kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маңғыстау облысының тамақ өнеркәсібі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Маңғыстау облысы тамақ өнеркәсібі - Тамақ өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі үшін шикізат облыстан тысқары жерлерден әкелінеді.Өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары – сүт және сүт өнімдерін өндіруші «Ақтау-сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС. Сонымен қатар облыста «Бриз» ЖШС, «Баута'» ЖАҚ, «Араз» ЖШС алкогольсыз сусындарды, шырындар, құтыланған сулар, сыралар, сондай-ақ Ақтау кондитер фабрикасының «Волна» кондитерлік бұйымдары өндіріледі. Шұжық өнімдері, нан шығару, тағы басқа шағын өндірістер бар.

Сүт өнімі

Сүт және сүт өнімдері өндірісінде кәсіпорын қуатының жиынтық көлемі облыс тұрғындарының тәулікте тұтынатын 91 т өнім орнына 21 т-ны құрайды. Барлық өнімдер өңірге Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден және ТМД-ның басқа елдерінен әкелінген құрғақ сүтті қалпына келтіру жолымен жүргізіледі және тек облыс аумағында ғана, негізінен Ақтау және Жаңаөзен қ-ларында сатылады. Түпқараған ауданында Таушық ауылында орналасқан «Таушық» ЖШС кәсіпорнының асыл тұқымды түйелер өсетін өз шаруашылығы бар. Кәсіпорын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен сүт өнімдерін – шұбатты өндіреді. Кәсіпорын қуаты тәулігіне 400 т шұбат береді. Өнімдер пластикалық құтыларға құйылады және негізінен мұнай-газ компаниясының жұмысшы асханаларына, мамандандырылған емдеу орындары мен бөлшек сауда желілеріне сатылады. «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Сливки», «Шалап» және «Шұбат» өнімдерінің жаңа түрлерін игерді және оның түрлерін 11 атауға дейін жеткізді.

Ет өнімі

Ет өнімдері өндірісінде жартылай фабрикаттар, шұжықтар шығарумен, негізінен «Школьник – Актау» ЖШС мен «Поздняков» жеке кәсіпорындары айналысады. Ет өнімдері жылына қажетті 15 мың т еттің орнына 9,5 мың т-ны ғана өндіреді.

Нан өнімі

Өңірде нан және нан-тоқаш өнімдерін көптеген жекеменшік ұсақ наубайханалар өндіреді. Облыс орталығы Ақтау қаласында бұл бағыттағы қызметті неғұрлым ірі кәсіпорындар (тәулігіне 50 т өнім өндіретін), «Мағаш» ЖШС мен тәулігіне 30 т-ға дейін нан-тоқаш өнімдерін өндіретін облыс орталығындағы «Ардагер» ЖШС гипермаркеттің наубайханасы бар.

Кондитер өнімі

Облыста кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорындар да бар. Олардың бірі – 100-ден аса өнімдер (шоколад конфеттерін, зефир, печенье, кекстер, торттар, шығыс тәттілері) өндіретін «Волна» Ақтау кондитер фабрикасы. Кәсіпорынның қуаты – айына 28 т. Облыста алкогольсіз сусындар, ауыз сулар шығаруды Польша қызметкерлерінің үлестік қатысуымен, «Бриз» БК ЖШС кәсіпорны жүзеге асырады. 2005 жылы кәсіпорын өндірісті жетілдіруге минералданған суды әкелді. Газдандырылған сусындар мен ауыз суларын құятын жаңа технологиялық құрал-жабдықтар алынды.

Облыста өнеркәсіп саласының негізі 19 ғ-дың 50-жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Ол кезде балық, маусымдық итбалық аулау кәсіпшілігі және олардың негізінде бірнеше шағын балық өңдеу, тұз өндіру цехтары болды. Балық аулауды жолға қою үшін Каспий теңізі жағалауында 10-нан астам елді мекендер салынды. Ал өнеркәсіптің нағыз дамуы, осы аймақтың жер қойнауынан мұнай, газ кен орындарының табылуынан (Оңтстік Маңғыстау мұнай-газ кен орны) және оны игеруден басталды.Маңғыстау жер қойнауын зерттеп, мұнай-газ байлықтарын ашуда жүргізілген қыруар жұмыстарды негізінен төрт кезеңге бөлуге болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маңғыстау облысының тамақ өнеркәсібі»

Маңғыстау облысы тамақ өнеркәсібі - Тамақ өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі үшін шикізат облыстан тысқары жерлерден әкелінеді.Өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары – сүт және сүт өнімдерін өндіруші «Ақтау-сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС. Сонымен қатар облыста «Бриз» ЖШС, «Баута'» ЖАҚ, «Араз» ЖШС алкогольсыз сусындарды, шырындар, құтыланған сулар, сыралар, сондай-ақ Ақтау кондитер фабрикасының «Волна» кондитерлік бұйымдары өндіріледі. Шұжық өнімдері, нан шығару, тағы басқа шағын өндірістер бар.

Сүт өнімі

Сүт және сүт өнімдері өндірісінде кәсіпорын қуатының жиынтық көлемі облыс тұрғындарының тәулікте тұтынатын 91 т өнім орнына 21 т-ны құрайды. Барлық өнімдер өңірге Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден және ТМД-ның басқа елдерінен әкелінген құрғақ сүтті қалпына келтіру жолымен жүргізіледі және тек облыс аумағында ғана, негізінен Ақтау және Жаңаөзен қ-ларында сатылады. Түпқараған ауданында Таушық ауылында орналасқан «Таушық» ЖШС кәсіпорнының асыл тұқымды түйелер өсетін өз шаруашылығы бар. Кәсіпорын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен сүт өнімдерін – шұбатты өндіреді. Кәсіпорын қуаты тәулігіне 400 т шұбат береді. Өнімдер пластикалық құтыларға құйылады және негізінен мұнай-газ компаниясының жұмысшы асханаларына, мамандандырылған емдеу орындары мен бөлшек сауда желілеріне сатылады. «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС, «Сливки», «Шалап» және «Шұбат» өнімдерінің жаңа түрлерін игерді және оның түрлерін 11 атауға дейін жеткізді.

Ет өнімі

Ет өнімдері өндірісінде жартылай фабрикаттар, шұжықтар шығарумен, негізінен «Школьник – Актау» ЖШС мен «Поздняков» жеке кәсіпорындары айналысады. Ет өнімдері жылына қажетті 15 мың т еттің орнына 9,5 мың т-ны ғана өндіреді.

Нан өнімі

Өңірде нан және нан-тоқаш өнімдерін көптеген жекеменшік ұсақ наубайханалар өндіреді. Облыс орталығы Ақтау қаласында бұл бағыттағы қызметті неғұрлым ірі кәсіпорындар (тәулігіне 50 т өнім өндіретін), «Мағаш» ЖШС мен тәулігіне 30 т-ға дейін нан-тоқаш өнімдерін өндіретін облыс орталығындағы «Ардагер» ЖШС гипермаркеттің наубайханасы бар.

Кондитер өнімі

Облыста кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорындар да бар. Олардың бірі – 100-ден аса өнімдер (шоколад конфеттерін, зефир, печенье, кекстер, торттар, шығыс тәттілері) өндіретін «Волна» Ақтау кондитер фабрикасы. Кәсіпорынның қуаты – айына 28 т. Облыста алкогольсіз сусындар, ауыз сулар шығаруды Польша қызметкерлерінің үлестік қатысуымен, «Бриз» БК ЖШС кәсіпорны жүзеге асырады. 2005 жылы кәсіпорын өндірісті жетілдіруге минералданған суды әкелді. Газдандырылған сусындар мен ауыз суларын құятын жаңа технологиялық құрал-жабдықтар алынды.

Облыста өнеркәсіп саласының негізі 19 ғ-дың 50-жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Ол кезде балық, маусымдық итбалық аулау кәсіпшілігі және олардың негізінде бірнеше шағын балық өңдеу, тұз өндіру цехтары болды. Балық аулауды жолға қою үшін Каспий теңізі жағалауында 10-нан астам елді мекендер салынды. Ал өнеркәсіптің нағыз дамуы, осы аймақтың жер қойнауынан мұнай, газ кен орындарының табылуынан (Оңтстік Маңғыстау мұнай-газ кен орны) және оны игеруден басталды.Маңғыстау жер қойнауын зерттеп, мұнай-газ байлықтарын ашуда жүргізілген қыруар жұмыстарды негізінен төрт кезеңге бөлуге болады.



1-кезең 1887 – 1949 ж. аралығындағы жалпы геологиялық зерттеулерді қамтиды. 1887 ж. тН.И. Андрусовтың басшылығымен алғаш рет Маңғыстаудың геолгиялық картасы жасалды. Кейінгі жылдары өлкенің стратиграфиялық сұлбасы мен тектоникалық құрылымдары анықталды. 1911 ж. және 1926 – 1927 ж. М.В. Баярунас Маңғыстау жерінің стратиграфиясы мен тектоникасын зерттеп, бұрынғы Андрусовтың ұсынған болжамдарын, сондай-ақ Қарасаз – Тасбас және Қошақ антиклинальді құрылымдарын анықтады. Қарасаз – Тасбас алаңдарының мұнай белгілерінің барлығын байқады. 1926 ж. В.Соколов Маңғыстауда мұнай көздерін іздестіру жұмыстарын жүргізу керектігі жөнінде пікір айтты. 1932 – 1933 ж. С.И. Алексейчик Қанға, Түбіжік, Мыңсуалмас (Маңсуалмас) алаңдарында зерттеу жүргізіп, олардың геологиялық картасын жасап, бұл жерлерде мұнай қорларының болу мүмкіндіктерінің жоғары екендігі туралы тоқтамға келді. 1933 – 1937 ж. Маңғыстау, Үстірт аймақтарына геофизикалық жұмыстары жүргізілді. Осы жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Орталық Маңғыстауда ірі жер асты құрылымдардың барлығы анықталды. 1937 – 1940 ж. түбекті зерттеу ісін Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу геологиялы барлау институты (БҒЗГБИ) қолға алды, зерттеу жұмыстарын Алексейчик, А.В. Фурсенко, Е.И. Соколова, Е.В. Мятлюк, т.б. ғылыми қызметкерлер жүргізді. Бұлар бұрынғы жасалған геологиялық зерттеу жұмыстарына тыңғылықты шолу жасап, түбектің стратиграфиялық түзілімдерін, тектоникасын, палеогеографиясын анықтап, түзілімдердің мұнайлылығы жөнінде ғылыми болжамдар айтты. Соғыстан кейінгі жылдары да Маңғыстау геологиясын зерттеу жұмыстары жедел жүргізіле бастады. 1946 ж. В.В. Мокринскийдің басшылығымен БҒЗГБИ-дің геологиялық экспедициясы соғыс кезінде уақытша тоқтатылған ізденіс жұмыстарын қайта жалғастырды. Сөйтіп, ол өзінің көп жылғы зерттеу еңбектерін қорытындылады. Қаратаудың геологиялық құрылымын, көмірлілігін, пермь, триас, юра, бор, т.б. жас шөгінділердің стратиграфиялық түзілімдерін, құрамдарын, тектоник., палеогеографиялық ерекшеліктері мен қасиеттерін талдады. 1947 – 1950 ж. БҒЗГБИ геологтары А.А. Савельев, Н.Ф. Кузнецова Солтүстік Ақтау жотасына геологиялық түсіру мен Бозащы түбегіне шолу жұмыстарын жасап, нәтижесінде Солтүстік Ақтауда бірнеше шағын құрылымдар бар екені анықталды.

2-кезең 1950 – 1957 ж. қамтылып, арнайы геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізілгенін көрсетеді. БҒЗГБИ экспедициясы Маңғыстауға орнығып, түбектің мұнай, газ іздестіру сияқты жұмыстардың ғылыми негізін (Б.Ф. Дьяков, Н.Н. Черепанов, Н.К. Трифонов, Д.С. Несвит, В.Г. Юров, А.И. Димаков, А.Б. Кочан, т.б.) құрды. Зерттеу жұмыстарының барысында стратиграфия, литология, белгілі горизонттар, юра, бор және палеоген-неоген дәуіріндегі тау жыныстарының коллекторлық сипаттамалары анықталды. Маңғыстаудың геологиялық құрылысы, гидрогеологиясы, мұнай мен газдың геохимиясы, әр түрлі карталар тұрғызылды; геологиялық, тектоник., мұнай мен газдың перспективалық, т.б. арнаулы зерттеулері жүргізілді.Осы БҒЗГБИ-дің жүргізген ғылыми-зерттеулерінің қорытындысында Маңғыстаудың әрбір аймақтарына, аудандарына, құрылымдарына жеке-жеке геология-тектоникалық тұрғыдан баға берілді, белгілі құрылымдарға өндірістік тұрғыдан барлауға дайындау үшін іздестіру жұмыстарының нақтылы бағыттары анықталып, оны іс жүзіне асыру жұмыстары қаралды. Солтүстік Маңғыстау тектоникалық аймағында Қызан құрылымы табылып, барлау жұмыстарына дайындалды. Орталық Маңғыстауда барлау жұмыстарына Түбіжік және Құсайын құрылымдары ұсынылды, ал Оңттүстік Маңғыстауда Жетібай, Еспелісай құрылымдары белгіленді.Осы жылдары (1951 жылдан бастап) кең көлемде геологиялық барлау жұмысын «Қазақстанмұнай» бірлестігі (Н.А. Калининнің басшылығымен) жүргізе бастады. Маңғыстаудағы барлау жұмыстарының жоспары анықталды, бірлестіктің түбекте «Геологиялық іздестіру конторы» (ГІК) құрылып Түбіжік, Бекі-Басқұдық алаңдарында геологиялық іздестіру жұмыстары, ал 1952 – 1956 ж. БҒЗГБИ сейсмикалық зерттеу жұмыстарын кең көлемде жүргізе бастады. Солтүстік Бозащының шығыс бөлігін Бекі-Басқұдық дөңінің батысында, Түбіжік, Құсайын, Қызан алаңдарында жүргізілген жұмыстар бұрыннан белгілі құрылымдарын растағаннан басқа тағы да жаңадан Жоласқан, Еспелісай, Жетібай, Жазбай сияқты құрылымдарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан кейінгі жылдары (1956 – 58) сейсмикалық зерттеулердің барысында Оңтүстік Маңғыстаудың геологиялық жағынан нақтыланып (Песчаный мүйісінде) Қараудан, Қауынды, Өзен, Тоқпақ құрылымдары анықталды, сонымен қатар ірі Қарақия, Қауынды, Жазыгүрлі сияқты ойыстарының барлығы белгілі болды. Осы жылдары Маңғыстауда басқа да ғылыми мекемелер жұмыс істеді. КСРО ғылым академиясының музей ғалымдары Қаратаудағы пермь, триас қабаттарын зерттесе, Бүкілодақтық аэрогеологиялық тресі (БАГТ) Маңғыстауда геологиялық түсіру жұмыстарын аяқтады. Ал «Қазақстанмұнайбарлау» тресінің геологиялық іздену конторы Қарасаз – Тасбас және Бекі – Басқұдық маңында геологиялық жұмыстарын жүргізді. БҒЗГБИ-дің ғалымдары Дьяков пен Черепановтар осы өлкеде өткізген көп жылғы ізденіс жұмыстарын жинақтап Маңғыстаудың тектоникасы мен мұнайлылығын және газдылығы туралы ғылыми қорытынды жасаудың нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстау мен Бозащы түбегінің болашағы зор екенін дәлелдеді. Осы қорытындылар Маңғыстау геологиялық ізденістерінің және мұнайлылығы мен газдылығының ғылыми негізі болды да, болашақ мұнай мен газ барлау жұмыстарына жалпы бағыт көрсетті.

3-кезең 1957 – 1961 жылдарды қамтиды да, Маңғыстаудың мұнай мен газдылығын айқындағанын сипаттайды. Сол себептен БҒЗГБИ үш бағытта барлау жұмыстарын жүргізу керектігін ұсынды: Солтүстік Маңғыстау тектоникалық зонасында Қызан құрылымы, Орталық Маңғыстау тектоникалық зонасында Түбіжік пен Құсайын алаңдары және Оңтүстік Маңғыстау тектоникалық зонасы. 1957 ж. Форт-Шевченко қаласында «Маңғыстаумұнайгазбарлау» (ММГБ) тресі құрылып, ол БҒЗГБИ ғалымдарының ғылыми ұсыныстарын іс жүзінде байқау үшін Маңғыстауда терең бұрғылау жұмыстарын бастады. Осы жылы «ММГБ» тресі Жетібай алаңына тайыз (структуралық) бұрғылау, ізденіс жұмысын қолданып сол жерде көтеріңкі құрылым барлығы дәлелденді. Дәл сондай жұмыс Өзен алаңында да жүргізіліп, жоғарғы бор қабаттарында құрылымның барлығын жете тексеріп және оларда өндірістік газ горизонттарының белгілері анықталды. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде 1959 ж. Жетібай мен Өзен құрылымдары терең бұрғылау арқылы мұнай-газ кен орындарын іздеу жұмыстарына толықтай дайындалды. 1959 ж. Жетібай алаңында терең бұрғылау жұмыстары басталды, ал 1961 ж. 5 шілдеде ғ6 ұңғымадан 2400 м тереңдіктен мұнай фонтаны атқылады. Осы жылдың желтоқсан айында Өзен алаңында юра қабатынан мұнай көзі ашылды. Бұл осы аймақтың респ. маңызы бар ірі мұнай-газ қоймасы екендігін әйгіледі. 4-кезең 1961 жылдан, яғни Оңтүстік Маңғыстауда жаңа мұнай көздерін барлау жұмыстарының кең көлемде жүргізілген кезінен басталады. 1964 жылға дейін барлау жұмыстары көбіне Жетібай, Өзен алаңдарында жүргізіліп, бұл кен орындарын өндірістік игеруге дайындады. Кейінгі жылдары терең бұрғылау, барлау жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Маңғыстаудан Теңге (1964), Тасболат (1965), Қарамандыбас (1965), Шығыс Жетібай (1965), Доңға – Еспелісай (1969) мұнай-газ кен орындары, Қансу (1970), Ақсу-Кендірлі (1972), Оңтүстік Аламұрын газ кен орындары ашылды. 1973 жылдан бастап «ММГБ» тресі бұрғылау жұмыстарының басым көпшілігін Бозащы түбегіне бағыттады да Қаражанбас (1974), Солтүстік Бозащы (1975), Қаламқас (1976), Жалғызтөбе (1976), Арман (1979), Шығыс Қаратұрын (1979), Теңіздегі Қаратұрын (1980), т.б. кен орындары ашылып, өндірістік игеруге берілді. Соңғы жылдары «ММГБ» тресі Солтүстік Маңғыстаудан, Үстірттен және Оңтүстік Каспий маңы аймақтарынан мұнай-газ кендерін ашып, аудандарды барлау жұмыстары терең бұрғылау әдісімен жүргізілуде. Маңғыстау «қара алтынын» ашуға тікелей ат салысқан бір топ ғалымдар мен өндірістік қызметкерлер кезінде одақтық – Лениндік сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Олар: Ж.Досмұханбетов, Б.Дьяков, Ш.Есенов, Е.Иванов, Н.Имашев, Н.Калинин, X.Махамбетов, В.Матвеев, В.Токарев, Н.Черепанов, X.Өзбекғалиев. 1964 ж. Маңғыстаудың мұнай-газ қорын халық игілігіне пайдалану үшін Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында «Маңғышлақмұнай» бірлестігі құрылды (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі). Сол жылдардан бастап бірлестік Өзен – Жетібай тектоникалық сатысының алқабын терең барлау жұмыстарын, «Маңғыстаумұнай» бірлестігіне берілген Өзен барлау экспедициясымен (басшылары Д.Үсенов, С.Саркисов, X.Махамбетов), 1966 жылдан жаңадан құрылған Жетібай бұрғылау конторының күштерімен жалғастырды. 1979 ж. Бозащыдағы мұнай кен орындарын өндірістік игеруге байланысты Жетібай бұрғылау басқармасы екі басқармаға бөлінді: Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы және Маңғыстау барлау бұрғылау басқармасы. Осылардың біріншісіне Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарында пайдалану ұңғымаларын қазу міндеттелінсе, екіншісіне барлау ұңғымаларын қазу белгіленді. Терең бұрғылау жұмыстары алғашқы жылдары юра қабаттарына жүргізілсе, ал 70-жылдардың басынан бастап тереңде жатқан триас шөгінділерінде ізденіс жұмыстары басталды. Сол жылдары ашылған мұнай-газ кен орындары: Асар, Түрікменой, Оңтүстік Жетібай, Бектұрлы, Ақтас, Бұрмашы, Батыс Теңге, Ракуш, Тамды, Оймаша, Шынжыр, Солтүстік Қарақия, Солтүстік-батыс Жетібай, Каменистое, Сәрсенбай, Пионер, Шығыс Нармаул, Алатөбе, Солтүстік Придорожный, Солтүстік Қарамандыбас, Жарты, Мақат, Шығыс Өзен, Оңтүстік-шығыс Бектұрлы, Сарытөбе, Айрантақыр, Батыс Ақтас, Ащыағар және Придорожное



























































Реферат

Маңғыстаудағы өнеркәсіптер



Орындаған:Аязбай Ербол

Тексеретін:Керелбаева Айжан

Сынып:9В











Ақтау қаласы 2018-жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Маңғыстау облысының тамақ өнеркәсібі

Автор: Муханбетова Кабира Хисметовна

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483915


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства