kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математикканы? д?ниетанумен байланысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?ні: Д?ниетану

Сынып: 3 Г

Саба?ты? та?ырыбы: Математикканы? д?ниетанумен байланысы

Саба?ты? ма?саты: балаларды? термометрлер, уа?ыт  ж?не салма? ?лшем бірліктері туралы білімдерін бекіту ж?не ?айталау; о?ушылар термометрді? ат?аратын р?лін ??гімелеп, оны? ?алай ж?мыс істейтінін т?жірибе ж?зінде к?рсетеді; салма? ?лшем бірліктері мен оларды пайдалану жолдары туралы ??гімелейді.

Саба??а ?ажетті ??ралдар: термометрлер, «Салма? ?лшем бірліктері» кестесі, жылы ж?не сал?ын су ??йыл?ан ста?андар.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і

Сахналау с?ті.

- К?н жар?ырап шы?ып т?р. К?н шуа?ын т?гіп т?р, сендер ?уаныш?а б?ленді?дер.

?ар жауып т?р. Дала сал?ын. Жылы, сал?ын дегенді естігенде ?андай балама с?здер ой?а оралады?

ІІ. ?й тапсырмасын тексеру.

  • Адам таби?атты ?алай ба?ылайды?

ІII. ?ткен материалдар бойынша білімін тексеру.

- ?зынды?ты  ?лшеу ?шін ?андай ??ралдар пайдаланылады?

- Уа?ытты білу ?шін ?андай ??ралдар ?ажет болады?

І V. Жа?а материалды т?сіндіру кезе?і

1. О?улы? бойынша ж?мыс істеу.

- М?тінні? бірінші б?лімі бойынша не ?йренгені?ді талда. ?андай жа?а м?лімет алды??

- Таби?атты о?ып-?йренуде ?андай уа?ыт ?лшемдері туралы білімі? керек болады?

- ?зынды?ты  ?лшеу ?шін ?андай ??ралдар пайдаланылады?

М?тінні? екінші белімін о?ып шы?.

- Ауа температурасы т?мендегенде таби?атта ?андай ??былыс бай?алады?

Адам, жануарлар мен ?сімдіктерді? ?рекеті ?андай болма??

- Ал ауа температурасы к?терілгенде ше?

- Ауа температурасын ?андай ??ралды? к?мегімен ?лшейді?

- Т?жірибе т?рлерін жасап к?р, ?зі? а??ар?ан д?ниелерді д?птерге жаз. Парталас жолдасы?а зерттеуі? туралы айтып бер.

- Сынап салын?ан термометрмен ж?мыс істеу барысында са?талатын техника ?ауіпсіздігі талаптары.

V. Жа?а материалды ме?гергенін тексеру.

1.С?здікнен ж?мыс істеу: температура, термометр, сынап.

  1. Сызба ??рамыз

Осы термометрлермен нені ?лшейді?

Масса ?лшем бірліктері неге ?ажет?

Уа?ыт бірлігі не ?шін ?ажет?
М?тінні? со??ы б?лімін о?ы.


ІІІ.Саба?ты бекіту.

Математикалы? білімні? д?ниетануды ме?геруде ?андай ма?ызы бар?

— ?атты аяз бен ?атты ысты?ты? ?сімдіктерге, жануарлар мен адамдар?а зияны ?андай?

?зі?ді тексер. Тапсырманы д?птерге орында.

IV. ?й ж?мысы. 35-38 бет

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математикканы? д?ниетанумен байланысы»

Сабақ: 10 Күні: 14.11.2015 Тексерілді:________

Пәні: Дүниетану

Сынып: 3 Г

Сабақтың тақырыбы: Математикканың дүниетанумен байланысы

Сабақтың мақсаты: балалардың термометрлер, уақыт және салмақ өлшем бірліктері туралы білімдерін бекіту және қайталау; оқушылар термометрдің атқаратын рөлін әңгімелеп, оның қалай жұмыс істейтінін тәжірибе жүзінде көрсетеді; салмақ өлшем бірліктері мен оларды пайдалану жолдары туралы әңгімелейді.

Сабаққа қажетті құралдар: термометрлер, «Салмақ өлшем бірліктері» кестесі, жылы және салқын су құйылған стақандар.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сахналау сәті.

- Күн жарқырап шығып тұр. Күн шуағын төгіп түр, сендер қуанышқа бөлендіңдер.

Қар жауып тұр. Дала салқын. Жылы, салқын дегенді естігенде қандай балама сөздер ойға оралады?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Адам табиғатты қалай бақылайды?

ІII. Өткен материалдар бойынша білімін тексеру.

- Ұзындықты өлшеу үшін қандай құралдар пайдаланылады?

- Уақытты білу үшін қандай құралдар қажет болады?




І V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

1. Оқулық бойынша жұмыс істеу.

- Мәтіннің бірінші бөлімі бойынша не үйренгеніңді талда. Қандай жаңа мәлімет алдың?

- Табиғатты оқып-үйренуде қандай уақыт өлшемдері туралы білімің керек болады?

- Ұзындықты өлшеу үшін қандай құралдар пайдаланылады?

Мәтіннің екінші белімін оқып шық.

- Ауа температурасы төмендегенде табиғатта қандай құбылыс байқалады?

Адам, жануарлар мен өсімдіктердің әрекеті қандай болмақ?

- Ал ауа температурасы көтерілгенде ше?

- Ауа температурасын қандай құралдың көмегімен өлшейді?

- Тәжірибе түрлерін жасап көр, өзің аңғарған дүниелерді дәптерге жаз. Парталас жолдасыңа зерттеуің туралы айтып бер.

- Сынап салынған термометрмен жұмыс істеу барысында сақталатын техника қауіпсіздігі талаптары.

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру.

1.Сөздікнен жұмыс істеу: температура, термометр, сынап.



  1. Сызба құрамыз

Осы термометрлермен нені өлшейді?

Масса өлшем бірліктері неге қажет?

Уақыт бірлігі не үшін қажет?
Мәтіннің соңғы бөлімін оқы.


ІІІ.Сабақты бекіту.

Математикалық білімнің дүниетануды меңгеруде қандай маңызы бар?

— Қатты аяз бен қатты ыстықтың өсімдіктерге, жануарлар мен адамдарға зияны қандай?

Өзіңді тексер. Тапсырманы дәптерге орында.

IV. Үй жұмысы. 35-38 бет


















Сабақ: 11 Күні:21.11.2015 Тексерілді:_________

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 3 Г

Сабақтың тақырыбы: Табиғат құбылыстары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғат құбылыстары туралы білімін толықтыру және жүйелендіру.

Сабаққа қажетті құралдар: қарындаш, ақ парақ, «Жыл мезгілдері» картиналарының көшірмелері, мақал-мәтел жазылған плакат.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Баққа барсаң, ерінбей

Табиғатты бақыла, қапы қалма.

Гүлдер қалай тозаңданып,

Балапандар ұшуға талпынады.

II. Мақсат қою

«Құбылыстар» тақырыбы бойынша жұмыс істеу.

Бүгінгі сабақта біз табиғат құбылыстары жайлы әңгімелейміз.

Жұмбақтарды шеш:

Құлағы мен көзі жоқ, Үй үстінде алтын тас,

Жоң қолы мен аяғы. Алайын десем алынбас.

Бір ғажап өнерпаз, (Жұлдыздар)

Мәнерлеп ою ояды.

(Қырау)

Аяғы жоқ, қолы жоқ, Тарсылдап түседі,

Жүретұғын жолы жоқ, Жер бетіне жетеді.

Қанаты жоқ, ұшады, Жер бетіне жеткен соң

Аяғы жоқ, қашады. Ғайып болып кетеді.

(Бұлт) (Бұршақ)

Көп бауырсақ ішінде бір қалаш. Арыстан арқырады,

(Ай) Айнала жарқырады.

(Найзағай)


ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

1. Оқулық бойынша жұмыс істеу.

Балалар «Құбылыстар» мәтінін оқиды. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу.

- Мәтіннен қандай жаңалық таптың? Бұл туралы тағы не білгің келеді?

IV.Зерттеу кезеңі.

Әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі: қағазға өзіңе белгіленген жыл мезгілінің «қыңыр» мінезін бейнелеуге тырыс. Содан соң топтағы суретшілердің бірі осы «қыңырлықты» сипаттап береді.

- Алғашқы сөзді «Күз» тобына береміз.

Суретші: Мен күздің «қыңыр» мінездерінің бірі - нөсер жауынды суреттедім. Күн салқын. Аспанды бұлт торлап алған. Айнала қараңғылана түсті. Жел күшейді. Ағаштар тербеліп, жапырақтар үзіліп түсіп жатыр. Ара-арасында ірі жаңбыр тамшылары жерге тамады. Көп ұзамай жаңбыр құйып салды. Нөсер жаңбыр үстімізді малмандай су қылды.

Содан соң сөзді «Қыс», «Көктем», «Жаз» топтарына береміз.

- Мен қыс мезгілінің «қыңыр» мінезі - жапалақтан жауған қарды суреттедім.

- Мен көктемнің «қыңыр» мінезі - көк майса шөпті суреттедім.

- Мен жаздың «қыңыр» мінезі ретінде жарқыраған күнін, жайқалған гүлін суреттедім.

- Өзіңе берілген жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын атап бер.

V. Бекіту кезеңі.

1)      Жыл мезгілдерін ата;

2)      Табиғат құбылыстары деген не?

3)      Табиғат құбылыстарын ата.

4)      Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажеттіліктеріне пайдалана біледі?

5)      Табиғат апаттарына не жатады?

6)      Апат кезінеде өзіңді қалай ұстауың керек?

2. Дәптерде орындалатын жұмыс.

Оқушылар «Құбылыстар» тақырыбы бойынша берілген тапсырманы өз беттерінше орындайды.

VІ. Үйге тапсырма.

40-42 бет.



























Сабақ: 12 Күні: Тексерілді:_____________

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Денелер. Заттар.

Сабақтың мақсаты: балалардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; балалардың зат туралы түсінігін қалыптастыруға көмектесу; оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру; ойлау жүйесін, логиканы дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: карточка жүйесінен жасалған сызба сызбалар, стақан, доп, қайшы, сызғыш, т.б. секілді заттар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Табиғат құбылыстары туралы не білесіңдер?

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру

«Табиғат және біз» тақырыбы бойынша тест өткізу

Табиғи заттардың астын сыз:

Раушан, саяжай, комбайн, тоқылдақ, бұлт, құм, тау, үстел,кітап, қарындаш, тас.

2. Қайсысы өлі табиратқа жатады:

а) адамдар, құстар, ағаштар, бұталар, жәндіктер
ә) Ай, өзен, жұлдыз, күн, адам және ол жасаған заттар
б) қар, бұлт, бұршақ, аспан, тас.

3. Тіршілік иелерінің өлі табиғаттан айырмашылыры:

а) олар сөйлеседі, жүгіреді, жылайды, күледі, өседі, өледі

ә) олар тыныс алады, тамақтанады, дүниеге ұрпақ әкеледі.

Балалар пікір алмасады, бір-бірінің қатесін түсінуге кемектеседі.

ІV. Мақсат қою

Бүгін табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы, заттардың қасиеттері туралы өтеміз.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

- «Дене» сөзін естігенде оны ең алдымен неге ұқсаттыңдар?
Бұл әртүрлі мағына беретін сөз. Мұғалім ДЕНЕЛЕР деген карточканы шығарып, бізді қоршаған ортадағы заттардың бәрі «дене» болып табылатынын түсіндіреді.

Табиғи дене - бұл табиғи дене, ал жасанды дене - адамның қолымен жасалған заттар.


Бірінші топқа жататын денелерді ата.

Екінші топқа жататын денелерді ата.

Үшінші топқа жататын денелерді ата.



VІ. Зерттеу кезеңі.

1. Мұғалім заттар туралы әңгімелейді.

- Денелердің бәрі заттардан тұрады.

2. Тақтада кесте сызылады, балалар мысал келтіреді.
Денелер Заттар

тостаған шыны

қар су

үстел ағаш

доңғалақ резеңке

кірпіш балшық


3. Дәптерге қатты, сұйық, және газ тәрізді денелерді жазып, жұмысын орындау.

4. Оқулық бойынша жұмыс істеу.

Ойын. Мұғалім денелерді көрсетеді, ал балалар олардың қандай заттардан жасалранын айтып береді.

VІІ. Бекіту кезеңі.

- Зат дегеніміз не?

- Заттар қандай топтарға бөлінеді?

- Денелердің қандай заттан тұратынын білу адамға не үшін қажет?

VІІI. Үйге тапсырма.

43-45 бет


Сабақ: 13 Күні: Тексерілді:_____________

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Ауа.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ауаның құрамы мен қасиеттері, ауаның жер бетіне таралу жолдары туралы білімін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сарамандық –лабораториялық әдіс,сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың құрал-жабдығы: Тәжірибе жасау құралдары су, шар, доп, шыны ыдыстар, шырпы шырақтар.

Сабақтың көрнекілігі: 1. «Ауаның құрамы» тірек-сызбасы. 2. «Орман» картинасының көшірмесі. 3. Тәжірибе жасау үшін шар, су құйылған стақан.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

- Зат дегеніміз не?

- Заттар қандай топтарға бөлінеді?

- Денелердің қандай заттан тұратынын білу адамға не үшін қажет?

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру


ІV. Мақсат қою

а) Сұрақтарды оқып, оларға өз беттерінше жауап беруге тырысып көр.

ә) Ауаның барлық жерде болатынын дәлелдейтін тәжірибе жаса.

1-тәжірибе: Шарды үрле, сосын ондағы ауаны ақырын ғана шығар. Шарға не болды?

2-тәжірибе: Аузыңа ауа толтырып ал да, ұртыңды саусағыңмен бас. Не байқадың?

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

1.Ауа барлық жерде: далада да, суда да, жерде де бар. Біздің планетамызды ауа қабаты қоршап тұр. Бұл ауа қабаты атмосфера деп аталады. Атмосфера Жерді Күн радиациясынан қорғайды. Ол болмаса, жердегі су әпсәтте қайнап, ал Күн сәулесі тіршілік атаулыны тұтас күйдіріп жіберер еді. Суда да, жерде де ауа барын дәлелдейтін мысалдар келтір.

2. Поэзия сэті.

Өлеңді оқыған кезде ауаның қандай қасиеттері туралы айтылатынына назар аудар.

Ол мөп-мөлдір,
Көзге көрінбейтін газ.
Бізді әуеде қалқып

Қоршап тұратыны рас.
Орманда да бар
Емен мен самырсын аңқыған.
Тыныстаған сайын
Иісіне жаның балқыған,

Жазда жылы леп болып,

Қыста дірдек қақтырған.
Көзімізге көрінбейді,
Ұстағанға білінбейді.
Онсыз бізге өмір жоқ,
Таза ауаға жаның тоқ.

Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге жазады.


Негізгі ұғым

Ауаның қасиеттері

Ауа

Мөлдір, түссіз, салмақсыз, иіссіз, жылы, салқын және т.б.

- Ауа неден тұрады?

Тақтаға сызба ілінеді.

АЗОТ- 78%

Көмірқышқыл газ - 1%

Оттегі- 21%

Тұжырым: Сонымен, ауа дегеніміз - бұл газ, дәлірек айтсақ, газдар қоспасы.

Балалар алған білімдерін оқулықтағы ауа туралы мәтінмен салыстырады да, оның қасиеттері туралы білімін бекітеді.

VІ. Зерттеу кезеңі.

Оқушылар тәжірибені мұғаліммен бірге жасайды, шаммен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасы сақталуы тиіс.

Тәжірибе жұмысының нәтижесін кестеге жазамыз. Онда ауаның барлық қасиеттері жазылуы тиіс.

- Желдің қандай түрлері бар?

- Дауыл дегеніміз не?
- Құйынды дауыл туралы не білесің?

- Осындай құйынды дауыл туралы телехабарларды есіңе түсір. Ондай жағдай қай аймақтарда болды?

VІІ. Бекіту кезеңі.

- Ауа туралы қандай жаңа мағлұмат алдық?


VІІI. Үйге тапсырма.

47-50 бет



Сабақ: 14 Күні: Тексерілді:_____________

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су.

Сабақтың маңсаты: суқоймалар мен олардың түрлері, олардың өсімдіктер, жануарлар мен адамдардың өмірінде атқаратын рөлі туралы түсінік қалыптастыру, балаларды озеннің жалпы сызбасымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: физикалық карта, сызбалар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

- Ауа туралы не білеміз?

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру


ІV. Мақсат қою

- «Суқойма» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?

Сен тұратын жерде қандай өзен ағатынын білесің бе?

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

  1. Оқушыларға сызбаны орындауға тапсырма беріледі:

Өзендердің қайдан бастау алатынын анықтау. Мұғалім бастау деген сөзбен таныстырады.

2. Бақылау жасау: өзің тұратын жердегі өзеннің қайдай бастау алатынын анықта:

Өзендердің қайда құятынын анықтау. Өзен сағасы сөзімен таныстыру.

Өзің тұратын жердегі өзен қайда құяды?

3. Картамен жұмыс.

Физикалық картадан Қазақстандағы үлкен өзендерді тап, атауын дәптеріңе жаз.

4. Оқулық бойынша жұмыс.
Белгілеп оқу. Мониторинг кестесі:


+ Білемін

- Білмеймін

V Қызың екен

? Білгім келеді


















Оқушы оқу барысында белгі соғып отырады:

(+) білетін ақпаратты қосу белгісімен белгіле;

(—) білмейтініңді минус белгісімен;

(V) таңырқаған жайларды осындай белгімен;

(?) білгің келген мәселені сұрақ белгісімен белгіле (бақылау жасау).

Оқушы мәтіндегі ақпаратты қысқаша кестеге түсіреді.

5. Жұптасып жұмыс істеу.

Кестеңді қасыңдағы серігіңмен алмастыр. Жазбаларды салыстыр. Пікір алмасыңдар.

6. Сөздік жұмыс.

VІІ. Бекіту кезеңі.

- Бұл сабақ саған не берді?

- Сабақта алған білімің өмірде пайдаға асады деп ойлайсың ба?

- Жерасты суы сызбасын құрастыр.



- Сен тұратын жерде минералды су көзі бар ма?

VІІI. Үйге тапсырма.

51-53 бет


Сабақ: 15 Күні: Тексерілді:_____________

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Бұлт. Жауын-шашын.

Сабақтың мақсаты: балалардың ауа мен су жайлы білімін ұштау; балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру; бұл сабақ барысында оқушылар бұлттың түзілу себептерін, жауын-шашынның қалай пайда болатынын түсінеді.

Сабақтың көрнекілігі: «Жауын-шашын», «Бұлттар» кестелері.

Сабақтың барысы:

1. Үй тапсырмасын орындау.

- Ауа мен судың қандай қасиеттерін білесің?

1-топ 2-топ

Ауа Су



- Ауа мен судың қандай ұқсас қасиеттері бар? Балалар өз бақылағандарын әңгімелеп береді.

II. Негізгі блок.

1. Оқулық бойынша жұмыс.

1) Белгі соға отырып мәтінді оқу:

(+) білетін ақпаратты қосу белгісімен белгіле;

(-) білмейтініңді минус белгісімен;

(V) таңырқаған жайларды осындай белгімен;

(?) білгің келген мәселені сұрақ белгісімен белгіле (бақылау жасау).


+ Білемін

- Білмеймін

V Қызық екен

? Білгім келеді














2) Балалар жұптасып жұмыс істейді, пікір алмасады және сұрақтар әзірлейді.

3) Жолдастарыңа мәтін бойынша әзірлеген сұрақтарыңды қой.

4) Мәтінді оқу барысында қандай жаңа мағлұмат алдың? Тағы не білгің келеді?

5) Қандай бұлттарды білесің? Бұлттар нені бейнелейді? Сенің ойыңша, бұлттар неге қозғалады? (Жауап бере алмаған оқушы жауапты мәтіннен іздесе болады.)

2. Сурет бойынша жұмыс:

- Мәтіннен бұлттарды суреттейтін жолдарды тауып оқы.

3. Бұлттың, жауын-шашынның пайда болу сызбасын жасау.


Балалар әрі қарай өздері қорытынды жасауы тиіс.

- Жауын, қар, бұршақ, шың, тұман, қырау – жауын – шашынға жатады.

- Бұлт - будаң, шарбы, қабатты бұлттар деп бөлінеді.

4. Негештің сұрағы:

- Бұлттар неге әр түрлі болады?

5. Сөздік жұмыс:

Қырау, будақ бұлт, шарбы бұлт, қабатты бұлт.

III. Сабақты қорыту.

  1. Өзіңді тексер.

  2. Оқулықтагы тапсырма бойынша бақылау жүргізу.

IV. Үй жұмысы. «Жердің көрінбейтін киімі» деген не мағына береді, түсіндір. «Бұлт. Жауын-шашын» мәтінін оқып, жауын шашынның неден пайда болатынын түсіндір.



Сабақ: 16 Күні: Тексерілді:_____________

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары.

Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары деген не?

Сабақтың мақсаты: оқушылардың пайдалы қазбалар, оларды пайдалану туралы түсінік қалыптастыруына ықпал ету; оқушылардың тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамытып, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы; «Пайдалы қазбалар» топтамасы.

Сабақтың барысы:

І.Миды шынықтыру.

- Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланады?

- Оларды қайдан алады?

- Отынның қандай түрлерін білесің?

- Металды қалай алады? Оларды қайда пайдаланады?

- Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?

ІІ.Тақырыпқа кіріспе. -

Оқулық бойынша жұмыс істеу.

а) Мақаланы оқу. Тау жыныстары деген не?

Әңгімелесу, пікір алмасу.

ә) Пайдалы қазбалар туралы айтқанда көз алдарыңа не елестейді?



б) Кесте құрастыр.


Негізгі сөздер

Пікір

1

Пайдалы қазбалар

Адамдар жер астынан қазып алатын немесе оның бетіндегі табиғи байлықтар шаруашылықта пайдала-нылады.

2

Кеніштер

Пайдалы қазбалар игеруге жетерлік мөлшерде шоғырланған орындар.

3

Бассейн

Пайдалы қазбалар жатқан үлкен сала.

4

Кен

Құрамында металдар мен металл қоспалары бар тау жыныстары.

5

Металдар

Металлургия зауыттарында кенді балқыту арқылы алынады.

Бүл кесте балаларға сабақ тақырыбына қатысты жаңа сөздерді (терминдерді) есте сақтауға, олардың мәнін ұғуға көмектеседі.

III. Сабақты қорыту. Өзіңді тексер.

Балалар тақтаға ілінген кестеге қарап, қорытынды шығарады:


Пайдалы қазбалар

Кеніш - жер қойнауында пайдалы қазбалар шоғырланған орын


Жанғыш

Кенді

Кенсіз

Карьер

Шахта



IV. Үй жұмысы. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Математикканы? д?ниетанумен байланысы

Автор: Назаралиева Г?лнар Танатар?ызы

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294172


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства