kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика п?нінен саба? жоспары "Сандарды еселік салыстыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы "Сандарды еселік салыстыру?а берілген есептерді шы?ару".?з саба?ымда о?ушыларды? есептеу да?дысын ?алыптастыру ?шін ?р т?рлі т?сілді есептерді шы?арттым.О?ушыларды? саба??а ?зірлігін психологияы? даярлы?тан бастадым.Саба? барысында арифметикалы? диктант,ауызша есептеу сия?ты есептеу есептерін пайдаландым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«матем жоспар»

Тақырыбы: «Сандарды еселік салыстыруға берілген есептер».(3 сынып)

Елеусизова Залия Кыдыркановна

бастауыш сынып мұғалімі

КММ Қ.Дамитов атындағы орта мектебі

Мақсаты:сандарды еселік салыстыруға берілген есепті шешумен оқушыларды таныстыру.Есептеу дағдыларын , логикалық ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, математикаға деген қызығушылығн арттыру.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, тақта, дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа әзірлік.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Тірек білімді белсендіру. Ауызша есептеу.

Арифметикалық диктант.

1.29 – бен 7 сандарының қосындысын тап.

2.25 пен 6 сандарының айырмасын тап.

3.40 шығу үшін қандай санға 24-ті қосу керек?

4. Азайғыш 38, азайтқыш 18. Айырманың мәні неге тең?

5. 12 шығу үшін қандай саннан 28- ді азайту керек?

6. 16-дан 8-дің нешеуі кем?

7.Бірінші қосылғыш 34, екінші қосылғыш 26, қосындының мәні неге тең?

Жаңа сабақ

1 тапсырма. Мұғалімнің басшылығымен жасалатын практикалық жұмыс. Бөліктеріндегі сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар мынадай қорытынды шығарады: қызыл дөңгелектердің көк дөңгедектерден неше есе артық екенін білу үшін 12-нің ішінде 3 неше рет екенін білу қажет. Яғни 12 :3 = 4 демек, көк дөңгелектер қызыл дөңгелектерге қарағанда 4 есе кем, ал қызықл дөңгелектер 4 есе артық.

2,3 тапсырма. Ұжымдық жұмыс ретінде шығарылады. Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыру жүзеге асырылады. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Қорытынды. Бір санның екінші саннан қанша артық немесе қанша кем екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайту қажет. Бір санның екінші саннан неше есе артық немесе неше есе кем екен табу үшін үлкен санды кіші санға бөлу қажет.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.

4,5 тапсырма. Оқушылардың өзіндік жұмысы: математикалық тізбек бойынша ауызша есептеу жүргізіледі.

Рефлексия.

7 тапсырма. Оқушылар 1 минут ішінде барлық мүмкін жағдайларын жазады да, қалғандарын көрсетеді:

2 : 1 = 2 6 : 3 = 2 8: 4 = 2

10 :5 = 2 12 : 6 = 2

Нақтылайтын сұрақтар қойлады.

3-тен 6 неше есе артық?

6-дан 3 неше есе кем?

Шығармашылық тапсырма.

Сабақты қорыту. Бағалау. Үйге тапсырма.

















Тақырыбы: Кері есептер (көбейтіндінің белгісіз мәнін және белгісіз көбейткіштерді табуға берілген) (3 сынып)

Елеусизова Залия Кыдыркановна

бастауыш сынып мұғалімі

КММ Қ.Дамитов атындағы орта мектебі



Мақсаты: өз бетімен есептерді талдауға үйрету, логикалық ойын дамыту, есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, тақта, дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа ғана ояндық, Оң жақтағы көршіге Алақанды соққылап,

Керілдік те созылдық Сол жақтағы көршіге Табанменен тепкілеп

Есінедік ақырын, Сәлем бердік ал енді Иықты да қозғаймыз.

Тұру бізге тым қиын. Бастау керек сабақты. Содан кейін бәріне

«Қайырлы таң» дейміз біз



Тірек білімді белсендіру.

Ауызша есептеу.

Қатарды жалғастыр:

6,13,20,27, 2,6,3,7,4 .... (8,5) 41 ,37, 39, 35, 37, .... (33,35)

2. Сұрақтарға жауап бер:

-Екі аптада неше күн бар?

-Үш лақтың неше аяғы бар?

-6 көжектің неше құлағы бар?

Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма. Мұғалімнің көмегімен оқушылар санды табаду, таңдауын негіздейді. 2,3,4, сандарының көбейту кестесін қайталайды. Көбейту амалының компоненттерін еске түсіріледі.

2 тапсырма.Есепті талдау барысында шығарудың бірнеше тәсілдері анықталады:

1 тәсіл: 2 тәсіл:

4 + 4 + 4 = 12 доп 4* 3 = 12 доп

Нәтижесінде есептер кері есептер екені қорытынды жасалады.



Сергіту сәті.

Қолымызды жаямыз,

Ұқсай қалып ұшаққа.

«Бір» дейміз, «екі» дейміз.

Қанатпен о жақ бұ жаққа,

Екі жерде екі, екі жерде екі,

Қолды жанға ұстаңдар.

Бір-біріңе қараңдар.

Екі жерде екі, екі жерде екі,

Түссін қолдар төменге,

Отыра қал бір демде.

3 тапсырма. Оқушылар өздері орындайды, жұппен талданып, қорытындыланады.

4 тапсырма. Теңдеуді шешу түсіндіріле отырып, тақтада орындалады. Белгісіз бөлінгіш пенбелгісіз көбейткіштерді табу алгоритмі еске түсіреді.

5 тапсырман. Мысалдардың бірінші бағанды тақтаға, екіншісін дәптерге орындайды.

6,7 тапсырма. Өзіндік жұмыс түрінде орындалады.

Рефлексия.

-Өзіңді мақта.

-Сыныптастарыңды мақта.

Сабақты қорыту. Бағалау. Үйге тапсырма.









Тақырыбы: 6 – ға көбейту және бөлу кестесі (3 сынып)

Елеусизова Залия Кыдыркановна

бастауыш сынып мұғалімі

КММ Қ.Дамитов атындағы орта мектебі



Мақсаты: 6 – ға көбейту және бөлу кестесі жайлы түсінікті қалыптастыру; есеп құрастырып шығара білуге дағдыландыру; байқағыштыққа және жадында сақтай білуге баулу.

Сабақтың типі: дәстүрлі

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, ереже

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кәне достым тексерші, Соғылды күткен қоңғырау,

Әзірмісің сабаққа. Сабағымыз басылды.

Орнындама бәрі де, Қосамыз да аламыз,

Жиюлы ма тәртіппен. Көбейтеміз, бөлеміз.

Қалам, кітап, дәптер ше? Математиканы білеміз, Сондықтан да сүйеміз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Ауызша есептеу. Арифметикалық диктант.

1. 4 5 10 : 2 5 9 25 : 5

5 7 15 : 5 6 5 40 : 5

2. 5,20,4 сандарын пайдаланып, өрнектер құр.

3. 2-ге, 4-ке бөлінетін 5 сан жаз. (4, 8, 12, 16, 20)

ІІІ. Жаңа сабақ .Мақсат қою: Тақырыбымен мақсатын хабарлау. Біз бүгінгі сабақта 6 – ға көбейту мен бөлу кестесін қарастырамыз.

1. Оқушылар алдымен белгілі 6- ға көбейтудің мысалдарын жазады.

2 6 3 6 4 6 5 • 6 6 • 6 өрнегін қарастыру барысында оқушылар «6 -ны» қосылғыш ретінде алт ырет алу керектігін түсіндіреді, яғни санды 5-ке көбейту кестесіндегі 6• 5 = 30 мысалы алынды, демек, 6• 6 = 6 • 5 + 6 = 6. Санға 6-ны көбейтудің өзге мысалдары осылай түсіндіріледі.Бөлудің сәйкес жағдайлары қатар қарастырылады.





6 ∙ 6 = 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6

6 ∙ 7 = 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6

6 ∙ 8 = 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6+6

6 9 = 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6

6 ∙ 6 = 36

6 ∙ 7 = 42

6 ∙ 8 = 48

6 ∙ 9 = 54



2. Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыстыру керек. Қорытынды жасалады.

Арасы -300 м 6 бет -3 с

Жүрді - 3 мин Қалғаны - 30 с ?с

1 мин – 60 м

Қалғаны - № м

300 -60 • 3 = 120 м 6 • 3 + 30 = 48 с

Жауабы: 120м қалды Жауабы: 48 сурет болды

Есептердің ұқсастығы мен айырмашылығ неде?

Сергіту сәті.

Бұғының үлкен үйі бар, Тық-тық, тық-тық, аш есікті,

Әйнектен көзін салып тұр. Орманға аңшы келіпті,

Орманнан қашқан бір қоян, Қоянжан, енді тұрыс не,

Есікті келіп қағып тұр, Қолыңды соз, кір ішке



3. Оқушылар амалдардың кері екендігіне сүйеніп, қорытынды жасайды.

5,6. Алдымен периметр мен ауданды табу тәсілдері еске түсірілеід. Оқушылар өз беттерінше орындайды.

Рефлексия. №4. Санға 6 –ны көбейту кестесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін табу:

9 • 6→ 54 : 6 = 9 54 : 9 = 6

Шығармашылық тапсырма. Оқушылар жеке орындайды. Жауаптарын дәлелдейді. (қалғаны 8 жылқы)



Сабақты қорыту.

Бағалау.

Үйге тапсырма.







































Тақырыбы: Сөйлем мүшелері және олардың байланысы (4 сынып)

Елеусизова Залия Кыдыркановна

бастауыш сынып мұғалімі

КММ Қ.Дамитов атындағы орта мектебі

Мақсаты: сөйлем мүшелері туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-жаттығуды тексеру

ІІІ. Білімді тексеру:

1)Ақ түйе боталады.

2)Сәуле киім үтіктеді.

3)Ара гүлге қонды.

4)Бүгін күн жылынды.

IV Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V Жаңа материалмен жұмыс:

а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерді жайылма сөздерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар Балалар балық аулады.т.б Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырыңдар Айару келді.Жаңбыр жауды.т.б

ә) оқулықпен жұмыс -жаттығуды(терең ойлау тапсырмасы) Жайылма сөйлемдерді оқы.Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып,төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.(оқушылар атақты шопанмен кездесті.)

б) дәптермен жұмыс Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.

в) Сергіту жаттығуы

Ребусты дұрыс шешсең,мақал шығады.(Ерді намыс өлтірер).

Жайылма сөйлем

  • жаттығу Сызбаны толықтыр.

Сөйлем мүшелері



Тұрлаулы мүшелер




Бастауыш

Тұрлаусыз мүшелер


Баяндауыш



- жаттығу ауызша орындау (Терең ойлау тапсырмасы) жаттығудағы сөйлемдерді төмендегі қай себетке салуға болады?

1) себет жалаң сөлем/Жаңбыр жауды./

2)себет жайылма сөлем /Лаура кітапханаға ткелді.1,2,3,4сөйлдерді саламыз/

- жаттығу

1)Мақалды түсініп оқы.

2)Мақалды сөйлем мүшесіне талда.

3) Сөйлем мүшелерінің байланысын тап. Ағынды су арнасын табады.

VI. Қорытындылау

а) Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ә) Тұрлаулы мүшені атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

VII Үйге тапсырма: - жаттығу 6-бет. VІІІ Оқушыларды бағалау

Тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаты: Қос сөз туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиеге баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ

Қос сөздер бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: айта-айта, кезек –кезек, киім –кешек.

Оқулықпен жұмыс

34 жатығу өлеңді оқып, жатқа жазу.қос сөздердің астын сызу. Оның екі сыңары екі түрлі жасалғаныны байқау.

35 жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Қос сөздерді тауып, арасына дефис қойып жазу.

36 жаттығу. Қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.

37 жаттығу мәтінді оқып, қос сөздерді табу. Олардың жасалу жолдарын түсіндіру. Қос сөздерді теріп жазу.

Сөздің алдынан күшейткіш буын қосу арқылы да қос сөздер жасалады. Мысалы: қып –қызыл, тап –тар, түп –түзу.

Сергіту сәті.

Буратино керілді, Кілтті таппай қойғаны,

Бір иілді, екі иілді. Жету үшін сол кілтке,

Қолын жанға созғаны, Көтерейік өкшені.

38 жаттығу берілген сөздерді кест еге орналастыру.

40 жаттығу. Екеу ара диалогтық сұхбатқа түсу.



ІҮҚорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Ү Үйге тапсырма: 39 -жаттығу.

ҮІ Оқушыларды бағалау

























Тақырыбы: Сөз таптары Зат есім. (4 сынып)

Елеусизова Залия Кыдыркановна

бастауыш сынып мұғалімі

КММ Қ.Дамитов атындағы орта мектебі

Мақсаты: сөз таптарының түрлерін, оларға сұрақ қоюға, сөйлемдегі сөз таптарына талдау жасауға үйрету; таным қабілетін дамыту, сөздік қорларын, дүниетанымын дамыту; ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, ішін-ара іздену, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығудағы ребустың шешуін таптық па? Дәптерлерінен тексеріп шығамын.

ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жан-жақты білімдерін тексеру





Сызбаға сүйене отырып 3-жаттығудағы сөздерді талдау.Сөздерді мағыналарына қарай топтап айтып, оларға сұрақ қой? Әр топтағы сөздерге қойылатын сұрақтың әр басқа болуы неліктен деп ойлайсың? Сызба бойынша сөз таптары туралы білетініңді айт. Анықтаманы еске түсіру.

Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?

Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша?

Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті?

Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш.

Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс.

Ү Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс 9-жаттығудағы әр сөз табының қандай мағына білдіретінін айту және кестені толықтыру.

Зат есім

Жалқы есім



...



Баянауыл

...

Жалпы есім





Адам

...

өзен

Негізгі зат есім



Көл

...

орын

Туынды

Зат есім

...

Достық

...



5 жаттығудағы мәтінді оқып, бастапқы бөлігін көшіріп, сөз таптарына талдау.

Сергіту сәті

Бұғының үлкен үйі бар, Тық-тық, тық-тық, аш есікті,

Әйнектен көзін салып тұр. Орманға аңшы келіпті,

Орманнан қашқан бір қоян, Қоянжан, енді тұрыс не,

Есікті келіп қағып тұр, Қолыңды соз, кір ішке

6 жаттығу берілген сөздерге әр сөз табын тіркестіріп жазу.

7 жаттығу жұмбақты оқып, шешуін табу. Сөздерге сұрақ қойып, морфологиялық талдау жасау.

ҮІ Қорытындылау

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ Үйге тапсырма:

8 жаттығу берілген сөзжұмбақтағы сұрақтар жазып, керісінше сөзжұмбақ құрастырып жазу.

ҮІІІ Оқушыларды бағалау












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
математика п?нінен саба? жоспары "Сандарды еселік салыстыру"

Автор: Елеусизова Залия ?ыдыр?ановна

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства