Просмотр содержимого документа
«Математика "?осу ж?не азайту амалдарын тексеру"»
Күні:------------------ Сыныбы:
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарын тексеру.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: 1. Қосу және азайту амалдарын тексеруді түісіндіріп, тақырыпқа сай есептерді, тапсырмаларды орындауды үйрету.
2. Дамытушылық: Есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып,
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
- Балалар, біз бүгінгі сабақты бұрынғы сабақтардан өзгеше етіп өткіземіз. Яғни сабақ сайыс түрінде өтеді. Сыныпты 3 топқа бөліп, І топ – Ойшылдар, ІІ топ – Тапқырлар, ІІІ топ – Білгірлер тобы болады.
Дәптермен жұмыс . Көркем жазу минуты.( 3 минут) Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық. Дәптерімізді ашайық. Көркем етіп жазайық.
444444
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге не берілді? (Балалардың дәптерлерін тексеру)
ІІІ. Жаңа сабақ. Қосу және азайту амалдарын тексеру
Математикалық диктант:
Оқулықпенжұмыс:
№1.
1.Амалдарды орында.
881-693 251+464 280+30-50
1000-547 586+212 860-(130+70)
2.Есепті шығар.
Үш кітапта 926 бет бар. Бірінші кітапта 305 бет бар, екінші кітапта бірінші кітапқа қарағанда 35 бет кем. Үшінші кітапта неше бет бар.
3. Теңдеулерді шеш.
а-400=180 520+х=1000
4.Өрнектерді салыстыр.
886*450+390 1000-274*426+439
5.Фигура сыз, периметрін тап.
Ұзындығы 6 см, ені 3см тік төртбұрыш сыз. Оның периметрін тап.
сынып Математикадан тест тапсырмасы №1. (кілті)
1.Дүкенге 280 литр сүт әкелінді. Оның 30 литрі балабақшаға жіберілді және 3 литрлік 8 құмыра сүт сатылды.Дүкенде неше литр сүт қалды?
А) 86 л В) 226 л С ) 186 л D) 189 л
2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені одан 3 см қысқа. Периметрін тап .
А) 18 см В) 15 смС ) 30 см D) 6 см
3.Теңдеуді шеш: х — 78 = 12
А) 90 В) 66 С ) 78 D) 98
4.Өрнектің мәнін тап. (26-17) . (2+2)
А) 6 В) 9 С ) 36 D) 17
Ең кіші екі таңбалы санды тап.
А) 10 В) 0 С ) 1 D) 99
1 тоннада неше центнер бар?
А) 100 ц В) 10 ц С ) 10000 ц D) 1000 ц
Қарындасы 8 жаста және ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?
А) 9 В) 24 С) 11 D) 10
Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле.
А) 1+11+111 В) 17+27+12 С) 7+8+9 D) 2+2+2
Бос шаршыны толтыр:
800 бірл = 8 жүзд
10.Минутпен өрнекте: 2 сағ 15 мин
А) 135 мин В) 75 мин С) 120 мин D) 240 мин
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындысы…
А) ұлғаяды В) өзгермейді С) азаяды D) білмеймін
Самат пен Арман-құрдастар. Егер Арман 10-да болса, Саматтың жасын тап.
А) 5 жаста В) 7 жаста С) 10 жастаD) 8 жаста
Санды разрядттық қосылғыштарға жікте: 358
А) 30+50+8 В) 300+50+8 С) 3+50+8 D) 300+5+8
Шаршының қабырғасы 4 м-ге тең. Шаршының ауданын тап.
А) 25 дм² В) 16м² С) 5 м² D) 25см²
Дұрыс жауапты тап: 4∙4-8+
Сергіту сәті
Бір, екі, үш
Қарлығаш боп ұш
Төрт, бес, алты
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қайта орныңа қон.
№4 3 топқа бөлініп, өрнектердің мәнін табу.
602+65=667 900-760=140 700-(352+145)=700-497=203
300-67=233 45+138=183 (254+258)-359=512-359=153
23+945=968 701-98=603 (800-92)+102=708+102=810
«Миға шабуыл» Логикалық тапсырмалар:
Рефлексия
Сабақта нені қайталадыңдар?
Қандай тапсырма ерекше қызықты болды?
Қандай тапсырмада қиындық туындады?
Сабақта кімнің жұмысын атап өткілерің келеді?
Жарайсыңдар, осымен сабақ аяқталды.
Бағалау. Үйге тапсырма. Карточкадағы тапсырмаларды шығару