kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің сыныбым-менің ұжымым" сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары.Сабақ 4 кл арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің сыныбым-менің ұжымым" сабақ жоспары»

4-сабақ

Бекітемін:__________


Мектебі: ___________________________

Мерзiмі: __________________________

Мұғалімі:___________________________

Класс: 4

Оқушы саны:________

Тақырып: Менің сыныбым  менің ұжымым

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: Қайырымдылық,ізгі істер, жақсылық жасау


Сабақтың мақсаты: Сыныптың ұжымдық қарым-қатынаста болуын сүйіспеншілік құндылығынан туындайтындығын ұғындыру.

Міндеттері:

- «ізгі істерді жасай білуге ұмтылдыру;

- қайырымдылыққа баулу;

- жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар:

үнтаспа,шығармашылық тапсырма, презентация

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

5-Т ережесін ұстану

1.Талап;

2.Тәртіп;

3.Тазалық;

4.Татулық;

5.Тыныштық;


Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.


Үй тапсырмасын тексеру:

А.Шамкеновтің «Біздің сынып» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

Суреттегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беру. (26 бет)

Сабақтың барысын талқылау:

Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Дәйексөз.

«Ұжымда болу  бақыт»

Ә.Табылдиев

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту

  • Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

мағынаны ашу

Әңгімелесу.

Құм мен тас

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:
-Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.
Сұрақтар:

Бірінші достың әрекеті қандай болды?

Екінші достың әрекеті қандай болды?

Адам ренжігенде немесе жақсылық жасағандай қандай болу керектігін қандай мысалмен дәлелдеді?

Сен ренжігенде сезіміңді қалай білдіресің?

Достық мәңгі сақталу үшін адам қандай қасиеттерге ие болу керек?

Кешірімді болу қандай қасиетке жатады?

мұғалім сыйы

Шығармашылық тапсырма. топтық жұмыс:

смаиликтер арқылы3 топқа топтасады.

«Дос іздеймін» жаттығуын топтар бірлесе отырып жарнама құрастыру арқылы орындайды


Топпен ән айту.

«Айналайын» әні топпен орындайды.

Айналайын әні

Сөзі: М.Шаханов
Әні: Е.Хасанғалиев

Өзің едің тірегім де
Жыр боп тұндың жүрегімде
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!
Күн туса да толқымалы
Толқымалы, шалқымалы
Сен ешқашан өзгертпедің
Пікіріңді мен туралы
Әнін әнге жалғасын деп
Келеді арман алға сүйреп
Менің кемем өрге жүзсе
Сен қуандың алғаш рет
Астына алып қанатыңның
Нұрын шаштың жан отыңның
Мен мұңайған кезеңдерде
Қасымда ылғый сен отырдың
Саған мәңгі борыштармын
Көңіліме қоныстандың
Азаматтық ажарыңа
Мақтау айтсам намыстандың
Жарқын қушақ жайған, айым
Сеніміңе сай болайын
Маған сенген жүрегіңнің
Дүрсілінен айналайын


Үй тапсырмасы

Әже әңгімесін оқып келу.

Қ. Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңін мәнерлеп оқу


Сабақтың қорытынды минуты

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Менің сыныбым-менің ұжымым" сабақ жоспары

Автор: Джубанышева Жанар Куандыковна

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства