Осы ?ш мереке иесі ретінде ?ш топ?а б?лініп отыру.?р топ ?з атына мерекелік к??іл к?йде ж?мыс жасайды.
Мысалы, 1-топ к?зді, таби?атта?ы ?згерістерді бейнелеп, немесе к?з туралы та?па? айтуы м?мкін. Немесе ??стар ?нін шыр?ауы м?мкін. (Топты? шы?армашылы? белсендігіне байланысты). Екінші топ та ?з та?дауына байланысты тапсырманы орындайды. Ал ?шінші топ 1- сыныпта?ы Тілашар к?нін еске алып,??гімелеп береді.
Ж?мыс нітижесі ?орытындыланып, жа?а саба??а байланысты дайынды?тар ж?ргізіледі. О?ушыларды? сурет немесе сызба жазулары та?та?а к?рнекті т?рде ілінеді.
?ызы?ушылы?ты ояту
Тарау?а берілген суретпен ?здеріні? жаз?андарын байланыстыра ??гімелету.
-?здері? жа?а ?ана к?з келді деді?дер.Олай болса, мына ?имылды білдіретін с?здерді к?збен байланыстырып, с?збен тіркестіріп, толы?тыры?дар.
---- пісті, --- са?ыныпты,
---- т?сті, --- а?ылыпты,
--- ел тасыпты, --- ?уаныпты,
--- есік ашыпты, --- келеді.
Ескерту: ?ызы?ушылы?ын ояту?а берілген екі ж?мысты? біреуін та?дап алу ?зімізді? шешімімізге байланысты.
ІІІ. Ма?ынаны тану.
М: Балалар ?ле?ні? та?ырыбы «Мектеп-бізді? анамыз» деп аталады. ?ле?ді мен о?имын барлы?ымыз ты?дап отырайы?.
Саба?ты бектіу.
Д?птердегі тапсырмаларды о?ып, орындайды.
Барлы? мерекелік та?ырыпта?ы ?лендер бойынша ?орытынды жасайды.
Саба?ты ?орытындылау
«О?у-инемен ??ды? ?аз?андай» ма?алды? м?нін ашайы?.(о?ушыларын ?з ойын айтады.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп- бізді? анамыз.?тебай Т?рманжанов.ашы? саба? »
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебі бастауыш класс мұғалімі Кунусова Бахыт Ахылтаевна
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Бізді коршаған дүние.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың күнделікті өмірден байқа-ғандарына сүйене отырып, оларға
қоршаған дүниеге не енетінін үғындыру; қоршаған дүниені бақылап,
байқағандарын қорытындылай білу арқылы дүниені танып-білуге
болатындығын түсіндіру;
көрнекілікке негіздей отырып, накты мысалдар арқылы оларға экологиялық
тәрбие беру.
Сабақтың жабдығы: бейнелі суреттер (табиғат көріністерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
бейнелейтін), табиғи заттар: тас, күм, шөп, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру
Сабақтағы әдістер: сұрақ-жауап, топтастыру,түсіндіру, ой қозғау, мәтінмен жұмыс, танымдық
тапсырмалар
1. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықтарын байқау. Оқу құралдарның толықтығын тексеру.
2. Психологиялық дайындық:
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Дүниетану сабағын.
3. Материалды игеру кезеңі:
1)Кіріспе әңгіме
Оқулықтағы берілген сурет бойынша әңгімелесу:
-Суреттен көргеніңді ата.
-Осыңдай көріністерді күнделікті жағдайда қайдан кездестіруге болады?
-Мектеп маңайында осы көріністердің қайсысы кездеседі?
2) Оқулықтағы суреттің ішінен өздері танитындары жайыңда сұрау.
Аспаннан түнде нелерді көретінін, күндіз жерге жарық пен жылу қайдан келетінін айтқызып көру. 3.Сөздік жұмыс:
Күн, аспан, адам, қоректенеді, көбейеді, т.б. сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру. Мұғалімнің қоршаған дүние туралы оқулықтағы тұжырымдаманы оқып беруі.
4.Сергіту сәті: Қоюланып қара бұлт
Жауды жаңбыр себелеп.
