Просмотр содержимого документа
«Математика 1 сынып "9 санын ?осу ж?не азайту" »
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту
Мақсаты: 1.Білімділігі:9-ды қосу жіне азайтуды тиянақтай түсу барысында 9- ды қосу кестесін құру,қосылғыштарының бірі 9 болған жағдайдағы санның құрамы, ұғымы жайлы қасиеттерін үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың ой өрісін кеңейту,шапшаң есептеу,логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі:өз ойын тиянақты жеткізе білуге,шапшаңдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер,кестелер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Амандасу.
ІІІ.«Т» ұстамын еске түсіру
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
►Тақтаға назар аударайық.
0+9 6+3
1+8 10-1
5+4 0-9
-Балалар не байқадыңдар.Қосынды мен айырманың мәні нешеге тең?
-Тоғызға.
-Олай болса біз 9 санын қосу және азайту тәсілдерін өтеміз.
►9 санына байланысты не білеміз?
1.тоғызқұмалақ,ана құрсағында 9 ай,9 күн жатамыз.
1+9꞊10 9+1꞊10 10-9꞊1
-Ненің мәнін таптық?
-Қосындының .
Қанша өрнек құруға болады ? /оқушылардың жауабы тыңдалады /
►Дәптерге число жазып,көркем етіп жазып алу.
►Сергіту сәті./ музыка ырғағымен /
►Дәптермен жұмыс.
►«Жауабын тап» ойыны
1+7 9
2+7 10
3+7 8
10-7 2
9-7 3
8-7 1
►Тақтамен жұмыс.
а/ Қосылғыштардың бірі 9 болатын қосындылар құрастыру
9+0꞊9 9+1꞊10
►Шығармашылық жұмыс. /әуен ойналады/
Оқушыларға геометриялық фигуралар таратылады . Құс бейнесін құрастырады.
►Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақты қорытайық
1.«Кең» сөзіне қарама-қарсы сөз – «Тар»
2.Үш ондық / отыз /
3. Оқушы құралы/ сызғыш/
4.Сөз неге бөлінеді/ буын/
5.5+3 қосындысы нешеге тең ? / сегіз/
Ерекшеленген тор көзді оқысақ «тоғыз» деген сөз шығады.