Просмотр содержимого документа
«Математика 4 сынып Та?ырыбы: ?оз?алыс?а берілген есептер »
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
«Тайынша қаласы №2 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Кусаинова Лаззат Салимтаевна
Математика 4 сынып
Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептер
Мақсаты:
1.Қозғалысқа берілген есептерді шешуін әр түрлі тәсілдермен табу; білімдерін қалыптастыру жұмыстарын жалғастыру; көптаңбалы сандармен шығару дағдыларын жетілдіру; кестеден тыс көбейту мен бөлу; өрнектердің орындау тәртібін қайталау;
2.Интеллектуалдық білімдерін дамыту: ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті, танымдық қызығушылығын арттыру, мәселелік жағдаяттарды пайдаланып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді пысықтау
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, көрнекілік, ізденіс,өздік жұмыс.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: слайдтар, карточкалар;
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық ахуал. 2.Көркем жазу.
- Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып алайық.
- Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабыесепті шешудегі цифры, көркем жазуда жазамыз.
- Түлкі 2 сағатта 18 км жүгірсе, оның жылдамдығы қандай болады? (18: 2 = 9 км/ч)
- Ендеше 9 цифрын жазамыз. 9 санымен бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы және т.б. сандарды жазыңдар.. (9, 99, 999, 9999, …)
3. Тірек білімдерін жетілдіру.
б) Қозғалысқа берілген есептерде қандай өлшемдер болды?
в) Жылдамдық дегеніміз не? Оны қалай табамыз?
г) Уақыт дегеніміз не ? Оны қалай табамыз?
д) Қашықтықты дегеніміз не? Оны қалай табамыз?
- Парталардың үстінде берілген карточкалардан қашықтық, уақыт, жылдамдық табудағы формулаларын қалыпқа келтіру керек.
v
v
:
:
*
=
=
=
s
v
t
s
s
t
t
- Балалар, жауаптарыңды тексерейік. 7 слайд
е) Ара 2 сағатта 40 км ұшты. Араның ұшу жылдамдығын табыңдар?
ж) Көртышқан 10 см/с 7 с жылдамдықпен жүгірді. Ол қанша км жүгірді?
з) Тышқан 3 м/с жылдамдықпен кірпіден қашып 12 м жүгірді. Одан сақтану үшін қанша уақыт кетті?
4. Ауызша есептеу.
Ми гимнастикасы
1 нұсқа ІІ нұсқа .
(а) 250х2=
(т) 800200-800000= (л)35700:700=
(о) 600-500=
(ы)14000:200=
(о) 51х100=
(ұ) 1800:100=
(с)70х30=
(ы) 4900+5100=
(н) 18х50= (ғ) 10000-1=
ІІІ нұсқа.
1. Өрнектің орындалу тәртібін тауып, шешіңдер:
(с)1000 – 490 : 7 + 420 : 70
(ы)630 : 9 ∙ 8 + 450 : 5 ∙ 6 – 800
6.Тақырып бойынша жұмыс.
1)-Біз бүгін қалай жұмыс істейміз? (топпен)
-Әр топтан командирді сайлап алыңдар.
- Балалар есепті тыңдаңдар. (Аудио)
А) Динара мен Айгүл өздерінің үйлерінен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шықты. Динара роликпен 90 м/мин жылдамдықпен жүрсе, ал Айгүл велосипедпен 200 м/мин жылдамдықпен жүрді. Қыздар үш сағаттан кейін кездесті. Олардың үйлерінің арақашықтығы қандай?
( слайдта сурет пен сызба пайда болады).
б) Есепті талдау және шешу.
- Есепте не белгілі? (Жауаптары).
(Слайдта кесте толтырылады, балалар дәптерде толтырады)
- Нені табу керек? (жауаптары).
Жылдамдық
V
Уақыт
t
Қашықтық
S
Д. – 90 м/мин
А. – 200 м/мин
3 мин
? м
? м
? м
- Динара қандай жылдамдықпен қозғалды?
-Қанша уақыт жолда болды?
- Ол кездескенге дейін қандай қашықтық жүргенін біле аламыз ба?
(Осылайша Айгүлдің жүрген жолын табамыз.)
- Үйдің арақашықтығын қалай табамыз?
1 әдіс:
1) 90 . 3 = 270 (м) – Динара жүріп өтті.
2) 200 . 3 = 600 (м) – Айгүл жүріп өтті.
3) 270 + 600 = 870 (м)
2 әдіс:
- Қыздар қалай қозғалды? (Бір-біріне қарама-қарсы.)
- Бір миутына жақындау қашықтығы қандай болды? (290 м)
- Бұл олардың жалпы жылдамдығы немесе жақындау жылдамдығы
1) 90 + 200 = 290 (м/мин) – жақындау жылдамдығы.
- Олардың 3 минутта қандай қашықтық жүргенін қалай білеміз?
2) 290 ∙ 3 = 870 (м)
Жауабы: Қыздардың үй арасындағы қашықтық - 870 м
Сергіту сәті. слайд
- Ал қазір сендер топта осы есепті талдап, шешесіңдер, содан соң тексереміз.
1)Ауызша есепті құрастыр: 1 топ: кесте бойынша
v
t
s
8 км/сағ
7 км/сағ
бірдей
16 км
? км
2) Есепті ауызша құрастыр: 2 топ: сызба бойынша
9 мин
? м/мин 30 м/мин
630 м
3 вар.: Мына мәлімет бойынша есеп құрастыр : жылдамдық, уақыт, қашықтық
(900 + 800)* 2 немесе 900*2+800*2
7. Өздіктерінен жұмыс . 15 слайдта берілген сызба бойынша әр түрлі тәсілдермен есептерді шығарады. (Жауаптарын слайд бойынша тексереді)
- Қозғалыс уақыты туралы не айтылған? (сағ 10-нан 13-ке дейін)
- Әр велосипедші жолда қанша уақыт болғанын біле аламыз ба? Қалай?
(13-10=3 сағ)
(Есептің екі әдісі слайдта пайда болады)
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға арналған есеп (Ауызша) 16 слайд
Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы екі машина шықты. Егер олардың жылдамдықтары бірдей болса, олар бір қаладан екінші қалаға дейін қандай қашықтықта болды?
Марлен: Менің ойымша, бұл есепте сандық деректер болмағандықтан, оны шығара алмаймыз.
Мерей: Ал, менің ойымша, бұл есептің сұрағына жауап беруге болады. Егер машиналар бір мезгілде шығып және сағатына бірдей жол жүретін болса, онда олар жолдың ортасында кездеседі немесе бір бір қаламен екінші қаладан бірдей аралықта кездеседі.
Кімнің жауабы дұрыс? Марлен бе, әлде Мерей ме?
8. Сабақты қорытындылау, бағалау.
-Біз бүгін сабақта не істедік? (ауызша есептеу дағдыларын, білім, біліктерімізді, қозғалысқа берілген есептерде түрлі тәсілдермен шығару жолдарын үйрендік)