Жапырағын жамылып,
Бұға қалды көбелек
5.Суретпен жұмыс
Оқулықтағы сурет бойынша еркін әңгіме құрастыру.
6. Дәптермен жұмыс
Сабақтың қорытынды бөлімінде №1 бақылау күнделігіндегі тапсырманы орындау.
7.Қорытынды.Қане, балалар!
Оқыдық, салыстырдық.
Сөздік жұмыс жасадық,
Соныменен сабақта
Нені оқып үйрендік?
Ақтөбе қаласы Сазды орта мектебі бастауыш класс мұғалімі Кунусова Бахыт Ахылтаевна
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Мектеп- біздің анамыз.Өтебай Тұрманжанов.
Сабақтың мақсаты:өленді түсініп оқып, ақынның мектепке деген сезімдерін ұға білуге мүмкіндік жасау.Тақырыпты өмірмен ,табиғатпен байланыстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік мәнерлі,сезіммен оқуға , оқушының сөздік қорының баюына жағдай туғызу.
Дамытушылық мектеп , 1 қыркүйек күнін мерекелік көңіл күймен, айнала табиғатпен ұштастыру арқылы шығармашылық қиялының дамуына мүмкіндік беру.
Тәрбиелік кең байтақ Отанымыздың күзгі әдемілігін адам өмірімен , қуанышы мен қымбаттылығын,әсемдігін сезінуге жағдай туғызу.
Сабақтың көрнекілігі:оқулық кешені, суреттер, плакат, маркер, автордың қысқаша өмірбаяны, портреті.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Ұйымдастыру кезеңі.
-амандасу
-жоқ оқушыларды түгендеу
-құралдарын тексеру
-назарларын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру
М:Балалар,үйге қандай тапсырма берілді? Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
ІІ.Қызығушылықты ояту.(1 түрі).
- Балалар , жылына екі рет болатын бір мереке бар. Ол қай мереке ? (Қоңырау мерекесі).
Тақтаға немесе плакатқа жазылған мына сөздерді оқып, қоңырау сипатын табу.
------------------------- сағынышты қоңырау (сылдыр қаққан немесе сылдырлаған) ;
------------------------- күміс қоңырау ( күмбірлеген).
Оқушылардың қоңырау үнін сипаттап шыққандарын атап өту .
Сағындырған алғашқы қоңырау мерекесімен оқушыларды құттықтау.
Бүгін екі-үш мереке қатар келгендей.
Бірінші мереке – Алтын күздің келуі.
Екінші мереке –Алғашқы қоңырау мерекесі.
Үшінші мереке- Оқушылардың Тілашар мерекесі.
Осы үш мереке иесі ретінде үш топқа бөлініп отыру.Әр топ өз атына мерекелік көңіл күйде жұмыс жасайды.
Мысалы , 1-топ күзді, табиғаттағы өзгерістерді бейнелеп, немесе күз туралы тақпақ айтуы мүмкін. Немесе құстар әнін шырқауы мүмкін.... (Топтың шығармашылық белсендігіне байланысты). Екінші топ та өз таңдауына байланысты тапсырманы орындайды. Ал үшінші топ 1- сыныптағы Тілашар күнін еске алып,әңгімелеп береді .
Жұмыс нітижесі қорытындыланып, жаңа сабаққа байланысты дайындықтар жүргізіледі. Оқушылардың сурет немесе сызба жазулары тақтаға көрнекті түрде ілінеді.
Қызығушылықты ояту
Тарауға берілген суретпен өздерінің жазғандарын байланыстыра әңгімелету.
-Өздерің жаңа ғана күз келді дедіңдер.Олай болса, мына қимылды білдіретін сөздерді күзбен байланыстырып, сөзбен тіркестіріп, толықтырыңдар.
------------------- түсті, ---------------- ағылыпты,
---------------- ел тасыпты, ---------------- қуаныпты,
---------------- есік ашыпты, ---------------- келеді.
Ескерту: Қызығушылығын оятуға берілген екі жұмыстың біреуін таңдап алу өзіміздің шешімімізге байланысты.
ІІІ. Мағынаны тану.
