма?таныш етеміз.   

Мен, ?аза?пын биікпін, байта? елмін  
?айта тудым ?мірге ?айта келдім  
Мен мы? да бір тірілдім м??гі ?лмеске   
Айта бергім келеді, айта бергім.  

                                             С?ра? –жауап  ойыны :

1.?аза?станны? астанасы ?ай ?ала?                                              1.?аза?ты? т???ыш ?арышкері кім?
2. ?аза?станны? т???ыш президенті кім?                                      2.Ал?аш мектеп аш?ан а?артушы кім?
3. ?аза?станны? р?міздерін ата?дар?                                           3.?ліппе о?улы?ын жаз?ан ?
4. ?аза?станны? ?андай ?алаларын білесі?дер?                           4,Ш?О –ны? орталы?ы  
5. Бізді? мемлекеттік тіліміз ?ай тіл?                                               5.?ш биді ата ?

     6.?лтты? аспапты ата                                               6.
                                                                ?орытындылау  б?лімі

 Ой- шолу:     Стикермен ж?мыс

 «Отан»    тау,жер,к?л,ауыл..

«?аза?»  ?лт, ш?бат, ою, домбыра,?обыз.

Міне, балалар б?гін ?здерінді Т?уелсіз елімізді? болаша?ы екендіктерінді к?рсете білдіндер. Хал?ымызды? б?гінгі уа?ыт?а дейінгі жеткен жетістіктері ?здері?е аманат. Елімізді? еркіндігін са?тар мы?ты ?рпа?, мы?ты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдары? ашы?, жар?ын болсын, Т?уелсіз елді? азаматтары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? елім-ма?танышым»





«КАКЕН АХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП» КММ



Менің Отаным - Қазақстан





Өткізген :


3 – сынып жетекшісі Онгарбаева З К


2015- 2016 оқу жылы







Менің Отаным - Қазақстан 

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер ,ҚР - ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мақалдар, үлестірме қағаздар,

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы   

«Менің Отаным - Қазақстан »  

Барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
      1.Ұйымдастыру.
2.Тілек айту.

3. Сөзжұмбақ

4 . Сұрақ –жауап

5. Ой-шолу.

6. қорытындылау




Мұғалім:Балалар,сендер бүгінгі тәрбие сағатында бір-бірлеріңе қандай тілек айтар едіңдер?
Оқушыларды шаттық шеңберінде тұрғызып тілектер айтқызу. «Батаменен жер көгерер» демекші бата тілер бала болар ма екен ?















Кіріспе :


Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданып Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда. Конституцияның 20 жылдық мерейлі мерекесі тойланды. Отанымыздың жүрегі ,елордамыз Астана күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.   
Ақын – жазушыларымыз   
Қандай сұлу, қандай көркем,   




Сөзжұмбақ «отан »

  1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық  
    2. Елордамыз қай қала Астана  
    3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ   
    4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран 

. Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы . 



Сөзжұмбақ «қазақ»

1.Ұлттық бас киім тақия

2.Ұлы дана ақын Абай

3.Ер адам, жігіт,бозбала ..... азамат

4. Аспан әлемі ғарыш

5.Ұлттық сусын қымыз





Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат  
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.   

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін  
Қайта тудым өмірге қайта келдім  
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске   
Айта бергім келеді, айта бергім.  











Сұрақ –жауап ойыны :



1.Қазақстанның астанасы қай қала? 1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
2. Қазақстанның тұңғыш президенті кім? 2.Алғаш мектеп ашқан ағартушы кім?
3. Қазақстанның рәміздерін атаңдар? 3.Әліппе оқулығын жазған ?
4. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? 4,ШҚО –ның орталығы
5. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл? 5.Үш биді ата ?

6.Ұлттық аспапты ата 6.




Қорытындылау бөлімі






Ой- шолу: Стикермен жұмыс



«Отан» тау,жер,көл,ауыл........

«қазақ» ұлт, шұбат, ою, домбыра,қобыз.





Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!







.   




















































Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген   
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету  
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,   
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.  

Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер  

Сабақтың барысы:  
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы  
Бүгін саған әлем түгел қарайды  
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның  
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы   
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы   

«Менің Отаным - Қазақстан »  
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданып Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда. Қазақстанның 20 жылдық мерейлі мерекесі тойланды. Отанымыздың жүрегі ,елордамыз Астана күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.   



Сөзжұмбақ «Отан»  


  1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық  
    2. Елордамыз қай қала Астана  
    3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ   
    4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран  




Сөзжұмбақ «қазақ»

1.Ұлттық бас киім
























Қазақстан дейтін менің бар елім  
Жатыр алып жарты дүние әлемін  
Бұл даланы анам жаспен суарған  
Бұл далада атам қолға ту алған  
Бұл далада жылап келіп уанғам  
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам  
Бұл далада өскен жанда жоқ арман  

Қазақ жері көп шеккен қасіретті  
Қазақ жері өнерлі, өсиетті  
Египетті билеген Бейбарыстай  
Елі текті, киелі, қасиетті.  

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім  
Азап жүгін ел жауын қуған ері  
Әділет пен бірлікке жанын қиып  
Әділ өткен билердің туған жері  

Қазақ жері – қонақжай төрлер жері  
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі  
Елі кедей болмаған, жері байтақ  
Едігедей, Бабырдай шерлер елі  

Мәнге толы қазағымның ғұмыры  
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры  
Кеше ғана керексіз ғып тастаған  
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы  

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала  
Шуақ болып шашылмай жылына ма  
Сүй, Отанды  
Шынымен сүйіп өт те  
Гүл боп қадал, ойына, қырына да  

Ел болдың ерік алдың астаналы  
Енді кімнен қазағым, жасқанады  
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі  
Нұрсұлтанның атымен басталады.  

Сөзжұмбақ «Отан»  

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық  
2. Елордамыз қай қала Астана  
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ   
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран  

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.  

Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.  
Менің - Қазақстан  

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.  



Қыран құсым көк аспанда самғасын  
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр  
Жас ұландар, берік ұста туыңды  
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.   
Еліміздің рәміздерін атайық.   
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)  
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.   
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.   
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков   
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.   
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.  
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.   

Біздің еліміз  
Қазақстан Туымен тұғырлы  
Елтаңбасымен еңселі  
Әнұранымен айбатты  
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?  
Әнұраным, жанұраным  
Айтар әнім, сөйлер сөзім  
Мәңгі бақи шырқалады   
Республикам – Әнұраным  

Шексіз көк аспанды жамылады  
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі  
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын  
Әнұран – Мемлекеттің халық әні  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?  

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,   
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.  
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,  
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.  
Туымызға жас туған,  
Бір қарамай өтпейміз.  
Сол көк тудың астында,  
Көгереміз көктейміз.  

Қатар шапқан қос тұлпар  
Ай астында қазақ үй  
Қалықтаған жас сұңқар  
Шарықтаған таза күй  

Бұл - таңбасы елімнің  
Елдігімнің белгісі  
Мұнда да бір ерлігім  
Мұнда да бар жер күші  

Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны  
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі  

Ән. Елтаңбасы елімнің  
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.   
Ақын – жазушыларымыз   
Қандай сұлу, қандай көркем,   
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.   

Әйнегі күн – шатыры аспан  
Кең дала, төсі толқыған егін.  
Көлдері көкке күмістер шашқан  
Қазақстан – Республикам менің!  

Айқаста жаудың алқымын сыққан  
Ажалға қимай намысты елін  
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан  
Қазақстан – Республикам менің   

Абай туған, Сәкен Туған  
Құрметте досттым қазақтың жерін  
Қамбаға жылда мол астық құйған  
Қазақстан – Республикам менің!  

