kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік тіл менің тілім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекеттік тіл менің тілім.Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі.Ана тілімізді құрметтеу әр адамның парызы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тіл менің тілім»

Тақырыбы:   «Мемлекеттік тіл- менің тілім»

 Мақсаты:          1.  Оқушыларға ана тілін білудің маңызын  түсіндіру.

                            2.  Ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру.

Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

 Көрнекілігі:  1.  Бес арыстың портреті.

                        2. қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ.

  3. Қазақтың ұлттық киімдері

 Мұғалім:  Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез келген мемлекет өзінің территориялық салт – дәстүрін, ана ті-лін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Ал, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.

«2007 жыл - мемлекеттік тіл — қазақ тілі» болып жариялануына орай бүгін сіздермен «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты сынып сағатын отырмыз.

 «Тіл - ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы».

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл -халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.

Адамдық мұратка жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз -ана тіліміз!

Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас, — деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.

Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды.

Қазақстан — ұлан-байтақ мемлекет. Өз бауырына 100-ден аса ұлттарды сыйғызып отыр. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар.

Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік.

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі - қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, оқу - ағарту тілі.

Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 1989 жылдың қазан айында берілді.

«Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады. «2007 жылы - мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.

Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл.

Ана тілі — туған тілім, бас тілім.

Сен арқылы дүние танып, талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім.

Сен өмірімде таусылмайтын асылым.

 Айнұр :22 қыркүйек - Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.

Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.

Әнел :Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.

Соның ішінде, ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болуы керек құдіретті төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбынды

Туған тілі – сатылмайтын байлығы

Туған дәстүр салт – санасы – тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихи еске алуғақаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.

Халықтың тарихта қалуы тітіліне байланысты.Тіл халықтың

жаны ,сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес , дәстүрге бағынған.

     

Әділет:

Еліміз – Қазақстан  Республикасы Егеменді ел атанып , ана тілімізге Мемлекеттік статус берілді.  «Тіл туралы заң» қабылданды.

Әділет.

Қуан далам!

Қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндігін

«Тіл туралы»

Заңым енді күшіне

Паш еткендей

Кескен жаңа кіндігін.

Әлішер:

Қуан бабам!

Қуанатын жөнің бар.

Деген едің

Тіл бар жерде өмір бар.

Халық жауы атандық – ау

Сол үшін ғұмырыңды

Құрбан етіп жолында ар.

Мұғалім:  Балалар, бұл өлеңде айтылып отырған , ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?

 Оқушылар хормен:

 Аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев,

Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан  Жұмабаев, Міржақып Дулатов.

 Мұғалім:

 Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы

жатады;

     Үш кемеңгер дүлдүлім,

     Сақтаған ел бірлігін!

     Қазақта қара қылды қақ бөлген

     Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.

 Төле би

 Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сарс жолың бар.

Сөз қадірін біліңдер!

 Қазыбек би Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, же-

ріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш-

бір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!

 Әйтеке би

Тамыры суда тұрса да

Уақыты жеткенде

Құрамайтын құрақ жоқ

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

 Бұдан соң қыздардың орындауында:

« Анамның тілі» әні орындалады.

Мұғалім:

Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас – ең  зор адамның , мәдениеттілік , тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.

Оның мәні - әр адамның ана тілін отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтауында.Міне, сондықтан бүгінгі ақын- жазушыларымыз былай дейді.

Әрсен:

 Ақыл – ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілің ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

  Әнел:  

 Өсірген ой – білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің ,

Мәнін терең білуді.

Айнұр:  Қадыр Мырзалиев                            Ана тілі.

  Ана тілің біліп қой

 Еркіндігің теңдігің,

 Ана тілің біліп  қой

 Мақтанышың , елдігің.

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің- бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

 Ана тілін кім аялай білмесе .

Анасынан безген ұл – деп біліңіз.

 Мұғалім.  (Дихан Әбіловтың «Туған тілім!»

 Туған тілім – бабам тілі - өз тілім

Туған тілім – анам  тілі - өз тілім.

Туған тілім – заман тілі - өз тілім.

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Өз тілімдей қайда екен еркін басар

Тілім барда еркіме кім таласар.

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.

 Әнұран орындалады

Барлық оқушы төмендегі өлеңді хормен айтады:

Қуан анам!

Ұзағынан сүйініп.

Сәтің де көп

Кейде кеткен түңіліп.

Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді

Пір тұтамын

Мен де алдыңда иіліп.

 Барлық оқушы бастарын иеді

 

 

 

 






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Мемлекеттік тіл менің тілім

Автор: Осипов Самат Сұрағанұлы

Дата: 22.12.2016

Номер свидетельства: 372440

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мемлекеттік тіл - менің тілім!"
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik_til_mienin_tilim_2"
    ["file_id"] => string(6) "406446"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491301270"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Мемлекеттік тіл - менің тілім"
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik_til_mienin_tilim_3"
    ["file_id"] => string(6) "457805"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1518771571"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Мемлекеттік тіл - мені? тілім! "
    ["seo_title"] => string(31) "miemliekiettik-til-mienin-tilim"
    ["file_id"] => string(6) "134375"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416741124"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) ""Мемлекеттік тіл- мені? тілім!" "
    ["seo_title"] => string(33) "miemliekiettik-til-mienin-tilim-2"
    ["file_id"] => string(6) "213632"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432109126"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Мемлекеттік  тіл - мені? тілім" саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(41) "miemliekiettiktilmienintilimsabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "326343"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463145840"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства