Сабағымыз сәтті өту үшін бір-бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік
Ал балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік,
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Ал енді, осы жақсы көңі-күймен сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақта біз 3 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
1-топ Алғырлар; 2- топ Тапқырлар; 3-топ Зеректілер;
- Биыл 2014 жылы еліміз егеменді болғанына неше жыл болады? 23 жыл
XXI ғасырда Қазақстаннды әлем танып өркениетті ел қатарына қосылды. Егемендік алғаннан кейін біздің Қазақстанымыз 50 ең мықты елдердің қатарына қосылды
- Еліміз мықты болу үшін, біз қандай болуымыз керек?
- Білімді болу деген не? (Оқушылардың ойларын тыңдау.)
Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықы жеңе алады. Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған,білімді болуы тиіс.
Бүгінгі сабағымызда біз де “Болашақ баспалдағымен” көтеріліп,білім шыңына шығу арқылы білімімізді көрсетейік.Егеменді еліміздің туын желбірету арқылы өз үлесімізді қосайық.
1-басқыш. Болашақ баспалдағы(оқушыларға оқыту) Ойыннан бастайық.
Ауызша санау "Кім тез" ойыны
2+3 5-4 10-5 5+2
7+4 6-3 3+5 5-3
2-басқыш. Қайталау-сөздің анасы.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (3,4,5, сандарының +,- кестесі)
1-топ Алғырлар 3 +,- кестесі
2- топ Тапқырлар 4 +,- кестесі
3-топ Зеректілер 5 +,- кестесі
Сергіту сәті.
Ауызша санау "Кім тез" ойыны
2+3 5-4 10-5 5+2
7+4 6-3 3+5 5-3
2-басқыш. Қайталау-сөздің анасы.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (3,4,5, сандарының +,- кестесі)
1-топ Алғырлар 3 +,- кестесі
2- топ Тапқырлар 4 +,- кестесі
3-топ Зеректілер 5 +,- кестесі
Сергіту сәті. Бағдарлау – мотивациялық кезең
3- басқыш. Сиқырлы санды сөйлет.
1
2
3
4
5
6
7
8
қ
а
й
т
а
л
а
у
1. Ақ ұлпа (қар)
2. Ең жақын адам (ана)
3. Ай сөзіндегі ең соңғы дыбыс (й)
4. 2 мен 2 нің қосындысы (төрт)
5. Ініден үлкен (аға)
6. Ешкінің төлі (лақ)
7. Әліпбидегі бірінші әріп (а)
8. Дауысты да, дауыссыз да. (у)
- Сонымен қандай сөз шықты? Қайталау
- Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
III. Операциялық-орындаушылық кезең.
4- басқыш. Өткенді пысықтау
1)Оқулықпен жұмыс. №5,126 бет( есеп)
Есепті оушыларға оқыту, талдау.
- Не түсүндіңдер?
- Есепте нелер туралы айтылған?
- Кім есептін шартын оқып береді? - Ал сұрағын?
- Шартында қандай сандар бар?
- 9,5 сандары нені білдіреді?
Сергіту сәті (Ал балалар тұрайық...)
2)Дәптермен жұмыс. (балалар тақтаға бір-бірден шығып қысқаша жазуын, шешуін,жауабын жазады)
Салды -9
Бояды – 5
Қалғаны -?
Шешуі: 9-5=4
Жауабы: қалғаны 4 ою..
Сергіту сәті (Көз жаттығуы)
5-басқыш. Қасиетті ұғымдар. (топпен жұмыс)
3
4
5
Үш би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
Үш қадірлі: Ырыс, бақ, дәулет
Төрт тұлға: От, су, жел, жер
Төрт құбыла: Онтүстік ,Солтүстік, Батыс, Шығыс
Төрт м:аусым: Көктем, жаз, күз, қыс
Төрт түлік: Түйе, жылқы, сиыр, қой
Бес қару: Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес қатер: От, жау, борыш, ауру,сөз
Бес намаз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ақшам намазы, жашиық намазы