І.Ұйымдастыру кезеңі II.Қызығушылықты ояту. «Нақты сұрақ,дәл жауап» Қазақ тілінде неше әріп неше дыбыс бар? Сөздер неден жасалады? Сөйлем неден жасалады? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемдердің сөздердің орнын ауыстырып айтуға бола ма? ІІІ. Топқа бөлу Кеспе қаздар арқылы топқа бөлу . Тірек сөздерден сөйлем құрау І- топ Күз Кыркүйек, қазан, қараша күз айлары. Жапырақтар сарғая бастады. ІІ-топ Қыс Лебі мұздай ызғарлы, Алып келді қыс қарды. ІІІ-топ Көктем Жер дегдіді, көгерді Жасыл барқыт жамыла ІY- топ Жаз Жаз келді де құлпырды, Қырқаларға гүл тұнды Топ ережесін ұсыну. Тәртіп сақтау; Ой қосу; Біреудің ойын тыңдау; Шулауға жол бермеу; Топты қолдап отыру. (Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріліп, жақсы жауап берген оқушының жақсы бағаға ие болатынын хабардар ету.) ІV. Проблемалық әдіс Сырты мұқабасы жыртылған кітап пен іші -сырты сызылған кішкентай кітапша мектеп кітапханасында кездесті.Оларды кешк мектептің 3- сынып оқушылары Сәбит пен Нұрлан өткізген болатын Екеуі бір -біріне мұңдарын шаға бастады. Осы кезде кітапханашының дауысы естілді....... Ертегіні жалғастырып айт. 1. Бұл тыңдағандарың не? 2. Мәтінде неше сөйлем бар? 3. Әр бөлік неден басталған? 4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма? 5. Мәтінге қандай ат қоюға болады? 6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
Мәтіннің үш бөлімі болады: Басы Негізгі бөлімі Соңы Электронды оқулықтан мәтін туралы мәлімет тыңдаймыз. Бұл мәтін бе? Тақырыпқа ат қоюға болама? Ереже (Балалар осы жерден ережені түйіндейді) Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
V. Оқулықпен жұмыс 2-жаттығу Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.Мәтінге ат таңда. - Бұл не? - Мәтін екенін қайдан білдіңдер? - Сөйлемдер бір - бірімен өз ара мағына жағынан байланысып тұр. Мәтінге ат қоюға болады. Мәтіннің негізгі ойы не? Ас атасы- нан. Нан жайында 3. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жаздыру Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық Дақ түсірмей дәптерге Тап-таза етіп жазайық Көркем жазу жұмысы Мм Мм Мирас Маржан Олай болса 3- жаттығуды орындаймыз Мәтінді сөйлемдерге ажыратып жаз. Біздің көл. Ауыл шетінде көл бар.Жазда балалар оның бір жағасынан ,екінші жағасына жүзіп өтеді.Күзде көл суы суи бастайды.Көл жағалауындағы шөптер сарғаяды.Ағаштар мен бұтақтардың жапырақтары түседі.Қысқы аязда көл мұз болып қатады. VIII. Адасқан сөйлемдер (ойын) Бұғылар мүк пен қынаны жейді. Қыста қуатты, жалпақ тұяғымен қарды теуіп жайылады. Бұғы - сиырға ұқсас мал. Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі. Сондықтан олар көлік ретінде пайдаланылады. Олар суыққа төзімді. Қыс кезінде қарға батпай жүру қиын. Ал солтүстік бұғылары қарға батпай жүре алады. |