kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мал шаруашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ?аза? хал?ыны? ата к?сібі мал шаруашылы?ы оны ?сіру, к?бейту, к?ту, одан алынатын ?німні? адам ?міріндегі пайдасы жайлы т?сіндіріп, білімдерін ке?ейту, шы?армашылы? ?абілеттерін ?алыптастыру.Тапсырмаларды орындату ар?ылы с?здік ?орын арттырып, ?з ойын ашы? жеткізу,логикалы? ойлау ж?йесін дамыту.Е?бекті ба?алай білуге, тап?ырлы??а, Отанын с?юге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мал шаруашылы?ы»

Пәні: дүниетану

Сыныбы: 2 «Б»

Мұғалімі: Шушбай Назира Әзімтайқызы

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ауылшаруашылық еңбегі, оның түрлері, соның ішінде мал шаруашылығы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: қазақ халқының ата кәсібі мал шаруашылығы; төрт түлік малды өсіру, күту, одан алынатын өнімдер жайлы түсіндіріп, білімдерін кеңейту, дамыта түсу, өзіндік ойын жеткізу арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: еңбекті бағалай білуге, төрт түлік малға байланысты салт-дәстүрлерді үйрету арқылы сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушының шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас, топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: іздендіру, түсіндіру, сұрақ- жауап, ой- қозғау, топтастыру, шығармашылық, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, буклеттер, суреттер, интерактивті тақта, оқулық.Мақал-мәтелдер жинағы, тыйым сөздер, түскиіз, малдың етінен және сүтінен жасалған тағамдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, бейнелеу, еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың төрт түлік малды өсіріп , күтуін және ауыл шаруашылық еңбегін бағалай білуі, қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйренуі белсенділігі, сұраққа жауап беру, бірін-бірі тыңдау, ортақ қорытынды шығару.

Шығармашылық қабілеті артады.

Не арқылы: салыстыру, анықтау, сәйкестендіру, жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сыныпты түгендеу.

3. Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Күн шуағын сезіну.

а)Психологиялық дайындық.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»,

Барша адамды құрметтеп

Иілеміз біз.

ә)Сабаққа қойылатын ереже.

-Бірін-бірі тыңдау,қатысу;

-Уақытты үнемдеу, қатысу;

Ойды еркін айту;

-Тақырыптан ауытқымау:

Бәсең сөйлеу.

б)Сабақтың міндеті:

Іздеймін, табамын

Ойланамын, біліп аламын.

в)Топтарға бөлу:

І-топ: Зеңгі баба-сиыр

ІІ: топ Ойсылқара-түйе

ІІІ: топ : Қамбар ата –жылқы

ІV:топ Шопан ата- қой

-Балалар , біз енді 4 топқа бөліндік. Енді топ болып жұмыс жасаймыз. Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз ?

«Туған өлке» тарауын өтіп жатырмыз.

-Дұрыс-ақ ендеше осы тарау бойынша білімімізді тексеріп көрейік.

Қазір топ болып «Бәйге » ойынын ойнаймыз.

Қай топ көп жауап береді екен. Сол топқа ұпай саналады.

«Бәйге» ойыны (Әр топқа екі сұрақтан )

30 20 10



10 30 20



20 10 30

30( жоғарыдағы) ҚР рәміздерін ата.

20 (ортадағы) Конституция дген не?

10 (жоғарыдан сол) Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?

30 (ортадағы) Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

20 (ортадағы) Жыршы мен жырау деген кімдер?

10(төменгі орта) ҚР тұңғыш президенті қашан сайланды?

20( төменгі оң) Қандай көліктерді арнаулы деп атайды?

30(төменгі сол)Бақтарда қандай өсімдіктер өсіріледі?

20(жоғарыдағы орта) Қандай өсімдіктерден ұн алынады?

-Өте жақсы жауап бердіңдер.Енді маған айтыңдаршы, ертеден келе жатқан ата кәсібіміз қандай еді?

- Мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.

ІІІ.Жаңа сабақ. 1. Сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсатын айту.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мал шаруашылығы» деп аталады.-Ал мақсатымыз: қазақ халқының ата кәсібі мал шаруашылығы, төрт түлік малды өсіру, күту, одан алынатын өнімдер жайлы білімдерімізді кеңейту, еңбекті бағалай білу, төрт түлік малға байланысты салт-дәстүрлерді үйрену болып табылады.

2.Кіріспе әңгіме

Біздің жайлауымыз,жазық даламыз мал бағуға, егін егуге өте қолайлы. Сондықтан ол сала ауыл шаруашылығы деп аталады. Бүгін біз ата кәсібіміз мал шаруашылығына кеңінен тоқталамыз.

3.Ой қозғау стратегиясы бойынша топтық жұмыс .

-Әр топ мына берілген тақырыптарға ой қозғау стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындайды және суреттермен өз ойларын толықтырады.

Топ басшылар оны қорғайды. І-топ тапсырмасы.

Балық аң бұғы

Ауыл шаруашылық түрлері



мал бау-бақша



егін құс



ІІ-топ тапсырмасы.

қой сиыр









жылқы түйе





ІІІ-топ тапсырмасы. бидай сұлы

жусан жоңышқа

Арпа ащы қурай

Алабота жүгері

ІV-топ тапсырмасы. касемсот трактор

комбайн ДТ





жүк машина

-Енді балалар,білімімізді толықтыру үшін оқулықтарымызды ашамыз.

ІV.Оқулықпен жұмыс.

Мәтіннен әр топ өз атауларына сәйкес сөйлемдерді тауып оқиды.

І топ: Зеңгі баба – Қазақстанның барлық жерінде мүйізді ірі қара өсіріледі.








ІІ топ: Ойсыл қара – Түйе батыс аудандарда , ыстық жерлерде, шөл мен шөлейтте өсіріледі. Түйе сүтінен жасалатын шұбаттың да емдік қасиеті күшті.







ІІІ- топ: Қамбар ата – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында жылқы шаруашылығы өркендеген.Жылқының сүтінен жасалатын қымыздың емдік қасиеті зор.







ІV-топ: Шопан ата- Ақтөбе , Қызылорда ,Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы

облыстарында қой өсіріледі.Қойдың барлық түрлері дәмді еті, жібектей жүні, және терісін береді.







V. Сергіту сәті.

-Бәріміз шаршаған шығармыз.Бой сергітіп, қимылдар жасап денемізді сергітіп аламыз.Ол үшін әр топқа әр түрлі тапсырмалар орындайды.

1-топ: «Қаражорға» биін билеп, әнін қосылып айтады.

2-топ: Ермексаздан төрт түлікті мүсіндейді.

3-топ: «Менің сүйікті жануарым» тақырыбы бойынша сурет салады.

4- топ: «Кім жылдам?» 3-минут ішінде кім қанша құрт жасайды екен.

VI.Шығармашылық жұмыс.

  • Бойымызды сергітіп алдық.Білімімізді әрі қарай жалғастыру үшін 1-ші нөмірлер бір топқа, 2-ші нөмірлер екінші топқа ,3-ші нөмірлер үшінші топқа,4-ші нөмірлер төртінші топқа отырады.Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.Бір-біріңмен сол берілген тапсырмалар бойынша ой бөлісіп, білімдеріңді ортаға салу. Содан кейін білгендеріңді өз тобыңа келіп түсіндіресіңдер.

1-топ: Картамен жұмыс.( мал шарушылығымен айналысатын аудандарды белгілеу)

-Қазақстанның қай өлкесінде төрт түліктің қандай түрлері өсіріледі?

-Ақтөбе,Қызылорда,Батыс Қазақстанда, Жамбыл, Алматы облыстарында қой өсіріледі.

Қазақстанның барлық жерінде ірі кара (сиыр) өсіріледі.Ақтөбе ,Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында жылқы шаруашылығы өсіріледі.

Түйе Оңтүстік Қазақстанда, батыс аудандарда өсіріледі.

2-топ: Қай төлді қалай шақырады?

Қой-пұшайт-пұшайт.

Ешкі- шөре-шөре.

Сиыр-аухау-аухау.

Жылқы-құрау-құрау.

Түйе – көс-көс.

3-топ: Ойын тапсырма . «Әр атты өз иесіне тапсыр».

Алпамыс Тарлан

Тарғын Қарақасқа

Ақан Байшұбар

Қамбар Тайбурыл

Қобыланды Құлагер

Кендебай Керқұла

4-топ: Сүттен жасалатын тағамдарды тауып , қоршау.

Ірімшік, шұжық, май, алма, құрт, қаймақ, нан, қатық, қымыз, өрік, жүзім, шұбат.

VII.Көп білгім келеді.

1-топ: Зеңгі баба - сиыр.

Малдан алынбайтын өнімдерді тап!
Сүт, қант, ет, түбіт, бидай, май, уыз, құрт, су, шұбат, көлік терек.

2-топ: Ойсылқара- түйе. Тыйым сөздер.

1.Малды басынан ұрма.

2.Малды теппе, ақты төкпе.

3. Малға теріс мінбе !

3-топ: Қамба ата – жылқы. Сөзжұмбақ шешу.

1.Қамыс құлақ. Тостаған тұяқ,

Мінсең – қанат, сүті- дәрі, еті- тамақ. (Жылқы- лощадь)

2. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.(қой- овца)

3. Үстінде екі тауы бар,

Қызық бір жануар.(Түйе- верблюд)

4.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.(Сиыр- корова)

4- топ: Шопаната –қой. Малдың жасына қарай аталуын ата.

Сиыр- бұзау, баспақ, тана, торпақ, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа.

Қой- қозы, көбеген, марқа, көрпеш, тоқты, бағлан, тұсақ, көбей, кебе, ісек, абзан, ақауыз, қошқар, саулық, қой.

Түйе- бота, тайлақ, буыршын, бұзбаш,інген, атан, бура.

Жылқы- құлын, тай, жабағы құнан, байтал, дөнен,құлық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр.

VIII.Бекіту. Тест сұрақтары.

1-нұсқа

1.Мал бағатын қожалықтарда жұмыс істейді.

А) агроном, диқаншы, егінші.

Ә) тігінші , шебер, зергер.

Б) малшы, сауыншы, мал дәрігері.

2. Түйенің сүті.

А) Айран Ә) шұбат Б) қымыз

3. Шағын кәсіпорындардың шығаратын өнімі.

А) егін егу Ә) бау-бақша өсіру Б) киім тігу, сусын шығару.

4. Аша тұяқты төрт түлік

А) қой Ә) түйе Б) жылқы

5. Мақалды аяқта. «Ат ердің .................»

А) қанаты Ә) сусыны Б) қазынасы

2-нұсқа

1.Шөлге шыдамды жануар

А) қой Ә) Сиыр Б) түйе

2.Ішік, тон, тымақ – бұлар ........................

А) заттар Ә) киімдер Б) бұйымдар

3.Үй жануарлары төлдейді

А) жазда Ә)көктемде Б) күзде

4.Жеті қазынаның бірі

А) жылқы Ә) түйе Б) сиыр

5.Түйе малын қалай шақырады?

А) шөре-шөре Ә)көс-көс Б)құрау-құрау

Проблемалық сұрақтар.

1.Мал шаруашылығының пайдасы қандай?

2. Мал шаруашылығының дамуына не қажет?

3. Ауыл шаруашылық техникаларын ата.

4 Ауыл шаруашылық мамандарды ата.

ІХ. Үй тапсырмасы беріледі. Ауыл шаруашылығындағы егін және мал шаруашылығының қандай байланысы бар? Осы сұраққа толық жауап ізденіп келіңдер.

Х. Білімдерін бағалау парақшалары, смайликтер арқылы бағалау.






ХІ. Сабақты бекіту.

Ал, балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Ендеше сабаққа белсене қатысқандарыңа мен өз ризашылығымды білдіремін.

-Рақмет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мал шаруашылы?ы

Автор: Тагаева Умсынай Сериковна

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 287207


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства