Ма?жан Бекен?лы Ж?мабаев 1893 жылы ?азіргі Солт?стік ?аза?стан облысы Булаев ауданында д?ниеге келген. Т?рт жасында ауыл м??алімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 ж. ?ызылжарда?ы ?азіргі (Петропавловск) медресеге о?у?а т?седі, б?л медреседе араб, парсы, т?рік тілдерін еркін ме?геріп шы?ады.Ол Уфада?ы ?алия медресінде, Омбыда?ы м??алімдер семинариясында о?ы?ан. Кейіннен М?скеудегі к?ркем ?дебиет институтын бітірген. М.Ж?мабаев ?ле?ді 14 жасынан бастап жаз?ан. М.Ж?мабаевты? "Шолпан" ?ле?дер жина?ы Москвада басыл?ан. "Ж?сіп хан" атты ертегі поэмасы, "Батыр Баян" поэмасы т.б. е?бектері жары? к?рді. Ма?жан Ж?мабаев Гете, Есенин, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Крылов шы?армаларын о?ып, кейін аудармалар жаса?ан.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ойлау белсенділігін, ой-өрісін, сөздік қорын молайту, мәнерлеп, сауатты оқи білуге үйрету.
3.Тәрбиелік: Мағжандай ойлай, түсіне білу, адамгершілік рухта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой шақыру стратегиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың суреті, интерактивті тақта, тірек-сызба, бес арыс буклеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, олардың зейінін сабаққа аудару.
А) Мәтіннен "Мама" деген сөздің синонимдерін табыңдар.
Ә) Мақалды жатқа айтып, түсіну.
Б) Жаңылтпаш жатқа айту.
ІІІ. Жаңа сабақ.
"Бес арыстың" енді бір өкілі-Мағжан Жұмабаев.
Мағжан туралы пікірлер:
"Мен Мағжанды сүйемін,
Европалығын, әшекейін сүйемін"
М.Әуезов
Ой шақыру стратегиясы
-Балалар, Мағжан Жұмабаев туралы мен сендерге өздерін іздестіріп келіңдер дегенмін.
-Мағжан Жұмабаев кім ? Оның өмір жолы туралы не білесіңдер?
Топтастыру. (Оқушылар өз білгендерін айтады)
Мағжан Жұмабаев
-Ендеше, Мағжан Жұмабаевтың бір әнін жаңа сабағымызды бастамас бұрын тыңдап, бойымызды сергітіп алайық "Япур-ай" әні орындалады.
Жаңа сөз.
Дүниеге келген- туған
сауат ашқан- білім алған оқыған
еркін меңгерген-білу
бітірген- аяқтаған
жарық көрген- шыққан
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 ж. Қызылжардағы қазіргі (Петропавловск) медресеге оқуға түседі, бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгеріп шығады.Ол Уфадағы Ғалия медресінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. Кейіннен Мәскеудегі көркем әдебиет институтын бітірген. М.Жұмабаев өлеңді 14 жасынан бастап жазған. М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы Москвада басылған. "Жүсіп хан" атты ертегі поэмасы, "Батыр Баян" поэмасы т.б. еңбектері жарық көрді. Мағжан Жұмабаев Гете, Есенин, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Крылов шығармаларын оқып, кейін аудармалар жасаған.