kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ліппені? атасы (Ахмет Байт?рсынов шы?армалары жина?ынан)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? жоспары 3 сынып о?ушыларыны? жас ж?не жеке ерекшеліктерін ескере отырып ??рыл?ан. Балаларды? белсенді іс-?рекетін ?йымдастыруда ?Р де?гейлік курстар Ба?дарламасыны? жеті модулі ы?палдастырылып Блум таксономиясы бойынша ??рыл?ан. Саба? барысында балалар сыни ойлау?а арнал?ан тапсырмалар, сыныпта?ы ??гімені ж?ргізу т?рлері ?арастырыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ліппені? атасы (Ахмет Байт?рсынов шы?армалары жина?ынан) »

хСабақтың тақырыбы: Әліппенің атасы. ("Ахмет Байтұрсынов шығармалары жинағынан")

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы туралы мағұлматпен таныстыра отырып, мәтін мағынасын толық түсінуге мүмкіндік жасау. Мәтін мазмұнын талдау арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін ашық айтуға үйрету.Ұлы тұлғалар бойында қалыптасқан игі қасиеттерді оқушы бойына дарытуға ықпал ету.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер: Түсіндіру, баяндау, топпен жұмыс, ой қозғау, топтастыру, сынып ішін аралау тәсілі, СТО стратегиялары.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, автор суреті, ақ қағаз, плакаттар, оқулық, маркерлер т.б

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
қыркүйек басталған
Сәтті болсын күніміз.

(Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.)

Топқа бөлу. Оқушылар өздеріне ұнаған түстерді ала отырып, сол түстер бойынша топтарға бөліну


(Оқушылар өздеріне ұнаған түстерін жұлдызшалар арқылы алады.)

2. Ой шақыру

«Білім» деп аталатын күннің сәулелеріне ат ойлап табыңдар. Күннің түсі қандай? «Білім» атты күннің түсі неге осындай деп ойлайсыңдар?

«Білімсіздік» атты күннің түсі неліктен қара деп ойлайсың? Оның сәулелерін қалай атар едің?

(Әр топ өз ойларын ортаға салады.)

3. "Кім жылдам?" ойыны





(Оқушылар ұшып бара жатқан шарларды ұстап қалып, берілген сөздерден мақал құрастырады.)

4. Жаңа сабақ

Білім көзі - «Әліппеде».

- Осы пікірмен келісесің бе?

- Тұңғыш «Әліппені» жазған кім?

- Ол туралы не білесің?

А.Байтұрсынұлы

Ақын, ағартушы, ғалым

1873-1938 жылдары өмір сүрген

Шығармалары: «Маса», «Қырық мысал»,

«Тіл тағылымы»

Ол «Қазақ» газетін шығарды. «Әліппе» оқулығын жазды.

5. Сергіту сәті. (Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді)

Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.

6. Топтық жұмыс "Сынып ішін аралау"

«Әліппенің атасы» деген мәтінді 3 абзацқа бөліп, топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлаймын. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1-ден 3-ке дейін нөмір жазылған жетон таратамын. Сосын 1-ші нөмір алғандар бір топқа, 2-ші нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с.Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.

(Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады)

7. "Мен саған, сен маған"

Бұл тәсіл бойынша балалар мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді. (Оқушылар сұрақ дайындайды.)

8. "Күн мен түн" ойыны

Екі бағанға қима қағазға жазылған сөздер жазылады. Көзін жұмған кезде сөздердің орнын ауыстырып қоямын. Оқушылар орны өзгертілген сөздерді тауып, сәйкестендіреді.

А.Байтұрсынұлының туған жері Торғай облысы

А.Байтұрсынұлының оқыған жері Орынборда

А.Байтұрсынұлының әкесі жер

аударылған. Сібірде

Мұғалім болып қызмет атқарады Қарқаралыда

(Оқушылар сөздерді тауып сәйкестендіреді)

9. Сабақты қорытындылау

"Рефлексиялық бағалау"

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Мен Ахмет Байтұрсынұлының Торғай облысында туғанын, мұғалім болып қызмет еткенін білдім

Ахметтің балалары болған ба?

Мен Байтұрсынұлы «Әліппе», «Қырық мысал», «Маса» деген кітаптар жазғанын білдім.

Ол кішкентай кезінде қандай ойын ойнағанды жақсы көрген?



10. Үйге тапсырма:

Мәтінді оқып түсіну, қосымша автор туралы іздену

11. Оқушыларды мадақтап, бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?ліппені? атасы (Ахмет Байт?рсынов шы?армалары жина?ынан)

Автор: Андаева Гакку Конаровна

Дата: 27.05.2015

Номер свидетельства: 215627


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства