Просмотр содержимого документа
«М.Қалдыбеков "Үлек" БжС технологиясы бойынша ашық сабақ»
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Үлек
Сабақтың мақсаты:Сабақтың норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.Оқушыларды қайырымды болуға тәрбиелеу.
Міндеті: технолгиялық картаның регламентін орындау
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету
Әдісі: БжС технологиясы
Түрі: Ауызша сабақ -2
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, автор суреті
I.Ұйымдастыру кезеңі мотивация оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Карта бойынша жұмыс реті түсіндіріледі.
Ұжымды белсендіру үшін сөз көсбасшыға беріледі.ООМ бойынша жұмыс.
1.Оқушылардың субьективтілік тәжірибесін өзектендіру. Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақ қою.ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.
2. Қарама-қарсы сұрақтар. Үй тапсырмасы М.Қабанбаевтың «Сурет салғым келмейді» әңгімесі бойынша қарама-қарсы сұрақтар:
1
Әңгіменің авторы кім?
М.Қабанбайев
2
Сыныпқа кірген мұғалім қай пәннің мұғалімі?
Сурет пәні
3
Ағай өзімен бірге не алып келді?
Әр түрлі альбомдар
4
Салауат ағай сабақты қандай сөздермен бастады?
Ана туралы сөздермен бастады
5
Салауат аға анаға қандай теңеулер айтты?
Ана біздің әніміз, жалын жырымыз, сөнбес шырағымыз
6
Оқушылар мұғалімнің сөзін қалай тыңдады?
Тып-тыныш, қозғалмай, мұқият тыңдады
7
Ең алғаш ана тақырыбында сурет салған кімдер?
Ең алғашқы адамдар, тасқа қашап салған
8
Мысыр суретшілері ананы қандай бейнеге дарытты?
Нефертити құдайдың бейнесіне
9
Леонара да Винчи, Рафаельдің ана туралы қандай суреттері бар екен?
«Мадонна Лита» , «Мадонна» суреттері
10
Еліміздің суретшісі Қанафия Тельжпновтың қандай туындысы бар?
Жамал атты портреті
11
Қ.Тельжановтың «Жамал» атты суретінде кім бейнеленген?
Суретшінің анасы
12
Сабақтың ортасында мұғалімнің сөзін бөліп жіберген кім?
Оқушысы Ержан
13
Ержан ағайға не деді?
Үйірмеден кететінін айтты
14
Ержан үйірмеден неліктен кетпекші болды?
Ол өзіне сенбеді, ұлы суретшілер сияқты сурет салу қолымнан келмейді деді
15
Болған оқиғаға Салауат аға кімді кінәләді?
Өзін кінәләді
16
Әңгімені қалай аяқтар едің?
Өз ойы
2. Үй тапсрмасын бекіту
Оқушылардың ойы сұралады.
Бірінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша + немесе – белгілері қойылады.
II.Тірек сөздер.Қабылдауды ұйымдастыру
Екі сөзден тұратын түсінік екі сөз болып есептеледі.Еске сақтау бойынша бір сөзшегерілуге рұқсат. Сабақ басталмас бұрын мұғалім тақтаға оқылатын тақырып бойынша 7 кілт сөздерді жазады.
3. Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады. Жазуға берілген уақыт есте сақтау уақытына тең, яғни 1 минут беріледі.Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді есте сақтауы тиіс.Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына + немес – таңбасы қойылады.
Үлек
Бозоба
Мүлкібай
Түйелерді жинау
Сайға иіру
Екінші белгі . Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз- 1 минут.Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына + немесе – таңбасы қойылады.
4. Ұғынуды ұйымдастыру. Оқушылар оқулықтан 1 парақты 4 минутта оқыпшығуы тиіс. Жаңа тақырып оқуға беріледі.
III. Қарама – қарсы сұрақ қою. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Оқушыларды ретімен емесООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды.Оқушы түсінбеген жерлерін мұғалім түсіндіреді.
Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар
1
Ауыл балаларныың бәрі кімнен қорықты?
үлектен
2
Үлектің мінезі қандай еді?
Айбарлы, айдынды , ешкімнен қорықпайтын
3
Қыс түсе ауыл адамдары түйелерін қайда бағады?
Бозоба, Сарапан деген жерлерге
4
Түйенің бәрін қарауылдайтын кім?
Мүлкібай атаның үлегі
5
Түйелер қыс бойы қайда түнейді?
Далада, қардың үстінде
6
Ауыл адамдары соғымға, не мініске түйе керек болғанда түйелерді кім алып берді?
Мүлкібай ата
7
Балалар түйеге неше-нешеден мінгесті?
Үш үштен
8
Далада қанша түйе жайылып жүр екен?
300-400
9
Үлек келген адамдарды көре сала не істеді?
Адамдарға қарай жүгіре жөнелді
10
Мүлкібай атаны таныған үлек қандай әрекет жасады?
Кілт тоқтап, жанында жайылып жүре берді
11
Мүлкібай ата үлекке қалай ұрысты?
Сен неге балаларды қорқытасын, олар саған не істеді деп ұрысты
12
Балалар түйелерді қалай жинады?
Ара-ара деп жинады
13
Түйелер ауылға қарай беттеген соң , үлек еріксіз не істеді?
Еріксіз арттарына ерді
14
Түйелерді неше күнен кейін қайта өріске айдады?
Үш күннен кейін
15
Сенің ойынша Мүлкібай ата балалармен өріске қарай бармаса , не болар еді?
Өз ойы
16
Әңгімеде Мүлкібай атаны қалай бейнелеген?
Кішкентай бойлы, әлсіз
Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша + немес –белгілері қойылады.
IV.Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрау. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә», «Жоқ»
Деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс
Сыни сұрақтар:(жаңа тақырып бойынша «иә», «жоқ» жауабымен оқушы дұрыс жауапты дәлелдейді)
1
Үлек деген екі өркешті түйе
Жоқ
2
Мүлкібай атаның үлегі өте қорқақ түйе болды
жоқ
3
Күз мезгілі түсісімен ауыл адамдары түйелерін Бозобаға айдап тастайтын
Жоқ
4
Түйелер селеубояу, құмқия сияқты өсімдіктермен қоректенетін
Жоқ
5
Үлектің иесі Қарынбек деген ауыл ақсақалы
Жоқ
6
Түйелер күндіз жайылып, кешкісін қорада түнейді
Жоқ
7
Ауыл адамдары түйелерді мініске, жүк тасуға, соғымға пайдаланды
Иә
8
Әр бала бір-бір түйеге мініп, Мүлкебай атамен өріске беттеді
Жоқ
9
Айдалада 300-400 дей түйе жайылып жүрді
Иә
10
Балалар қорыққанынан таудың тасасына тығылды
Жоқ
11
Мүлкібай атаны таныған үлек жанынан шықпай айналшақтап кетпей қойды.
Жоқ
12
Мүлкібай ата Қарынбайдың әкесі
Жоқ
13
Қаптап жүрген түйелерді қырау-қырау деп жинап алдық
Жоқ
14
Үлек көштен қалып қойса да , арттарынан ермеді
Жоқ
15
Бір жұма өткеннен кейін , балалар түйелерді жинап өріске айдап жіберді.
Жоқ
16
Үлек дегеніміз қос өркешті түйенің бурасы
Иә
17
Мүлкібай ата ірі келген , екі иығы тоқпақтай , ұзын бойлы адам.
Жоқ
Төртінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша + немес – белгілері қойылады.
V.Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (эссе жазу).
Тексеру жүргізіледі.Талдау уақыты 5 минут.
Бесінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ арқылы бағалау.
Журналға баға қою келесінорматив бойынша жүзеге асырылады.
4-5 белгі – 5 ұпай
3-белгі-4 ұпай
2-белгі – 3 ұпай
Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы 5 пен 4 ұпайдан алуы тиіс.
7. Үй тапсырмасы:4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.