Көгінде күн нұрын төккен  
Жерінде гүл жұпар сепкен  
Неткен сұлу неткен көркем  
Осы менің туған өлкем  

Алтын дәнді даласы бар  
Ақ күмістей қаласы бар  
Неткен сұлу неткен көркем  
Осы менің, туған өлкем!  

Ер еңбегі шалқып тасқан  
Ел еркіндей бақыт тапқан  
Неткен сұлу, неткен көркем  
Осы менің туған өлкем!  

Ән. Отаным Қазақстан!  
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген   
Жөргегімде таныстым мұң тілімен  
Жылағанда жүрегім күн тұтылып  
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген  
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.  

Біз, қазақ – мал баққан елміз  
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз  
Басымыздан құт-береке қашпасын деп  
Жеріміздің шетін жау баспасын деп  
Найзамызға үкі таққан елміз  
Ешбір дұшпан басынбаған елміз  
Басымыздан сөз асырмаған елміз  

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат  
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.   

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін  
Қайта тудым өмірге қайта келдім  
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске   
Айта бергім келеді, айта бергім.  


Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген  
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен   
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын  
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген  

Көк байрағын көтеріп  
Желбіреткен қазақпыз  

Түбі бірге бауырды  
Елжіреткен қазақпыз  

Бостандықты сағынып   
Қолына алған қазақпыз   

Жұлдызымыз жарқырап  
Жолы болған қазақпыз  

Би «Қара жорға»  

Туған тілім – тірлігімнің тірегі  

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.   


Қымбат маған анам тілі, бал тілім  
Қымбат маған дана тілім, ар тілім  
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма  
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.  

Ана тілін жырлап өткен талайлар  
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар  
Қасиетті менің ана тілімде  
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.  

Ана тілім бәрін сөйлер шежірем  
Тілсіз нені білдіре алам не білем  
Тілім барда ғана мынау ғаламның  
Кілтін табар саналысы сезінем  

Өлең жырмен арайланса таң күліп  
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік   
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын  
Жалғастырып жаза берем мәңгілік  
Ән «Айналдым ана тілімнен»  

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік  
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.   

Көрініс Үш бидің даналығы.   
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен   
Данышпан даналары аңыз еткен   
Үш жүздің басын қосып біріктірген   
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер  



Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)  
Отанымыздың жүрегі  
Тәуелсіздік тірегі  
Жеріміздің кіндігі  
Халқымыздың бірлігі – Астана  
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті  
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы.   
Астана кеше ғана басқа қала   
Айналды бәйтеректі Астанаға  

Астана туралы өлең шумақтары  

Осынау елде бақ табам.   
Осынау елде шат балам   
Мерейін елдің артырған   
Астанам – менің Астанам  

Байтақ дала – жерім менің  
Арта берсін кенің сенің  
Көк байрағың желбіресін   
Егеменді елім менің  
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)  

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.   

Жаса Қазақстаным,  
Жаса, менің ұлы елім!  

Көрініс  

Астана кеше ғана басқа қала  
Айналды бәйтеректі Астанаға  
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:  
Жаса Қазақстан,  
Жаса, менің ұлы елім!  

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым  
Артта қалды қиындық пен азабың   


Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім  
Атқан таңдай ашық болсын ажарың  

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым  
Алтын бесік байтақ дала – арманым  

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым  
Көк аспанда желбіресін байрағың  

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым  
Өз ұраның айтылсын өз әнің  

Ана тілдің айбыны асқақтап  
Болсын таза дін  

Батыр ұлың ел көшіп бастаған  
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң 

Ашық аспан астында   
Мәртебең ассын басқадан  

Байтақ дала – жерім менің  
Арта берсін жерің сенің  
Көк байрағың желбіресін  
Егеменді елім менің  
Ән «Атамекен»  
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!





Тақырыбы: Отан – рухы биік, асқақ ұғым!
Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: ҚР - ның президенті Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мақалдар, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, т. б

Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Себебі, бүгін бізге сабағымызды тамашалауға қонақтар келіп отыр. Қане, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Олай болса, балалар, қонақтарға сыныбымызда білімді, үлгілі, тәртіпті, алғыр балалар бар екенін бүгінгі сабағымызда көрсетейік. Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау.
«Менің Қазақстаным» тақырыбында үйден жазып келген эсселерін оқыту, тексеру.
Сұрақ – жауап
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
3. Қазақстанның рәміздерін атаңдар?
4. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
5. Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл?
- Ендеше, балалар, мына тақтадағы әріптерге көз салыңдаршы. Мұндағы әріптер орындарын ауыстырып, адасып қалыпты. Енді осы әріптерді өз орындарына тұруына көмектесейік.
«Адасқан әріптер» ойынын ойнау.
росы, тарат, раба, іенмс.

- Балалар, әріптерді орнына қойғанда қызыл шаршының ішінде қандай сөз шықты?
- Әрине, ОТАН
- Олай болса, балалар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы да Отан туралы, яғни «Отан – рухы биік, асқақ ұғым!»
(Дәптерлерімізді ашып, күннің реті мен жаңа сабақтың тақырыбын жазып қояйық)
- Балалар, қаламсабымызды өз орнына қойып, жаңа сабақты мұқият тыңдайық.
Мұғалім сөзі:
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Біздің еліміз тәуелсіз, егеменді мемлекет. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Қазақстан Республикасының бас қаласы, астанасы – Астана. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Кең байтақ Отанымыздың қалалары, байлықтары өте көп. Қазақстанда алтын, мұнай, көмір, түрлі - түсті металдар өндіріледі. Алматы, Астана, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Семей сынды үлкен қалалары бар. Туған жеріміздің табиғаты өте керемет. Өзен - көлдеріміз де бар. Бірақ Қазақстанның көп бөлігін далалы жер алып жатқандықтан оны далалы өлке деп атайды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 16 млн халық тұрады. Сонымен қатар, өзіміздің президентіміз, әнұранымыз, туымыз, валютамыз, елтаңбамыз бар. Біздің Отанымыздан ұлы адамдар да шыққан. Мысалы: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Жабаев, т. б. Осы ақындар өз өлеңдерінде Отан туралы көп жырлаған.
- Қане, сендердің араларыңда Отан туралы өлең білетіндерің бар ма?
(оқушылар монтажы)

1 - оқушы Арайлым
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан үлкен
Қазақстан – туған ел!

2 - оқушы Мақсат
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым Астанам.

3 - оқушы Ақсаят
Көк байрағы бабамның –
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке, баланың – Қазақстан жалауы.

4 - оқушы Ақерке
Гүлзар баққа оранған,
Күннен киген бөрікті.
Аққудайын таранған,
Алматы әсем көрікті.

5 - оқушы Ерқанат
Қазақстан – елім,
Ұлан - байтақ жерім.
Тәрбиелеп өсірер
Өр тұлғалы ерін.

6 - оқушы Эльмира
Алтай,
Арқа,
Атырау
Жетісудай өңірді
Жайлап жатқан осынау
Қазақ елі көңілді.



«Конституция-кемелдік кепілі»
Мақсаты:
Қазақ қоғамының жиырмасыншы ғасыр тарихындағы Конституцияларының ерекшеліктерін аңғарту, жетістіктеріне тоқталу.
Қосымша материалдардан мысалдар келтіре отырып,өз ойларын айтқызу.
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу.
Әдістері:Ой қозғау, ауызша журнал.
Көрнекіліктері:Слайд, сызба, жазулар.
                                                           Барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
      1.Ұйымдастыру.
      2. ҚР әнұран айтқызу.
      3.Тілек айту.
Мұғалім:Балалар,сендер бүгінгі ашық тәрбие сағатында ібр-бірлеріңе қандай тілек айтар едіңдер?
Оқушылар: Қазақстан Республикасы Егеменді тәуелсіз мемлекет, демократиялы мемлекет құқықтық мемлекет және әлеуметтік мемлекет.
Мұғалім:Демократиялық мемлекет қандай болу керек? Осы жөнінде ой өрбітсек.

 

 

 

 

 

1.Мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген тарихи күнді ата.
     1- оқушы:1992 жыл 4 маусым.
2.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің авторлары
2- оқушы:Тудың авторы- Шәкен Оңласнұлы Ниязбеков.
                   Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.
                   Әнұранның авторы- Шәмші Қалдаяқов.
Мемлекеттік рәміздері қастерлеу- әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Президент жарлығы бойынша оларды ұдайы нассихаттау, азаматтар бойында Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
2- оқушы. Конституция.
Қай қоғамда да оның мүшелерінің ортақ мүдделерін қорғайтын үрдістер үстемдік етеді. Қоғам мүшелері арасындағы келісімге негізделген бұл шарттар адамзат тарихында әртүрлі әдет- ғұрып, дәстүрлер, заң актілері, Ата заң   ретінде көрініс тауып келеді. Қазіргі ұғымдағы Ата заң алғаш рет 1787 жылы  АҚШ-та дүниеге келді.
  Қазақстан Республиканың Конституцияның- бұл еліміздің басты саяси-  құқықтық құжаты.
 4.ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?
 4- оқушысы:1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясы негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет.
ҚР Президенті-мемлекеттің басшысы,елдің жоғары лауазымды тұлғасы.
 4.Конституция туралы толық мағұлмат беру. 
Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.Мемлекетіміздің құрылымын нығайтып,біздің міндеттеріміз бен құқықтарымызды айқындап берді.Гуманизм,әділеттілік,өзара қарым-қатынас принциптерін белгіледі.
ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы.Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.Ата заң аясында алтын дала-Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда,әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің  оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.
     Қазақстан халықтары Ассамблиясының мәжілісінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ Ата заңның басымдылықтарын баяндап берді.Бұдан кейін бүкілхалықтық талдау жариялау үшін жарияланған жаңа Конституцияның жобасы бойынша республика азаматтарын отыз мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның  қабылдауын (30 тамыз) еліміздің негізгі Ата Заңы Коснтитуция мемлекетімізге, оның органдары мен ұйымдарына, бүкіл республика жұртылығын қызмет етуін атап өтуге тұрарлық алғашық бір мерейлі мәжілісіне де  жетті.
   Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болса, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.
1-    бөлім: Жалпы ережелер;
2-    бөлім: Адам және адамзат;
3-    бөлім:Президент;
4-    бөлім:Парламент;
5-    бөлім:Үкімет;
6-    бөлім:Конституциялық кеңес;
7-    бөлім:Соттар және сот төрелігі;
8-    бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
9-    бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.
Енді, балалар, Конституция ережелері мен баптары туралы өз ойларынды ортаға салындар.
Анар:
1-бап.Қазақстан Республикасының демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, оның ең қымбат қазынасы-адам және оның құқықтары мен бостандықтары екендігін айтылған.
Сабина:
    2-бап.Қазақстан Респуликасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі айтылған және мемлекетке сырттан қол сұғылмауы  қамтамасыз етілген.
Назым:
3-бап.Мемлекеттік билік халықтың қолында, оны халық сайлау арқылы жүзеге асыра алады делінген. Ал 7-бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми түрде қолданылады.
«Тіл туралы диалог» (Мұқағали ізімен)Анар,Мұхаммет
Аружан:
10-бап.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады,ол қандай негізінде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады делінген.Ал оны ешкімнің айыруға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
Зарина:
12-бап.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды.Осыған орай әр азамат өз міндеттерін атқара алады.
Аңсаған:
14-бап.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез- келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Айбота:
15- бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16- бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
17- бап. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.
19- бап. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы.
  Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, оқу және шығармашылық тілін  еркін таңдауға құқығы бар.
Толағай:
20- бап. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.
21- бап. ҚР аумағындағы еркін жүріп- тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. (Оқушылардың мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық марапаттарын көрсету)
Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар.Тынығуға құқығы бар. (Жазғы сауықтыру лагері туралы айтып кету)
Әлішер.
    Тұрғын үйге қол сұғылмайды. ҚР-азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.
Мадина.
27- бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы  әрі  парызы.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қмқорлық жасауға міндетті.
Жарас:
29- бап. ҚР-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30-бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Сапарбек:
35-бап. Заңды    түрде белгіленген салықтарды    , алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады.
36-бап. ҚР-ын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.
Мұхаммет.
37-бап. ҚР-ның азаматтары тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
38-бап. ҚР-ның азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
БИ «Қара жорға»
Қазақстан Республикасы Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
Қазақстан Республикасының өзгерістеп мен қосымшалар туралы Заңға байланысты №284-І 1998ж 710;
№254-ІІ 2007 21 мамырда қосымшалар енгізілді.
Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралоық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған (Балалар құқығы туралы конвенцияға) сәйкестіріп жасалған.
2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды, сөйтіп Қазақстанның балалар құқығы туралы Заңы енгізілді.
Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциядан:
•    Мемлекет әрбір баланың ама-есен сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
•    Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
•    Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
•    Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
1.    Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
•    Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
•    Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
•    Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
•    Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
ХОР. «Үш бақытым»
                       



















«какен Аханов атындағы орта мектеп» кмм















Тәрбие сағатының тақырыбы:


«ҚАЗАҚСТАН - 2050»










Өткізген : Онгарбаева З К

2 – сынып жетекшісі

2014- 2015 оқу жылы





Тақырыбы: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр


Мақсаты: Оқушыларға өз Отанын сүюге, ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.

Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген құш-тарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайд, нақыл сөздер, бейнетаспа

Жүру барысы:
І . Ұйымдастыру бөлімі.

Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

ІІ .1. Алғашқы қоңырау мектепке шақырады . . .

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

 Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарымкөпменің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой- санамаеккенің.

  1. 30 – Коституция күні. Ата Заң мерекесі

Ата Заңға қарағым

Шексіз болсын құрметің .

Туған елдің талабы

Заңды орындау - міндетің !

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

ІІІ . Негізгі бөлім «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр

  1. Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіре








Мұғалім сөзі.

  • Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

  1. - Ендеше, бүгінгі алғашқы сабағымызды осы тақырыпқа арнаймыз. Елбасы

сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! - деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

  1. «Менің отаным - Қазақстан» атты сурет көрмесі көрсетіледі.


  1. Мұғалім тақтаға «Бала», «Ана», «Білім», «Денсаулық» сөздерін іледі. Осы сөздерге оқушыларға

ой- толғаныс жасату
ІV. Қорытынды:
Мемлекет басшысының айтуынша, ел иесі ретінде қазақ халқы да ешкімге шетқақпайлық көрсетпестен, ұлтына, тілі мен дініне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін, Ата Заңды айқындадық. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдадық. Ал Елбасының тапсырмасымен дайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы да айрықша маңызды құжат болып табылады.. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Оларды жүзеге асыру жаһандық өзгерістердің күрделі жағдайында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын болып, халық бірлігін барлық күш - жігермен нығайту қажет. Өйткені, біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!» – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы. Ендеше осыған бәріміз де дайын болуымыз керек.


Жаны жарқын жайдарлы, жарқын өскен қазағым,
Жібек мінез, мәрт көңіл, шалқып өскен қазағым.
Досы менен дұшпанын теңдей көрген қазағым,
Бұйда етіп, нарына алтын ескен қазағым.
Сайын дала төсінде сайрап өскен қазағым,
Ұлы менен қыздары жайнап өскен қазағым.
Өнерлі боп шетінен өрге тартқан қазағым,
Ата дәстүр мұрасын сақтап өскен қазағым.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мені? елім-ма?танышым

Автор: Онгарбаева Зинура Кабылгазиновна

Дата: 15.01.2016

Номер свидетельства: 277326


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства