kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Төрежанов. «Адал дос»

Нажмите, чтобы узнать подробности

М.Төрежанов.  «Адал дос» Сөйлеуді дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Төрежанов. «Адал дос»»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ересек топ: «Қарлығаш»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Кіші сала: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «М.Төрежанов. «Адал дос»

Мақсаты: Балаларға жеткілікті түрде әңгімені оқып,мазмұнын айта білуге

үйрету.Әдеби шығармаға деген қызығушылығын арттыру.

Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Балалардың қылықтарын

айыра білу. «Адалдық», «Адал дос» туралы түсініктерің кеңейту. Сөздік жұмыс: адал, шыншыл, дәу төбет , тұтылатын.


Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Балалардан дос дегенді қалай түсінетіндері туралы сұраймын.

-Сенің досың кім?

-Досынның қандай болғаның қалайсың?

-Достық туралы қандай тақпақтар білесіңдер?


Дос дегеніміз бір- бірімізбен татумыз, ойыншықтарды бірге жинаймыз, далада бірге ойнаймыз.


Менің досым Ерасыл


Досым батыр болса деймін.

Біздің топта ұл –қыздар,

Тату – тәтті бәріміз.

Әлемдегі бар балаға,

Тек жақсылық тілейміз


Ұйымдастырушылық ізденіс




-Балалар бүгін біз Мәдіхат Төрежанов деген жазушы атамыздың «Адал дос» деген әңгімесімен танысамыз.Осы әңгімені оқу барысында бізге жаңа сөздер кездеседі алдымен өсы сөздердің мағынасын мен сендерге түсіндіремін.

1.Сөздік жұмыс: Адал,шыншыл, достық , дәу төбет, жұлқынады, тұтылады деген сөздерге сөздік талдау жасаймын.

Адал – әрқашанда досының жаныңан табылады, шыншыл деген –өтірік айтпайды досына, достық дегеніміз – кішкентай балаларға көмектесіп, қыздармен, ұлдармен достасып бірге ойнайды деген ұғымды білдіреді, тұтылатын дегеніміз ит сені тістеп алар дегенді білдіреді.Дәу төбет дегеніміз тістеп алатын үлкен қабаған ит дегенді, шыншыл дегеніміз ешкімді алдамайды, өтірік айтпайды деген ұғымды білдіреді екен.

2.Әңгімені оқып түсіндіріп, балалардан сұрақ – жауап арқалы түсінгендерің сұраймын.

3.Аміре сен Абланның орнында болсаң не істер едің?

Абылынның жасағаны дұрыс па?


4. Мақал –мәтел

Дос туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?



5.Ойын: «Менің досым»

Балалар мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.Мен бір балаға допты лақтырамын да, «Сенің досын қандай?» деп сұраймын, ол маған допты қайта лақтырып, өз досының қандай екенің айтып береді».

Мысалы: ренжітпейді, алдамайды,бірге ойнайды т.б.с.с.

6. тақтадағы суреттермен әңгіме құрастыру.Осындай жағдайда балалардың бір-біріне қалай көмектесетіндері туралы ойларын білу.
















Балалардың тақырап бойынша түсінгендерін айтады.


Менде қашпай досымның жаныңда болар едім.


Иә, ол досын иттің қасында тастап кеткен жоқ.


Дарияәңгімені үш бөлікке бөліп өз сөздерімен түсінгендерін айтып берді.



Балалардың жауаптары.





Дос-егіз, дұшпан сегіз Айгерім

Досқа келсең, босқа келме. Аміре

Досыңа өтірік айтпа Аман

Ағаш тамырымен мықты, адам достарымен мықты









Аман жаңбырдың астында су болып қалмасын деп, Алихан оны қолшатырының астына бірге тығылуға шақырды.

Аділет итінің маса шағып кеткен жеріне дәрі жақты. Итте адамға дос.



Рефлексивті-түзетуші

7. «Адал дос алтыннан да қымбат» деген халық мақалын дәйексөзі ретінде түсіндіремін.

Адал дос дегенді кім қалай түсінеді?

8.Тілімізге дыбыстық жаттығу жасаймын.

ыз-ыз-ыз-Айгүл жақсы қыз,

ос-ос-ос -Айдос бізге дос

9..Балалардан жеке дос туралы қандай тақпақ білетіндерін сұрап сабақты қортындылаймын.

Балалар бүгін Мәдіхат Төреженовтың «Адал дос» әңгімесің әңгімесімен таныстық, бүл әңгімеде не туралы айтылған.

9.Балаларды мадақтап, «Нағыз дос болайық!»деген тақтақпен сабақты аяқтаймын.




Нұрсұлтаннын жауабы адал дос дегеніміз бір үзім нанды бөліп жейтін достарды айтады.





Медина

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз

Диана

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да қайда да,

Достар бір-біріне сенімді боламыз.

Тақырып бойынша түсінгендерін өз ойларымен айтады.



Күтілетін нәтиже: Адал досқа деген түсініктерді ұғынады

Балаларда адалдық, шыншылдық қасиеттері туралы түсінеді

Бір–біріне көмекке келу,сурет бойынша әңгіме құрастыруды қолданады








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
М.Төрежанов. «Адал дос»

Автор: Балгынбаева Куаныш Галымбековна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419350


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства