Тұсаукесер Негізгі бөлім Қорытынды Үйге Бағал Рефлексия | Үй тапсырмасын тексеру « Ыстық орындық » ІІI.Қызығушылықты ояту. Ә. Қастеев шығармасын тақтаға ілу. - Суретке жақсылап қараңдар (1 минут). - Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? - Олай деп айтатындай не көріп тұрсыңдар? - Сурет ортасындағы ақбоз атты адам туралы не айтуға болады? ( Сипаттау, оқушыларды сөйлету) - Бұл адам туралы тағы не айтуға болады? Оқушылар суреттегі батырдың бейнесін танып, Амангелді Иманов туралы әңгімелейді. Сурет бойынша қорытынды сөз. IV. Жаңа сабақ Балалар, батыр болсын, ақын, ғалым болсын – барлығы да бала болған. Оларда сендер сияқты ойнаған. Ал сендер бос уақыттарыңды қандай ойын ойнайсыңдар? Оқушының еркін әңгімесін тыңдау, қорытындылау. Оқулық жабық тұралы. Оқушыларға мәтін бөліктері үшке бөлген түрінде таратылады. Ол үшін оқушылар 1, 2, 3-ке дейін санап, бірінші тобы – 1-топ, екіншілер – 2-топ, үшіншілер – 3-топ болып отырады. Мәтінді топпен іштей оқып, бас-аяғын тауып, орналастырады. ( Мұғалім топ жұмысын бақылап жүреді, орналасуын байқайды) 1-топ өздері тапқан 1-бөлігін мәнерлеп оқып береді, 2-топ 2-бөлігін оқиды, 3-топ соңғы бөлігін оқиды. Әр топ мәтін ретінің осылай қойылу себебін түсіндіреді. Амангелді Иманов – ұлт азаттығы үшін күрескен қазақ батыры... Қысқаша дерек беру. Енді әр бөлімге ат қою. Мысалы: Бала ойыны Асау құнан Құнан үіреті Мәтіннің 1-бөлімімен жұмыс: 5 жастағы Амангелдінің ойынын автор қалай сипаттаған? Әлжан қарттың әңгімесінде Байсақал байдың айылы неге аталды? Таутабай неліктен мырза атанған? Осы ретпен мәтін мазмұны арқылы идеясын ашуға негіз болатын сұраөтар талданады. Құнанның мінезі немесе Амангелдінің батылдығы қалай суреттелген? Амангелді бұл кезде неще жаста болуы мүмкін? Баланы неліктен « жетімек» деді? ( Әкесі ауру еді...) Амангелдіні менсінбеген Таутабай қалай ұялды?... Қажет дерек Асау үйрету- қазақ тұрмысындағы қызық кәсіп. Бір ауылда бір-екі немесе бірнеше адам ғана асау аттарды мініске үйрету шебері болған. Асау үйретушіге әдіс-тәсілмен қатар епкілік, күш –қайрат, жүректілік те керек. Хрестоматиядан Амангелді туралы қосымша мәтіндерді оқып, батырдың бейнесін топтау арқылы ары қарай толықтыру. V. Қорытынды Сыныптас немесе ерекше мінез-қылығы бар достарың жайлы (« Болар бала қандай болады?» атты эссе жазу. VI. Үйге тапсырма. Әңгімені түсініп оқу | Топтық жұмыс,топтық бағалау Жаңа мәлімет алады Топтық талдау,болжау Қосымша Мәтінді оқиды Топпен жұмыс жасайды Сөздікті дәптерлеріне жазады 2 жұлдыз, 1 тілек айтады Көшбасшылар өз топтарының бағаларын айтады. Рефлексия жазады. |