(17.9.1922 ж. ту?ан ?останай облысы; Жанкелдин ауданы; Тор?ай поселкесі; — 1993) — а?ын. ?лы Отан со?ысына ?атыс?ан. Абай атында?ы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 ?останай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (?азіргі "Коммунизм та?ы") газетінде б?лім ме?герушісі, редакторды? орынбасары, 1951 — 1955 жылы. ?аза? мемлекеттік к?ркем ?дебиет баспасында редакция ме?герушісі, 1957 — 1961 жылы ?аза?стан Жазушылар ода?ында ?деби ке?есші; "?аза? ?дебиеті" газетінде бас редакторды? орынбасары, 1964 — 1971жылы "Ж?лдыз" журналыны?, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "?аза? ?дебиеті" газетіні? бас редакторы болды. Т???ыш ?ле?і Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "?ле?дері" атты ал?аш?ы жина?ы 1948 жылы жары? к?рді. С. М?уленов — ?ыры??а жуы? жыр жина?тарыны? авторы. ?ле?дері ?аза? поэзиясыны? лирика жанрын дамыту?а елеулі ?лес ретінде ?осылды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мен елімді с?йемін. Сырбай М?уленов.»
Тақырыбы: Мен елімді сүйемін. Сырбай Мәуленов.
Мақсаты: Оқушыларға Сырбай Мәуленов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, алған білімін тиянақтау; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: суреттер, сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бердібек Соқпақбаев кім?
Қандай кітабын, әңгімелерін білесің?
Қандай жұмыс түрлерімен таныстық?
Сен ұйықтап жатқанда қандай жұмыс мамандары жұмыс істейді?
Керек пе?
ІІІ. Өткенді қорыту: Сен үлкейгенде кім болғың келеді?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: 1.Суреттерге қарапСырбай Мәуленов туралы әңгімеле.
Мәуленов, Сырбай
(17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы . Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды.
Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.
2.Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының көңіл күйін түсіну.
Жазушы туған ел неден құралады дейді?
Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?
Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?
Туған елдің тілі баршаға жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?
г/ Сергіту сәті:
ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Шығармадағы негізгі ойды анықта:
туған тіл;
туған ел;
туған жер;
ҮІІ. Бекіту: Сызбадағы сөздерді пайдаланып, мәтінді әңгімеле.
Салыстырып сипатта дегенді қалай түсінесің?
Астананың әсемдігі жайлы не айтар едің? А
лматы қаласымен салыстырып көр? Тест.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу, сурет салу.2.бағалау