kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма??ыстауда - Пір Бекет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Ма??ыстауда Пір Бекет

Ма?саты: а)Осы аума?та ?мір с?рген Пір Бекет атаны? ?мір жолы туралы ке? т?сінік беру. Атаны? ?асиеттері, ?олдан?ан н?рселері, салдыр?ан мешіттері туралы мол ма?л?мат беру;                                                                          ?)А?ыз?а айнал?ан атаны? ?асиеттері хал?ына к?рсеткен ?ызметтері мен пайдалы істері туралы айта отырып, о?ушыларды? ой – ?иялын дамыту; б)Елін, жерін шексіз с?юге, жа?сылы??а жа?ын болып, жаманшылы?тан жиренуге, ?діл, тура с?йлеп, шыншыл болу?а т?рбиелеу.

К?рнекіліктері:слайд, суреттер, кітаптар

                                      Ж?рісі:

 К?з суарар  ну да жо? есі? кетіп,                                                                                  М?уе де жо? талмайтын несіп етіп.                                                                   ?ажап…?алай та?да?ан ?улиелер-                                                                  Ма??ыстауды м??гілік бесік етіп.

М??алім с?зі:

       - Ма??ыстау…. Б?л атауды естігенде со??ы кездері к?п адамдарды? санасында  362  ?улие, « Бекет Ата » деген есім т?рады. Бізді?  б?гінгі    «Ма??ыстауда - Пір Бекет»атты т?рбие са?атымыз бізді? ?лкемізде ?мір с?рген Пір Бекет атаны? ?мір жолы туралы болма?.(слайдпен таныстыру)

  1. Пір Бекетті? ту?ан жері, ?мір с?рген жылдары туралы м?лімет.            2. Ш?кірт – Бекет.                                                                                                            3. «Пірді? со?ы – Бекет».                                                                                        4. Ата сал?ан мешіттер.                                                                                             5. Ел аузында немесе Сенімні? ??діреті.                                                                       6. Бекет ата жиі ?олдан?ан ?негелі с?здер.                                                               7. ?улиені ?з т?т?ан жырлар (а?ындар шы?армашылы?ы).

Ой ?оз?ау (о?ушылар?а с?ра? тасталады)                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      – Бекет Ата кім?                                                                                                                                          - Бекет Ата мешітіне барып к?ргендері? бар ма?( к?ргендері туралы ??гімелеп беру с?ралады)                                                                                                                 1.Пір   Бекетті? ту?ан жері, ?мір с?рген жылдары туралы м?лімет.                                                                                                                                                                        

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма??ыстауда - Пір Бекет »

Сабақтың тақырыбы: Маңғыстауда Пір Бекет

Мақсаты: а)Осы аумақта өмір сүрген Пір Бекет атаның өмір жолы туралы кең түсінік беру. Атаның қасиеттері, қолданған нәрселері, салдырған мешіттері туралы мол мағлұмат беру; ә)Аңызға айналған атаның қасиеттері халқына көрсеткен қызметтері мен пайдалы істері туралы айта отырып, оқушылардың ой – қиялын дамыту; б)Елін, жерін шексіз сүюге, жақсылыққа жақын болып, жаманшылықтан жиренуге, әділ, тура сөйлеп, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:слайд, суреттер, кітаптар

Жүрісі:

Көз суарар ну да жоқ есің кетіп, Мәуе де жоқ талмайтын несіп етіп. Ғажап…қалай таңдаған әулиелер- Маңғыстауды мәңгілік бесік етіп.

Мұғалім сөзі:

- Маңғыстау… . Бұл атауды естігенде соңғы кездері көп адамдардың санасында 362 әулие, « Бекет Ата » деген есім тұрады. Біздің бүгінгі «Маңғыстауда - Пір Бекет»атты тәрбие сағатымыз біздің өлкемізде өмір сүрген Пір Бекет атаның өмір жолы туралы болмақ.(слайдпен таныстыру)

1. Пір Бекеттің туған жері, өмір сүрген жылдары туралы мәлімет. 2. Шәкірт – Бекет. 3. «Пірдің соңы – Бекет». 4. Ата салған мешіттер. 5. Ел аузында немесе Сенімнің құдіреті. 6. Бекет ата жиі қолданған өнегелі сөздер. 7. Әулиені әз тұтқан жырлар (ақындар шығармашылығы).

Ой қозғау (оқушыларға сұрақ тасталады) – Бекет Ата кім? - Бекет Ата мешітіне барып көргендерің бар ма?( көргендері туралы әңгімелеп беру сұралады) 1.Пір Бекеттің туған жері, өмір сүрген жылдары туралы мәлімет. (слайдтан Бекет Ата бейнесі көрсетіледі ) Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері, Кетіріп, кіндік қанын жуған жері. Кіндігін қожа – молда қолмен кесіп, Тамырын тарамыспен буған жері – деп ақын Түмен Балтабасұлы жырлағандай Бекет Мырзағұлұлы – 1750 жылы Ақкиізтоғай аулында дүниеге келіп, 1813 жылы Маңғыстауда Оғланды тауында бақилық болған данагөй, халық батыры, абыз, ағартушы, сәулетші. Маңғыстау, Үстірт, Атырау жерін мекендеген Адай тегінен (Қосқұлақ руы) шыққан. Бекет атаның әкесі – Мырзағұл, анасы – Жәния.

2.Шәкірт –Бекет. (слайд) - Бала Бекет алғашқы исламдық сауатын ауыл молдасынан ашады. 14 жасында білімін жетілдірмек болып, Хиуа қаласына аттанады. Хиуадағы Шерғазы хан медресесінде Бақыржан Пірден 7 жыл дәріс алып, ауылына 21 жасында оралады.Бекет атаның білім алу жүйесі де өзгеше болған.

3. «Пірдің соңы-Бекет». - Пірліктің ережесі - ұстазы көзі тірісінде өзіне лайықты шәкіртін тауып, өзінің жолын лайықты жалғар тұлғаға «Пір» атағын беріп кететін болған. Бекет бабамыз 40-жастар шамасында, Бақыржан бабасының шынайы ықыласымен Пір атағын иеленген. «Пірдің соңы- Бекет,ердің соңы - Есет» деген сөз осының дәлелі болса керек. Біз Атаның аса таяғы туралы аңыздың бір нұсқасында былай делінеді: Хиуадағы медресені тәмамдайтын уақыт болыпты. Бақыржан пір өз бойындағы ілім-білім қай шәкіртіне көбірек қонғанын байқамақ болып ,40 шәкіртін алдына шақырады.Шәкірттері жиналған соң қолындағы аса таяғын төбедегі тесіктен лақтырып жібереді де «Осы аса таяғымды тауып әкелгеніңе ықылас, батамды беремін,»- дейді.Барлық шәкірттер сыртқа қарай жүгіре жөнеледі.Тек қана Бекет орнында тұрып қалады.Сен неге қалдың? - деген сұраққа «Сіздің аса таяғыңыз, бұл маңайда жатқан жоқ.Оның үстіне оны алу үшін сізден рұқсат сұрау керек,» - депті.Сол аса таяқ бүгінге дейін ұрпақтарының қолында сақталып, халық игілігіне жарап отыр.

4. Ата салған мешіттер. - Бекет атаның алғашқы мешіті Арал теңізінен бергі Көкаланың құмында шаңырақ көтерген. Содан кейін Атырау облысының аумағындағы бірнеше жерден мешіт ашқан. Ескі Бейнеудегі мешіті өз дәуірінде ірі де күрделі ғимарат болған. Солтүстігінде – шәкірттердің асханасы, оңтүстігінде – кітапхана, казіргі жақсы сақталған орталық бөлме оқу орны болған. 19 ғ- дағы орыс зерттеушісі Э. Эверсман былай деп жазады: «Үстіртте таудан қашап жасалған мешіттер парсы, араб,татар жазуларымен безендірілген.» Мұндай ескерткіш зиратты Бекет төрт жерден қашаған. Оның бірі Оғыландыда,екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем өзені бойында, төртіншісі Арал теңізі жағасындағы Баялыда. Бекет Ата жергілікті тұрғындардың, балалардың сауатын ашу, дін жолын уағыздау мен имандылыққа тәрбиелеу мақсатында уақытша мешіттер де ашқан және жанынан құдықтар салдырған. Бұл құдықтардың шипасын халық бүгінгі күнге дейін көріп келеді. Мешіттердің 4- еуі тау жынысын үңгіп жасаған ғимараттар. Олар күні бүгінге дейін сақталып, Орта Азия елдерінде теңдесі жоқ мәдени архитектуралық құрылыс болып, Қазақстанның алтын қорына айналып отыр. Ата салдырған мешіттердің бізге белгілісі 5- еу. Құрылыс жобаларының авторы да өзі болған. Олар:

1.Ақмешіттегі мешіт (қазіргі Құлсары қаласына жақын )

2.Ескі Бейнеудегі мешіт

3.Үстірттің батыс жағындағы Оғыланды тауындағы мешіт

4.Бозащыдағы Мәстек құдығына таяу Тобықтыдағы мешіт

5.Үстірттің шығысындағы Арал теңізінің батыс жағындағы Баялы жеріндегі мешіт

«Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы» деген имам Ағзам сөзін қабыл алған Бекет Ата бүкіл өмірін оқумен, оқытумен өткізген. Ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Есенғали Раушанов: «Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып, мешіттер,сағаналар салдырғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды?» Меніңше, Ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтардың жүрегіне орнатты. Атаны іздесек, жүректерден іздейік! – деді.

5. Ел аузында немесе Сенімнің құдіреті (слайд)

Оқушылардан естіген аңыз әңгімелері сұралады.

6. Бекет Ата жиі қолданған өнегелі сөздер:

«Біреуге қиянат, не озбырлық жасап тұрып, менің атымды атамаңдар!» «Қарқараға жандарың келгенше, менің атымды атамаңдар!» «Тек жүрсең, тоқ жүрерсің!» «Бейнетіне сабырлық қылсын,рахатына шүкірлік қылсын!» «Ниетің жолдасың болсын!»

«Жақсыны өзің үшін, ал жаманды мен үшін сыйла!»

7. Әулиені әз тұтқан жырлар. Әулие Атаның құдіретіне сиынып, талай ақындар өз жырларын арнап, композиторлар күй төккен. Мысалы, Шәміл Әбілтайтегінің шығарған «Бекет Ата» күйі (күй жіберіледі). Шығарманың өн бойында ұдайы кейіпкер даналығы мен даралығын,ақылы мен парасатын өрнектеген. Ғафу Қайырбеков «Ата туралы»,Фариза Оңғарсынованың «Оғыланды», Рахмет Аяпбергенұлының «Бекет Ата» атты поэмасы, Бейнеулік ақын Сабыр Адайдың «Пірім – Бекет, жырым – зекет» атты өлеңі, тағы да басқа ақындар жырларын арнады.

Рефлексия. «Не білемін?», «Нені білдім?», «Не үйренгім келеді?»

(Күннің шапағына осы сабақ барысында алған мәліметтері туралы қысқаша жазу)

Қорытынды. 362 әулиелі Маңғыстау жеріндегі Пір атамыз Ер Бекеттің аруағы қолдап, еліміз тыныш, жеріміз аман болсын деп, тәрбие сағатымызды Сайын Назарбекұлының мына өлең жолдарымен аяқтаймыз:

Ер Бекет Ата, өзіңсің елдің ұраны,

Көтерген туың желбірей жайнап тұр әлі.

Маңғыстау ойы, даласы, қазақ Пір тұтты.

Өзіңе арнап лаулайды жаққан шырағы.

Жұртыңа елі сыйлапты ер деп найзаны,

Ақтады соны, жау көрсе көзі жайнады.

Ту ұстап талай, қол бастап жауын қашырған

Өзіңсің Ата, Адайдай елдің айбары.

Шұғыла шашып,мейірін маңға тарта,

Алысты жақын етеді ғажап бір бір Ата,

Желей гөр Ата, жебей гөр Ата – бата бер,

Ер Бекет- Ата, Әулие – Ата ,Пір – Ата!

Ер Бекет – Ата, Әулие –Ата, бата бер, Ата,

Пір Бекет Ата!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ма??ыстауда - Пір Бекет

Автор: Бокенбаева Танзира Аметовна

Дата: 27.05.2015

Номер свидетельства: 215656


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства