Мотивациялық қозғаушы күш | Шаттық шеңбер құрады: Туға мойын бұрамыз, Елтаңба деп тұрамыз. Әнұран боп асқақтап, Біздің елдік рәміздер. (әнұран орындалады) | Балалар шаттық шеңбер құрып, әнұранды орындайды. |
Іздену ұйымдастырушы | Тәрбиеші балаларға Қазақстанның рәміздері: Ту, елтаңба,әнұран туралы түсінік береді. Тәрбиеші балаларға Ө.Тұрманжановтың «Отан» өлеңін оқиды: Бәрі сенің Отаның, Бойыңды биіктететін. Рухына балап атаның, Өлгенше сүйіп өтетін. Тәрбиеші сұрақтар қояды. -Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Туған ауылымыз қалай аталады? Ауылдарың өздеріңе ұнай ма? -Отан туралы кім өлеңдер оқиды? Сергіту сәті үйымдастырылады. Тату- тәтті достармыз, 1-2-3 Қол шапалақтап, Отырмаймыз босқа біз, 1-2-3 Қол шапалақтап, Оқу оқып, білім алып, Би билейміз, Ән шырқап, 1-2-3 Қол шапалақтап, Оң жақтағы досына, сол жақтағы досыңа қолыңды бер, тосылма.Жоғары қарап, күн көрдім, Төмен қарап, жел көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. -Балалар, кім туған жер, Отан туралы мақал- мәтелдер оқиды? | Балалар өлеңді тыңдап, бірге жаттайды. Отан деген – туған жер, туған қалам, туған ауылым. Боранқұл - біздің туған ауылымыз. Біз сол ауылда туып өстік. Ауылымыз өзімізге ұнайды. Наурызбек: Отаным – менің ауылым, Әкешім, ана, бауырым. Отанның сүйем құм, тасын, Сүйемін, қарын, жауынын. Сергіту сәтін орындайды. Туған жердің күні де ыстық, үні де ыстық. Отан үшін отқа түс , күймейсің. |
Рефлексті коррекциялаушы | Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?» Мақсаты: Берілген сұраққа шапшаң, әр дұрыс жауап беру керек.Ойын шарты: Көк түсті асықты көтергенде, еліміздің қалаларын атау керек. Сары түсті асықты көтергенде, еліміздің байлықтарын атау керек. Қызыл түсті асықты көтергенде, елімізде тұратын ұлттарды атау керек. Қорытындылау. | Балалар ойынды ойын шартымен ойнайды. Балалар мадақталады. |