мектеп
М: Балалар өлеңнің тақырыбы «Мектеп-біздің анамыз» деп аталады. Өлеңді мен оқимын барлығымыз тыңдап отырайық.
Сабақты бектіу.
Дәптердегі тапсырмаларды оқып, орындайды.
Барлық мерекелік тақырыптағы өлендер бойынша қорытынды жасайды.
Сабақты қорытындылау
«Оқу-инемен құдық қазғандай» мақалдың мәнін ашайық.(оқушыларын өз ойын айтады.
ІV. Үйге тапсырма беру: 5-бет мәнерлеп оқу.
Бағалау: Сабаққа қатысымына қарай оқушыларды бағалаймын.
Пәні: дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Өлі табиғат. Адам қолымен жасалғанзаттар.
Сабақтың мақсаты: қоршаған дүниедегі өлі табиғат заттарымен таныстыру; оқушыларды өлі
табиғатта болатын өзгерістерді бақылап жүруге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу; оқушының
дүниетанымын дамытуға жағдай жасау; көптеген заттардың адам қолымен жасалатындығын
түсіндіру; кез келген затқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың жабдығы: бейнелі суреттер, бейнетаспа, өлі табиғат заттары (су, қүм, тас, т.б.), әр түрлі адам қолымен жасалған заттар.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, ақпараттық технология, дәлелдеу,ойын.
1.Психологиялық дайындық
Орнымыздан тұрайық
Жан-жағымызға қарайық.
Қандай сабақ болса да
Оқып оны талдайық.
2. Өлі табиғат заттарын ата. (су, құм, тас, т.б.),
3.Дәлелдейік.
Ол үшін сондағы көріністерді талдап, өлі табиғат заттарын ажырату. Оқушылардың өз пікірлерін дәлелдеуіне жағдай жасау.
-Окушылардың өмір тәжірибесін пайдалану.
-Маңайды қарап, өлі табиғат заттарын ата. Неге өлі табиғат дейміз?
4.Табиғи заттармен жұмыс: түрлі өлі табиғат заттарын таратып беру.
— Алдарыңдағы заттарды қара. Оларды ата. Оларды қайдан кездестіресің?
5.Ойын. «Ажырата біл!». Ойын барысыңда мұғалім тірі және өлі табиғат заттарын араластырып айтады. Өлі табиғатты атағанда оқушылар қол соғу керек. Сонан кейін оның неге өлі табиғат екенін дәледдейді.
6.Оқушылардың логикалық ойын дамытуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар беру:
-Су қыста қандай түрде кездеседі?
-Суды қолға үйіп ұстауға бола ма?
-Су қайнағанда неге айналады?
-Мұз ерігенде не пайда болады?
Осының негізінде өлі табиғатқа енетін су туралы не айтуға болады? Мұндай тапсырмалар сыныптағы оқушылардың ізденушілігін арттыру, сабаққа қызығушылығын тудыру . Мұндағы мақсат өлі табиғат заттарының бір күйден екінші күйге ауысатындығы туралы түсінуінің алғашқы шартын жасау.
7.Өз мүмкіндігіңді пайдалан. Оқульгқпен жұмыс.
1) Оңдағы суреттер мен тапсырмаларды пайдалана отырып, адам қолымен жасалған заттар туралы
мағлұмат беру.
2)Оқушылардың өмір төжірибесімен байланыстыру. Оқушылар сынып ішіндегі заттарды атап,
олардың бәрінің де адам қолымен жасалғанын айтады. Сол заттардың табиғаттан алынғанын
дәлелдеуге жағдай жасалады. Мәселен, парта неден жасалған? Ағаш қайда өседі? Адам партаны
не үшін жасайды? т.б.
8. Дәптермен жұмыс.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өлі табиғат туралы ұғымдары тұжырымдалады. Дәптердегі сурет бойынша берілген тапсырма орындалады. Егер оқушылар бояп үлгермеген жағдайда, үйден аяқтауға тапсырамын..
9.Жұмбақ шешейік
Дәптерде берілген жүмбақтар шешіледі.Оқушыларға дәптерде берілген суреттердің ішінен адам қолымен жасалған заттарды қызыл нүктемен белгілету.