Просмотр содержимого документа
«?ліппе саба?ыны? жоспары»
Тақырыбы: К дыбысы және әрпі. Мақсаты: «К» дыбысымен әрпін таныстыру. «К»дыцбысына сөздер құрату, буын ішінен бекіту, дыбыстық талдау жасау. Балалардың есте сақтауын, ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеті:
1. К дыбысы мен әрпімен, сөз ішінде басқа дыбыстан ажыратып,оны дұрыс дыбыстату. К дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға,сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
2. Балалардың сөздік қорына мән бере отырып, ойлау қабілетін,қиялын дамыту. 3.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып,таза, сауатты жазуға,өзара сыйластыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгіме. Анаграмма. Қажетті құралдар: к дыбысының баспа түрі,текшелер,кеспе әріптер,карточкалар,бағалауға арналған керекті (қызыл, сары, жасыл) түстер,айна т.б. Оқу іс-әрекетінің барысы: Амандасу.
Салеметсыздерме!
Здраствуйте!
Год монинг ! хэлоу
Шаттық шеңбер (Слайдта болады)
Армысың, қайырымды Жер-Ана!
Армысың, мейірімді Ауа-Ана!
Армысың,шұғылалы Алтын Күн!
Армысың,мөлдір таза Су!
Армысыздар қонақтар!
Арайлап бүгін атты Күн.
Қайырлы күн достым,
Ісің сәтті болсын,
Бүгінгі алар бағамыз
Кілең бестік болсын.
-Ал балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Орнымызды тауып отырайық, сабағымызды бастайық.
Өткен сабақты қайталау.
Балалар сауат ашу сабағында быз сендермен не өтіп жатырмыз? (әріптер) дұрыс.
Интерактивтік тақтаның көмегімен өткен әріптерді әндетіп қайталап өту.
-Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші:
Балалардың назарын партаның үстінде жатқан керекті құралдарға аударту.(қандай құралды, қай уақытта қолданатынымызды еске түсіру) ереже бойынша.
Жаңа сабақ :
Балалардың назарын тақтаға аудару, тақтада кірпінің видиосы қосылады. Тәрбиеші өз сөзімен болып жатқан бейнені балаларға әңгімелеп береді.(Балалар осы бейнеде қандай кейіпкер өз достарының көңілін қалдырма көмек көрсетті?)
-Кырпі
Тәрбиеші: Балалар осы кірпі сөзі қандай әріптен басталып тұр?
Кірпі сөзі «К» әріпінен басталып тұр
Тәрбиеші: дұрыс балалар ендеше біз сендермен бүгін «К» әрпімен танысамыз.
Ендеше алдымыздағы айнаны алып «К» деп айтып көрейік. «К» әрпі кедергіге ұшырайды, созылмайды, әндетілмейді. Тіліміз төменгі тіске келіп тіреледі. (осылайша мінездеме беру)
Балалар кірпі достарына көмектесемін деп өзінің алмаларын жинап алалдыма?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Балалардың назарын тақтаға аударып орман бейнеленген суретті әңгімелей бастайдй.
Балалар мінекей қараңдаршы орман ішіндегі кірпі біздің мектепке сендердің сабақтарыңа келгісі келеді екен. Ол үшін мына тұрған алмаларды кірпіге теруге көмектесуіміз керек. Алмада берілген тапсырманы орындауымыз керек, көмектесемізбе балалар?
-Иә көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше мына алмадағы тапсырмаларын орындайық. ( Үйшігінен шыққан кірпіні 1-ші алмаға жақындатамын)
1.Алма. Әліпбиде неше әріп бар?
- әліпбиде барлығы 42 әріп бар.
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды. (жасыл дұрыс,сары орташа, қызыл дұрыс емес)
2. Алма. Дыбыстар нешеге болінеді? Олар қандай болып екіге бөлінеді?
- дыбыстар екіге бөлінеді.
--дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды.
3.Алма Бүгін балалар қандай әріппен танысып жатырмыз? «К» әрпі кездесетін сөздер айтайық. Бір 3-4 баладан сұрау.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды.
4. Алма. Балалар әріптерден не құралады?
- әріптерден буын құралады. Ендеше біз сендермен буын ұйқасын құрастырып көрейік.
У К буын шығады ук-ук-ук
Есік қақты тук-тук.
Е К буын шығады ек-ек-ек әп-әдемі көбелек
К А буын шығады ка-ка-ка
Жарық берді лампочка
И К буын шығады ик-ик-ик
Жазда тебем ролик
К Е буын шығады ке-ке-ке мен жасадым кеме
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды.
5. Алма. Балалар буындардан ен құралады?
-буындардан сөздер құралады.
Енді балалар алдымызда жатқан карточкаларды байқайықшы не құралған екен? Сөздерді оқып дыбыстық талдаулар жасайық. 3-4 баладан сұрау.
Тақтамен жұмыс: Тақтада бір бала жұмыс атқарады, қалғандары орнында орындайды.
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды.
Тәрбиеші: жарайсындар балалар деп мадақтап өтеді.
6 . Алма Сөздерден не құралады?
сөздерден сөйлем құралады
Сөлемнің неше түрі бар?
Сөйлемнің үш түрі бар. ( сұраулы, лепті, хабарлы ? ! .)
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды.
7. Алма.Балалар сендердің есте сақтау қабілеттеріңе байланысты тапсырма. Видео роликте көрген суреттеріңе сөйлем құап беріру.
Енді балалар тақтаға назар аударайық тақтада «К» әрпіне байланысты видео ролик қосылады. Есте қалған суреттерге тақтада тұрған сөйлем түрлеріне сөйлемдер құрастыру.
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды.
Сергіту сәті: Видео бойынша балалар жаттығуларды орындайды.
(қимылдарды қайталайды) Балалар біз кірпіге қандай жемісті жинауға көмектесіп жатырмыз. (алма) т.б. жемістердіде еске түсірейік. ( алмұрт, өрік т.б.) ортаға шығып сергіп алайық.
(Қызыл өрік әуені қосылады) Қонқтарғада сергіп алуға рұқсат
Балаладың назарын слайдқа аудару күнделікті сабақта қолданатын әдісіміз қандай балалар?
Өздік жұмыс
Анаграмма (слайдта болады)
І К П Р І КІРПІ
2 1 4 3 5
Балалар алдарында жатқан карточкаларды қолдана отырып, адасқан әріптерден санның көмегімен сөздер құрау. Сөздерді буынға бөлу.
Топ балалары жауап айтқан баланы тиісті түстермен бағалайды.
8.Алма Оқулықпен жұмыс. Оқулықта берілген сөздерді оқу, және «К» әрпін жазу.
Тәрбиеші: Міне балалар кырпіге де алманы жинап болдық. Кірпі бізге риза болып қалған сияқты.Сендерге ұнадыма тапсырмалар?
-Сонымен балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?
- Сабақта біз не істедік?
Балалардың жауаптыры тындалады.
Тәрбиеші: Балалар егерде седерге сабақ ұнаса тақтада тұрған алма ағашына қызыл алманы, ұнамаса жасыл алманы, сабақ түсініксіз болса сары алманы апарып іліп қойыңдар.
Музыка ырғағымен топқа кірпі келеді.
Кірпі: Балалар мен сендерге ризамын алманы маған теруге көмектескендеріңе рахмет.маған комектескендерің үшін алғыс айтуға келіп тұрын. Рахмет сендерге мен сендерге жай келген жоқпын өзіммен бірге сыйлық ала келдім. Міне балалар қолымдағы не? (Алма) осы алманы сендермен бөліскім келеді. Алма теруге көмектескендерің үшін мен сендерге алма әкелдім.
Алманы тарату.
Тәрбиеші: Иә кірпіжан біздің балалар достарына көмектерін аямайды.
Кәне балалар қолымызға шарымызды алып мақал құрап жіберейік.