kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"М.Мақатаев "Қазақстан" өлеңі" әдебиеттік оқу 4-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

"М.Мақатаев "Қазақстан" өлеңі әдебиеттік оқу 4-сынып

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"М.Мақатаев "Қазақстан" өлеңі" әдебиеттік оқу 4-сынып»

Сабақтың тақырыбы:М.Мақатаев «Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыны М.Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңін мәнерлеп,түсініп оқуға үйрету,өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,өз бетінше жұмыс жүргізуге үйрету;

Дамытушылығы:Шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып,байланыстырып сөйлеуін,шығармашылық ойлауын дамыту,өлеңмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру,оқып-түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру,ой-өрісін дамыту,сөздік қорын байту;

Тәрбиелілігі:Отанына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,талдау,іздену;

Сабақтың көрнекілігі:суреттер мен слайдтар

Сабақтың пәнаралық байланыс:қазақ тілі,дүниетану,өзін-өзі тану,музыка

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тексеріп,олардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Психологиялық дайындық

О,достарым,келіңдер,

Қуанып қазір қол соғам.

Мынау-менің жүрегім,

Одан бәрі басталған.

Мынау-менің басым,

Осы бәрін басқарар.

Мынау –менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Жалықпаймыз,саспаймыз,

Сабақты біз бастаймыз!



ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру Мұқағали Мақатаев «Сүйемін,өскен Отаным»

1.(Өлеңді жатқа сұрау)

2.Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік ағашқа қарап жазып шығу

-Балалар, ақын өлеңді қандай көңіл-күймен жазған?

IV.Ой қозғау

-Қазақ әдебиетінде көркем шығармалар нешеге бөлінеді?

Көркем шығармалар



проза

поэзия





Қарасөзбен жазылады

(әңгіме,повесть,роман)



Өлеңмен жазылады







V.Жаңа сабақ Мақсатын хабарлау

Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Оны өткенмен және болашақпен байланыстырады.Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ қасынан басталады.Туған жер,туған көше,туған дала,Отан оттан да ыстық.Ал бізідң халқымыздың басынан қиын-қыстау кездер өткенде де ата-бабалрымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.Өз елі үшін жанын да,барын да аямаған.Халқымыздың осы қасиеті жанымызға ана сүтінен тарап,ана тілімізбен дарып,ақ нанымен бекуі тиіс.Құрметті балалар,өзі өскен жеріне,еліне,Отанына жыр арнамаған ақын жоқ.

Қазақ поэзиясында шоқтығы биік аса дарынды ақын, өлеңдердің ұйқасын тауып,қисынын келтіріп, Отан туралы жазған Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңімен танысамыз. /Слайдтан Қазақстанның картасы шығады/

3. Шынайы поэзия өкілі,ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев

VI.Ассоцация құру

Енді ақын өлеңін тыңдайық.

-Өлеңді мәнерлеп оқу; Өлеңге талдау жүргізу;

-Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңі қандай шығармаға жатады?(лирикалық па,әлде драмалық па?)

-Лирика деген сөздің мағынасын еске түсір Ол не?

-Лирика-көркем әдебиет жанрының бірі.Лириканың басты ерешелігі-адамның көңіл-күйін,сезімін,ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.

-Өлеңнің қай тұсы саған ерекше әсер етті?

«Шолпаным»деген сөзді қалай түсінесің?

(Шолпан-таң алдында көрінетін ерекше жарық жұлдыз)

VII.Оқулықпен жұмыс:Өлеңді оқушыларға іштей оқыту;шумақтап оқыту;жеке оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті:(ән:Отаным)

VIII.Дәптермен жұмыс:

Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін,ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді теріп жаздыру;/табынатын тәңірім,арқа сүйенерім,сүйегім,қаным,Шолпаным /жарық жұлдыз/,махаббатым,арманым/

IX.Шығармашылық тапсырма 1.«Ойнайық та,ойлайық»

ҚАЗАҚСТАН деген сөзден бірнеше зат есімдер жасау

2.«Шабыттана жырлайық» (Берілген ұйқасқа өлең шығару)

Отан деген--------------- /атамекен/

Отан деген ------------------- /туған жер/

Отан-----------------ана,Отан----------------/әке/

------------------------ /Қазақстан/туған ел!

Х.Ой жинақтау (Сұрақ-жауап)

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қанша жыл толды? /14 жыл/ Тәуелсіздік туралы не білеміз?

Осы жылдар ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жетті?

Мұғалім:Балалар,біздің елімізді гүлдендірер ұл-қыздары сендерсіңдер.Қазақстанды өркениетті мемлекеттермен терезесі тең ететін де сендерсіңдер.

Отан-Анаға не арнайсыңдар?

Біз жас ұлан –Отан –ана өркені,

Үміт артқан болашағы ертеңі.

Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,

Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені!

-Өте тамаша! Терең,әрі жан-жақты білімді болу-міндеттерің.Сендер тәуелсіз Қазақ елінің ең жас ұланысыңдар.Сондықтан өз жерің мен өз еліңді әкелерің мен аталарың сияқты қадірлеуге,сүюге,қорғауға тиіс екендеріңді есте сақтаңдар.Біздің алдымызда мамыр айында Ұлы Жеңістің 70-жылдығы тойланғалы отыр.

Бізге Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Талай адам иықтарына қару асынып,Отан үшін от кешіп,жанын пида еткен.Бірақ олардың тілегі орындалды.Себебі оларды Отанға деген сүйіспеншілік жеңіске жеткізді.Отаным-алтын бесігім»демекші балалар,бүгінгі сабақта айтылғандарды өнеге етіп,елді ,жерді сүю.қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.Олай болса өз Отанымызға не тілейміз?

/стикерге Отанға деген тілектер жазу/

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау,Отан туралы шағын эссе жазу.

Оқушылардың білімін бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"М.Мақатаев "Қазақстан" өлеңі" әдебиеттік оқу 4-сынып

Автор: Агисбаева Жансулу Бигалиевна

Дата: 04.01.2017

Номер свидетельства: 375243


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства