Логическая математика "жа?ылмай ойдан, жылдам бол ойлан"
Логическая математика "жа?ылмай ойдан, жылдам бол ойлан"
Саба?ты? та?ырыбы: «Жа?ылмай ойдан, жылдам бол, ойлан».
Саба?ты? ма?саты:Білімділік:1) О?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін арттыру, дара т?л?аны? еркін ?йлесімде дамуын ж?не ?ажетті білім, білік да?дыларымен ?аруландыру.
Дамытушылы?:2) О?ушыларды? ?здіксіз білім алу?а деген ынтасын іс-?рекеттік т?р?ыда дамыту,?зіндік білім алуын ж?зеге асыру.
Т?рбиелік:3) О?ушыларды? рухани д?ниесін байыта отырып, олар?а азаматты?, адамгершілік т?рбие беру.
Просмотр содержимого документа
«Логическая математика "жа?ылмай ойдан, жылдам бол ойлан" »
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: «Жаңылмай ойдан, жылдам бол ойлан».
Сынып жетекшісі: Утебаева Ш.С.
Тараз қаласы 2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Жаңылмай ойдан, жылдам бол, ойлан».
Сабақтың мақсаты:Білімділік: 1) Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, дара тұлғаның еркін үйлесімде дамуын және қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру.
Дамытушылық:2) Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту,өзіндік білім алуын жүзеге асыру.
Тәрбиелік:3) Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың көрнекі-құралы: интерактив тақта, слайдтар.
Сабақтың типі: білім мен білікті тексеру сабағы.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі,матеметика, дүниетану.
Сабақтың жоспары:
«Жаңылмай ойдан, жылдам бол, ойлан» тақырыбымен өткізілетін білім сайысы 6 кезеңнен тұрады.
1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі. Үш топқа бөлу.
2-кезең. «Ойлы болсаң озып көр».
3-кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр».
4-кезең. «Жүйрік болсаң шауып көр».
5-кезең. Бейнесұрақ.
6-кезең. Блиц-турнир. Топ басшыларының жарысы.
Сабақтың барысы:
Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге, көкірегінде болсын кез. / Абай /
1-кезең. Үш топ өз аттарын хабарлап, топ басшыларымен, мүшелерімен, топтың ұранымен таныстырады.
1-топ. «Зерделілер» 2-топ. «Зеректер»
Ұраны: Ойлай білу бізге тән, Ұраны: Білімге құштар зерекпіз,
Зердемізге жиямыз. Қоғамға біздер керекпіз.
Шашасына шаң жұқпас, Тапсырманы мұқияттап,
Жүйріктерміз мына біз Шапшаң жауап береміз.
3-топ . «Байқампаздар»
Ұраны: Біз бүлдіршін балғынбыз,
Талаптымыз бәріміз,
Байқап көріп қисынын
Ширатып, шешуін табармыз.
Әр топ қарсы топқа үйден дайындап келген сұрақтарын қояды.
2-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр».
1-сұрақ. / Есту арқылы жадында сақтауды дамыту /. (Лента қолдану арқылы ашу )
2-топ
1. 1 ғасырда неше жыл? / 100 жыл /
2. Сиырдың қауіпті мүшесі. / мүйізі /
3. Ақпан мен наурыз нешінші айлар? / 2, 3 айлар /
4. Өсімдік тіршілігіне қажетті бес жағдай. / жарық, қорек, ауа, жылу, су /
5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? / 8 /
6. Түйенің иесі - / ойсыл қара /
7. 1 кг темір ауыр ма, 1 кг жүн ауыр ма? / бірдей /
3-топ
Үстел үстіндегі балықтардың үйі. / аквариум /
2. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс. / у дыбысы /
3. 1 жылда неше күн бар? / 365-366 күн / 4. Метр қандай өлшем бірлік / ұзындық өлшем бірлік / 5. 3 бақытым өлеңінің авторы. / М. Мақатаев /
6 . Сиырдың иесі - / зеңгі баба / 7. 1 жұмыртқа 4 минут піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? / 1 минут /
2-сұрақ. / Ойша көз алдына елестету /
( сілтемені пайдалану)
1-топ
Аңның 2 оң аяғы, 2 сол аяғы, 2 алдыңғы аяғы, 2 артқы аяғы бар.
Аңның барлығы неше аяғы бар? / 4 /
2-топ
Аруна мен Сара апалы сіңілілер. Арунаның 3 ағасы бар.
Сараның да 3 ағасы бар. Отбасында қанша бала бар? / 5 /
3 топ
Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір-бірден қарындасы
бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар? / 7 /
3-кезең Тапқыр болсаң тауып көр.
( қаламсапты пайдалану)
1-сұрақ . / Қисынды ойлауды дамыту /
1-топ
Әр сөзден бірінші әріпті сыз. Қандай жаңа сөз пайда болды?
Бөрік - қасық - жазық -
Шана - қоян - марал -
2-топ
Кері оқы және жаз.
Ішік - есек - салат -
Қысым - қал - сүт -
3-топ
Сөздің екінші бөлігін тап.
Таңқу │ тау
Қызыл │ шақ
Оқ │ рау
бұр │ ша
қы │ рай
2-сұрақ Сөздің соңғы дыбыстарын алып тастасаң, сөз қандай