Сабақтың атауы | Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі. Көлемнің өлшем бірліктері. |
Жалпы мақсаты | Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою. Әртүрлі есептерді шығару бойынша оқушылармен топпен, жұппен, жеке жұмыстар жасай отырып, өз ойларын еркін, ашық айтуға машықтандыру. Оқушыларды тапсырманы шапшаң орындауға, сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық ізденістерін дамыту, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, тәрбиелеу. Шапшаң есептеуге дағдыландыру. |
Сілтеме | Оқулық, әдістемелік кітапша, интернет желісінен алынған материалдар, т.б. |
Оқу нәтижесі | АКТ-ны пайдалану, жұптасып жұмыс жүргізу, бірін-бірі тыңдау, шыдамдылық таныту, шапшаңдыққа үйрену |
Тапсырма көздері | 1-тапсырма. Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: | 6-тапсырма. № 4. Топпен жұмыс. |
2-тапсырма. № 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір. . | 7-тапсырма. № 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап. |
3-тапсырма. № 1(ә). Салыстыр | 8-тапсырма. № 6. Топтық жұмыс. |
4-тапсырма. № 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. | 9-тапсырма. № 7. Жұптық жұмыс. Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап. |
5-тапсырма. № 3. Ауызша салыстыру. | 10-тапсырма. Шығармашылық тапсырма. № 9. Кезекпен жазып өрнек құру. |
Бағалау | Сабаққа қатысқан балаларды бағалау мен топтың бағалауы |
Кейінгі тапсырма | № 7. |
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру.Шаттық шеңберін өткіздім. Оқушылар топқа бөлінді. Топ басшысы тағайындалып, бағалау бетшелері таратылды. | Шаттық шеңберін орындады. Оқушылар топқа бөлінді. Бағалау бетшелерін алды. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар |
Үй тапсырмасы сұралды. | № 3. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру) |
Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: 7 200 : 8 + 100 – 190 : 9 ∙ 1 000 8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 – 5 000 : 2 ∙ 7 | Оқушылар ойынға қатысады. |
Жаңа сабақ: түсіндіру, еске түсіру, қайталау. № 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір. Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады. Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді) «Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру. | 1 см3 = 1 000 мм3 1 дм3 = 1 000 см3 1 м3 = 1 000 дм3 1 дм3 = 1 000 000 мм3 1 м3 = 1 000 000см3 1 л су = 1дм3 |
№ 1(ә). Салыстыр. | 5 м3 5 000 000см3 10 000 см3 5 дм3 5 см3 = 5 000 мм3 |
№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. | 12м3 = 12 000 000см3 8 000 000мм3 = 8 000см3 12дм3 = 12 000см3 |
№ 3. Ауызша салыстыру. «Кім шапшаң» ойыны | Оқушылар ауызша орындайды |
№ 4. Топпен жұмыс. | 1-топ – № 4 (а), 2-топ – № 4 (ә), 3-топ – (б). 1 топ: V= 50м ∙ 10м ∙ 2м = 1 000м3 (көлемі) 50м ∙ 10м = 500 м2 (бассейннің түбінің ауданы) 50м ∙ 2м = 100м 2 (бассейіннің бір бүйірінің ауданы) 10м ∙ 2м = 20м2 (бассейіннің екінші бүйірінің ауданы) 2топ: V= 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105м3 (бөлменің көлемі) S = 7м ∙ 5м = 35 м3 бөлменің еденінің ауданы. 3 топ. S = 12м2 V= 12: 3 ∙ 2 ∙ 3 = 24 м3 Һ = 2м В = 3м V= ? |
№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап. | Ұзындығы | Ені | Ауданы | Периметрі | 12см | 7см | 84см2 | 38см | 16мм | 5мм | 80мм2 | 42мм | 35м | 20м | 700м2 | 110м | |
№ 6. Топтық жұмыс. | І топ: Ш: 958 – (429 + 297) = 232 (бастауыш сынып оқушылары) ІІ топ. Ш: 78 – ( 15 + 15 ∙ 2) = 33 (см) (үшінші қабырғасы ) ІІІ топ. Ш: 5т = 5 000кг. 5 000 – 900 кг ∙ 3 = 2300 (кг)( картоп қалды.) |
№ 7. Жұптық жұмыс.Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап. | (750 – 50) : (25 ∙ 2) = 14 960 : (45 : 15) = 320 404 : (200 + 2) = 2 |
Шығармашылық тапсырма. № 9. Кезекпен жазып өрнек құру. | 23 + 67 + 159 + 41 = 290 23 + 111 + 159 + 7 = 300 23 + 441 + 159 + 267 =890 |
Мұғалімнің бағалауы. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. | Топ басшылары бағалау бетшесі арқылы бағалайды. |
Үйге тапсырма | № 7. |