?. Р. – ны? т???ыш президенті Н. ?. Назарбаев сия?ты таланты т?л?аны? хал?ын с?йетін ?лтжанды азаматы білмейтін адам баласы жо?. Алты жаста?ы баладан алпыс жаста?ы ?арт та аманды?ын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Н. ?. Назарбаев 1- желто?санды «?аза?станны? т???ыш президентіні? к?ні» ретінде атап ?тетін за??а ?ол ?ойды. О?ан сай 1 – желто?сан енді мемлекеттік ресми мерекелер ?атарына енеді. Б?л бізді? ?уанышымыз
Слайд бойынша т?сіндіру. (суреттер шы?ып т?рады, ?ш?о?ыр туралы ?н орындалып т?рады.
1940 ж 6 шілдеде Іле Алатауыны? баурайында?ы ?ш?о?ыр жайлауында ?бішпен ?лжан Назарбаевтарды? ша?ыра?ында к?птен к?ткен ?л ?мірге келді. О?ан ?ке – шешесі Н?рс?лтан деп ат ?ойды. С?биге ат та?дауды? ?зі жат?ан бір хикая?а айналды. Той?а жинал?ан а?айын – туыс т?рлі есімдерді т?с – т?стан айтып жатты. Е? а?ырында жа?а ту?ан ?лды? ?жесі Мырзабала мынадай ?сыныс білдірді: «Мені? с?йікті немерем екі бірдей есімді алып ж?рсін. Оны? аты Н?рс?лтан болсын».
Бізді? Отанымыз –?аза?стан. Т?уелсіздік елімізде салтанат ??р?ан береке – бірлікті? досты?пен ынтыма?ты? ай?а?ы. 1991 ж 16 желто?санда елбасымыз Н. ?. Назарбаев ?ол ?ой?ан ?аза?станны? мемлкеттік т?уелсіздігі туралы Конституциялы? За? ?абылданды. Т?уелсіз мемлекет болды. Т?уелсіз мемлкетті? т???ыш президенті сайланды. Ол Н. ?. Назарбаев. 1992 ж мемлекеттік р?міздер ?абылданды. 1993 ж ?лтты? т?л те?геміз айналым?а т?сті. 1995 ж 30 тамызда Конституциямыз ?абылданды. ?азір т?уелсіздігімізді алды?. Біз ба?ытты елміз. Елбасымызды? «2030 ба?дарламасы» бойынша к?птеген істер ат?арылып келеді. ?алаларымыз к?ркейіп келе жатыр.
Қ. Р. – ның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев сияқты таланты тұлғаның халқын сүйетін ұлтжанды азаматы білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қарт та амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Н. Ә. Назарбаев 1- желтоқсанды «Қазақстанның тұңғыш президентінің күні» ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 – желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің қуанышымыз
Слайд бойынша түсіндіру. (суреттер шығып тұрады, Үшқоңыр туралы ән орындалып тұрады.
1940 ж 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбішпен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке – шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын – туыс түрлі есімдерді тұс – тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Біздің Отанымыз –Қазақстан. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке – бірліктің достықпен ынтымақтың айғағы. 1991 ж 16 желтоқсанда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлкеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды. Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз мемлкеттің тұңғыш президенті сайланды. Ол Н. Ә. Назарбаев. 1992 ж мемлекеттік рәміздер қабылданды. 1993 ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. 1995 ж 30 тамызда Конституциямыз қабылданды. Қазір тәуелсіздігімізді алдық. Біз бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалаларымыз көркейіп келе жатыр.
ІІ. Негізгі бөлім:
Қазір кішкентай бүлдіршіндердің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан аталарына арнаған өлең шумақтарын тамашалайық.
«Зеңгір көктем» әні
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй, айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндейік бауырлар,
Елбасының бүгін туған күні деп
Әнге толсын барлық қала, ауыл бар,
Қағылсын бар барабандар, дабылдар.
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз бауырлар.
Ән. Ақмамам
Қазақ елі желбіреп, көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады.
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Үмітін ақтап халықтың
Әлемге бізді таныттың.
Мінбеге шықса Нұр атам,
Болашағымды нақ ұқтым.
Елім деп соққан жүрегі
Салтымды терең біледі.
Нұрсұлтаны қазақтың
Елім деп өмір сүреді.
Ән. Әкеме
Елбасымыз кемеңгер
Көші түзу кемел ер
Әрқашанда қол баста,
Болашаққа жол баста
Елбасымыз дана ер,
Оған дала, қала ер,
Мен сияқты балаларға
Әсем қала сала бер.
Тәуелсіздің рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем
Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын.
Хор. Анашым
Еркіндіктің ерке желі
Сипай өскен тұлымын
Алла өзі шуақ төккен
Тәуелсіз ел қызымын.
Отаным менің – Қазақстан
Бірлікті сақтап ту алам
Тәуелсіздік алғанға,
Әлі күнге қуанам
Елбасымыз Нұр ата,
Жүресің елді қуанта
Осы күнгі мейрамда,
Шаттанамын жырлата
Ән Қарлығаш
Шарықтай бер, Қазақстан Отаным,
Елім жайлы қиял ойға батамын.
Бар әлемге кім екенін көрсеткен
Даналығы Нұрсұлтандай атамның
Хор. Көк тудың желбірегені
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы Бүгін саған әлем түгел қарайды Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның Бейбітшілік таңы әр кез арайлы
Міне, балалар бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіңдер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!