Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а М. Дулатов туралы т?сінік беру. «К?з» та?ырыбыны? мазм?ны мен идеясын ашу.
О?ушыларды? ?з бетімен ж?мыс жасап, белсенділік таныта отырып, жа?а а?паратты ?абылдауын, саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, с?здік ?орын молайту.
Е?бектенуге, ??ыптылы??а баулу.
К?тілетін н?тиже: М. Дулатов туралы білім алу, жеке ойларын орта?а салу, ойын жеткізе алып, д?лелдеу.
?дісі: ой ?оз?ау, негізгі идеяны суреттеу.
К?рнекілік: суреттер, о?улы?, интерактивті та?та.
П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, д?ниетану, сурет, музыка
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«М.Д?лат?лы «К?з» »
Сабақтың тақырыбы: М.Дұлатұлы «Күз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға М. Дулатов туралы түсінік беру. «Күз» тақырыбының мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік таныта отырып, жаңа ақпаратты қабылдауын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту. Еңбектенуге, ұқыптылыққа баулу. Күтілетін нәтиже: М. Дулатов туралы білім алу, жеке ойларын ортаға салу, ойын жеткізе алып, дәлелдеу. Әдісі: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу. Көрнекілік: суреттер, оқулық, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, сурет, музыка
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық. Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болып өткелі отыр. «Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады» демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық. Мен сендердің ақылды, жауапты, қайратты екендеріне сенімдімін. Сондықтан жауаптарымыз нақты, толық болатынына сенімдімін. Қызығушылықтарын ояту: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Күз ерекшеліктерін атаңдаршы - Күз мезгілінде неше ай бар, олардың өзара қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар? - Жақсы, балалар, қазір біз музыка ойналып тұрған уақытта күзді салайық /оқушылар өз ассоцияциясы бойынша күзді бейнелейді/ - Жақсы, кім қалай жеткізе біледі? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ - Кәне есімізге түсіріп көрейікші, қандай ақын, жазушылардың жыл мезгіліне байланысты өлең, әңгімелерін білеміз? /А. Құнанбаев: «Жазғытұрым», «Күз», «Жаз», «Қыс»; І. Жансүгіров: «Жазғы шілде»; Тайыр Жапаров «Күз» / - Мына портреттерден қандай жазушыларды таныдыңдар? /А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Дулатов портреттері/ - Иә, Абай атамыз бен Ыбырай аталарымыз көптеген оқу, білім, адамгершілік, тәлім - тәрбиеге арналған шығармаларымен таныс едік, ал мына портретте ақын, жазушымыз Міржақып Дулатов. /Қысқаша өмірбаянына тоқталып өту/ - М. Дулатовтың көптеген шығармаларымен біз әлі де таныса жатамыз, ал бүгін бізге беріліп отырған әңгіме: «Күз»- әңгімесі. Жаңа сабақ: /Әңгімені оқымастан бұрын сендерден сұрайтыным, қолымызға қарындаш алып, түртіп алу жүйесі арқылы өздерің түсінбеген сөздерді, сөз тіркестерін немесе сөйлемдер болса мынадай «Y» белгімен белгілеп отырыңдар/.
А) Мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі Ә) Сөздік жұмысын жүргізу Шабынды - шөбі мол жер Күзем - малдың жүнін күзде қырқу Шошақ - шөмеле Желі - жерге қазықты қағып, арқанды қағып қояды Ноқта - жылқының басына кигізілетін зат. Оны қайыстан, арқаннан өріп жасайды
Б) Мәтінмен жұмыс: - Мәтін неше абзацтан тұрады? /мәтіннің әр абзацның бірінші сөйлемін оқып тауып оқу/ - Мәтінде неше ой бар? Дәлелдеу - Мәтіннің қай түрі? /Сипаттау сөздерді тауып оқу/ - Таңнің салқын болу себебі неде? Неліктен мал, құлындар арық болады, деп аяп отыр? - Жапырақтардың сарғаюына не әсер етеді, жапырақта не жоғалады? Қызымшыл шал деп отырғанымыз кім, бие ағыту дегенді қалай түсінесіңдер? - Әңгімеден адамдардың күзгі еңбегі жайында айтылған тұстарды тауып оқу. - Сергіту сәті: /Еңбегіне қарай - құрмет, демекші біз де еңбектеніп көрейік/ Жұмбақ шешу.
Ой қозғау: 1. Артық сөз тіркестерін тап. Мағынасын аш. /Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз, берекелі күз, жемісті күз, бәйшешекті күз, суық күз/ 2. Күз мезгілін елестетіп, суреттерге қарап, күз мезгілі туралы 4 жол өлең шығар, немесе әңгіме жаз. /қалаулары бойынша/ Қорытынды: Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай тәлім - тәрбие беріп отыр? Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен? /Оқушыларға өз алғысымды білдіру/
Үй жұмысы: «Киіз үйдің кереметі» деген тақырыпқа эссе жазу. Бағалау.